Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің кейбір нормативтік қаулыларын қайта қарау туралы

Егемен Қазақстан
21.04.2017 3614
2

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И. Рогов, Кеңес мүшелері

Н.В. Белоруков, А.Қ. Дауылбаев, В.А. Малиновский, А.М. Нұрмағамбетов, Ү.М. Стамқұлов, У. Шапак қа­тысқан құрамда, мыналардың:

Қазақстан Республикасы Парламенті Се­на­ты­ның өкілі – Қазақстан Республикасы Парламенті Се­­натының Конституциялық заң­на­ма, сот жүйесі жә­­не құқық қорғау органдары комитетінің тө­ра­ға­сы С.Б. Ақылбайдың,

Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары З.Х. Баймолдинаның, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Со­ты­ның азаматтық істер жөніндегі сот алқа­сы­ның тө­рағасы Е.Н. Әбдіқадыровтың, Қазақстан Республикасы Бас проку­ра­ту­ра­сының өкілі – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Мер­кель­дің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынба­са­ры М.Ө. Қалқабаевтың, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің өкілі – Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Мем­лекеттік қызмет істері және сыбай­лас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппа­ра­ты­ның басшысы С.Қ. Ахметжановтың, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер ми­ни­стрлігінің өкілі – Қазақстан Республикасы Сыр­т­қы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жө­нін­де­гі елшісі С.М. Сейтімбетованың, Қазақстан Республикасы Дін істері және аза­мат­тық қоғам министрлігінің өкілі – Қазақстан Рес­публикасы Дін істері және азаматтық қоғам ви­це-министрі Б.С. Арынның, Қазақстан Республикасы Ішкі істер мини­стр­лі­гінің өкілі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер ми­нистрлігінің Заң департаменті директоры С.В. Пономаревтің, Қазақстан Республикасындағы Адам құ­қық­та­ры жөніндегі уәкілдің өкілі – Адам құқықтары жө­ніндегі ұлттық орталықтың басшысы С.Ж. Оспановтың қатысуымен, өзінің ашық отырысында «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Конституциясына өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 нау­рыз­дағы № 51-VI Қазақстан Республикасының За­ңы қабылдануына байланысты Қазақстан Рес­публикасы Конституциялық Кеңесінің кейбір нормативтік қаулыларын қайта қарау туралы мәселені қарады.

Баяндамашы – Конституциялық Кеңестің мү­шесі У. Шапактың хабарлауын, отырысқа қа­ты­сушылардың, заңгерлік қауымдастық өкілдері – Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің мем­лекет және құқық теориясы мен тарихы, кон­с­титуциялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Ж.Д. Бұсырмановтың жә­не «Университет КАЗГЮУ» Акционерлік қо­­ғамының Қылмыстық-процессуалдық зерттеу­лер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл ғылыми-зерттеу институтының дирек­то­ры, заң ғылымдарының докторы, профессор М.Ш. Қоғамовтың сөйлеген сөздерін тың­дап, Кон­с­ти­туциялық Кеңестің нормативтік қау­лы­ларын жә­не конституциялық іс жүргізудің өзге де мате­ри­­алдарын талдап, Қазақстан Республикасы Кон­ституциялық Кеңесі анықтады:

«Қазақстан Республикасының Кон­сти­ту­ция­сы­на өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы № 51-VI Қазақстан Рес­пуб­ликасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) еліміздің Не­гізгі Заңына түзетулер енгізілді.

Конституциялық түзетулер Республика Кон­с­ти­туциясының қолданылатын құқық жүйесіндегі үс­темдігін және еліміздің бүкіл аумағында сөзсіз орын­далуын қамтамасыз етуге, ерекше қорғалатын кон­ституциялық құндылықтардың тізбесін ке­ңей­туге және қорғалу деңгейін арттыруға, кон­с­ти­туциялық бақылауды күшейтуге, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бос­тан­дықтарын шектеудің мазмұнын, шарттары мен шек­терін нақтылауға бағытталған.

Жоғары мемлекеттік органдар арасында өкі­лет­тіктерді қайта бөлу, Үкіметті құрудың тәртібін өз­герту және Үкіметтің үстінен парламенттік ба­қылауды күшейту, Республика Президентінің заң шығарушылық өкілеттіктерін алып тастау, сондай-ақ Мемлекет басшысындағы құзыреттің бір бөлігін Үкіметке беру арқылы Парламент пен Үкіметтің жаңа рөлі бекітілді, дербестігі мен жауапкершілігі кеңейтілді, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына конституциялық мәртебе берілді.

Конституциялық Кеңестің, сот жүйесінің, прокуратураның, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының мәртебелік бастаулары нақтыланды, Негізгі Заңға басқа да тұжырымдамалық өзгерістер енгізілді (Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабының 3-1-тармағы; 4-бабының 3-тармағы; 10-бабының 2-тармағы; 39-бабының 2 және 3-тармақтары; 41-бабының 2-тармағы; 44-бабының 3), 8), 9), 10-1), 18) тармақшалары; 45-бабының 2-тармағы; 49-бабының 1-тармағы; 53-бабының 3) тармақшасы; 55-бабының 1-1) тармақшасы; 57-бабының 6) тармақшасы; 61-бабының 2-тармағы; 64-бабының 2-тармағы; 66-бабының 1), 8) және 9-1) тармақшалары; 67-бабының 4) тармақшасы; 70-бабының 1-тармағы; 72-бабының 2-тармағы; 73-бабының 4-тармағы; 74-бабының 2-тармағы; 79-бабының 3-тармағы; 81-бабы; 83-бабының 1-тармағы; 86-бабының 5-тармағы; 87-бабының 4-тармағы; 91-бабының 2 және 3-тармақтары).

2017 жылғы конституциялық реформа қоғам мен мемлекетті жан-жақты және дәйектілікпен жаңғырту жолындағы заңды кезең болды.

Заңға жасалған жүйелі талдау оның өз жи­ынтығында Конституцияның өзгертілген нор­маларының мазмұнын айқындап қана қой­май, түзетулерге ұшырамаған ережелері мен нор­маларының құқықтық мағынасын да кей кездері жа­ңартып отыратынын көрсетеді. Бұл жағдай конституциялық қайта өзгертулердің жалпы заң­дылықтары мен трендтерін және ресми түсіндірудің бағыт-бағдарын бөліп көрсетуге негіз болады.

Мұның бәрі еліміздің қолданыстағы құ­қығын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қау­лыларын қоса отырып, жаңартылған Кон­с­ти­туцияға сәйкестендіруді қажет етеді.

«Қазақстан Республикасының Кон­с­ти­­туциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Рес­пу­б­ликасы Конституциялық заңының 36-ба­бы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Кон­с­ти­туциялық Кеңестің шешімін ол Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша немесе өз бастамасы бойынша, егер қабылданған шешімге негіз болған Конституция нормасы өзгерсе, қайта қарауы мүмкін.

Заңды іске асыру мақсатында, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар кешені туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 437 Жарлығының 7-тармағында Конституциялық Кеңеске өзі қабылдаған нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарау және Заңға сәйкес келтіру жөніндегі шараларды қабылдау ұсынылған.

Конституциялық Кеңес қабылданған нор­ма­­тивтік қаулыларды қайта қарау жөніндегі жұ­мыс­тың бастауларын бұдан бұрын айқындаған болатын.

Мәселен, 2007 жылғы 8 қарашадағы № 9, 2008 жылғы 7 ақпандағы № 1, 2008 жылғы 24 қыркүйектегі № 7 және 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулыларда Негізгі Заңның ө­зге­ртілген және толықтырылған нормаларына сәйкес келмейтін қаулылардың толығымен күші жойылады. Конституциялық новеллаларға сәйкес келмейтін жекелеген ережелерін алып тастағанда, Конституция нормаларын түсін­ді­рудің ішкі қисыны мен өзара байланысы, мазмұны мен мағынасы жоғалмайтын Кон­с­ти­ту­циялық Кеңестің нормативтік қау­лы­ла­рының ішінара күші жойылуға тиіс деп атап көрсетілді. Сол арқылы, Конституциялық Кеңестің тиісті кон­ституциялық өкілеттіктері жүзеге асыры­лып қабылданған, ішінара күші жойылып отыр­ған қорытынды шешімдерінде бекітілген құ­қықтық позициялардың нысаны өзгермейді және ауқымы кеңеймейді.

Конституциялық Кеңестің нормативтік қау­лыларын қайта қарау Конституциялық Ке­ңестің осы аталған нормативтік қаулы­ла­ры­мен байланысты Қазақстан Республикасы заң­дарының, сондай-ақ өзге де құқықтық ак­ті­лерінің заңдық күші жойылғанын немесе бұдан бұрын конституциялық емес деп та­ныл­ған актілерге заңдық күш қайтарылғанын біл­дірмейді. Қажет кезде аталған заңдар және ти­істі құқықтық актілер бекітілген тәртіппен қа­былдануы, күші жойылуы, өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.

Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Рес­публикасы Конституциясының 4-бабы­ның 1 жә­не 2-тармақтарын, «Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Рес­публикасы Конституциялық заңының 31-33-баптарын, 36-бабы 1-тармағының 1) тар­мақшасын және 3-тармағын, 40-бабының 1-тармағын, 41-бабы 1-тармағының 2) тар­мақ­шасын басшылыққа алып, Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы Конституциялық Кеңесі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мына нормативтік қаулыларының:

1.1. «Қазақстан Республикасы Консти­ту­ция­лық Кеңесінің «Қазақстан Республикасы Кон­ституциясының 4-бабының 1-тармағын, 14-бабының 1-тармағын, 77-бабының 3-тар­ма­ғының 3) тармақшасын, 79-бабының 1-тар­мағын және 83-бабының 1-тармағын ресми тү­сiндiру туралы» Қазақстан Республикасы Кон­ституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 6 нау­рыздағы Қаулысын түсіндіру туралы» 1997 жыл­ғы 31 шілдедегі № 3/4;

1.2. «Жамбыл облыстық сотының «Қазақ КСР-інiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық тура­лы кодексiнiң 280-бабының 2-бөлiгiн жә­не 288-бабының 1-бөлiгiн Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының Конституциясына сәйкес емес деп та­ну ту­ралы» өтiнiшi туралы» 1998 жылғы 5 мау­сы­мдағы № 3/2;

1.3. «Қазақстан Республикасы Консти­ту­ция­сының 44-бабы 9) тармақшасын ресми тү­сiн­дiру туралы» 2001 жылғы 12 қарашадағы № 14/2;

1.4. «Қазақстан Республикасының кейбiр заң ак­тi­лерiне прокурорлық қадағалау мәселелерi бо-

й­ынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу ту­ралы» Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi туралы» 2002 жылғы 5 тамыздағы № 5;

1.5. «Қазақстан Республикасы Консти­ту­ция­­сының 70-бабын ресми түсiндiру туралы» 2003 жылғы 19 қарашадағы № 11;

1.6. «Қазақстан Республикасы Кон­с­ти­­ту­ция­сының 45-бабының 2-тармағын, 53-ба­бы­­ның 3) және 4) тармақшаларын ресми тү­сiн­дi­ру туралы» 2008 жылғы 26 маусымдағы № 5 то­лы­ғы­мен күші жойылсын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Ке­ңесінің мына нормативтік қаулыларының:

2.1. «Қазақстан Республикасы Кон­сти­ту­циясының 4-бабының 1-тармағына және 12-ба­бының 2-тармағына ресми түсiндiрме бе­ру туралы» 1996 жылғы 28 қазандағы № 6/2:

дәлелдеу бөлігіндегі 2-тармақтың төртінші абзацындағы «10,» деген цифр алып тасталып;

2.2. «Қазақстан Республикасы Консти­ту­ция­сы 4-бабының 1-тармағын, 14-бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының 3) тар­мақ­шасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы» 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3:

дәлелдеу бөлігінің 5-тармағы; қарар бөлігінің 5-тармағы алып тасталып;

2.3. «Қазақстан Республикасы Парламентi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген Кон­сти­ту­ция нормалары бөлiгiне қатысты Қазақстан Рес­публикасы Конституциясы 53-бабының 1) тар­мақшасына және 91 бабының 1-тармағына рес­ми түсiнiк беру туралы» 1998 жылғы 4 жел­тоқсандағы № 13/2:

дәлелдеу бөлігінің үшінші абзацындағы «онда «Конституцияда белгіленген мемлекеттің бір­тұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайды» деп белгіленген.» деген сөздер алып тасталып;

2.4. «Қазақстан Республикасы Консти­ту­ция­сының 59-бабының 3-тармағын ресми тү­сiн­дiру туралы» 1999 жылғы 30 маусымдағы № 14/2:

дәлелдеу бөлігінің төртінші және бесінші абзацтары; қарар бөлігінің екінші абзацы алып тасталып;

2.5. «Қазақстан Республикасы Кон­сти­ту­циясының 61-бабының 7-тармағын және 53-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру ту­ралы» 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 18/2:

дәлелдеу бөлігінің жетінші, сегізінші және то­ғызыншы абзацтары; қарар бөлігінің 3-тармағы алып тасталып;

2.6. «Қазақстан Республикасы Консти­ту­ция­сы 88-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру ту­ралы» 2000 жылғы 31 мамырдағы № 3/2:

дәлелдеу бөлігінің бесінші абзацындағы «Үкіметтің және» деген сөздер алып тасталып;

2.7. «Қазақстан Республикасы Консти­ту­циясы 44-бабының 2) тармақшасын, 45-ба­бы­ның 2-тармағын, 61-бабының 2-тармағын, 62-бабының 2-тармағын, 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын ресми түсiндiру туралы» 2000 жылғы 3 шiлдедегі № 15/2: дәлелдеу бөлігінің тоғызыншы абзацындағы «, сондай-ақ осы заң жобасы жедел қаралады деп жариялау» деген сөздер; дәлелдеу бөлігінің оныншы абзацы; дәлелдеу бөлігінің он бірінші абзацындағы жә­не қарар бөлігінің 1-тармағындағы «45-ба­бы­ның 2-тармағында» деген сөздер; дәлелдеу бөлігінің он екінші абзацындағы «45-бабының 2-тармағын,» деген сөздер алып тасталып;

2.8. «Солтүстiк Қазақстан облыстық со­ты­ның Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұ­зу­шылық туралы кодексiнiң 281-бабы бiрiншi бө­лiгiнiң 3) тармақшасын конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынымы туралы» 2000 жылғы 10 шiлдедегі № 14/2:

дәлелдеу бөлігіндегі 3-тармақтың оныншы абзацы алып тасталып;

2.9. «Қазақстан Республикасы Кон­сти­ту­ция­сы 4-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру ту­ралы» 2000 жылғы 11 қазандағы № 18/2: дәлелдеу бөлігінің 2-тармағында: екінші абзацтағы «және халықаралық шарт бой­ынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етi­летiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қол­да­нылады» деген сөздер;

үшінші абзацта: екінші және төртінші сөйлемдер; «және тiкелей қолданылуы» деген сөздер алып тасталып;

2.10. «Қызылорда облыстық сотының «Бай­қоңыр» кешенін жалға беру туралы шарт­тың 6-бабы 6.12-тармағының екінші бөлігі­н, «Бай­қоңыр» кешені аумағында құқық тәртібін қам­та­масыз етудегі құқық қорғау органдарының өза­ра іс-қимылы туралы келісімнің 5 және 11-баптарын конституциялық емес деп тану жө­ніндегі ұсынымы туралы» 2001 жылғы 7 ма­мыр­дағы № 6/2:

дәлелдеу бөлігіндегі 2-тармақтың төртінші аб­зацындағы үшінші сөйлем; дәлелдеу бөлігіндегі 3-тармақтың бесінші абзацындағы «, Республика Конституциясының 10-18-баптарымен көзделген, ал Республика Конституциясының 39-бабына сәйкес оған жол берілмейді» деген сөздер алып тасталып;

2.11. «Қазақстан Республикасының Пар­ла­ментi және оның депутаттарының мәр­те­бе­сi ту­ралы» Қазақстан Республикасының Кон­с­ти­ту­циялық заңына өзгерiстер мен то­лық­ты­рулар енгiзу туралы» Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының Конституциялық заңы жөнiнде» 2001 жылғы 22 қарашадағы № 15/2:

дәлелдеу бөлігінің сегізінші абзацы алып тасталып;

2.12. «Қазақстан Республикасы Консти­ту­ция­сының 52-бабының 1 және 5-тармақтарын, 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және 74-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру тура­лы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/2:

дәлелдеу бөлігіндегі 3-тармақтың бесінші аб­за­цы алып тасталып;

2.13. «Қазақстан Республикасы Кон­сти­ту­циясының 2-бабы 2-тармағын және 6-бабы 3-тар­мағын ресми түсiндiру туралы» 2003 жылғы 23 сәуiрдегi № 4:

дәлелдеу бөлігіндегі 1-тармақтың бесінші аб­­зацындағы «, онда «Конституцияда бел­гi­лен­ген мемлекеттiң бiртұтастығын және ау­мақ­­тық тұтастығын, Республиканы басқару ны­санын өзгертуге болмайды» деп белгiленген» де­ген сөздер алып тасталып;

2.14. «Қазақстан Республикасы Кон­сти­ту­ция­сының 10 және 12-баптарын ресми түсіндіру ту­ралы» 2003 жылғы 1 желтоқсандағы № 12:

дәлелдеу бөлігіндегі 1-тармақтың жетінші аб­зацындағы «79-баптың 3-тармағының,» деген сөздер;

қарар бөлігіндегі 2-тармақтың үшінші абзацындағы «79-бабының 3-тармағында,» деген сөздер алып тасталып;

2.15. «Қазақстан Республикасы Кон­сти­ту­ция­сының 54-бабының 7) тармақшасын ресми тү­сiндiру туралы» 2006 жылғы 18 мамырдағы № 2:

дәлелдеу бөлігіндегі 3-тармақтың екінші аб­зацындағы «және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады» деген сөздер алып тасталып;

2.16. «Алматы облысы Қапшағай қалалық со­тының өтiнiшi бойынша Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Қылмыстық кодексiнiң 361-ба­бы бi­рiн­шi және төртiншi бөлiктерiнiң кон­сти­ту­ция­лылығын тексеру туралы» 2008 жылғы 27 ақпандағы № 2:

дәлелдеу бөлігіндегі 1-тармақтың төртінші абзацындағы екінші сөйлем алып тасталып;

2.17. «Қазақстан Республикасы Консти­ту­ци­я­сының 54-бабын, 61-бабы 3-тармағының 1) жә­не 3) тармақшаларын, сондай-ақ мемлекеттiк басқаруды ұйымдастыру мәселелерi бойынша басқа да бiрқатар нормаларын ресми түсiндiру туралы» 2008 жылғы 15 қазандағы № 8:

дәлелдеу бөлігіндегі 1-тармақтың үшінші абзацындағы екінші сөйлем алып тасталып;

2.18. «Конституциялық мерзімдерді есептеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Кон­­ституциясының нормаларын ресми тү­сін­ді­ру туралы» 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 2:

дәлелдеу бөлігіндегі 1-тармақтың бірінші абзацындағы «57-баптың 6) тармақшасы,» және «53-баптың 3) тармақшасы,» деген сөздер;

дәлелдеу бөлігіндегі 7-тармақтың бірінші абзацындағы «53-баптың 3) тармақшасы,» деген сөздер алып тасталып;

2.19. «Қазақстан Республикасы Кон­сти­ту­ция­сының 62-бабы 8-тармағының және 83-бабы 1-тармағының нормаларын ресми түсіндіру ту­ра­лы» 2013 жылғы 6 наурыздағы № 1:

дәлелдеу бөлігінің 1-тармағында:

төртінші абзацтағы үшінші және төртінші сөйлемдер;

бесінші абзацтағы «83-баптың 1-тармағында пайдаланылған» деген сөздер;

дәлелдеу бөлігіндегі 2-тармақтың жетінші абзацындағы «45-бабының 2-тармағымен, 53-бабының 3) және 4) тармақшаларымен» деген сөздер:

қарар бөлігінің 1-тармағындағы «және 83-ба­бының 1-тармағындағы» және «, ал Кон­­с­ти­туцияның 83-бабының 1-тармағында пай­да­ла­­нылатын «басқа да құқықтық актілер» ұғымы өз­ге актілердің бәрін, нормативтік сипаты барла­рын да, мұндай белгісі жоқтарын да қамтиды» деген сөздер алып тасталып;

2.20. «Қазақстан Республикасы Кон­сти­ту­ция­сының 54-бабын, 61-бабы 3-тармағының 1) жә­не 3) тармақшаларын, сондай-ақ мемлекеттік бас­қаруды ұйымдастыру мәселелері бойын­ша басқа да бірқатар нормаларын ресми тү­сін­діру ту­­ралы» Қазақстан Республикасы Кон­с­ти­ту­ция­лық Кеңесінің 2008 жылғы 15 қа­зан­дағы № 8 Нормативтік қаулысына түсіндірме беру туралы» 2013 жылғы 16 мамырдағы № 2:

дәлелдеу бөлігіндегі 2-тармақтың екінші аб­зацында:

«9),» деген цифр;

«, Үкімет құрамына кірмейтін орталық ат­қарушы органдарды құруға, таратуға және қайта құруға» деген сөздер;

«Республиканың мемлекеттік бюджеті есе­бі­нен ұсталатын барлық органдардың қыз­мет­кер­леріне арналған қаржыландыру мен ең­бек­ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітуге; өзі­не ба­ғы­нысты Республика Президентінің Кү­зет қыз­ме­тін және Республикалық ұланды жа­сақ­тауға» деген сөздер;

дәлелдеу бөлігіндегі 2-тармақтың төртінші абзацындағы «және 8)» деген сөздер;

дәлелдеу бөлігіндегі 3-тармақтың сегізінші абзацындағы «8),» деген цифр алып тасталып;

2.21. «Қазақстан Республикасы Консти­ту­ция­сының 44-бабының 16) тармақшасын ресми тү­сiн­дiру туралы» 2014 жылғы 15 мамырдағы № 1:

дәлелдеу бөлігінің бесінші абзацы алып тас­та­лып, ішінара күші жойылсын.

3. «Қазақстан Республикасының Кон­сти­ту­циялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 жел­тоқ­сандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Кон­сти­туциялық заңының 40-бабының 1-тармағына сәй­кес, осы нормативтік қаулының кері күші бол­майды деп айқындалсын.

4. Қазақстан Республикасы Кон­сти­ту­ция­сы­ның 74-бабының 3-тармағына сәйкес нор­ма­­тив­т­ік қаулы оны қабылдаған күннен бас­тап кү­шіне енеді, шағымдануға жатпайды, Рес­пуб­ли­ка­ның бү­кіл аумағында жалпыға бірдей мін­детті және түп­кілікті болып табылады.

5. Осы нормативтік қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.


Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы

И.И.РОГОВ



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.09.2018

Сатунда сайысқа түседі

26.09.2018

Құсбегі қыздар

26.09.2018

Қостанайлық полицейлер қырғызстандық жүк машинасын өрттен аман алып қалды

26.09.2018

Дирижердің бақытты сәті

26.09.2018

Жылу беру маусымына әзірлік басталды

26.09.2018

Қостанай облысы мен Қытай арасында үш инвестициялық жоба жүзеге асады

26.09.2018

Сөз сойыл №67

26.09.2018

Қостанайда Қазақ ұлттық мәдени күні өтті

26.09.2018

Қоғам жұмыла қарсы тұруы қажет

26.09.2018

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?

26.09.2018

Қазақстанда жасалған өнімдер Мәскеуде «Жыл тағамы» номинациясын иеленді

26.09.2018

Алғашқы медициналық көмектің сапасын арттырмақ

26.09.2018

GGG-дің алдағы жоспарлары қандай?

26.09.2018

Төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

26.09.2018

Әріп танымайтын баладан Африканы сұраған...

26.09.2018

Оқушыларды ағылшын тіліне баулиды

26.09.2018

«Асан» фильмінің актері «Байқоңырда» үздік атанды

26.09.2018

Елордада «Astana Media Week» апталығы басталды

26.09.2018

Басқарма басшысы неге өтірік айтады?

26.09.2018

Қасиетті мекенге қастерлі сезім

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

Jańa mamandyq jaıy

«Erinbe. Eńbek et, mal tap» degen sózdi Abaıdan keıin ata-analarymyz jıi aıtatyn. Alaıda áleýmettanýshylar eńbek etý men tabysty bolýdyń mazmuny men shynaıylyǵy ózgerdi degendi alǵa tartady. Al eńbektiń formýlasy jumys isteý, kásip ashyp, tabys tabý ekeni belgili. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tirshilikti mádenıet bıleıtin qoǵam

Osy ýaqytqa deıin jeke adamnyń tirshiligin, turmys jaǵdaıyn onyń bilimi men eńbekqorlyq qasıetiniń bılep kelgendigi belgili. Adamdar kóp jaǵdaıda qoǵamnan bilimine saı oryn alyp otyrdy. 

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу