Қазақстан делегациясы Финляндияда болды

Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты мен Мәжілісі аппараттарының өкілдері Финляндия Эдускунтасы Бас хатшысының шақыруымен жақында Финляндия Республикасына жұмыс бабындағы сапармен барып қайтты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Егемен Қазақстан
26.04.2017 2160
2

Парламент Сенаты Аппара­ты­ның басшысы Серік Сыдықов бас­таған Қазақстан делега­ция­сы  Бас хатшы М.-Л.Пааво­ла­мен және Эдускунтаның құры­лым­­дық бөлімшелері мен тұрақ­ты комитеттерінің басшылары­мен кездесті. Одан басқа, С.Сы­­дықовты Қазақстанмен Пар­­ла­менттік достық тобының төр­­ағасы, Финляндия Респуб­ли­ка­сын­ың  бұрынғы сыртқы сауда және даму министрі Л.Той­вакка, «Ситра» фин иннова­ция қоры байқау кеңесі төраға­сының орынбасары О.Ала-Нис­силя және Финляндия экономика министрінің кеңесшісі М.Ха­лоненмен бірге басқа да  бірқатар заң шығарушылар қабылдады.

Келіссөздер барысында С.Сыдықов фин тарапын Прези­дент Н.Назарбаевтың «Қазақ­стан­ның Үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында айтылған еліміздің дамуындағы басым­дықтар­мен жан-жақты таныстырды, сон­дай-ақ конституциялық рефор­малардың барысы мен Мем­лекет басшысының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында мазмұндалған жаңарулардан  хабардар етті.

Инновациялық белсенді­лік­ке, шағын және орта бизнес пен индустриялық-иннова­ция­­лық қыз­­­­метті қолдауға назар ауда­ра оты­­рып, Парламент­­тің заң шы­ғар­у­ды қамтамасыз ету сала­сы бо­­йынша пікір ал­ма­сты және тә­жі­­рибе бөлісу тұрғы­сында әңгіме өрістеді.

Іс жүзіндегі тақырыптарға ерекше назар аудара отырып, тараптар ынтымақтастықты қалып­тастыруға және кадр сая­саты мәселелері бойынша  тәжі­рибе алмасуға, заң шығару қыз­метін ақпараттық-талдаумен қамта­масыз етуге мүдделілік білдірді.

Мәдени-гуманитарлық іс-қимылды кеңейту мақсатында және Қазақстан мен Финляндия арасындағы дипломатиялық қатынастар орнағанына 25 жыл толуына орай (13 мамыр) және Финляндия тәуелсіздігінің 100 жылдығына байланысты Хель­синкиде «Анаға жол» фильмі­нің тұсаукесері болды. Парла­мент депутаты, фин елінің даму мәселелері жөніндегі бұрын­ғы министрі П.Хаависто бұл шараның құр­метті мейма­ны болды. Пар­ламент мүшелері, Фин­лян­дияның Сыртқы істер министр­лігі мен басқа да мем­лекеттік органдарының, дип­ломатиялық корпустардың, қазақстандық диаспораның өкілдері, сондай-ақ Финляндияда оқитын еліміздің студенттері қатысты.

Сапар барысында Финляндия Парламентінің жанынан құрыл­ған «Ситра» фин инновация қоры­ның штаб-пәтерінде кез­десу­лер болды. Бұл беделді мем­­лекеттік құрылым елдің ин­н­о­вациялық және ғылыми-тех­никалық даму стратегиясымен 50 жыл айналысып келе­ді. Қазақстан делегациясы инно­вациялық инфрақұрылымды құру, технологиялық парктер мен инновациялық даму институттарын басқару жөніндегі фин тәжірибесін зерделеді. Турку қаласындағы ТЕКЕС технология және инновация агенттігінде және Ғылыми паркте болған кезде делегация стартап компаниялар мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жобаларын қаржыландыру, жетекші фин технопарктері бірінің қызметін басқару тәжірибелерімен та­нысты.

Порвоо және Турку қала­ларындағы муниципа­литеттер­дің басшылығымен кездесу барысында қазақстандық тарап­қа аймақтағы инновациялық қауым­дар мен алдыңғы қатардағы тех­нологиялық жобаларды енгізу тәжірибесі көрсетілді. Фин жағы бизнес инфрақұрылымындағы «смарт» ұйымдастырудағы жаңа­лықтарымен, технологиялық парк­терін дамыту және инно­вация­ны мемлекеттік қолдау тәжі­рибесімен бөлісті.


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Шымкенттен Дубайға ұшатын рейс ашылады

16.11.2018

Шымкентте Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті

16.11.2018

Қостанайлық полицейлер жедел-профилактикалық шара кезінде мал ұрлығын ашты

16.11.2018

Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

16.11.2018

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады

16.11.2018

Солтүстік Қазақстанда қазақ күресінен ел біріншілігі өтті

16.11.2018

Атырауда жүргізушілер мен автобус жолсеріктерінің жалақысы екі есеге өсті

16.11.2018

Тұқым шаруашылығын дамытуға инвесторлар 25 млн $ қаржы салады

16.11.2018

Бокстан ел чемпионатының алғашқы жүлдегерлері анықталды

16.11.2018

Спортшы қыздарымыз әлемдік сында үздік үштікке енді

16.11.2018

Қазақстан - Өзбекстан: тауар айналымын 5 млрд АҚШ долларына жеткізу көзделуде

16.11.2018

Елорда жастары «Жастар жылынан» не күтеді?

16.11.2018

Павлодарда тоғызқұмалақтан «Сарыарқа самалы» газетінің жүлдесі үшін турнир өтті

16.11.2018

Айдос Тұрысбек: Самал Еслямова «Хабар» арнасының фильміне түсіп жатыр

16.11.2018

Батыс Қазақстанда тағы 50 кәсіпорын жалақы өсірді

16.11.2018

«Өрнек». Бір өлеңнің сыры. Ерлан Жүніс (видео)

16.11.2018

Кәсіп­кер­лерді заңсыз тексеру азайды - Бас прокурор

16.11.2018

Астана сессиясы. ҰҚШҰ-ның бейбітшіліксүйгіш беделін нығайтты

16.11.2018

Сарысудың музыкалық мұрасы

16.11.2018

Жалақаны өсіру үдерістері тездетілуде

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу