Қауіп сейілмей тұр

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мен облыс әкімі Құмар Ақсақалов су басу ықтималдығы басым елді мекендер мен жол учаскелерін тікұшақ арқылы әуеден барлап келгеннен кейін қауіпті аумақтардың ұлғая түскені бел­гілі болды.
Егемен Қазақстан
31.03.2017 2202
2

Оның санатына Петропавл қаласы, Тайынша, Аққайың, Есіл, Қызылжар аудан­дарына қарасты 95 ауыл, 1,5 мыңдай тұрғын үй, 5 мыңға жуық тұрғын жатқызылып отыр. Бұдан тысқары 280 шақырым жолды су шайып кетуі мүмкін. Өте-мөте қауіп төндіріп отырғаны – Сергеев су қоймасы. Өйткені, қазірдің өзінде арнасы шөпілдеп тола бастағаны байқалады. Есіл өзеніндегі мұздың көбесі сөгіліп, сең жүре бастаған кезде Петропавл су торабындағы шлюздер амалсыз ашылады. Демек, өзен бойындағы елді мекендер мен облыс орталығы бірталай қиындыққа кезігеді деген сөз. Бұл–әзірге алдын ала болжау ғана. Биыл қар әдет­тегіден көп түскенін және жердің тоңы жібімей жатып, қарғын судың сай-саланы қуалап жатқанын ескерсек, алда не күтіп тұрғаны белгісіз. Ерте көктемнің ең қиындығы осында, дейді жергілікті синоптиктер.

Жағдай қанша күрделі десек те, оң ахуал қалыптастыру жан-жақты әзірлік шараларына тікелей байланысты екені айтпаса да түсінікті. Табиғаттың тосын «мінезіне» қарсы сақадай-сай дайындықтар ғана айтарлықтай шығынға ұрындырмай, мал-жанның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алары анық. Құмар Іргебай­ұлының төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте көктемгі су тасқынына байланысты мәсе­ленің егжей-тегжейлі талқы­лануы сондықтан. Төтен­ше жағдайлар жөніндегі депар­таменттің бастығы Павел Филип­пов ұсынған мәліметтер бойынша қауіп төнген аумақтарды қарғын судан қор­ғау үшін арықтар қазылып, су өткізгіш құбырларды алмастыру белсенді атқырылуда. 1 миллион текше метр қар шығарылған. Аудандық маңызға ие жолдар­дағы құбырлардың − 98, республикалық жолдар бойынша 93 пайызы тазаланған. 60 елді мекенде инженерлік жұмыстар жүргізіліп, 70 шақырым қорға­ныс бекеттері тұрғызылған. Петропавл қаласындағы Былғары шағын ауданындағы бөгет, Мамлют стансасы маңайындағы арық құрылғылары қалпына келтіріліп, Булаево қаласындағы көлдің айналасы тереңдетілген.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына 2713 жеке құрам, 867 техника, 133 жүзу құралы, 200 мотопомпа, 656 жол-құрылыс техникасы жұ­мылдырылатын болады. 7,7 мың тонна қиыршықтас, 4,8 мың тонна құм, 9,5 мың тонна сазбалшық қауіпті жерлерге жеткізілген. 26 гидротехникалық құрылыс жіті бақылауға алынған. Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының сөзіне қарағанда, барлық жерлерде қолдағы мүмкіндіктер тиімді п­айдаланылып отырған жоқ. Мәселен, Тайынша ауданының Келлеровка елді мекенінде кей бөгеттердің талапқа сай кел­мейтіні анықталған. Сол сияқты, Есіл ауданындағы Үлкен Тораң­ғұл көлінің суын сифонды құ­быр­лар арқылы ағызу үрдісі бәсең. Чириков ауылында су ағызу тоғандары тазаланбаған. Облыс орталығында ұзындығы 11,2 мың метр болатын ашық суағарлардың төрттен бірі ғана аршылған. Қар күрт ерісе, ағын су көшелерге жайылуы әбден ықтимал.

Қала әкімі Марат Тасма­ғанбетов өз есебінде су басу қаупі зор Жұмысшы, Береке, Ойқала шағын аудандары мен Заречный кентінен 700 мың текше метр қар сыртқа тасылғанын, таяу күндері барлық суағарлар қалпына келтірілетінін, оған 108 техника тартылғанын жеткізді. Тіпті, Ресейдің Екатеринбург қаласынан арықтарды тазалайтын арнайы техника алдыртылған.

Аймақ басшысы тасқынның алдын алуға байланысты кезек күтпейтін міндеттерді атап көрсетті. Басты талап – облыс тұр­ғындарының қалыпты өміріне ешқандай қауіп төнбеуі тиіс. Төтенше жағдай орын алған жағдайда адамдарды қауіп­сіз жерлерге көшіру, жылы киім­дермен, ыстық тағамдармен қамту, қоғамдық тәртіп жайы ке­шенді жүргізілуі тиіс. Қар дер кезінде шығарылса, су ағатын құбырлар уақытында тазаланса, бәрі дін аман болатынын ескертті. Су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға 561 миллион теңге қарастырылып, инертті материалдар мен жанар-жағармайдың жеткілікті қоры жинақталған.

Петропавл және Сергеев су қоймалары, сәйкесінше, 90 және 95 пайызға толғанын, су тасқыны сәуір айында күтіліп отырғанын ескерсек, сақтық жұмыстарын бір сәт те босаңсытуға болмайды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы




СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

26.03.2019

2019 жылғы қаңтарда елімізде 80711 жеңіл автомобиль тіркелген

26.03.2019

Гүлмира Исимбаева Жапония Парламенті Кеңесшілер Палатасының Спикерімен кездесті

26.03.2019

Конор МакГрегор ережесіз жекпе-жектен кеткенін мәлімдеді

26.03.2019

Алматылық жастар астана атауын өзгертуге қолдау білдірді

26.03.2019

Үкімет пен Ұлттық Банк интернет-займдар бойынша маржаны шектеуді жоспарлайды

26.03.2019

Елорда жаһандық индексте қалай жоғарылады?

26.03.2019

Бердібек Сапарбаев Елбасының жаңа әлеуметтік шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

26.03.2019

Бердібек Сапарбаев елордалық «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды

26.03.2019

Р. Дәленов көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша жаңа шаралар туралы айтып берді

26.03.2019

Бақыт Сұлтанов автобус апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасына көңіл айтты

26.03.2019

Қарағандылық спортшылар екі Әлем кубогын ұтып алды

26.03.2019

Оңдасын Оразалин Әйтеке би және Хромтау аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

26.03.2019

Мүлдем жауапкершілік жоқ: Ақтөбе облысының әкімі Орталық стадионның жағдайы туралы

26.03.2019

Қарағанды көмірінен жасалған әшекейлер Мәскеудегі Халықаралық байқауда көрсетіледі

26.03.2019

Нидерландтың Девентер қаласында Қазақстанның Құрметті Консулдығы ашылды

26.03.2019

​Лондонда Наурыз мерекесі аталып өтті

26.03.2019

Жастар елорда атауының өзгеруіне байланысты үндеу жариялады

26.03.2019

Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу