Қаржы игеруде Үкіметке ұқыптылық қажет

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның жалпы отырысында жергілікті өзін өзі басқару туралы мәселелер бойынша заңнамалық өзгерістер екінші оқылымда мақұлданды.
Егемен Қазақстан
27.04.2017 1847
2

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму коми­тетінің мүшесі Асқар Базар­­­баев таныстырған «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негізгі кілті ква­зимемлекеттік сектор өкілдерін сыртқы өзара байланыстарға тар­туға қатысты норма болып табылады. Баяндамашы құжат аясында көзделетін негізгі мақсат аудандық маңызы бар қалалар мен ауыл, кенттер, ауылдық округтер деңгейінде дербес бюджетті кезең-кезеңмен енгізу және жер­гілікті өзін өзі басқарудың ком­муналдық меншігі институтын енгізу, сондай-ақ, жергілікті өзін өзі басқару органдарының бюджеттік процестегі және жер­­гілікті өзін өзі басқарудың ком­муналдық меншігін басқа­рудағы өкілеттіктерін одан әрі кеңейту екенін атап өтті.

Ал заң жобасын екінші оқы­лымда қарау барысында Мә­жіліс Төрағасы Мемлекет бас­шысының бюджет қаржысын тиімді пайдалану туралы берген тапсырмаларына айрықша назар аудару қажеттігіне тоқ­талды. «Барлық мемлекеттік ор­гандар мемлекет кепілдігі ар­қылы тартып, өзара байланыс орнату­ды басымдыққа алуы ке­рек. Оның үстіне, Елбасы бюд­­­жет қаржысын тиімді пай­далануды ұдайы ескертіп келеді», деді Н.Нығматулин. Со­­нымен қатар, Мәжіліс Төр­ағасы салық төлеушілердің қар­жы­сынан бюджеттік есеп-қисап жүргізілетіндіктен, сыртқы қа­рыздар тыңғылықты есептелуі керектігіне назар аударды.

«Өзгермеуге тиісті бір қағида: қарыз аларда бәрін есептеп шығу қажет. Сіз бен біз қор барын және оның резерві пайдаланылмағанын білеміз. Біз бюджеттік есепті талқылағанда, оның орындал-уынан кейбір мемлекеттік орган­дардың жылдық қорытындыда миллиардтаған қаржыны игер­мегенін көреміз. Солай бола тұра, сол мемлекеттік орган сырттан қарыз алуға тырысады. Қарыз алмастан бұрын өз мүмкіндігімізді пайдаланған дұрыс. Осыдан шығатыны, атқарушы орындар жергілікті жерде заңды қалай орындап жатқанының маңызы зор. Сондықтан біз Үкіметті жер­гілікті өзін өзі басқару туралы заңды жүзеге асырғанда мұқият әрі жауапты болуға шақырамыз»,  деді Н.Нығматулин.

Жалпы отырыстың күн тәрті­бінде талқыланған тағы бір мә­селе – «Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Үкіметі мен Қырғыз Рес­публикасының Үкіметі ара­сын­дағы еуразиялық эконо­ми­калық интеграция жағдайында эко­номикалық ынтымақтастықты да­мыту туралы келісімді ратифи­кациялау туралы» заң жобасы бо­йынша жұмысты қолға алу жө­ніндегі бастама болды. Бұл жөнінде мәлімдеме жасаған Мә­жіліс депутаты Мәулен Әшім­баев Келісім нормалары­на сәйкес, Қазақстан тарапы Қырғыз Республикасының Еура­зиялық экономикалық одақ­қа кіру процесіне жәрдемдесу мақсатында Қырғызстанға 100 миллион АҚШ долларына барабар көмек көрсететіндігін атап өтті. Оның сөзіне қара­ғанда, бұл көмек Қырғыз Рес­пуб­ликасының Еуразиялық эко­номикалық одаққа қосылу жөніндегі «жол карталарында» көзделген іс-шараларды іске асы­руға және ЕАЭО талаптарымен сәйкестендіруге беріледі.

Сонымен қатар, отырыста де­путаттар «1996 жылғы 18 қа­зан­дағы Қазақстан Респуб­ли­касының Үкіметі мен Ре­сей Федерациясының Үкі­меті ара­сындағы темір жол кө­лігі кәсіп­орындарының, меке­ме­лері мен ұйымдарының қыз­метін құқықтық реттеудің ерек­шеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Заң жобасы жөнінде баяндаған Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Хат­тамада тараптардың бас­қа­руына берілген темір жол учаскелері бойынша мемлекеттік шекара арқылы жүк және жолаушылар пойыздарының тоқ­­та­тусыз өту тәртібі қарас­ты­ры­латындығын айтты. «Сонымен қатар, тоқтатусыз өтетін пойыз­дар шекара қызметі жағынан болатын тексерулерге жатпайды. Сондықтан да аталған нормалар аясында жолаушыларды жеткізу мерзімін бір бағытта 36 сағаттан 23 сағатқа дейін қыс­қартуға мүмкіндік береді», деді Ж.Қасымбек.

Министрдің сөзіне қа­рағанда, бұл хаттамамен өзге елдің аума­ғында орналасқан бір елдің темір жол учаскесінде жүк опера­ция­ларын жүргізу үшін стансаларды ашу және жабу тәр­тібі де регламенттеледі, оған қоса, осы құжатта шекаралық аймақ­тардағы жолаушылар та­сымалын ұйымдастыру мәсе­­лелері қарастырылған. Со­ның ішінде жергілікті атқа­ру­­шы органдарға конкурс­ты ұйым­дастыру, тасы­мал­дау­шы­лардың шығынын субсидия­лау ережелерін әзірлеу бойынша құзыреттер де беріледі.

Депутаттардың қолдауына ие болған заң жобасы Пар­ламент Сенатының қарауына жіберілді.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі күнгейліктерді теріскейге шақырды

19.11.2018

Петропавлда жаңа шіркеу ашылды

19.11.2018

Қостанайда жол қозғалысы ережесінің бір күнде 375 рет бұзылғаны анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақыл жиналды

19.11.2018

«Ко­рей хал­қының дәс­түрлі маскалары» көр­ме­сі ашы­лды

19.11.2018

Қасқырдан құтқарып қалды

19.11.2018

Алматыда инклюзивті білім берудің үздік оқытушылары анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда спорт кешеніне Батыр Баянның есімі берілді

19.11.2018

Батыс Қазақстанда жаңа портал жұмысын бастады

19.11.2018

Жолдау бәсекеге қабілеттілікті арттырады

19.11.2018

Қыс мезгіліне дайындықтың жай-жапсары қозғалды

19.11.2018

Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

19.11.2018

Жолдау-2018: Тұрмыс сапасына басымдық беріледі

19.11.2018

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын қолдады

19.11.2018

Қапан Тұрсынов: Өзіміз дәрігер бола тұра, бәрін жүрекпен қабылдаймыз

19.11.2018

Ауғанстанның арланы Рохулла Никпай

19.11.2018

Каспий конвенциясының маңызы уақыт өткен сайын арта береді

19.11.2018

Каспий конвенциясының маңызы уақыт өткен сайын арта береді

19.11.2018

Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының тиімділігі

19.11.2018

Байділда Жылқышиев: Атаулы әлеуметтік көмекті есептеудің түйткілді тұстары

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу