Қарағанды облысында 22 жастағы азамат депутат болып сайланды

​Орталық сайлау комитетінің өкілдерінің айтуынша, ең жас депутат 22 жаста, ол Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданы № 1 сайлау округінде сайланған, деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.
Егемен Қазақстан
27.03.2017 1712
2

Орталық сайлау комитетінің өкілдерінің айтуынша, ең жас депутат 22 жаста, ол Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданы № 1 сайлау округінде сайланған.  Ал ең үлкен депутат 64 жаста - Тараз қаласы мәслихатының № 22 сайлау округінде. Депутаттардың орташа жасы 46,5 жас екен.

Айта кетейік, сайлау заңнамасына сәйкес 26 наурызда республиканың 12 өңірінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына 57 депутатты сайлау өтті. 

Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге 13 облыстық, 9 қалалық, 36 аудандық, 58 округтік, 355 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылды. Сайлау науқаны барысында барлығы 201 кандидат ұсынылды. Олардың 50-і облыстық, 32-сі - қалалық және 119-ы - аудандық мәслихаттарға дауысқа түсті. 62 үміткерді саяси партиялар ұсынды, 139-ы - өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды.

 "Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретінде 188 адамды тіркеді. Сайлау бюллетеньдеріне 170 кандидаттың тегі енгізілді. Бір депутаттық мандатқа орташа бәсекелестік шамамен 3 үміткерді құрады. 2017 жылғы 26 наурызда 330 сайлау учаскесінде дауыс беру өткізілді", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, сайлаушылардың 77,83 пайызы дауыс берген. Дауыс беру қорытындыларына сай 12 облыстық, 9 қалалық және 36 аудандық мәслихат депутаты сайланды. Дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауды кандидаттардың 398 сенім білдірген адамы, саяси партиялардың 289, қоғамдық бірлестіктердің 34 және БАҚ-тардың 51 өкілі жүзеге асырды.

Сайланған мәслихаттар депутаттарының құрамында 46 (80,7 %) ер адам және 11 (19,3 %) әйел адам. Сайланған депутаттардың 54-нің (94,7 %) жоғары білімі бар, 3 (5,3 %) - арнаулы орта. 3 (5,3 %) - әкімдер мен мәслихаттар аппараттарының қызметкерлері. 28 (49,1 %) - мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда, 20 (35,1 %) - коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді, 6 (10,5 %) - саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері.

"Сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Сайлау уақыты ішінде Ортсайлаукомға 3 өтініш келіп түсті. Оңтүстік Қазақстан облысының №11 сайлау округі бойынша мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына өтетін сайлауда бір кандидат қалды. Сайлау заңнамасының кемінде 2 кандидаттың бәсекелестігі қағидатының сақталуына байланысты аталған округте сайлау болған жоқ. Бұл округте сайлауды өткізу туралы шешім республиканың сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес қабылданады", - дейді комиссия өкілдері.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Б.Сағынтаев энергия үнемдеу жобалары бойынша инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу