Қарыз мәселесі қызу талқыланды

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен Палатаның кезекті отырысында депутаттар үш мәселе төңірегінде талқылау жүргізді. Оның бірі – Мәжіліс мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы болса, қалған екеуі – «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасы мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасы.
Егемен Қазақстан
07.04.2017 1575
2

Депутаттар алдымен әуе кеңіс­тігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері туралы заң­намаға енгізілген түзетулерді бі­рін­ші оқылымда мақұлдады. Құжатты Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек таныстырды. Заң жобасы аясында шетелдік тасымалдау­шыларды тіркеу, коммерциялық емес ұйымдарды тарту және әуе кемелерін пайдаланушылардың, аэро­навигациялық қызмет көрсету­шілердің, авиациялық оқу орта­лық­тарының қызметін қадағалау жө­нін­дегі азаматтық авиация сала­сын­да­ғы уәкілетті органның құзыреті нақ­тыланады және толықтырылады. 

«Сонымен қатар, авиация қыз­мет­керлерін медициналық куә­лан­дыру жүйесін жетілдіру мен авиа­циялық медициналық орталық­тарды сертификаттаудың жаңа түрі ұсынылады. Сондай-ақ, шағын авиа­­цияны  дамыту, ұшқышсыз ұшатын аппарат­тар­ды есепке алу, арнаулы ұшуға рұқсат алу, әуе кемелерін пайда­ланушыларға жалға беру ісінде әкімшілік кедергілерді жою­ға қатысты ережелер жүйесін енгі­зу де көзделеді», – деді Ж.Қасым­бек.

Сена­тор С.Ең­сегенов құжат аза­мат­тық авиа­ция мен әуе кеңісті­гін пай­далану саласындағы заңна­ма­ны жетілдіруді және оны Ха­лық­аралық азаматтық авиация ұйы­мы (ИКАО) стандарттарына сәй­кес­тендіруді реттейтіндігін атап өтті.

«Қазіргі кезде Қазақстандағы 20 әуе компаниясының «Эйр Ас­та­на» құрылымынан басқа 19-ына Еу­роодақ елдерінің әуе кеңістігіне ұшуға тыйым салынған. Заң жоба­сындағы әуе қауіпсіздігін басқару және бақылау жүйелерін жетілдіру ережелері отандық әуе компаниялары үшін енгізілген шектеулерді азайтуға мүмкіндік береді. Со­нымен бірге, ша­ғын авиацияны да­мытуды қол­дау мақсатында заң жобасында жеңіл және тым жеңіл әуе кемелері ұшулар орындаған жағ­дайда оларға аэронавигациялық қызмет көрсетуді өтеусіз жүзеге асыру жөніндегі то­лық­тырулар енгі­зілген», – деді С.Ең­сегенов.

Сонымен, бұл аталған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Бұдан кейін «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасы мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасы талқылауға шығарылды. Аталған мәселелерге байланысты Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев баяндама жасады.

Бұл заң жобаларына сәйкес кол­лекторлық қызмет агенттік пен борышкер арасындағы берешекті өндіріп алу туралы келісімшарт тараптардың құқықтары мен міндеттемелері, борышкердің мәліметтері, борыштың көлемі мен құрылымы, шарт бойынша сыйақы мөлшері мен басқа да мәселелер жөніндегі елеулі шарттар негізінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, борышкердің берешегін бірнеше коллекторлық агенттікке беруге де тыйым салу көзделіп отыр.

Заң жобасы бойынша негізгі баяндама аяқталған соң, сенаторлар арасында қызу пікірсайыс өрбіді. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев жұртшылық арасында пікірталас туғызған аса қажетті мәселеге Ұлттық банк басшысының назарын аударды.

«Миллионнан астам борышкер, уақтылы қайтарылмаған біржарым триллион теңге қарыз қазіргі банк жүйесінің жағдайын көрсетіп отыр. Отандық банк жүйесін таяуда ғана әлемдегі ең үздік банк жүйесінің бірі деген болатынсыз. Ал қазір осы банк жүйесін бәріміз жабылып құтқарып, институт ретінде коллекторларды енгізіп жатырмыз», – деді Қ.Тоқаев.

Талқылауда сенатор О. Пере­пе­чина: «Мемлекет біресе банкті, біресе борышкерді қолдап, бұл үдеріске қатысушыны ұдайы «шұңқырдан» шығарып ала бермейді. Еліміздің экономикалық дамуы мен біздің азаматтарымыздың әл-ауқаты банк жүйесінің тұрақтылығына байланысты болғандықтан екінші деңгейдегі банктерге талаптарды күшейту керек», – деді. Сол сияқты депутат Е.Мұқаев та заң жобасының тікелей әсер ете­тін ережелері қаржы қызметін тұты­ну­шы­лардың құқықтарын қорғау мен кол­лекторлық агенттіктер­дің қыз­метін қатаң реттеу көзделетіндігін тілге тиек етті.

Заң жобасын талқылау барысында борышкердің, несие берушінің және несие берушіге делдалдық қызмет көрсететін коллекторлық агенттіктің мүдделер тепе-теңдігін белгілеу мақсатында коллекторлық агенттіктің өз бастамасы бойынша жұмыс күндері аптасына үш рет 8:00-ден 21:00 аралығында бір мәрте жеке байланыс кезеңін қарастыру ұсынылды.

Заң жобасындағы баптар ара­сындағы ішкі қайшылықтарды жою мақсатында борышкер мен жеке тұлғаның құқықтарын белгілеуге қатысты бірнеше өзгеріс енгізілді. Сөйтіп, коллекторлық қызмет мәсе­лелері жөніндегі заңнамаға түзе­тулер екі оқылымда қаралып, тал­қы­лау нәтижесінде Сенат коми­те­тт­ерінің ескертпелері мен ұсыныс­тары негізге алынып, заң жобасына түзетулер енгізілді. Заң жобалары Мәжіліске жетілдірілуге жіберілді.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Алматы – олимпиадашылар ордасы

19.11.2018

Ирина Смирнова: Мүгедек жандардың мәселелерін ескерген жөн

19.11.2018

Кондитерлік кәсіпке машықтануда

19.11.2018

Ұрлық тыйылмай тұр

19.11.2018

Газдандыру ісін жалғастырудың маңызы зор

19.11.2018

Киноиндустрияға айрықша назар қажет

19.11.2018

Румынияда қазақ киносының фестивалі өтті

19.11.2018

Maǵjan murasy zerttele beredi

19.11.2018

Комедияға көрермен көп келеді

19.11.2018

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

19.11.2018

Zaman talabynan týǵan qadam

19.11.2018

Аза Шәден. Кесілген бұрым

19.11.2018

Бөдене шаруашылығының бәсі жоғары

19.11.2018

Алаңсыз өмір сүрудің жаңа кезеңін бастаймыз

19.11.2018

Kúmis latyn – altyn latyn

19.11.2018

Зайнидин ҚҰРМАНОВ: Назарбаев батыл реформалар жасады

19.11.2018

Барымташылар неге басынады?

19.11.2018

Елбасы Татарстан Республикасының Тұңғыш Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда өткен ел біріншілігінде Н. Жарылғапов «түйе палуан» атанды

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда «Қозыбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу