"Қазақстан Барысы" турнирінің финалы 2 шілдеде Астанада өтеді

2 шілдеде Астанада қазақ күресінен жетінші республикалық "Қазақстан Барысы" турнирінің финалы өтеді.
Егемен Қазақстан
29.03.2017 2949
2

Жарыстың алдында ұйымдастырушылар жүлделер жайында және допинг мәселелері туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қазақ халқы үшін жеті саны әрқашанда киелі болды. Бізді қолдаған серіктестерге үлкен алғыс білдіреміз. Қазақ күресі басқа күрес түрлерімен салыстырғанда көлеңкеде болып келді, ал қазіргі уақытта ол өзінің лайықты деңгейіне жетті деп ойлаймын. Биыл жаңа өзгерістер енгіздік, ендігі кезекте "Әскер Барысы" турнирінің жеңімпаздары да бөлек марапатталады", - деді қазақ күресі Федерациясының президенті Арман Шораев.  

Кең масштабты жарыс төрт кезеңнен тұрады: ауылдық, аудандық, облыстық және финал. Соңғы кезеңге 34 спортшы шығады. Олардың барлығы допинг сынамасынан өтеді. 

 "Соңғы жылдары біз допинг мәселесіне қатты назар аударып жүрміз. Өткен жылдары бірнеше балуандар шеттетілді. Алдыңғы жылы спортшылардың допинг қабылдағаны туралы күдік болды, алайда WADA соңғы сәтте өз шешімін берді, яғни спортшылардың қанында рұқсат етілмеген препараттар мөлшері нормадан төмен болды. Сол себепті біз оларды жарысқа қатыстырдық", - дейді ол. 

Сондай-ақ, күрес федерациясының президенті "Әлем Барысы" халықаралық турнир өтетінін айтты. Әлемнің 50 елінен балуандар қатысады.  

Шораев өткен жылға қарағанда биыл жүлде қорының мөлшері аз болатынын айтты. Оның айтуынша, өткен жылы жарыс жеңімпазы 25 миллион теңге (шамамен 100 мың доллар) және Астанадан пәтер кілтін алған. 

Биыл финалдық кездесу "Барыс Аренада" өтеді. Спорт кешені 12 мың орынмен қамтылған. Өткен жылдары осы жарыс "Сарыарқа" (10 мың орын) велотрегінде және "Дәулет" (үш мың) спорт кешенінде өткен болатын.  Шораевтың айтуынша, 2018 жылы Астанада Жекпе-жек Сарайы ғимаратының құрылысы аяқталып, ұлттық жарыс сол жерде өтуі мүмкін.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.01.2019

Кеген ауданының оқушылары coworking-сыныпта оқиды

21.01.2019

Кирилл Герасименко үстел теннисінен әлемдік турда сынға түсті

21.01.2019

Биатлоннан ел чемпионатында эстафета жеңімпаздары анықталды

21.01.2019

Конькимен жүгіру: Спринтерлік көпсайыстан ел біріншілігі аяқталды

21.01.2019

Әлеуметтік қорғау – маңызды мәселе

21.01.2019

Ақтөбе облысы экономика өсімін екі жыл қатарынан 5 % деңгейде ұстап келеді

21.01.2019

«Апта жаңалығы»: Брексит

21.01.2019

«Барыс» ойыншылары ҚХЛ жұлдыздары матчында жеңіске жетті

21.01.2019

Азамат Мұқанов дзюдодан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы атанды

20.01.2019

Атырау жылу электр орталығында апатты жағдай болды

20.01.2019

ШҚО-да дін саласындағы құқық бұзушылықтар саны үш есеге азайды

20.01.2019

Солтүстік Қазақстанда көпсалалы аурухана салынады

20.01.2019

Қазақстандық балалар фильмі халықаралық кинофестивальде жүлде алды

20.01.2019

ШҚО емханалары 100 тонна қағаз үнемдеді

20.01.2019

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 27 жыл толды

20.01.2019

ШҚО Күршім ауданында 6 жастағы бала суға кетіп қалды

20.01.2019

Қазақстанда бала асырап алуға көмектесетін арнайы агенттік құрылады

20.01.2019

Ресейлік «Арктика-М» спутнигі 2019 жылы маусым айында іске қосылады

20.01.2019

Чили жағалауында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды

20.01.2019

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу