Қазақстан – жаһандық бастамалар жаршысы

Нью-Йоркте АҚШ-тың төрағалығымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «Қаруды таратпау/Корей Халық-Демократиялық Республикасы (КХДР)» тақырыбында министрлік деңгейіндегі ашық тақырыптық пікірталастар өтті. Оған Кеңеске мүше елдер сыртқы саясат ведомстволарының басшылары: АҚШ – Рекс Тиллерсон, Жапония – Фумио Кишида, Сенегал – Манкер Ндиайе, Қытай – Ван И, Ұлыбритания – Борис Джонсон, Эфиопия – Воркнех Гебейху; сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары: Швеция – Анника Содер, Италия – Бенедетто делла Ведова қатысты. Қазақстан делегациясына Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов басшылық етті.
Егемен Қазақстан
03.05.2017 2382
2

Сөз сөйлегендер планета халқы­ның бестен бір бөлігі тұратын және әлемдік ІЖӨ-нің 20%-ына жуығын иеле­ніп отырған Солтүстік-Шығыс Азия өңіріндегі әскери эскалация ықтималдығына байланысты алаң­даушылықтарын білдірді. КХДР бұл ғасырда әлем бойынша ядролық сынақтарды өткізген жалғыз мемлекет екені айтылып, халықаралық қоғамдастық «Солтүстік Кореяның арандатушылығына ермеуге» және ғаламдық салдарларға соқтыратын жаңсақтықтарды болдырмауға шақырылды.

Мемлекеттік хатшы Р.Тиллер­сон «КХДР тарапынан қауіптің өсуіне АҚШ әрекет­сіз қарап отыра бере алмайтынын» мәлімдеді. Соған байланыс­ты, АҚШ Мемле­кеттік депар­та­ментінің басшысы барлық мем­лекеттерді «эко­но­микалық санк­ция­ларды енгізу мен Пхеньян­мен дип­ломатия­лық және сауда қаты­нас­тарын шектеу арқылы Сол­түс­тік Кореяға эко­но­микалық және дипло­матия­лық әсер ету шара­ларын барынша қолдануға» шақы­р­ды. «Сонымен бірге, АҚШ мәселені әскери жолмен шешу мүмкіндігін де жоққа шы­ғар­майды», – деп түйіндеді Р.Тиллерсон.

Пхеньян ядролық бағдарлама­сынан бас тартуы үшін КХДР-ге қатысты шектеу шараларын едәуір кеңейтуді Франция мен Ұлы­британия қолдады.

Қауіпсіздік Кеңесінің өзге тұрақ­ты мүшелері – Ресей мен Қытай әлем­дік қоғамдастықты күш қолдану жолдарын қарастыру Корей түбегі мен Солтүстік-Шығыс Азия аймағы үшін абсолюттік түрде өрескел әрекет болатынын және апатты салдарларға әкеліп соғатынын ескертті. Осыған орай, мәселені шешу бойынша Қы­тай ядролық қарусыздану мен бей­біт үдерістерге бағытталған шаралар кешенін қамтитын қос-тректі фор­муласын ұсынды. Ресей алты жақ­ты келіссөздерді жандандыруды ұсы­нып, Қытайдың шешу формуласын қолдады.

Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері КХДР-дегі ядролық сынақтардың, Қауіпсіздік Кеңесінің бұл іс-әрекеттерді тоқтату туралы бірнеше рет қойған талаптарына қара­мастан жалғасуына бай­ланысты алаңдаушылығын біл­дірді. Бұл белсенділік өңірлік және халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіреді, сонымен бірге, қару­сыз­дану мен қаруды таратпау сала­сын­дағы халықаралық күш-жігерді түбегейлі бұзады.

Қ.Әбдірахманов пікірталасқа қатысушылар алдындағы сөзінде қарусыздану, қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздік Қазақ­стан сыртқы саясатының негізгі басым­дықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. 1992 жылы Қазақ­стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қуаты бойынша әлемдегі төртінші болып табылатын ядролық арсеналдан бас тарту туралы тарихи шешім қабылдады. Ядро­лық қарусыз ел мәртебесін таңдау өңір­лік және жаһандық қауіп­сіздікті сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы болып табылады, деді қазақ­стан­дық министр.

Министр БҰҰ ҚК-нің барлық тиісті қарарларына қарамастан, КХДР-дің зымыран сынақтарын жүр­гізуін қоймай отырғанына алаң­даушылық білдірді. Қазақстан алты жақты келіссөздерді өткізу немесе орын алған күрделі жағ­дайды бей­біт жолмен шешу мақ­­сатында Қауіп­сіз­дік Кеңесі мүше­­лерінің басқа да саяси және дип­ломатиялық шараларды қол­дану мақсаттарын қолдайды.

Сондай-ақ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі­нің отырысына қатысу шең­берінде Қ.Әбдірахманов Кеңеске мүше мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволары басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Атап айтқанда, Қайрат Әбдірахманов АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесті. Ми­нистр кездесуді аша отырып: «Қазақ­стан АҚШ-пен көп қырлы стра­тегия­лық әріптестікті дамытуға ай­рық­ша маңыз береді және жаңа Әкім­шілікпен тығыз өзара іс-қимыл жасауға ниетті», – деді.

Өз кезегінде Р.Тиллерсон Пре­зи­­дент Н.Назарбаевтың қуаты жөнінен әлемде 4-ші орын алатын ядро­лық қарудан бас тартқан тарихи шешімін ерекше атап көрсетті.

Тараптар  Қазақстан-Амери­­ка стратегиялық әріптестігін іс жүзіне асыру мәселелерін, атап айтқанда, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп арасындағы телефон арқылы әңгіме барысында айқындалған сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады.

Құрама Штаттардың Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дандырылған көрмесіне қаты­суына кездесуде жеке назар аударылды. Сондай-ақ, халық­аралық күн тәртібіне, оның ішінде Сириядағы, Ауғанстандағы жағ­д­айға, Иранның ядролық бағ­дар­ламасы мен Корей түбегіндегі жағ­дайға байланыс­ты қызықты пікір алмасу болды. Қ.Әбдірахманов Қазақстанның жаһандық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы өткір мәселелерді шешуге сындарлы түрде қатысуға дайын екенін мәлімдеді.  

Қазақстан сыртқы саясат ве­домст­восының басшысы сұхбат­­тасына 29 тамызда АЭХА-ның Қазақ­станда Халықаралық төмен байытылған уран банкінің (ТБУБ) ресми ашылуы жоспарланып отыр­ғанын хабарлады. АҚШ үкі­меті мен «Ядролық қаруды азай­ту бағдарламасы» қорының ТБУБ құрудағы үлесін ескере отырып, америкалық тарапқа ресми салта­натқа қатысу үшін шақыру берілді.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы аясында Қ.Әбдірахманов өзінің британдық әріптесі Борис Джонсонмен де кездесу өткізді. Дипломатия ведомстволарының басшылары екіжақты ынтымақтас­тықты дамыту перспективаларын талқылады. Б.Джонсон «Ұлы­британия Қазақстан экономикасына инвестиция салатын 6 ірі инвестордың бірі екенін және өзара тиімді іс-қимылдарды одан әрі кеңейтудің әлеуеті зор екенін» атап өтті. Осыған байланысты ірі іскер топтарды қатыстыра отырып, таяу арада Қазақстан-Британия бизнес-форумын өткізуге қызығушылық білдірілді.

Британия сыртқы істер офисі­нің басшысы ЭКСПО көрмесі тақы­рыбының өзектілігін атай отырып, өзінің оған қатысуға дайын еке­нін айтты. Ал Қ.Әбдірахманов оны Астана процесінің барысымен таныстырып, үнқатысуды жалғас­тырудың маңызы жоғары екенін баса айтты.

Біріккен Ұлттық Ұйымының штаб-пәтерінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен жүз­десу екіжақты кездесулерді қоры­тын­дылады. Қ.Әбдірахманов Пре­зи­дент Н.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ас­сам­блеясының 70-сессиясында мә­лімдеген бастамаларын БҰҰ Хат­шылығының дәйекті түрде қолдауының маңызы зор екенін атап өтті.

Тараптар халықаралық қауіп­сіздік саласындағы ағымдағы ахуал бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, министр Бас хат­шыға Астана процесі туралы ақпарат берді. А.Гутерриш Ас­тана келіссөздері Женева келіс­сөз­дерінің табысты болуына жол аша­ды дей отырып, бұл процесті толық қолдайтынын білдірді. БҰҰ-ның Бас хатшысы Президент Н.Назарбаевтың көпжақты дипло­ма­тиядағы рөлін жоғары бағалады.

Кездесу барысында А.Гутер­риш Астанада өтетін ШЫҰ сам­митіне және ЭКСПО-2017 көрме­сінің ашылуына қатысу ниеті бар екені туралы хабарлады. Бұл Қазақстанға соңғы жарты жыл ішінде жасалатын екінші сапар екені және мұның Қазақстанмен әрі Орталық Азия елдерімен ынты­мақтастыққа БҰҰ-ның баса назар аударатынын көрсететіні айрықша атап өтілді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасы жолжүктерді ашудың 80 дерегін анықтады

20.09.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

20.09.2018

GGG үздіктер тізімінде төмендеді

20.09.2018

Қазақстан құрамасын Кака баптайды

20.09.2018

Сапа менеджментін енгізу бәсекеге қабілеттілікті нығайтады

20.09.2018

Елімізде 1 қазаннан бастап депозит шарттары өзгереді

20.09.2018

Машина жасаушылар форумына әлемнің 20 елінен 1000-нан астам делегат қатысады

20.09.2018

Жеңімпаз қыздың қайырымдылығы көпке үлгі

20.09.2018

Б. Сағынтаев Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі Үкіметтік кеңестің отырысын өткізді

20.09.2018

Экс-чемпион бокс мектебінің директоры болып тағайындалды

20.09.2018

 Жаңа заң – жаңа үміт

20.09.2018

Мөлдірдің мөлдір әлемі

20.09.2018

Көкшетау тұрғыны тираждық лотерея ойынының миллионері атанды

20.09.2018

Жаңа еңбекақы жүйесі - оңтайландыру нәтижелеріне тікелей байланысты - Алик Шпекбаев

20.09.2018

Кесенелер тұрғызу жарысқа айналып бара ма?..

20.09.2018

Бүгін елімізде машина жасаушыларының VI форумы басталды

20.09.2018

Атырауда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

20.09.2018

Бакуде дзюдодан әлем чемпионаты басталды

20.09.2018

Қоқыс өңдейтін цех ашар едім - Сергей Привалов

20.09.2018

Доллар бағамы 358 теңгеге түсті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу