Қаламгер қандай құрметке де лайық

Көзден кеткен жанның біртіндеп көңілден де көмескілене беретіні өмір заңдылығы. Бірақ кімде-кімнің болсын еліне, жеріне сіңірген еңбегін, әдебиет әлемінде қалдырған ізін бағалап, есімін ұрпақ санасында жаңғырту – тірілер парызы.
Егемен Қазақстан
30.03.2017 4813
2


Десек те, Сайын Мұратбековтің аруағының алдындағы парызды біз, жерлестері әлі де болса толыққанды атқара алмай жүргенімізді күллі қазақтың алдында қалай түсіндіреміз?


Осы ретте шырылдап жазу­шының туған қарындасы Майра Мұратбекова ғана жүгіріп жүр. Тума талантты зиялы қауым ұмытпай, Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин «Әдебиетімізде үлкен орны бар қаламгердің есімін ел есінде мәңгі сақтау мақсатында Тал­дықорған қаласындағы №9 мектепке Сайын Мұратбеков атының берілуіне ықпал етуіңізді сұраймыз» деп жазған хатын Алматы облысының әкімі Аман­дық Баталов еш кідіріссіз жүзеге асыру үшін Талдықорған қалалық әкімдігіне жолдайды. Бірден заңнама шеңберінде қадам жасалып, осы игі қадамды аталған мек­тептегі 102 мұғалімнің қуа­на қол­­­дайтындығы туралы жеке қол­дары қойылған хаттама өзге де құжаттармен бір­ге қала әкімі орын­басарының рас­тауы­мен Ал­­маты облыстық оно­масти­ка­лық комиссиясының бекітуіне 07.10.2016 жылы жібе­рілген. Бі­рақ сыр­­ғытпа жауаппен мәселе ащы ішекше созылуда. Сон­дық­тан, облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар жақында жур­налис­термен бейресми кездесу өт­­кіз­генде біз осы мәселені кө­терген едік.

Өңір басшысының орынбасары ономастикалық комиссия жұмысының ретсіздігін, кезінде тамыр-таныстық пен ағайын­дыққа жол берілгенін өткір сынап алып, қазақтың Сайынының жөні бөлектігін баса айтты. Орынды сөзді журналистер қолдап: «Ол қазақтың Сайыны ғой. Оқу­шы­лар Сайын Мұратбековтің шы­ғармаларымен бұрынғыдан да жақын танысуына неге жол ашпасқа. Қайта сол мектеп түлек­тері мақтанатын болады», деген соң, өңір басшысының орынбасары бұл мәселе таяу уақытта нақты шешімін табатындығын басын ашып айтқан. Енді тиісті орынның ресми бекітуін күтеміз.

Сөйтіп, зиялы қауымнан бастау алып, халық пен биліктен қолдау тапқан көзайым хабарды ел газеті «Егеменнің» оқыр­ман­дарына сүйіншілеп жеткізуге асықтық.


Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан»


ТАЛДЫҚОРҒАН



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу