Ой түзелмей, бой түзелмес

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы оқыған жанды бейтарап қалдыруы мүмкін емес. Себебі, мақалада біздің қоғам көптен бері мұқтаж болып отырған ойлар мен ұстанымдар орын алған.
Егемен Қазақстан
08.06.2017 5651
2

Сондықтан, Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қоғамдық келісім» мекемесінде өткізілген дөңгелек үстелге қатысушылар бірден мақаланы талқылауға кірісіп кетті. Көпшіліктің сан түрлі пікірлері мен ой-түйіндері, ұсыныстары олардың еліміздің бүгіні мен ертеңіне бей-жай қарамайтынын танытты. Бұл – тосын жай емес. Өйткені, Елбасының мақаласында еліміздің алға қарай дамуы жемісті болуы үшін шешілуі қажет өмірлік мәні зор мәселелер көтерілген.

Қоғамдық сана деген не? Ол – бір тұтас елдің өміріне тоғысатын әр адамның жеке сана-сезімінің деңгейі. Ал әрқайсымыздың ой-санамыз алған тәрбиеміз бен рухани байлығымызға тікелей байланысты. «Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап баға-ланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз», деп Елбасы әрбір қазақстандықтың алдында міндет белгіледі. 
Олай болса, жеке бастың қа­сие­ті әрқайсымыздың, отбасы­мыз­дың, оқу орындарының, еңбек ұжымдарының басты назарында және қамқорлығында болып, Қа­зақстан халқы Ассамблеясы, партиялық, жастар, кәсіподақтар ұйымдары, азаматтық қоғам инс­титуттары арқылы, әсіресе, рухани және адамгершілік тәрбиелеу жолымен өскелең ұрпақтың сана­сына сіңірілуі керек. Себебі, біз бү­гінгі қоғамда қа­лып­тасып, алды­на биік мақсаттар қойып бейбіт­шілікті қолдаған, өз-өзіне деген сенімін арттыратын адами құн­ды­лықтарды ұстанған жаңа қазақ­стандықтардың заманына жеттік. 

Міне, сондықтан Президенттің қоғамдық сананы жаңғырту туралы мақаласы өте өзекті де уақтылы және онда заманауи қоғамның түйінді мәселелері нақты ай­қындалып, оларды шешудің сара жо­лы көрсетілген. «...бүгін біз бәрі­нен де ауқымды және іргелі жұ­мыстарды бастағалы отырмыз.

Мен еліміз мықты, әрі жауап­кершілігі жоғары Біртұ­тас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­та­рымды ортаға салуды жөн көрдім», деп Елбасы бізді ең маңызды міндеттерді шешуге бағыттайды. 
Қазақ тілін кезең-кезеңмен латын ғарпіне көшіру, «Туған жер» бағдарламасы, «Жаңа гума­ни­тарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақстанның киелі жерлері географиясы», «Қазіргі Қазақстанның мәдениеті жа­һандық әлемде» жобалары біз­ге, қазақстандықтарға өз бола­ша­­ғымызды өзіміз қалыптас­ты­руымызға мол мүмкіндік береді.

Бағдарламалық құжатты сәтті және сенімді, нәтижелі жүзеге асыру үшін не істеуіміз керек? Меніңше, ең бастысы: ой түзелмей, бой түзелмейді. Осы орайда кітап шығару және әдебиет тарату мәселесі өте маңызды болып та­бы­лады. Өйткені, кітаптың адам жа­нының рухани билігі болып табы­латыны ежелден белгілі. Олай болса, кітап рухани жұтаң­дық­пен күресте басты қаруы­мызға айналуы керек. Кітап ежел­ден біздің өмірімізде үлкен рөл атқарған. Олар бізді адамгер­шілікке, отансүйгіштікке, гуманизмге үйреткен. Сондықтан баспа қызметін, әсіресе, балалар әдебиетін үлкен тираждармен шығаруға және оны таратуға мем­лекеттік қолдау қажет деп санаймын және олар бойынша қоғамдық талқылаулар ұйымдастыру керек. 

Әр халық өз өлкесін, батырларын, Отанын жай ғана есте сақтап қоймай, оны мақтан етуге міндетті. Өз жетістіктерін, қоғамның үздік өкілдерін жақсы жағынан көріп мақтан ету – бұл халықтың мәдениеті мен өзін өзі сыйлай білуі. Ал ондай жетістіктерді әдебиет арқылы ғана ғасырлар бойы сақтауға болады. Дана халқымыз «Дүниеде мәңгі өшпейтін: жақсының аты және сол жақсы туралы жазған ақылдының хаты» деп бекер айтпаған. Бұл біздің ата-бабаларымыз бен еңбек сіңірген заман­дастарымызға ғана құрмет емес, бұл – өз елінің лайықты аза­маты болу үшін қалай өмір сүріп еңбек ету керектігі туралы тәрбие, оқулық, тарихи анықтама. Өйткені, қазір адамдарға білімнің қажеттігі туындады. Мысалы, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығында біздің ақмолалық жерлес жазушы Виктор Терещуктің «С чего начинается Родина» атты кітабы жарыққа шықты. Онда жазылған ойлар Президенттің бағдарламалық мақаласында айтылған ойлармен сабақтас. 
Сондықтан қоғам мен әрбір отбасы кемшіліктермен күрескісі келсе, балалардың бойына жас­тайынан кітапханалар, театрлар, кинотеатрлар арқылы қайрымдылық, сенім, ерлік, парыз, отансүйгіштік туралы шығармаларға сүйіс­пен­шілікті сіңіруіміздің қажеттігіне сенімдімін, өйткені, бүгінгі балалар – еліміздің болашағы, адамзаттың болашағы. Балала­рымыз қандай болып өссе, қоғам сондай болады. Шығарма оқу, спектакль мен кино көру жас адамды ойларға, өмірден өз орнын табуға, тағдырын айқындауға, өз жақындары мен Отанына не беруі керек және не бере аламын деген ойға жетелейді. Оған тек жеке санамен, өзін өзі танумен, өзін өзі жетілдіру арқылы қол жеткізіледі. 

Ұлттық рухты сақтап қа­лу үшін жастардың санасы халық­тық ділдің негізін қалаушы қағидаттарына қайта оралуы керек. Біз басқа да тиімді іс-шаралармен қатар, отбасындағы даналық тәрбие өскелең ұрпақты рухани және адамгершілікте дамытып, мінезін қалыптастыратынын түсінуіміз қажет. Бұл бізге қоғамдық сананы жаңғыртуға, бір-бірімізге қамқоршы және Отанымыздың алдында жауапты болуға мүмкіндік береді. Бұл болашақта экономикада, әлеуметтік салада, жалпы өмірде жетістіктерге жетуіміздің кепілі болады.

Елбасы өз мақаласында «Жа­ңа жаңғыру ең алдымен тарихи тәжірибе мен дәстүрімізге мен­сін­бей қарау емес, ...бұл халықтың өткенін, қазіргісін және болашақ көк­жиегін жалғайтын платформа… Өз өлкеңнің тарихын білу және мақтан ету – қажетті және пайда­лы іс…», дейді. Ал бізде танып-біліп, мақтан ететін тарихы­мыз бар. Биыл Алғыс айту күніне орай Ақмола облыстық Қазақ­стан халқы Ассамблеясының жанын­дағы журналистер клубы «Менің отбасым – елімнің бір бөл­шегі» бірінші жинағын дайын­дап басып шығарды, оған 25 ақмо­лалық абыройлы отбасының өмірі мен қызметі туралы очерктер енгі­зілді. Мұндай еңбеккерлер бар­лық өңірде бар. Бұлар – біздің мақта­нышымыз. 

Міне, сондықтан мен Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақ­стан­ның 100 жаңа тұл­ғасы» жобасын жан-тәнім­мен қолдаймын. Елбасы: «Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуел­сіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады. ...Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімі­мен, өнерімен озып шыққан қан­шама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш. Жастар өмір­ге шынайы көзбен қарап, өз тағ­дырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек», дейді.   

Деректі әдебиеттің құндылығы – тарихи кезеңді, елдің жетістіктері мен көрнекті тұлғаларын көрсету. Бұл – лайықты жанға мәңгі гимн, жә­не ол туралы естеліктің қой­ма­сы. Мұны әрбір адам түсінуі қа­жет. Бұл жерде мәселе адамның өзін өзі тарихта қалдырғысы келе­тін­­ді­гінде емес. Біз өткенді қалай біл­гі­міз келсе, болашақ ұрпақ та біз­­дің өміріміз жайлы білгісі келе­тін болады.     

Ең бастысы, бұл бастама аяқ­сыз қалмауы тиіс. Өңірлік «100 жаңа тұлға» жобасын жүзеге асыру барысында облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық деңгейлерде құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметі жандандырылады. Өйткені, Кеңес мүшелері, қоғамдық пікір көшбасшылары әрбір адамның өз өңірін дамытуға қосқан үлесін жақсы біледі. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, біздің өз заманымыздың батырларына баса көңіл бөлуіміз қажет. Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай: «Тәуел­сіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білі­мімен, өнерімен озып шыққан қан­шама замандастарымыз бар… Біз ұл­тымыздың алтын қорын қалып­тас­тырушыларды білуіміз керек». 

Біздің ұлттық идеямыздың ба­­сында бірлік, татулық, ұлты мен діни сенімінен тәуелсіз отан­сүйгіштікпен нығайтылған достық тұр. Бүгінгі таңдағы басты міндет – оның көмегімен және соның айналасында тәрбие жұмысын ғана емес, білім беруді, мәдени дамуды және қайырымдылық жұмыстарын қалыптастыру. Бұған жалпы түсіністік пен қоғамның барлық санаттарын тәрбиелеу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Оны әркім ең алдымен өзінен бастауы керек. 

Марал Жақыпова,
Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының 
орынбасары, хатшылық меңгерушісі 

Ақмола облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.01.2019

«Барыс» ойыншылары ҚХЛ жұлдыздары матчында жеңіске жетті

21.01.2019

Азамат Мұқанов дзюдодан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы атанды

20.01.2019

Атырау жылу электр орталығында апатты жағдай болды

20.01.2019

ШҚО-да дін саласындағы құқық бұзушылықтар саны үш есеге азайды

20.01.2019

Солтүстік Қазақстанда көпсалалы аурухана салынады

20.01.2019

Қазақстандық балалар фильмі халықаралық кинофестивальде жүлде алды

20.01.2019

ШҚО емханалары 100 тонна қағаз үнемдеді

20.01.2019

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 27 жыл толды

20.01.2019

ШҚО Күршім ауданында 6 жастағы бала суға кетіп қалды

20.01.2019

Қазақстанда бала асырап алуға көмектесетін арнайы агенттік құрылады

20.01.2019

Ресейлік «Арктика-М» спутнигі 2019 жылы маусым айында іске қосылады

20.01.2019

Чили жағалауында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды

20.01.2019

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

20.01.2019

Экономиканы роботтандыру: қатер ме, мүмкіндік пе?

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

19.01.2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

19.01.2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

19.01.2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

19.01.2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

19.01.2019

​Қазақстанның Елшісі НАТО Бас хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу