Қатыгездік қайдан шығады?

Қазақта: «Мал құлағы саңырау» дей­тін ежелден келе жатқан бір қа­нат­ты сөз бар. Жантүршігерлік сұм­­­дық сойқандар, қаражүрек қия­нат­­­тар болғанда, соны естігенде, көр­­­генде шарасыздықтан, сондай бір азғындық істі жеккөру мен жи­ір­­кеніштен айтылған сөз.
Егемен Қазақстан
11.04.2017 1118
2

Мі­не, қа­­зіргі қазақ қоғамында осын­­дай, мал құлағы болма­са, адам құ­ла­ғы­на аса ауыр есті­лер, түр­пі­дей ти­ер, тіп­­ті, төбе ша­шы­ңызды тік тұр­ғы­­зып тіксіндірер ке­лең­сіз­дік­тер­дің кө­бірек орын алып, соң­ғы уа­қытта тыйылудың орнына арамшөптей қаулап өршіп бара жат­қаны өкіндіреді-ақ.

Алыс-жақын айналамызды ін­дет­тей жайлап, жарқын жақсы­лық­та­ры­мыз­дың өзін жуып-шайып ке­тіп жат­қан, кеудемізді күрсініске тол­тыр­ған сол бір жексұрын келеңсіздіктің аты – қа­тыгездік. Ал енді осы қа­ты­гез­дік не­ден, адамдардың қандай іс-әре­кет а­малдарынан көрініс тауып жа­тыр деген мәселеге келейік. Іштен шық­қан баласын, әлі өмірге көзін ашып үл­гер­мей іңгәлаған шаранасын да­ла­ға, дәретханаға лақтырып жатқан бет­сіз қыздарымыздың бетпақтығынан өзі­міз бетімізді басатын болдық. Апыр-ай, өз сәбиін өлімге қалай қия­ды екен? Жа­у­ыздықпен астасқан на­ғыз аз­ғын қа­­­­тыгездік осы болар. Мұн­дай мұн­дар­­ларды қара жер қалай кө­те­ріп тұр­ға­нына қайран қаласың. Бұл со­ра­қы­лық­­ты ешқандай себеппен, сал­дармен, жағ­даймен, жайсыздықпен ақтап алуға бол­майды.

Асқан қатыгездікпен кісі өлтіру азай­май тұр. Алдын кесіп өткенді, ба­қай­ы-

­ның ұшын байқамай басып кеткенді оң­дыр­май жазалау, «тәубесіне» келтіріп «сы­бағасын» беру салтқа айналыпты. Бі­реу­мен сөзге келіп керісіп қалса да, әріп­те­сі­нен әйелін қызғанса да, анда-санда мау­қын басып, бел суытып жүрген жас то­қал әлдебіреумен әуейі болса да өз сотымен, өз үкімімен өштескенге өлім жазасын кесу дәстүрге еніпті. Нағыз ор­тағасырлық жабайы надандық осы бо­лар. Күйеуіне ерегіскен әйел өшін өгей баласынан алып, өлтіруге тапсырыс беріп, арам пиғылын орындатқан сұм­дықты да көрдік. Осы масқараны жа­саған қазақтың әйелі. Айырылысып кет­кен әйелін артынан аңдып жүріп бен­зин шашып өртеп жіберген өңезді де естіп, «Астапыралла!»  дегенбіз. Сол со­рақылықты істеген басқа емес, өз қа­зағымыздың жігіті. Міне, осындай сұм­дықтардың бірінің ізі басылып ұмы­ты­ла бастаса, тағы бір жерден екін­ші сұм­дық бұрқ ете түседі.

Айдың-күннің аманында жұрттың жа­ға­сын ұстатар қанқұйлы қылмысқа ба­ру, қолын қанға малу, кісі өлтіру еш­бір ақылға сыймайды. Осыншалық қа­ра­жүрек қатыгездік біздің қазақтың қа­ны­нда да, заңында да жоқ еді ғой. Тіп­ті, біреу алдында айыпты болып қал­са да «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деп отыратын кешірімді қазақ едік қой. Әй дейтін ажа, қой дейтін қо­жа қалмағаны ма деп те назалануға мәж­бүрміз. Өйткені, қатыгездікті  барын­ша асқындырып, кісі өлтіруші кі­сә­пір­лікті  үдете түскендер қатарында заң және құқық қорғау орындарының қыз­меткерлері жиі-жиі бой көрсетуде. Ха­лықты қылмыстан қорғайтындар сөй­тіп жатса, мұның қасқырға қой ба­қ­­тырғаннан несі артық, қатыгез кі­сі өл­тірушілікке қайтіп тосқауыл қой­мақ­пыз?

Бірақ бізді алаңдататыны ол емес. Заң орындары өз қорасындағы жол­сыз­­дық пен заңсыздықты бізсіз-ақ өз­де­рі жөнге салып, ретке келтіре жатар. Бізді қинайтын да мазалайтын сұ­рақ: бүгінгі қазаққа бұрынғы қазақта бол­ма­ған қатыгездік, қанішерлік қайдан кел­ді? Қазақтың көзін қара тұман шел жауып, бір-біріне неге сонша жау­ы­ғып, қылт етсе бір-бірін пышақтап, ба­у­ы­з­дап, атып, асып, буындырып, тұ­н­­шық­ты­рып, өртеп өлтіруге дайын тұ­ра­ды? Бұл сұрақтың нақпа-нақ жауабын ай­қын­­дап айту да қиын. Бұл арада  түгел қа­­зақты айтып, тұтас халықты қаралап тұр­­мағанымыз түсінікті шығар. Десек те, ­бір биеден ала да, құла да туады де­ген­­дей, арамызда ынсапсыздар, мейма­на­­сы тасығандар, тәрбие көрмеген көр­кеу­делер, күншілдер, көреалмаушылар, оңай олжаға құнығушылар, тағы басқа сұмырайлар мен сұмпайылар жетіп ар­ты­лады. Қанқұйлы қатыгездік те осы­лар­дан, осы тараптан шығып жатыр.

Қаражүректерді жайлаған бұл қа­ты­гездіктен бүгінгі қазақ қоғамының ше­гіп отырған зардап-зияны аз емес. Қат­ты опындырып, көп реттерде қайғы-қа­сі­рет­ке душар етуде. Көп аналар аңырап, әйел­дер жесір, балалар жетім болып қа­луда.  Күні кеше Өскеменде погонды хайуан қанішерлердің қолынан асқан қатыгездікпен қаза тауып қыршынынан қиылған қос өреннің де артта қалған бес баласының көз жасының обалы кімге болмақ? Басынан сөз асырмайтын басқа  пасық та сасық кеуделер алдағы уақ­ыт­та әлі де қатыгездіктің қанды дәс­тү­рін жалғастыра бермек пе? Күллі жұр­т­шы­лық қауым болып ойланатын сұрақ, тол­ғанатын түйткіл осы.

Қатыгездік қазір бүкіл қоғамның ащы жанайқайын туғызуда. Адам жү­ре­гіндегі Алла берген ең үздік қасиеттер – ма­­хаббат пен мейірім, қайырым мен қа­на­ғат екендігін әсте ұмытуға болмайды. Олай болса, осынау қайырымсыздық син­­дромына, талайларды қайғыға баты­рып жатқан қатыгездікке қарсы бүкіл қо­ғам, жалпы халық болып күресу ке­рек­ті­гі күмән тудырмақ емес деп ойлаймыз.


Қорғанбек АМАНЖОЛ, 

«Егемен Қазақстан»




СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.11.2018

Арқалықта қуатты, заманауи ет комбинаты жұмысын бастады

22.11.2018

Жеке куәлікті саусақ таңбасы алмастыратын болады

22.11.2018

Президенттік олимпиададан олжалы оралды

22.11.2018

Жамбыл облысында жылқы ұралағандар ұсталды

22.11.2018

Дамир Исмағұловтың қарсыласы анықталды

22.11.2018

Алматының ірі жылу магистралінде апат болды

22.11.2018

Еуразия ұлттық университетінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

22.11.2018

Мәнерлеп сырғанаушылар Загреб пен Таллинде сайысқа түседі

22.11.2018

Елбасы мақаласы шетелдік БАҚ назарында

22.11.2018

Тарихи сана тұғыры – ұлттық болмыс

22.11.2018

Шымкенттіктерге арнайы медициналық көмек көрсетті

22.11.2018

Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

22.11.2018

«Digital Urpaq» Пионерлер сарайы өз жұмысын бас­тады

22.11.2018

Қалдықтар да кәдеге жарайды

22.11.2018

Зиялы қауым өкілдері «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жайлы не дейді?

22.11.2018

Baǵdarlamalar baıandylyǵymen baǵaly

22.11.2018

Дулат Исабеков: Қазақ баспасөзінің көшбасшысы – «Егеменге» жазылыңыз!

22.11.2018

Астана Операда «Күміс ғасыр балеттері» көрсетіледі

22.11.2018

«Османлы мемлекеті мен Орталық Азия хандықтары қарым-қатынастарының құжаттары» көрмеcі ашылды

22.11.2018

Балалар Барнаулға неге барады?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Baǵdarlamalar baıandylyǵymen baǵaly

Elbasy Nursultan Nazarbaev bıylǵy jylǵy halyqqa Joldaýynda úkimet múshelerine qaratyp, «Bizde árqıly baǵdarlamalar qabyldanyp jatyr. Indýstrıalyq baǵdarlama, ınfraqurylymdyq baǵdarlama, sondaı-aq, áleýmettik máselelerdi qamtyǵan kóptegen baǵdarlama bar.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу