Озық технологиялар – өркендеу кепілі

Президент Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Б.Сағынтаев 11-14 сәуір аралығында жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды, мұнда әлемдік инновациялық көшбасшылар қатарындағы компаниялардың өкілдерімен кездесулер өткізіп, Қазақстан экономикасының үшінші жаңғыртылуы аясында бірлескен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Егемен Қазақстан
17.04.2017 2706
2

Қазақстан Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың кестесіндегі алғашқы кездесулердің бірі Нью-Йоркте АҚШ-тың: Citigroup, Mastercard, Berkley, Morgan Stanley, Black Rock, Goldman Sachs сияқты аса ірі қаржы инсти­тутта­рының сондай-ақ, әлемдік рейтинг агенттіктері: Moody’s, Standard&Poor’s, Greylock Capital, Guggenheim International, Alliance Bernstein, Public Capital Advisors, Business Council of International Understanding өкілдерімен жүз­десуі болды.

Кездесуге қатысушылар әлем­­­­дік экономика және Қазақ­стан­ның экономикалық саясаты дамуының өзекті мәселелерін, сондай-ақ, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, инвестициялар тарту, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру және активтерді басқару мүмкін­діктерін талқылады.

Қазақстан Премьер-Министрі Б.Сағынтаев «Chevron» корпо­рациясының Еуразиялық аймақ бойынша басшысы Т.Левимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар мұнай-газ саласында ын­тымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.

Содан кейін Бақытжан Са­ғынтаев Нью-Йорк қаласының экс-мэрі Рудольф Джулианимен кездесті.

Диалог аясында телеком­му­никациялық инфрақұрылымды дамыту саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Премьер-Министр сондай-ақ, «Citigroup» компаниясының пре­зиденті Джеймс Форесемен кездесті.

Тараптар қаржы-банктік өзара іс-қимылды тереңдету мәселе­лерін, сондай-ақ, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін талқылады.

Бұдан кейін Бақытжан Са­ғынтаев «WR Berkley Group» сақтандыру компаниясының төр­ағасы Б. Барклимен және «Robotti & Company Advisors LLC» ком­паниясының басшысы И. Шварц-манмен кездесу өткізді. Оның барысында сақтандыру және еліміздің банк саласына инвес­тициялар тартудың заманауи те­тіктері талқыланды.

Бұдан әрі  Премьер-Министр Б.Сағынтаев «Bloomberg» компа­ниясының негізін қалаушы және Нью-Йорк қаласының экс-мэрі М.Блумбергпен кездесу өткізді.

Б.Сағынтаев М. Блумбергпен Қазақстанның қаржы нарығын және «Астана» халықаралық қар­жы орталығын дамыту сала­сындағы ынтымақтастық мәселе­лерін талқылады. Кездесу­дің маңызды нәтижесі Астанада Блумберг телеарнасы мен кеңсе­сін ашу туралы келісім болды.

Содан кейін Бақытжан Сағын­­таев «GE Transportation» ком­паниясының бас атқарушы директоры Дж.Миллермен кез­десті.

Әңгімелесу барысында та­рап­тар газ саласындағы ын­ты­мақ­тастық мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, Нью-Йоркте Бақыт­жан Сағынтаев АҚШ-тың «I Scuared Capital», «General Electric», «Grace, Robotti & Com­pany Advisors», «AGCO», «AES», «Black and Veatch», «Ameri­can Industrial Acquisition Corp­oration» сияқты жетекші компа­нияларымен Қазақстан эконо­микасына инвестициялар мен жаңа технологиялар тарту мәсе­лелерін талқылады.

«OSI Systems», «Pfizer» және «GE Transportation» компания­ларымен кездесулер аясында Қа­зақ­станда технологиялық жаб­дықтар өндірісіне инвестициялар тарту туралы, ал «Rahal Foods» компаниясымен орга­никалық азық-түлік өндірісі тұрғысындағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды.  

Премьер-Министр «OSI Systems» компаниясының атқару­шы вице-президенті А. Мехрамен кездесу өткізді.

Компанияның Астана қаласы­ның әуежайы мен қазақ­стандық кеден бекеттеріне Rapiscan сканерлеу жүйелерімен жабдықтау жүргі­зе­тіндігі туралы келісімге қол жеткізілді.

Одан кейін Б.Сағынтаев «Pfizer» компаниясының вице-пре­­зи­денті М.Геттлермен кездес­ті. Қазақстанда вакциналар өн­діретін зауыт салу туралы келі­сім­ге қол жеткізілді.

Бұдан әрі Премьер-Министр экономист Н.Рубинимен маңызды әрі қызықты кездесу өткізді. Жа­һандық және аймақтық эконо­микалық даму тақырыбы бойынша пікір алмасу өтті.

Келесі күннің таңертеңінде Премьер-Министр «Cisco» кеңсе­сін аралады және компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы Дж.Чамберспен кездесу өткізді.

«Cisco» компаниясының негізі 1984 жылы қаланған және қазіргі уақытта кең көлемді желі жабдықтарын шығарады, олардың қатарында маршрутизаторлар, IP-телефония өнімдері, Ethernet-коммутаторлар, желі қауіпсіздігі құрылғысы, Wi-Fi рұқсат нүктесі, оптикалық коммутация платформалары, ATM-коммутаторлар т.б. бар.

Қазақстан үшін осындай атақ­ты әлемдік компаниямен ынты­мақтастық Мемлекет бас­шы­сының Жолдауында ұсыныл­ған ел экономикасын жаңғыр­­ту бойынша міндеттер тұрғысында ерекше мәнге ие.

Осында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Зерде» АҚ пен «Cisco» компаниясы арасында ынты­мақтастық орнату туралы мемо­рандумға қол қойылды.

Сан-Францискода Б.Сағын­таев атақты экономист А.Лаф­фермен кездесті. Кез­десу барысында жаһандық экономикадағы өзекті үрдістер, заманауи салық саясатының ерекшеліктері тал­қыланды.

Содан кейін Премьер-Ми­нистр Robomatter Inc. прези­денті Скип Смитпен кездесу өткізді, оның барысында компанияның инно­вациялық білім беру бағдар­ла­маларын Қазақстанда, жастарды ком­пью­терлік ғылымдарға бағ­дар­ламалауға және роботты тех­никаға оқыту және даярлау үшін қолдану мүмкіндігін талқылады.

Одан кейін, Бақытжан Сағын­таев «Tesla Motors» кеңсесіне барып, онда роботты техника мен бағдарламалауға негізделген электромобильдер өндірісінің толық кезеңімен танысты.

Бұдан кейін Бақытжан Са­ғын­­таев «Сhevron» компа­ния­сының төрағасы Джон Уот­сонмен кездесті. Әңгімелесу бары­сын­да тараптар мұнай өнім­дерінің әлемдік нарығын дамы­­тудың қазіргі жағдайы мен болжамдарын, еліміздегі мұнай-газ жоба­ларындағы ынты­мақтас­тықты кеңейту мәсе­ле­лерін, сонымен қатар, Қазақ­стандағы Болашақ кеңею жобасын талқылады.

Премьер-Министр «IBM Watson West» орталығын аралады, онда Бақытжан Сағынтаевқа компанияның жасанды зерде, бейне мен сараптауды танып-білу саласындағы әзірлемелері мен «ақылды» қалаларға арналған инновациялық шешімдері таныс­тырылды.

Сапар қорытындысы бойын­ша «IBM» компаниясы мен «ИТП» ДКҚ арасында Астана қала­сын­да қаржылық технологиялар, «Ақылды қала» бойынша техноло­гиялар және қала құ­рылысы мен оны пайдалануды бас­қаруға арналған технологиялар бойын­ша қолданбалы зерттеулерге арналған зертхана құру бойынша меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағын­таев «Autodesk» компаниясының кеңсесіне барып, компания вице-президенті Дэвид Крейнмен кез­десті.

Тараптар Қазақстанда Auto­desk құзырет орталығын құру мәсе­лесін талқылады.

Сонымен қатар, «Autodesk» компаниясымен бірлесіп, қазақ­стандық жаңа құрылыс материал­дарының сапасын анықтау және сертификаттау зертханасы құ­рылатын болады.

Премьер-Министрдің кесте­сіндегі аса маңызды шара­лар­дың бірі – «Project: Collider» тех­нологиялық форумы болды, онда Б.Сағынтаев инновациялар саласындағы әлемдік көшбасшы компанияларды Қазақстан эко­но­микасының жаңғыртылу үдерісіне белсендірек қатысып, инвес­тиция құюға шақырды.

Премьер-Министр «Bridge West Group» Директорлар кеңе­сінің төрағасы Маси Таэби­мен кездесу өткізді, оның қо­ры­тын­дысы бойынша «Қазақ­те­ле­ком» АҚ-пен меморандумға қол қойылды, онда Интернетке қол­жетімділік желілерін ауқымды дамыту мақсатында америкалық компанияның жабдықтарын сатып алу бойынша ықтимал ынтымақтастық көзделген.

Содан кейін «Learn Capital» басқарушы серіктесі Г.Мауро­мен кездесу өтті, оның қорытын­дысы бойынша ҚР БҒМ «Ақпа­раттық-талдау орталығы» АҚ-пен «чартерлік мектептер» деп аталатын үлгі бойынша инно­вациялық білім берудің қанат­қақты жобасын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы мемо­рандумға қол қойылды.

Қазақстан Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Кремний алқа­бында Қазақстанның өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойыл­ды.

Инновациялық өкілдік Крем­ний алқабында Қазақстанның тех­нологиялық стартаптарын дамыту платформасымен қамтамасыз етеді, еліміздегі кәсіпкерлік пен ғылым­ды да­мытуға ең үздік техно­логиялық идеялар мен үде­рістерге қолжетімділікпен қам­тамасыз етеді. Сондай-ақ, Қазақ­станның ірі корпорацияларына әлемдік деңгейде инновациялық өзара іс-қимыл жасасу, бірегей ақпарат пен ресурстардың қол­жетімді болу мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, Премьер-Министр Б.Сағынтаев «DFJ» ком­паниясының кеңсесіне барып, оның негізін қалаушы Т. Дра­пермен кездесті.

«DFJ»-тың бірқатар қазақ­стандық компанияларға қолдау көрсетуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Айта кету керек, «DFJ» компаниясы технологиялар саласында даму сатысындағы және бастапқы сатыдағы жобалар­ды инвестициялауға бағдар­ланған.

Бақытжан Сағынтаев Кремний алқабының инновациялық орта­лығының кеңсесіне  барып, сарапшылар тобымен және орталық президенті А.Куновпен кездесті.

Б.Сағынтаев «Plug and Play Tech Center» компаниясының кең­­сесінде де болды.

Одан кейін  Премьер-Министр «Jabil» компаниясының кеңсесіне барды, ол түрлі салалардағы жа­һан­дық технологиялық корпора­цияларға электроникаларды жобалап, әзірлеу бойынша кешенді қызметтер көрсететін әлемдегі ең ірі өндірістік компаниялардың бірі.

Сонымен қоса, Бақытжан Сағынтаев «Google» кеңсесінде болып, онда компанияның ІТ-саласындағы қазіргі әзірле­меле­рімен танысты, сонымен қа­тар, қызметкерлермен Қазақ­станға қажетті жобаларды тал­қылады.

Бақытжан Сағынтаев «Micro­soft» корпорациясының ұжым­­­дық вице-президенті Д.Ле­вин­мен кездесу өткізді. Кездесу барысында компанияның бағдар­ламалық шешімдерін Қазақ­стан­ның шағын жинақты мектеп­теріне енгізу мәселесі тал­қыланды.

Осылайша, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың Аме­рика Құрама Штаттарына жұмыс сапары аяқталды. Өткізілген кез­десулер мен қол қойылған құ­жат­тар Қазақстанға елімізде цифрлы инфр­ақұрылымды дамы­туға жағдай жасауға, жаңа ин­дустриялар­ды таратуға, Индус­трия 4.0 элемент­терін ұлттық эко­­­номикаға инте­грациялауға кө­мек береді.



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.01.2019

Дэвис кубогында Португалияға қарсы ойнаймыз

23.01.2019

Жазқазғандықтар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді

23.01.2019

Жастар жылының ашылу салтанаты басталды

23.01.2019

Жас кәсіпкер маркетинг министрлігін құруды ұсынды

23.01.2019

Талғат ҚАЛИЕВ: Жастардың құндылық жүйесін зерттеу өзекті

23.01.2019

Алматыда көп балалы аналар баспана кезегін күтіп жүр

23.01.2019

«Сервистік әкімдік» Open space режимінде жұмыс істейді

23.01.2019

Ресей 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатыспауы мүмкін

23.01.2019

Қытайдың ІЖӨ-нің өсу қарқыны ең төменгі деңгейге жетті

23.01.2019

Жас мамандарға пайдалы ақпарат (видео)

23.01.2019

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының қожайыны анықталды

23.01.2019

Футбол күнтізбесі жарияланды

23.01.2019

«Иван Ярыгин» турниріне қатысады

23.01.2019

Данияр Елеусінов шаршы алаңға наурызда шығады

23.01.2019

Маңғыстауда арнайы мониторинг тобының алғашқы отырысы өтті

23.01.2019

«Ойыншық» сабындар

23.01.2019

Мұстафа рухын іздеген қазақтар

23.01.2019

Тұранның тұғырлы тұлғасы

23.01.2019

Инновациялық идеяларды тиімді пайдаланса...

23.01.2019

Ғылым деңгейі неге төмен?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу