Президент Назарбаев Университетіне есімін беруге неге келіскенін түсіндірді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев журналистермен кездесу барысында өзінің атын түрлі нысандарға беріп, ескерткіш тұрғызу туралы айтты.
Егемен Қазақстан
18.03.2017 1250
2

«Болашақ ұрпақ шешсе, мен ештеңе істей алмаймын. Себебі, олардың шешімін өзгерте алмаймын. Ол қалыпты жағдай болар еді. Ал жоғарыдағы ұсыныстар туралы бұрын да айттым.

Мен тек Назарбаев университетін атыммен атауға келісім бердім. Себебі, бұл басқа университеттерге үлгі бола алатын оқу орны. Қазір ол ғылыми орталыққа айналды. Ал одан басқаларына мен ешқашан келісім берген емеспін.

Тағы қайталап айта кетейін, маған бұл керек емес және маған ондай ұсыныстар ұнамайды. Болашақ ұрпақ адамды оның жасаған ісіне қарап бағалайды. Ол қандай адам болды? Ол не бітірді? Міне, осы маңызды. Бұл жағынан маған алаңдайтын ештеңе жоқ. Менің тағдырыма мемлекетімізді басқару бұйырды», деді Елбасы.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Астананың атын өзгерту туралы ұсыныстар туралы өз ойын айтты.

«Астананың атына менің атымды беру туралы көпшілігі айтты. Адам ретінде, әрине, маған жағымды естіледі. Бірақ мен ел басқарып отырған соң, олай болмауы керек. Астана қазір әлемдік брендке айналды. Мұнда халықаралық кездесулер өтіп жүр. Астананың атын мен қойдым. Ол қазақша, орысша, ағылшынша да жақсы жазылады, жақсы оқылады. Оны ауыстырудың не қажеті бар?», деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев адамның ұзақ жұмыс істеуіне оның жасы басты мәселе емес екенін айтты.

«Адамның жасы да көп нәрсені шешеді деп айта алмаймын. Өйткені, 30 жастағы адамның өзі кәрі адам сияқты болуы мүмкін. Меніңше, мемлекет басшысы xалықтың жағдайын жақсартып жатыр ма, жоқ па, дәл осыны басты талап ретінде қарастырған жөн. Мәселен, Маргарет Тэтчер «Англия мені қанша қажет етсе, сонша жұмыс істеймін», — деп жауап берген. Сөйтіп, шаршағанша жұмыс істеймін деген. Ал Уинстон Черчилль, «Менің бұл қызметте отырғаным кездейсоқтық емес, заңдылық» деген екен. Ал енді, шынымды айтсам, Президент болу оңай емес. Үнемі ой үстінде жүресің. Мемлекетке тағы не істеуге болатынын ойлайсың. Мен халқыма керек екенімді сеземін. Ол жұмыс қолымнан келеді де», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Барлығы xалықтың сеніміне байланысты болады. Ол — бір. Екіншіден, жұмыс істеп жатқан адамның денсаулығы мен күш-жігеріне байланысты. Меніңше, бұл қызметте бар күшіңді, тәжірибеңді, тіпті өміріңді сарп етуге әзір болу керек. Олай істеуге жағдайың келмесе, ол жерде босқа уақыт зая етудің қажеті жоқ», — деді Президент.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

23.09.2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

23.09.2018

Астаналықтар заң мәселесі бойынша тегін кеңес алды

23.09.2018

Ақтауда триатлоннан Қазақстан Кубогының финалы басталды

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

22.09.2018

Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауы өз мәресіне жетті

22.09.2018

Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

22.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

22.09.2018

Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

22.09.2018

Жаңа Жібек жолы: Алматы

22.09.2018

Катонқарағай ауданы тұрғынының сібір жарасынан көз жұмғаны расталды

22.09.2018

Сенаторлар сенбілікке шықты

22.09.2018

Б.Бекназаров Әзербайжан Парламентінің 100-жылдығына арналған шараға қатысты

22.09.2018

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

22.09.2018

Лондонда қазақстандық өнер көрмесі ашылды

22.09.2018

Түркия «Қазақстан» журналын шығарды

22.09.2018

Ақтөбеде «Анаға тағзым» орталығы ашылды

21.09.2018

Тимур Жақсылықов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу