Қасиетіңе бас идік, Қазақ жері!

Әуелі Құдай барша жақсы­лықтары мен өлшеусіз игіліктерін жерге жомарттықпен дарытқан. Жердің қырық мың қырлы қасиеті бар.
Егемен Қазақстан
15.06.2017 307
2

Жер – алтын мекеніміз, асырау­шымыз, дәулет-қазынамыз. Хакім Абай: «Қара жер адамзатқа болған мекен, Қазына іші толған әртүрлі кен, Ішінде жүз мың түрлі асылы бар», деп сипаттаған. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Адам баласының дүниедегі іздегені – құт-береке» дейтін алтын ойының темірқазығы – қазақтың жері. Ол – таңғажайып ризық-несібеміздің көзі.

Кең-байтақ көсілген жеріміз­ді ұлы хандарымыз, билеріміз, қолбас­шыларымыз, сағымға садақ ілдірген баһадүр-батырларымыз, асыл жұртымыз қанын судай ағы­зып қорғап, ұрпағына аманаттап қал­дыр­ды. «Ұлтарақтай болса да ата қоныс жер қымбат» деп, ұлт зердесін сәулелендірді.  
Ұлы Дала – Ұлт рухының негізі. «Орақ-Мамай» дастанының Орманбет толғауында «Еділ – үйдің есігі, Жайық – үйдің жапсары, Түркістан – үйдің төрі» делінген. Жалпақ, байтақ дала бес мың жылдық тарихы бар киіз үйдің іші тәрізді делінген. Не деген зор мағына сыйғызған ұлы ұғым. Тағы да «Түріктің алтын бесігі – Алтай» (Қошке Кемеңгерұлы).

Әйтеке бидің: «Біз бүкіл қазақ – бір шаңырақ, бір қазан, бір төрелік дастарқан болып, атамекенді түгел қамтиық!» деуінде тұтасып бірігейік, атақонысты жанға, малға толтырайық деген ұлы тілек бар.

Қазақтың мұхиттай шалқыған батырлық жырларында, би-шешен­деріміздің сары алтындай сырлы лебіздерінде, ел әдебиетінде нешеме алуан қара жердің тағдырына, кие-қасиетіне, жаратылысына орай айтылған күмістей құлпырған ой­түйіндері жеткілікті. Мына бір керемет тәмсілдің тереңдігіне жүгіну, миға жүгірту абзал. Сырым Датұлының кемел жаратылысын болжап, көсемдік танытқан 95 жастағы Бөкен биден әрі көрікті, әрі ақылды Ақбикеш ару  «Тіршіліктегі арманыңыз не?», деп сұрағанда:

«Тіршілікте армандайтыным – таза өлім. Жердің астында да тазалық керек. Лас өлімге қара жер де сестеніп тұрады. Жерден киелі, жерден қасиетті нәрсе жоқ. Жердің үсті де, асты да шалқып жатқан байлық. Олай болса, біз тірлікте де, өлгенде де Жерді бүлдірмеуіміз, ластамауымыз керек. Жер жыламасын, жетімсіремесін. Ойы таза, бойы таза адамдардың өлімі де таза болады. Ал жан ластығы өлгеннен соң қанша жусаң да тазармайды, жердің асты ластанады», дейді аталы сөзі атан түйеге жүк Бөкен би.

«Жерден тажал шыққандай» деген халық теңеуі көп жайтты аңғартады. Жерде тұңғиық сыр бар. Жер – көнбіс әрі сезімтал. Қазақтың жері қанға бөкті, алапат қырғын-сүргіндерді бас­тан кешірді: экологиялық апаттар, ядролық жарылыстар, ашаршылық қырғыны... Атақонысқа, ата дәстүрге, ата тарихқа, ата тілге, ата кәсіпке бұлт үйірілді, ядролық сынақтан 20 млн гектар жер бүлінді. 180 млн гектардан астам жайылымдық жердің 40 пайызы жарамсыз болып танылды. Республика аймағының 44 пайызы шөл, 23 пайызы шөлейт.

ХХ ғасыр басында Міржақып Дулатұлы «Оян, қазақ!» дейтін зар толғауында: «Кір жуып, кіндік кескен қайран жерлер, Мұжыққа, қош аман бол, барасың ба? Қасиетті бабамыздың зираты, Қалды ғой көшесінің арасында. Моншаға зираттың тасын алып, Ағашын отқа, мұжық, жағасың да», деп күйінді.

Жерді іңкәрлікпен сүю, сұлулы­ғын, салтанатын қорғау, көріктендіріп гүлдендіру – атам заманнан бергі әдептілік пен ізгілікті ұстанған қазақ баласының дағды-машығы еді. Халық әдебиетінің өкілдері: жыраулар, жыршылар, сал-серілер, шежірешілер, дас­тан­шылар ел мен жерді құрметтеуге тәрбиелеген, көркем сезімге бөлеген, санасын жаңғыртқан.

Ыбырай Алтынсарин 1862 жыл­дың 26 қаңтарында Н.И.Ильминский­ге жазған хатында: «Менің ойымша, көңілдің хошы, бақыт деген­нің бәрі де ата-бабамыз өмір сүрген және жерленген жерінде, туған ошағыңның басында жақсырақ, ал қайғы дегеннің қандайы да, тіпті, ажалдың өзі де сол жерде жеңіл болатын сияқты» дейді. Бұл – өндірдей жігерлі жастың кеудесін кернеген мейлінше қуатты, таза патриоттық ой-сезімі. «Жақсыдан сөз шығады жан секілді, тамырдан атқылаған қан секілді!» дегенге дәйек. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдар­ламасына қатысты өрелі ойлар бабадан мұраға қалған Жер-анамыз­дың қадірін білуге, бар байлы­ғымызды бағалауға үндейді.

Серік Негимов, 
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 
филология ғылымдарының докторы, профессор

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2018

Елбасы көрмесі – Атырауда

19.09.2018

Таразитану қарлығаштары

19.09.2018

Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастығы дамуға бағытталуда

19.09.2018

Қылқалам шеберінің дара жолы

19.09.2018

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тағайындалды

19.09.2018

Сенат Төрағасы Бразилияның жаңа елшісіне тілектестігін білдірді

19.09.2018

Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр

19.09.2018

Жанат Шаймерденов  «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды

19.09.2018

Алматыда «ANQ 2018» XVI Азия Сапа Конгресі өтуде

19.09.2018

Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Алматы қаласына барды

19.09.2018

Білім жарысында болашақ экономистер

19.09.2018

Петропавлда жылу беру маусымы басталды

19.09.2018

Астанада әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды дамыту декларациясы қабылданады

19.09.2018

«Барыс» Омбының «Авангард» клубынан 3:4 есебімен ұтылды

19.09.2018

Қостанайлық  спортшы қыз Азия мен Океания чемпионатынан қос алтын медаль әкелді

19.09.2018

Көп көрсеткішке көңіл толмайды

19.09.2018

Елбасы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

19.09.2018

Аралдағы жатақхана туралы ақпарат негізсіз

19.09.2018

Оралда Құрманғазы Сағырбайұлының мерейтойы аясында республикалық конференция өтті

19.09.2018

Өскеменде Қазыбек би даңғылы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу