Педиатрия: олқылықтың орны толуы тиіс

Еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында педиатрия факультетінің алдағы оқу жылынан қайта ашылатынын естігенде, бұл жақсылық хабарды аттай он жыл сарыла күткен ел-жұрт, әсіресе, педиатр дәрігерлер бөріктерін аспанға атып қуанған.
Егемен Қазақстан
29.03.2017 3312
2

Педиатрия факультетінің қажеттілігі неде?

2007 жылы еліміздегі 6 медициналық ЖОО-да педиатрия факультеті түгел жабылды. Жаңа жүйе бойынша ол емдеу факультетімен біріктіріліп, болашақ педиатрлардың оқу мерзімі 9 жылға дейін ұзартылды. Ал педиатр-ғалымдар болса «Педиатр өз алдына жеке мамандық. Ересек адам мен нәрестенің ағзасында айтарлықтай айырмашылықтар, өзіндік ерекшеліктер бар. Сондықтан олардың барлығын бірдей жалпылама оқыту дұрыс емес», дегенді алға тартады.

Бір айта кетер жайт, Қазақстаннан басқалар бұл қадамға бармады. Украина, Қырғызстан педиатрия факультетін жапқанмен, екі жылдан кейін қайта ашып алды. Мемлекет үшін балалар дәрігерінің маңыздылығы болар, Санкт-Петербург пен Ташкентте жеке педиатрия медицина институты бар. Ал Еуропа елдерінде отбасылық, яғни жалпы тәжірибелі дәрігердің көп болуының басты себебі – оларда балалар халық санының 10 пайызын құрайды. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш – 30 пайыз. Оның үстіне егемендікке қол жеткізгеніне небәрі 25 жыл ғана болған Қазақстанды жүздеген жылдар бойы дамып, өркендеген шет елдермен салыстыру ертерек. Оларда әлеуметтік салаға, оның ішінде медицинаға мемлекеттен орасан көп ақша жұмсалады. Мәселен, медицинаның дамуына ішкі жалпы өнімнің АҚШ-та – 15, Германия мен Францияда – 8, бізде 3,8 пайызы бөлінеді. Ал ДДҰ-ның ұйғарымы бойынша денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 6 пайыздан кем болмауы керек.

Таяуда Парламентте Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева мен депутат Дәния Еспаева педиатрия саласында қалыптасқан мәселелерді қозғап, депутаттық сауал жолдады. Сондай-ақ, созылмалы науқасы бар ересектер мен емізулі нәрестенің бір емханада кезек күтіп, бір дәрігерге қаралуына да үзілді-кесілді қарсы болды. Бұл мәселелерді ҚХА республикалық Аналар кеңесінің отырысында да көтеріп, ол қолдауға ие болды.

Әлемде аурудың 14 мың түрі бар. Мұнша көп ауруды жалпы тәжірибелі дәрігер біле бермейді. Тіпті кейбіреуінің атауын да білмеуі мүмкін. Ал тек педиатрия саласының 26 түрлі бағыты бар. Неонатолог, балалар хирургі, балалар инфекционисі, т.б. Егер еліміздегі халық санының 30 пайызын балалар құрайды десек, кәсіби балалар дәрігерін дайындау мәселесін тоқтатуды қалай деп түсінуге болады. Қазір балаларды қабылдап жатқан отбасылық дәрігер көзін жаңадан ашқан шақалақты қарауға жүрексінеді. Өйткені, ондайлар балалар ауруын білмейді. Ал педиатрлар болса күннен күнге азайып барады. Бұрындары алты жыл бойы тек қана педиатрия саласын оқып, зерттеп, белгілі теориялық білім алған түлектердің өзі балаларды бірден емдеп кетуге қорқақтайтын. Ал от­басылық медицинаны қанша оқығанмен педиатрия саласына маманданусыз келіп, туа салған нәрестеден түрлі жастағы балалар мен ересектердің барлық анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін біліп шығуы мүмкін емес, деді академик Камал Ормантаев.

Академик ақсақалымыз аузынан тастамай қоңыраулатып жүріп, әлеуметтік саланы жақсы білетін, білгір ұйымдастырушы Иманғали Тас­ма­ғамбетов вице-премьер болып Үкіметке қайта кел­генде, ол кісіге кіріп, отбасылық дәрігер пе­диатрдың міндетін толық атқара алмайтынын, бала­лар емдейтін дәрігерді дайындауды қайта қол­ға алмаса, жағдайдың қиындап кет­кенін ай­­тып, үлкен өтініш білдіреді. Бұл мәселе­нің ма­ңызын түсінген Премьер-Министр Бақыт­жан Сағынтаев Үкімет отырысында бала ден­сау­лығы эксперимент жүргізетін алаң емес­тігін, бала­лар дәрігерінің қателіктері тым қым­батқа тү­се­тінін, бұл тұста медициналық кадр­ларға, әсі­­ресе, балалар дәрігерлерін даярлау сапа­сына кө­ңіл бөлу қажеттігін, ол үшін елімізде педиа­т­рия факультетін 1 қыркүйектен қайта ашып, ем­­ха­на­лар­да педиатр қызметін қайта қалпына кел­тіру жө­нін­де нақты тапсырма берді. Міне, бала­лар­дың бағына осындай айғай-шумен педиатрия факуль­теті қайта ашылатын болды. Ал ендігі мәселе, бүгінгідей медицина күн санап дамып отыр­ған уақытта, арада өткізіп алған аттай он жыл­дық олқылықты қалай қалпына келтіреміз деген сауал.

Бүгінгі ахуал 

Педиатрия – медицина ғылымының бала­лар ауруларын зерттейтін саласы. Бала ор­ганизмінің анатомиялық-физиологиялық ерек­шеліктерін, бала ауруларының себептерін анық­тау, емдеу, олардан сақтану, сондай-ақ, нә­рес­тені туғанға дейін және туғаннан кейін дұрыс күту, тамақ­тандыру әдістерін қарас­ты­рады. Маман­дардың айтуынша, педиатрия тек қана білім емес, балаларға, олардың ата-ана­ларына сауатты кеңес берумен де айналысады.

Енді елімізде педиатрия қызметі қалай дамуда дегенге келейік. Салыстыру үшін арғы жылдарға бармай-ақ, 2005 жылды алайық. Сол жылы Қазақстанда педиатр дәрігерлер саны 6 мың екен. Десек те, сол кездің өзінде балалар дәрігері жетіспейтін. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 6265 болып, оның 4942-сі қалалық жерде жұмыс істесе, 2015 жылы неантологтармен бірге педиатрлар саны 5554-ті құрап, оның 4357-сі қалалық педиатр болған. Ал ауылдық жерлерде балалар дәрігері 2014 жылы небәрі 1626-ны, 2015 жылы 1197-ні құраған. Бұл көптеген ауылда балалар дәрігері аты­мен жоқ деген сөз. Соның салдарынан бала­сын құшақтаған анаға қалаға, аудан, облыс орталықтарына сабылуға тура келуде. Егер 2016 жылы елімізде 18 жасқа дейінгі бала саны 5 млн 460 мың 449 болса, оның 2 млн 288 мың 113-і 5 жасқа дейінгі бөбектер екенін, олар­дың 75 пайызы ауылдық жерде, 25 пайызы ғана қала­да тұратынын ескерсек, мәселенің сон­ша­лықты тығырыққа тірелгенін түсіну қиын емес.

Осы ретте даярланған мамандар бойынша ресми деректер елімізде педиатрдың тапшы екен­дігін айқын көрсетеді. Мәселен, 2012 жы­лы 10 мың адамға төрт педиатрдан, 2015 жы­лы Аты­рау, Батыс Қазақстан, Павлодар об­лыс­­тарын­да 10 мың адамға бір педиатрдан келген. Ал ба­лаларға медициналық жәрдем көрсетудің ұйым­дас­тырушылық ұстанымы бойынша учаске­лік педиатр-дәрігер 800-1000-ға дейін тіркел­ген аумақтағы балаларға қызмет көрсетуі керек екен.

Тағы бір айта кетерлік жайт, соңғы жыл­дары елімізде педиатр мамандығына қызығу­шылық танытатын студенттер күрт кеміген. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда 2012 жылы – 742, 2013 жылы – 453, 2014 жылы бар-жоғы 7 педиатр ғана оқу орнын тәмәмдаған.

Бүгінде өңірдегі ауылдардың 25 пайызы ғана педиатр­мен қамтылған. Жалпы, балалар­ға медициналық жәрдем көрсетудің ұйым­дас­­тырушылық ұстанымы бойынша бір пе­диатр-дәрігерге 15-20 баладан келсе, қазір 30-40-қа жетіп жығылады. Ал мұндайда сапа­лы емдеу жайында айтудың өзі қиын. Бала өлімі үш есе кемігенмен, олардың ауру­ға шалдығуы, созылмалы дертпен ауыру көр­сет­кіші керісінше 22 пайызға артқан. Мұ­ның бәрі ересектерді емдеп үйренген дәрі­гер­лердің балаға нақты диагноз қоюының қиын­дауынан дейді. Екіншіден, білімді, білікті пед­иатр­лар жалақысы жоғары жеке меншік кли­никаларға кеткен. Үшіншіден, бұрынғы тәжірибелі педиатрлардың жасы келіп, ұрпақ сабақтастығы үзілген.

Енді не істемек керек?..

Иә, бала – болашағымыз. Оның денсаулы­ғына алаңдамаған елдің келешегі де бұлыңғыр. Сондықтан да Үкімет бұл мәселені тезірек шешуді тапсырып отыр. Рас, кемшілік кетті. Енді сол олқылықтың орнын қалай толтырамыз? Бүгінгідей медицинаның қарыштап дамыған жағдайында балаларға медициналық көмек көрсету тұрғысында болсын, педиатрия ғылы­мында болсын бірнеше жыл жіберіп алған аралықты қалай қуып жетеміз? Министрліктер бұл тапсырманы қалай іске асырады? Гәп сонда.

Әрине, факультетті ашу, педиатрлық қыз­метті ұйымдастыру айтуға оңай болар. Кадр дайын­дау үшін де жақсы кадр қажет. Жаңа білім бағдарламасы жасалуы керек. Бұ­ның бәрі уа­қытты талап етеді. Міне, осы мәсе­ле­лерге қа­тысты Денсаулық сақтау ми­нистр­­лігінде жұ­мыс тобы құрылып, тексеру жүргізі­ліп, сарап­тама жасалды. Жұмыс тобы төрағасы­ның орын­басары Қазақстанның бас балалар онкогемо­тологы, Педиатрия және хирургия орта­лығының директоры, медицина ғылымдарының докторы Риза Боранбаева­ның айтуынша, қажетті нормативтік құжаттар дайындалған.

– Жұмыс тобы өзіне жүктелген тапсырма бойынша өңірлердегі жағдайлармен танысып шықты, – деді бізге Риза Зұлқайнарқызы. – Мә­се­лен, елімізде қанша педиатр бар, қаншасы жетіс­пейді, учаскелік педиатрлық қызмет қай өңірлерде сақталған, сақталса, олар қалай жұмыс істеп жатыр, қандай мүмкіндіктер бар, сондай-ақ, балалар емханалары қалай ұйымдастырылғанын жіті көріп, қорытынды жасадық. Иә, расымен де кадр жетіспейді. 4 облыста емханалардың 90 пайызы жалпы тәжірибелі дәрігерлік (ЖТД) жүйеге көшкен. Ал қалған өңірлерде ЖТД-да, балалар емханасы да бар. Яғни, еліміз бойынша 1860 учаскелік педиатр, 5280 ЖТД жұмыс іс­тей­ді. Енді өңірлерде емханалар жанындағы ал­ғаш­қы медико-санитарлық көмек негізінде амбу­­латорлық-емханалық деңгейде педиатрлық учаскелер ашылатын болады. Бірақ мамандардың жетіспеуіне байланысты, олар кезең-кезеңмен ашыл­мақ. Ал бірқатар облыста сақталған педиатр­лық емханалар жұмыстарын одан әрі жалғастыра береді.

Сондай-ақ, Риза Зұлқайнарқызы кадр дайын­дауда интернатураны күшейтіп, педиатрия маман­дығы бойынша бітірген түлектерге ал­ғашқы медико-санитарлық көмек бойынша жұмыс істеуге рұқсат ету мәселесі қойылғанын, ал резидентура бойынша мамандар даярлана беретінін жеткізді. Әрине, кадр мәселесін шешу үшін уақыт керек. Педиатрлар дайындалмай жатыр деген сөз жалған, дайындалып жатыр. Бірақ аз. Өйткені, соңғы кездері жастардың бала­л­ар­мен жұмыс істегілері келмегендіктен педиатр мамандығын таңдамайды. Оның себебі арыз-шағым көп, педиатр болу үшін ұзақ оқу керек. Ал ЖТД неге әлсіз дегенге келсек, медуниверситетті бітірген соң олардың өзін төрт-ақ ай қайта дайындайды. Енді ЖТД-ны резидентурада оқыту мәселесі қойылып отыр, деді бас онкогематолог.

Риза Зұлқайнарқызының ойын Камал ағамыз да толықтыра кетті.

– Бүгінде облыстардағы балалар дәрігерінің саны да, сапасы да төмендеп кеткен. Жаңа туған нәрестелерді емдейтін дәрігер-неанотологтар жоқтың қасы. Мәселен, Балқаш ауданында бір ғана неонатолог қалған. Алматыда екі есе төмендеген. Емханаларға барсаң отбасылық дәрігерге көрінуге үлкен де, кіші де келеді. 80-дегі шалдар жөтеліп, қақырынып отырса, солармен бірге жаңа туған нәресте де, бір-екі жастағы бала да дәлізде бірге кезек күтеді. Елде тұратын кішкене тұрғындардың 40 пайызының денсаулығы төмен. Оларды отбасылық дәрігер қабылдап, дене қызуы болса, түсіріп қоя береді. Бірақ ол баланың қызуы неге көтерілді, онда шаруасы жоқ. Сөйтіп, бала созылмалы ауруға шалдығады. Ал бала дәрігері оның қызуы неге көтерілді деп, аяғына дейін емдеп шығуы тиіс. Осындай күрделенген проблемалардың байыбына барғаны деп есептеймін, үлкен іске ұйытқы болған Денсаулық сақтау министрлігіне, Үкіметке барша ата-аналардың, дәрігерлердің атынан рахмет айтамын, – деді Камал Сәруарұлы.

Академик ағамыз алғыспен бірге тығырық­тан шығудың жолдарын да айта кетті. 1 қыр­күйекке дейін 5-6 айда шетелдіктерге иек артпай, өзімізге жақын көршілер – Ресей, Украина, Беларусьтің тәжірибелерін қабыл­дасақ. Мысалы, Санкт-Петербургтегі Педиа­трия­лық медицина институтына бірнеше дәрігер­ді жіберіп, тәжірибе алмасуға болады. Мәсе­лен, Ресей педиатрлар съезін өткізгенде, әлем­нің танымал ғалымдары келіп, тәжірибелер алма­сады. Егер біз де сол сияқты шеберлік-сынып­тар өткізсек, әлдеқайда пайдалы болмақ.

Түйін:

Зады, еліміздегі ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесі денсаулық сақтау саласының басым бағыттарының бірі болып саналады. Өйт­кені, әлемдік тәжірибе бойынша кез келген елдегі бала өлімінің көрсеткіші сол мемле­кеттегі балалардың денсаулығынан хабар беріп қана қоймайды, сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының деңгейін де көрсетеді.

Бір өкініштісі, білікті дәрігерлер мен талант­ты түлектердің дені бизнеске кетіп, бүгінде жасы келген ғалымдардың ісін жалғас­ты­ратын, отандық ғылымды дамытатын жастар жоқтың қасы. Дәрігер жалақысының, әлеумет­тік тұрмыс-жағдайының төмендігінен жас мамандардың тұрақтамай отырғаны ащы да болса шындық. Сондықтан көп ағзалары жетілмеген, дамымаған, ауырған жерін айтатын тілі жоқ балаға нақты диагноз қоюда, сондай-ақ, қазіргі заманғы аппаратуралармен және технологиялармен жұмыс жасайтын мамандар, бала организмінің өзгерісін білетін кәсіби білімді педиатрлар аса қажет. Ал балалар ЛОР-ы, хирургі, окулисі, неонатологы сияқты мамандар міндетті түрде педиатр дәрігерлерден дайындалғаны абзал.

Бүгінгі күнге бізге белгілісі, Премьер-Ми­нистр Б.Сағынтаев Үкімет отырысында ауызша бұйрық бергенмен, педиатрия факуль­тетін ашу жөніндегі қажетті құжат – Үкіметтің қаулы­сы әлі шыққан жоқ. Оның үстіне педиатрия факультеті барлық медициналық ЖОО-да емес, тек С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де ғана ашылады деген хабар алаңдатуда. Айтулары, 150 студент қабылданбақ. Онымен еліміздегі балалар дәрігерінің тапшылығы жойыла ма?! Ендеше Денсаулық сақтау министрлігі басталған істі нақты қолға алып, жоғарыда айтылған ұсыныстарды ескеріп, мәселенің оңтайлы шешілуіне ұйтқы болса деген тілек бар.

Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»




СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Egemen Qazaqstan алғашқылардың бірі болып Chartbeat құралын пайдаланады

13.11.2018

Жаңақорған ауданында 116 бас қой белгісіз аурудан қырылып қалды

13.11.2018

Қызылордада қауіпті аймақтар анықталып, даярлық мәселелері күшейтілді

13.11.2018

Ақтөбеде жоғары жылдамдықтағы интернет желісі ұлғаяды

13.11.2018

Елбасы Астана клубының төртінші отырысына қатысты

13.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті

13.11.2018

«Айша бибі» мен «Ақыртас» әлемдегі ерекше туристік нысандардың тізіміне енді

13.11.2018

Павлодарда Португалиялық профессор студенттерге дәріс беріп жүр

13.11.2018

Т.Сүлейменов ел өңірлеріндегі жылу бағасының әртүрлілігін түсіндірді

13.11.2018

Тайваньда таеквондодан Президент кубогі додасы аяқталды

13.11.2018

Елордалықтар 14 қарашада жалпыхалықтық диктант жазуға қатысады

13.11.2018

Үкіметте 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

13.11.2018

Б.Сағынтаев өңірлердегі халықтың нақты табысының көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды

13.11.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтар адамдардың қажетіне жарай бастады

13.11.2018

Шымкентте 5 000 000 теңгеге бағаланған көгершін көрмеге қойылды

13.11.2018

Қызылорда облысында газ құбыры құрылысы басталады

13.11.2018

Елбасы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті

13.11.2018

Венгрияда синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы бірінші орынды иеленді

13.11.2018

Тарифтерді көтерген монополистер заң алдында жауап береді

13.11.2018

Алматыда мектеп оқушылары арасында шешендік өнер байқауы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(2)

Сандібекқызы Гүлсая (29.06.2017 19:23:06)

яғни бұл ашылдыма. осы педиатрияға қанша баллмен түсуге мүмкіндік бар

Асқарұлы Елмұрат (23.07.2017 16:07:18)

Иə Тек С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де ғана 1

Пікір қосу