Өзіңді өзің жаттай күт

Егемен Қазақстан
21.12.2010 364
Қазақ ежелден әр бір айтылған сөздің бағасын біліп, астарына терең үңіліп, ой бесігінде зерделеп, көшпенді ел-жұртына тәлім-тәрбие беру бағытында ұтымды пайдаланып отырған. Сондықтан да сонау сан ғасырдың қойнауынан мән-мағынасы өзгермей, көнермей бүгінгі күнге    жеткен не түрлі мақал-мәтелдердің астарында  саф алтынға бергісіз зор тағылым жатқанына ешкім күмән келтірмейді.  Иә, біздің  қазақ  қандай сөзді де  өте  дәлдікпен тауып айтып,  күнделікті шытырман тірліктерінде кездесіп отыратын келеңсіз жағдайлар мен текетірестің, даулардың шешімін  бір ауыз сөзбен-ақ қайырып тастап, қалың жұртының алданбай, адаспай әділ жолмен жүруіне ықпал еткені анық. Күні кешегі өткен кеңес дәуірі кезінде қа­зақ тек төңкерістен кейін ғана өзін өрке­ниет­ті ұлт ретінде қалыптастырды деген даңғаза қызыл идеологияның диірмені шеңберінде жет­піс жыл бойы аяусыз айналып, бодана күй кешкеніміз анық. Әрине, қазақ халқы да небір қилы ауыр кезеңдерді, қатыгез уа­қыт­ты бас­тан кешірді. Бұл туралы еліміз тәуелсіздік алған тарихи күннен бастап, баспасөз құ­рал­да­ры беттерінде  аз жазылған жоқ. Көп нәрсе өзгерді, көп нәрсе жаңарды, жаһандану процесі жүріп жатыр. Ұлттық құн­дылық­та­ры­мыз қайта сарапталды. Өз та­ри­хымыздың шы­ңы мен шыңырауының ақи­қатын біліп, ұл­тымыздың рухани қа­сиеттері  бағаланып, мә­дени мұралары­мыз­дың жи­нақ­талып жат­қа­нын көріп, біліп риза болып жүрміз. Соған орай адамның  рухтық тұр­ғы­дағы жан дү­ние­сін байыту, ақылы мен па­ра­сатын, тал­ғам­паз­ды­ғын арттыру, ұлты­мыз­дың  білімділігін, біл­­гірлігін еселеу, ті­лі­міз­дің уақыт талабына сай дамуына мүмкіндік жасау сияқты қыруар ке­зек күттірмейтін шаралар да жасалып жат­қа­ны анық. Бұл көңіл қуантарлық шаруа бір күндік емес, бір жыл­дық емес, ұзақ жылдар бойы өтетін тарихи жол екені мәлім. Ертеңгі жарқын болашақ күніміз бүгін­нен басталатынын ойласақ, әлі де болса қа­зақ  ұлттық мүддені биікке көтеретін жақсы қа­сиеттерді бойына сіңіруге ұмтылып отыр ма деген де ой келеді. Иә, біз бүгінгі өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың сана-сезіміне ұлт­тық намыс, жігерлі рух құдіретінің дәнін еге алдық па? Сан ғасыр бойы Ұлы даланың әрбір қадам жері үшін қолына найза алып, жан­қиярлықпен шайқасқан, қан төккен, бас­та­рын  бәйгеге тіккен бабаларымыздың ұлт­жан­дылық қасиетін өз дәрежесінде ұлықтап көрсете алдық па? Осы тарихи тұлғаға ай­нал­ған бабаларымыздың асыл қасиеттерін тұ­мардай қастерлеп, қазақ  ұлтының беделін, абы­ройын көтеру үшін нендей тірлік істеп  жа­тырмыз. Бұл аса маңызды сұрақтарға қы­зыл сөзбен емес, іспен жауап беретін уақыт та келетініне сенімдімін. Ал әзірше ұшқан құстай заулаған күн­де­рі­міздің соңында қалар ұрпағымыз – бала­ла­ры­мыздың бойында ұлттық намыс, жі­гер, нағыз қазақы болмыс,  адами тәлім-тәр­бие, ұлтжан­ды­лық болса екен деген арман кө­гімде қал­қып,  сол жақсы күндерге жетсек-ау деген ақ тілегім бар. Бұл тұрғыда бүгінгі күні ел-жұрт сыйлаған зиялы қауым өкіл­де­рінің жастардың  ұлттық намысын оятып, жақсы тәлім-тәрбие беретін, рухани бай­лық­қа жетелейтін дуалы сөз бен нәтижелі істе­рі­нің  мәні мен маңызы зор болмақшы. Жалпы, жасы келген ақ­са­қал­ды аталарымыз бен ақ жаулықты апалары­мыз­дың әрбір айтқан сө­зін мұқият тыңдап, ой бесігінде сарапқа са­лып, ғибрат алатын адам­дардың бірімін. Бі­рақ, өкінішке орай соңғы кезде байқағаным мін­беге шығып алып, тіл безеп жұртқа «көсем» болғысы келетін  адам­дар­дың қа­ра­сы­ның көбейіп кеткені көңіл қын­жыл­тады. Сөзі мен ісінің арасы жер мен көк­тей адам­ның сылдыр-сухан ақылы,  сыңар езу құрғақ  қызыл сөзі құлаққа кіргенімен, көңіл түбіне жетпейді, селт еткізбейді. Көпсөзділік пен жағымпаздық,  жалған мақтау  адамның бе­­де­лін өсіргенін көргенім жоқ.  Ертеректе өзі бас­шы да қосшы да болған, сайланып қо­йы­ла­тын қызметке баруға талпыныс жасаған адам­ды аяғынан шалып, «құлатқан», бүгінде ауылдың қадірлі  ақсақалдарының бірі бол­ған сол кісінің пәленбай жыл өткен соң  жи­нал­ған көпшілік алдында келсін-келмесін қайта-қайта көзінше  сірескен жалаң сөзбен мақ­тап, қоймай қойған «інісінің» жәді­гөй­лі­гін көрген жұрттың жерге түсіргені анық. Өзі­нің ары да, қолы да таза емес адамның мін­беге шығып алып, өзге жұртты адалдыққа шақырып, «ақыл» айтуы, көлгірсуі «Тамаша» әзіл отауы­ның езу тартқызар бір көрі­ні­сін еске түсіргені бар. Осындай көкезулер жұрт­тың ойы мен сана сезімінің деңгейін өзінен төмен санай­тын­дық­тарына қайран  қа­ламын. Келсін-келмесін қызыл езу болып, қолында «күлшесі» бар адам­дарды жалған мақ­тауды әдетке айнал­ды­рып алғанына ұяласың. Кезінде  бір ауданда лауазымдық орынға сай­лау өтті де,  пікір де, жұрт та екіге бө­лін­ді, талас-тартыс басталды. Екі жақтың да  қос­­таушы топтары қалың жұртшылық ара­сын­да үгіт-насихат жұмысы барысында аянбай еңбек етті. Бір жіптің екі басындағы топ аянбай, тартысты. Әрине, біреуі жеңілді, біреуі жеңді. Қызық болғанда жеңілген адам­ның қостаушылары өз пікірлерін өзгертіп, жең­ген адамның лезде жанынан табыл­ға­ны­на қайран қалдық. Бұл да өзінің тұрақты ой-пікірі жоқ жағымпаз адамдардың  бет-пер­де­сін айқын көрсететін жәйт болса керек. Татар  халқының «Кімнің арбасында отырсаң, со­ның әнін айтасың» деген  мақалы бар. Түске шейін мақтап, түстен кейін даттап жү­ре беретін, ата сақалдары аузына түскенше бет­терінің қалыңдығы бес елі адамдар жас­тар­ға дұрыс өнеге, тағылым береді дегенге  өз басым сенбеймін. Адам ең құрығанда кү­ніне бір рет өзіне-өзі шындықты айтып, жіберген қатесін мойындап жүрсе,  жаңсақ пікір таратып, оғаш қылықтарға бармас еді. Кей кезде әлдекімді қисыны келсін-келмесін қол­паштап ала жөнелетін, өтірік-шынды қызыл сөзді қарша борататын адам­дар­дың сөзінен шаршап кетесің. Тіпті «күй­та­бақтағы» әуендерін ауыстырмайды, тек қана мақтайтын адамдардың аты-жөні ғана өз­герген, алдыңғы жылы, өткен жылы да, би­ыл­ғы жылы да сол марапат, сол мақтау. Тың­дап отырған зиялы қауымның құлағына оғаш естілетінін  қаперлеріне де ілмейді. Абырой деген қазақта қасиетті сөз бар. Бұл  шөміштеп емес, қасықтап жиналатын көзге кө­рін­бейтін материя іспеттес. Өте нә­зік, алды-ар­тың­ды байқап жүрмесең шы­ны­дай шытынай салады, қайта орнына келуі не­ғай­был. Шашып, төгіп алуың тіптен оңай. Менің не істеп жүр­генімді бұл аңқау жұрт қай­дан біледі деп, екі жеп биге шығып жүрген, әлдекімге қиянат жасап, жолын кесіп, өзге біреудің қолымен от кө­сеп, сыр­ты­нан ғайбат сөз айтып қаралаудың не­ше түрлі тәсілін меңгерген адамды қанша бүр­­­ке­ме­ле­се де  қарапайым көпшілік біледі. Біліп қана қой­майды, оның дәл бағасын береді. Кім­нің ау­зына қақпақ боласың? Оған өк­пе­леу­дің ешбір қисыны жоқ. Адам сыйлауға тұрса сый­лай­ды, сыйлауға тұрмаса сый­ла­май­ды. Содан кейін  келсін-келмесін кіжініп, ора­йы кел­­генде илеуіне жүре қоймайтын жұрт­қа өзін­­ше қоқан-лоқы қысымын  көрсеткісі келген адамға кей кезде жаным ашиды. Халық пай­ғамбардан бір жас кіші деген ұғым  бар, ендеше жұрт­пен санасуға тура келеді. Қо­ғамдық пікірді тың­дау, оны сыйлау ол адам бо­йындағы мә­де­ниет­тіліктің, пара­сат­ты­лық­тың белгісі. Өйт­кені, біз осы қоғамда өмір сү­реміз. Біз қоғамға емес, қоғам бізге ауа­дай  қажет. Қоғам  орасан қозғаушы күш екені бесенеден белгілі. Аты дүйім жұртқа белгілі апамыз Зылиқа Тамшыбаева әңгіме арасында ол  өзін-өзі сыйлап жүрген адам» деген пікірді жиі  ай­та­тын еді. Осы сөздің мәні мен мағынасына же­ту жолында талай уақыт   ойланғанымды жасыра алмаймын. Бұл сөздің түбіріне  бой­ла­сам, астарында тамаша тағылым, өміріңе, іс-қимылыңа баға берген зерделі ой өр­нек­тері ширатылып шыға келеді. Ойлар легі мені мына тұжырымға  жетелеп алып келді. Ең бастысы, өзін-өзі сыйлаған адамның ісі мен сөзінің арасында алшақтық бол­май­ды, пендешіліктен биік жүреді. Мұндай адам өз­генің ала жібін аттамайды, әлім­жет­ті­лік­пен өзге адамға қиянат жасамайды, жолын кес­пейді, өш алу мақсатымен ұсақтыққа, жа­ман­шы­лыққа бармайды, көз қысты, бар­мақ басты жем­қорлықтан аулақ болады, арам жол­мен байлық жинап, бала-шағасын жаман әдетке үйретпейді, өтірік айтпайды және бас­қа да то­лып жатқан қоғамға жат қы­лық­тар­дан бойын аулақ ұстайды. Шындықты айта бі­леді. Өз ісіне адал, ұлттық намыс үшін кү­ре­се біледі, бойында ұлттық рухы бар. Ең бас­тысы, атына кір келтірмей, әрдайым атақ-абыройын сақ­тап, ол адам, ең алдымен, өзін-өзі сыйлап жү­руі шарттылық. Сондықтан да, өзіңді өзің сый­лап жүру деген сөздің түп төркіні адамзат өзіне қоятын жоғарғы талаптардан тұратынын ой­ласаң, еріксіз жақсы қа­сиет­терді ойыңа да, бойыңа да сіңіруге  ұм­ты­ласың. Қалың жұр­тың қазақтың да ыстық ықыласы мен сый-құрметі, берер бағасы  өзін-өзі сыйлап жүрген адамға жоғары  бо­ла­тыны айдан анық. Жақсы адамның абыройы жалпақ елге жайылатыны бесенеден белгілі. Сондықтан да өзімізді өзіміз сыйлап жүру қасиетін бойымызға ұя­ла­тып,  өскелең ұрпақ арасындағы  тәлім-тәрбие жұмысына кеңінен пайдаланып, ұлтымыздың абыройын кө­те­ріп, отансүйгіштік, ұлт­жан­дылық сияқты жақ­сы қасиеттерді кеңінен дәріптеп, қоғамға пай­дамызды тигізе берейік. Нұрила БЕКТЕМІРОВА, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Талдықорған.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент лауазымына кірісуімен құттықтады

21.03.2019

Қазақстан Шотландияны 3-0 есебімен ұтты

21.03.2019

Н.Назарбаев пен Қ.Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Н.Назарбаев Армения Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Назарбаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Қазақстан-Испания экономикалық ынтымақтастық Мадридте талқыланды

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мерекесіне орай құттықтауы

21.03.2019

Ономастика комиссиясы Қостанайдағы Абай даңғылының орнына басқа көшені таңдауды ұсынды

21.03.2019

Қостанайда  халықаралық медиа форум өтті

21.03.2019

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

21.03.2019

«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті

21.03.2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

21.03.2019

Таразда сауықтыру орталығы ашылды

21.03.2019

Әулиеатадағы әсерлі мереке

21.03.2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу