ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ БҰЙРЫҒЫ

«Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Егемен Қазақстан
06.04.2017 2749
2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ БҰЙРЫҒЫ


2016 жылғы 26 желтоқсан               №11-1-2/619             Астана қаласы


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекi­тiлген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 85-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

1) осы бұйрықтың заңнамада көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Б.Тілеубердіге жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Сыртқы істер

министрінің міндетін атқарушы  Е.АШЫҚБАЕВ


«Келісілді» «Келісілді»

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының

Әділет министрі Қаржы министрі

_______________________ М. Бекетаев ______________________ Б. Сұлтанов

2016 жылғы «___»________________ 2016 жылғы «___»________________


Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының

2016 жылғы 26 желтоқсандағы №11-1-2/619 бұйрығына 1-қосымша


«Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысына сәйкес әзірленген және қиын жағдайда, соның ішінде форс-мажорлық жағдайлар салдарынан болған қиын жағдайда (бұдан әрі – қиын жағдай) қалған, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша іс-шараларды іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерімен «Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану, сондай-ақ шетелде қайтыс болған Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты шаралар қолдану (бұдан әрі – қаржылық көмек) тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидалардың күші Қазақстан Республикасының аумағындағы Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсетуге қолданылмайды.

3. Осы Қағидалар бойынша Қиын жағдайлар деп осындай оқиғалар түсініледі:

1) форс-мажорлық ахуалдарға орай пайда болған жағдайлар;

2) Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекетке заңсыз әкелу;

3) Қазақстан Республикасына қарсы бағытталған құқыққа қайшы әрекеттер;

4) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде денсаулығының нашарлауы және күтпеген қазасына әкеліп соғатын оқиғалар.

Форс-мажорлық жағдайларға еңсерілмейтін күштер, яғни Қазақстан Республикасының азаматы тарапынан алдын алуға, бақылауға алуға келмейтін және осындай ахуал жағдайларда күтпеген сипат алған төтенше жағдайлар, соның ішінде әскери іс-қимылдар, террористік актілер, дүлей апат құбылыстары жатады.

4. Қаржылық көмек түрлеріне төмендегідей шығыстар жатады:

1) шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына келу үшін көлік шығыстарын өтеу (экономкласты авиабилет құнынан аспайды);

2) аудармашы көрсеткен қызметті өтеу (бір күнге 15 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);

3) адвокат көрсеткен қызметті өтеу (бір күнге 45 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);

4) бір жолғы материалдық көмек:

тамақтану (бір күнге 80 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);

тұру (бір күнге 200 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);

бірінші қажеттіліктегі заттар болмаған жағдайда, оларды сатып алу (280 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);

5) мүрдені бальзамдауға, мәйітханада сақтауға немесе болу елінде жерлеуге жұмсалатын шығыстарды төлей отырып, жүкті жөнелтуге, «200» жүгін ресімдеуге (Қазақстан Республикасына қайтыс болған азаматтардың табыттарын және күлімен сауыттарын жөнелту) жұмсалатын шығыстар.

5. Қаржылық көмек өтеусіз негізде ұсынылады.

2-тарау. «Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану тәртібі

6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және/немесе шет елдердегі мекемелер Қазақстан Республикасы азаматтарынан, туыстарынан немесе өзге өкілетті адамдардан өзінің жеке басын куәландыратын құжаты, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекенжай, болу еліндегі тұрақты мекенжай, қиын жағдайға тап болу мән-жайларын және өзге де мүмкін болған ақпарат көрсетілген қаражат бөлу қажеттілігінің негіздемесі бар өтініштерді қабылдайды.

Өтінішке болу елінің құзыретті органдары берген және форс-мажорлық жағдайлар мен қиын жағдайдың туындауына орай қаржылық көмек көрсету туралы өтінішке қатысы бар құжаттар бірге беріледі.

Зорлық, денсаулық нашарлау немесе өлім фактісі болған жағдайда болу елінің медицина­лық немесе өзге де құзыретті мекемесі берген құжат беріледі.

7. Шет елдегі мекеме осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттармен бірге қабылданған қаржылық көмек көрсету туралы өтініштер негізінде қаржылық көмек көрсету немесе одан бас тарту туралы шетелдегі мекеменің басшысы немесе оның міндетін атқаратын адам бекіткен ерікті нысанда қорытындыны жасайды.

8. Шетелдегі мекеме қаржылай көмек көрсетуден келесі жағдайларда бас тартады:

1) біле тұра жалған айғақтарды хабарлау;

2) қиын жағдайға тап болуына себеп болған Қазақстан Республикасы азаматының болу елінің заңнамасын бұзғанын растайтын құжаттардың болуы;

3) Қазақстан Республикасы азаматының кінәсінен болған оқиғалар (соның ішінде алкогольге немесе есірткіге мас болған жағдайда);

4) Азаматының ықтимал тәуекелдерді сезініп, өз еркімен қалуды растайтын фактілерді анықтағанда.

9. Қаржылық көмек көрсету туралы қорытынды осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттардың көшірмелерімен бірге үш жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) шешім қабылдау үшін жолданады.

10. Министрлік тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлемдеріне байланысты, шетелдегі мекеменің қорытындысын, Консулдық қызмет департаментінің және Валюта-қаржы департаментінің бірлескен қорытындысын негізге ала отырып, қаржылай көмек көрсетуге арналған қаражатты бөлу туралы шешім қабылдайды және сұрау келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде шетелдегі мекемеге жолданады.

11. Шетелдегі мекеме Министірліктің оң шешімін алғаннан кейін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша іс жүзіндегі қаржылық көмек көрсету туралы акт ресімдей отырып, қаржылық көмек көрсетеді.

12. Қазақстан Республикасының азаматына, туысына не өзге де адамға қолма-қол ақшалай қаражат түрінде қаржылық көмек беруге рұқсат етілмейді.


«Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидаларына қосымша


Іс жүзінде қаржылық көмек көрсету туралы

20__ жылғы «____» __________ № ____

акт


________________________________________ шет елдерде форс-мажорлық

          (ҚР шетелдегі мекемесінің атауы)

жағдайларға тап болған Қазақстан Республикасы азаматының өтінішін қарастырып,

_________________________________________

(өтініш білдірушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда))


Тұрып жатқан мекенжайы _____________________________________________,

Жеке басын куәландыратын құжаты ____________________________________

____________________________________________________________________,

            (жеке басын куәландыратын құжат түрі, сериясы және нөмірі)

_____________________________________________________________ берілді,

                         (берілген күні, берген мекеме атауы)

мекеменің 20___ жылғы «____»__________қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 20___ жылғы «____» __________ №____________ шешімі негізінде қаржылай көмек көрсету туралы __________________________________

________________________________________

(өтініш білдірушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда))

өтініші бойынша жұмсалған шығыстар төленгені туралы осы актіні жасады:

1. ________________________________________________________ мөлшерінде

                             (сандармен және жазбаша)

__________________________________________________ шығыстарын өтеу

         (өтініш білдірушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда))

_______________________________________________бағыты бойынша

Қазақстан Республикасына келу үшін көлік шығысы _______________________

2. _____________________________________________________ мөлшерінде

                            (сандармен және жазбаша)

_______________________________________________ аудармашы көрсеткен

         (өтініш білдірушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда))

қызметті өтеу

3. ______________________________________ адвокат көрсеткен қызметті өтеу

                  (өтініш білдірушінің Т.А.Ә.)

__________________________________________________________мөлшерінде

(сандармен және жазбаша)

4. ________________________________________________________ мөлшерінде

                                   (сандармен және жазбаша)

____________________________ бір жолғы материалдық көмек төлемдерінің

(өтініш білдірушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда))

__________________________________________________орнын толтыру үшін

      (көрсетілген бір жолғы материалдық көмек түрлері)

5. ________________________________________________________ мөлшерінде

                                (сандармен және жазбаша)

жүк жөнелтуге, «200» жүгін (Қазақстан Республикасына қайтыс болғандардың табыттарын және күлімен сауыттарын жөнелту) ресімдеу үшін жүмсалған шығыстар


Растаушы құжаттар осы актіге ____ парақта қоса берілді.


Шетелдегі мекенің өкілетті қызметкерлері:

_________________________/ /

_________________________/ /

_________________________/ /

М. О.


Қаржылық көмектің алынғанын растаймын, акт көшірмесін алдым:


__________________________________/ /

қолы                   қолының ашып жазылуы


20__ жылғы «____» __________


Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының

2016 жылғы 26 желтоқсандағы №11-1-2/619 бұйрығына 2-қосымша


Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

1. «Республикалық бюджетте «Шетелдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы № 08-1/361 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4037 болып тіркелген).

2. «Республикалық бюджетте «Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы № 08-1/361 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 29 мамырдағы № 08-1/155 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4256 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 11 тамызда жарияланған, № 147(953)).

3. «Республикалық бюджетте «Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы № 08-1/361 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 08-1-1-1/323 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 6639 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 4 ақпанда жарияланған №36-37 (26439)).


Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14748 болып енгізілді.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БҰЙРЫҒЫ


2017 жылғы 23 ақпан               №18              Астана қаласы


Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы


«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Персоналды басқару қызметі заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін жолдануын;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы М.А. Әзілхановқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі

Н.ЕРМЕКБАЕВ


Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің

2017 жылғы 23 ақпандағы №18 бұйрығына 1-қосымша


Қазақстан Республикасы Дін істері және

азаматтық қоғам министрлігінің қызметтік куәлікті беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметтік куәлікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қызметтік куәлікті беру тәртібін белгілейді.

2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) Министрлікте және Министрліктің комитеттерінде оның мемлекеттік лауазымын растайтын құжат болып табылады.

3. Қызметтік куәлік осы бұйрықпен бекітілген сипаттамаға сәйкес келеді.

4. Жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.

2-тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

5. Қызметтік куәлік:

1) Министрліктің комитет төрағаларының орынбасарына, департамент директорларына және директорларының орынбасарларына, басқарма басшыларына, бас сарапшыларына және сарапшыларына Министрліктің жауапты хатшысының қолы қойылып;

2) Министрліктің басқармалары басшыларына, бас сарапшыларына және сарапшыларына Министрліктің комитеттерінің төрағаларының қолы қойылып беріледі.

6. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан және мерзімі өткен, жоғалған, сондай-ақ бұған дейін берілген куәлік бүлінген жағдайда беріледі.

7. Министрліктің куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды Министрліктің немесе комитеттің тиісті кадр қызметі жүргізеді.

Министерствоға және комитеттерге жаңадан қабылданған тұлғалар жаңа қызметтік куәлік рәсімдеу және алу үшін өздерінің 3 х 4 см көлемдегі 2 дана түрлі түсті фотосуретін тиісті кадр қызметіне тапсыруы қажет. Бір фотосурет қызметтік куәлікке жапсырылады, екінші фотосурет осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысандағы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) жапсырылады.

Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін осы тиісті кадр қызметінің есепке алу журналдарында қол қояды.

8. Қызметтік куәліктер және қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы тиісті кадр қызметінің сейфінде сақталады.

9. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде оны пайдалану және сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті тиісті кадр қызметінің қызметтік куәлікті беруге жауапты қызметкерлері қайтарып алады.

10. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды тиісті кадр қызметінің басшылары жүзеге асырады.

11. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу тиісті кадр қызметіне жазбаша ерікті нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

12. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша тиісті кадр қызметі қызметтік тергеп-тексеру туралы бұйрық шыққаннан кейін күнтізбелік он күн мерзімінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Министрліктің немесе комитеттердің тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

13. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы тиісті кадр қызметіне хабар беріледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін тиісті кадр қызметі береді.

14. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті тиісті кадр қызметіне тапсырады.

Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

15. Қызметкерлер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.


Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларына қосымша

нысан


Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналы

№ Фото-сурет № р/с қызметтік куәліктің нөмірі Беріл-ген күні Кімге берілді қызметкердің А.Т.Ә. (болған жағдайда) лауа-зымы Қызметкердің алғаны жөнінде жеке қолы Тапсыр-ғаны туралы белгі Жою тура-

лы белгі




Ескертпе: Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және тиісті кадр қызметі басшысының қолымен және мөрімен расталады.


Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің

2017 жылғы 23 ақпандағы №18 бұйрығына 2-қосымша


Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қызметтік куәлігінің сипаттамасы


1. Қызметтік куәліктің мұқабасының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), қою көк түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан болады.

2. Қызметтік куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен «КУӘЛІК», «УДОСТОВЕРЕНИЕ» деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

3. Қызметтік куәліктің ішкі жағында жасырын түрдегі күн және шеңбер ішіндегі қалықтаған қыранды қолдана отырып, көк түсті қорғаныш тангир бейнеленген.

Министрліктің қызметтік куәліктің жоғарғы бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ МИНИСТЕРСТВО ПО ДЕЛАМ РЕЛИГИЙ И ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН МИНИСТРЛІГІ», «МИНИСТЕРСТВО ПО ДЕЛАМ РЕЛИГИЙ И ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» деген жазу орналастырылған.

Комитеттердің қызметтік куәліктің қосымша жолда «ДІН ІСТЕРІ КОМИТЕТІ», «КОМИТЕТ ПО ДЕЛАМ РЕЛИГИЙ», «АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ», «КОМИТЕТ ПО ДЕЛАМ ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА».

4. Сол жағында: көлемі 3см х 4 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), қызметтік куәліктің номері, тиісті басшының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған қазақ тіліндегі мәтін.

5. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, қызметтік куәліктің, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу және орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі (екі жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.


Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 нау­рызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14913 болып енгізілді.



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының білім беру саласының мамандарымен кездесті

14.11.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

14.11.2018

Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды

14.11.2018

Үкімет басшысы Жамбыл облысында болды

14.11.2018

Атыраулықтар жалпыұлттық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті

14.11.2018

Қ.Тоқаев: Бюджетті қарау кезінде тек мемлекеттік мүдде үстем болуы тиіс

14.11.2018

Африканың Батыс Сахарасында күрделі тапсырмаларды орындады

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысында тағы бірнеше кәсіпорын жалақы өсірді

14.11.2018

Халықаралық балалар шығармашылығы Фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында 40 пәтер пайдалануға берілді

14.11.2018

Елбасы кітапханасы ақтөбелік жоғары оқу орнына 350-ден аса кітап тарту етті

14.11.2018

Алматыда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі талқыланды

14.11.2018

Алматы жұртшылығы жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Алматыда «Көшпенділер әуені» атты дәстүрлі орындаушылардың ІІ Республикалық байқауы өтті

14.11.2018

Алматыда дәстүрлі «Болат Тұрлыханов кубогі» өтеді

14.11.2018

Бақытжан Сағынтаев Таразда Халықты жұмыспен қамту орталығына барды

14.11.2018

Асқар Мамин өңіраралық семинар-кеңеске қатысты

14.11.2018

Премьер-Министрге «Смарт-Тараз» және Тараз-Хаб жобалары таныстырылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу