Қарабұтаның балалары айрықша ойыншықпен ойнайды

«Егемен Қазақстан» газетінде ел мен жер, руханият мәселесіне қатысты мақалалардың қатары соңғы уақытта тіптен көбейе түсті. Ұлттық дүниетаным туралы кесек ойлардың, нақты бастамалардың ұлтымыз­дың бас басылымында жиі жарық көруі қалың оқырманды қуантуда.

Егемен Қазақстан
05.04.2018 8866
2

Мысалы, Майгүл Сұлтанның «Ойыншық­қа да ойлы көзқарас керек» (№26, 7 ақпан, 2018 жыл) деген мақаласы талайымыздың көкейіміздегі ойды дөп басты. Автор айтулы мәселе­нің қалтарыс-бұлтарысына үңіле отырып жазған толға­ны­сына біз де өз үнімізді қос­сақ деп бекіндік. Ұрпақ тәр­биесінде ойыншықтар­дың қаншалықты рөл атқараты­нын журналист ма­йын тамыза жазыпты. Осы орайда мақалада көтерілген ұлттық ойыншық­тар біздің ауылымызда да бар екенін мақтанышпен жеткізбекке қолға қалам алдық.

Өткен жылдың күзінде Шығыс Қазақстандағы Ма­қан­шы өңірінің Қарабұта ауы­лында «Туған жерге туыңды тік» атты жерлес­тер форумы өткен болатын. Ондағы мақсат алыс­та жүр­ген ауылдастар­дың ту­ған өңірлерімен бай­ланысын нығай­тып, елжанды азаматтарды ауыл­дың көркеюіне үлес қосуға шақыру еді. Алыста жүрген ауыл­дастар­дың туған топырақта мешіт салып, саябақтарды жөндеп, еңбек ардагерлері мен аналар құрметіне ескерткіштер ор­нату сияқты үрдісі бұрын­нан ­бар болатын. Бұл жолы да жо­март жерлестеріміз «Ауылдың әлеуметтік-эконо­микалық дамуына қолыңнан келгенше қолдау жаса» деген үндеуін жерге қалдырған жоқ. Сөйтіп ауылдағы «Нұр шуақ» балабақшасы ерекше үлгідегі ұлттық ойыншықтармен қам­тылып, емханаға теледидар жеткізілді.

Қарабұта ауылының қара­до­­малақтарына Совет Шө­шеков пен Серік Иса есімді кәсіп­керлер сый­лаған заманауи үлгі­дегі ұлттық ойын­шық­тар ма­қалада айтылған «Жеті өнер.kz» компаниясының өнім­­дері екен. «Керемет үй», «Кере­мет домбыра», «Мағыналы оюлар» деп аталатын топтамалар тек ойын құралы ғана емес, бала санасын ұлттық бағытта дамытып, бауыр­малдыққа баулитын тәрбие құралы екеніне көзіміз жетіп отыр. Ойыншықтардың әр­қай­­сы­сы­ның жеке нұсқау­лық кітапша­лары бар. Он­дағы тақпақ түрінде беріл­ген ойыншықтарды құрастыру барысы мен атаулар баланың тілін дамытып, ойын ұшқыр­лауға сеп­тігін тигізеді. Ойын­шықтардың тағы бір ар­тық­­шылығы – оны бір немесе бірнеше бала бірлесе құрас­­ты­руы­на болады. Бұл бал­дырғандар­­дың бір-біріне деген бауырмашылды­­­ғын арттыра түсуде. Мысалы, «Кере­мет үйдің» 6 кереге, 20 уығынан өзге үй ішіне қойы­латын қайқыбас ағаш төсек, жүкаяқ, бесік, сырмақ сияқ­ты ұлт­тық бұйымдары да бар. Сәби ойын­шық­тарды құрас­тыра жүріп-ақ санасында ұлт­тық өрнектердің, сол төңі­ректе тәрбиеші мен әжесі айт­қан әңгімелерді тез әрі терең қабылдайтыны анық.

Медет КЕҢЕСОВ

Шығыс Қазақстан облысы,

Үржар ауданы,

Қарабұта ауылдық округі

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.11.2018

«Қазақстан темір жолы» және «ҚазМұнайГаз» басқармаларының жаңа төрағалары тағайындалды

20.11.2018

Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея басшылығымен кездесті

20.11.2018

ШҚО-да бір аптада 125 жиналыс өткізетін әкімдіктер де бар

20.11.2018

Лондонда Димаштың жеке концерті өтті

20.11.2018

Солтүстік Қазақстанда заманауи оқушылар сарайы ашылды

20.11.2018

Шымкентте «Жамиғат-ат тауарих» және «Зикзал» кітаптарының тұсаукесері өтті

20.11.2018

Түлкінің керуі (Бүркітшінің әңгімесі)

20.11.2018

Көкшетауда «Мәлік Ғабдуллин және жаңа қазақ­стандық патриотизм» атты халықаралық конференция өтті

20.11.2018

«Қазақквартет» көрермендермен қауышты

20.11.2018

Әмина Өмірзақованың ғасыр тойы ЮНЕСКО көлемінде тойланады

20.11.2018

Миланка Карич: Басым бағыттар қамтылған

20.11.2018

«Серікбол Қондыбай. Рух жауынгері» атты деректі фильмнің көрсетілімі болды

20.11.2018

Жолдау-2018: Табыс артса, өмір сапасы жақсарады

20.11.2018

Жастар өмірі жайлы мюзиклдің премьерасы өтті

20.11.2018

Батыс Қазақстан облысында 50 кәсіпорын қызметкерлерінің айлық еңбекақысын өсірмек

20.11.2018

Георгий Церетели ел бастамаларына жоғары баға берді

20.11.2018

Киелі жерлердің рухани маңызы

20.11.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасымен кездесті

20.11.2018

Төкпе жырдың төресі - Мұрат Мөңкеұлы

20.11.2018

Атырауда 13 мектеп үш ауысыммен оқытады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу