Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Қаулысы

2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Егемен Қазақстан
02.05.2017 3054
2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

2017 жылғы 28 сәуір             №9/157               Астана қаласы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған 2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін.

2. Күнтізбелік жоспар облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.

3. Күнтізбелік жоспар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Төраға  Б.ИМАШЕВ

Хатшы  Б.МЕЛДЕШОВ


Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 

2017 жылғы 28 сәуірдегі № 9/157 қаулысымен бекітілген


2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды (бұдан әрі – Парламент Сенатының депутаттығына кандидат) ұсыну.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық, аудандық, қалалық мәслихаттар мен азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі келесі күні – 29 сәуірде басталады және сайлау өткізілетін күнге бір ай қалғанда – 28 мамырда аяқталады.

                                                                                                                            (71-б. 1, 2-т.т.)

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының құрамын жариялау.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 8 мамырдан кешіктірмей.

                                                                                                                      (13-б. 4-т.)

3. Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ретінде ұсыну туралы шешімді кандидаттың өзіне, сондай-ақ шешімді, кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен қоса, тиісті облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жеткізу.

    Облыстық, Астана және Алматы қалалық, аудандық, қалалық мәслихаттар – 28 ма-                      

       мырдан кешіктірмей.

                                                                                                                                    (71-б. 4-т.)

4. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республика­сының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Қажетті құжаттарды алғаннан кейін үш күн ішінде.

                                                                                                      (4-б., 7 0-б., 71-б. 6-т.)

5. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Сайлау туралы Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап сайлау науқаны аяқталғанға дейін.

(14-б. 5) т., 3 1-б.)

6. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын беру.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және Сайлау туралы Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру аяқталған күннен бастап үшкүндік мерзімде.

(71-б. 6-т.)

7. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін бескүндік мерзімде.

(72-б. 6-т.)

8. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне кірістері мен мүлкі туралы декларациялар ұсыну.

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы).

Кандидат тiркелгенге дейін (1 сәуірдегі жағдай бойынша).

(73-б. 2-т.)

9. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған кірістері мен мүлкі туралы мәлiметтердiң растығын тексеру.

Мемлекеттік кіріс органдары.

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде.

(73-б. 2-т.)

10. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – Ортсайлауком) шотына депозит ретінде заңнамамен белгіленген ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі.

Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар.

Тіркеуге дейін, Қазақстан Республикасының Конституциясында және Сайлау туралы Конституциялық заңында қойылатын талаптарға кандидаттың сәйкестігі тексерілгеннен кейін, сондай-ақ оны қолдап жиналған қолдар тексерілгеннен кейін.

(73-б. 2-т.)

11. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда – 7 маусымда аяқталады.

(14-б. 5) т., 73-б.)

12. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Кандидаттар тіркелгеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей.

(14-б. 5) т., 7 3-б. 6-т. 2) т.)

13. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттік тiркеу.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары Парламент Сенатының депутаттығына кандидат жазбаша өтініш жасаған күннен бастап күнтізбелік бір жұмыс күні ішінде (Ортсайлаукомның 2010 жылғы 19 тамыздағы № 7/8 қаулысы).

(34-б. 2-т.)

14. «Қазақстан халық банкі» АҚ-та кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Парламент Сенатының депутаттығына кандидат тіркелгеннен кейін.

(34-б. 6-т.)

15. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (8 маусымда басталады және 27 маусымда 00 сағатта аяқталады)

(27-б. 2-т.)

16. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың тізімдерін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы танысу үшін ұсыну.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Сайлауға дейін кемінде жеті күн қалғанда – 20 маусымнан кешіктірмей.

(26-б. 2-т.)

17. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру уақытын айқындау.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

(38-б. 4-т.)

18. Дауыс беруге арналған пунктті ашу.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын.

(40-б. 2, 4-т.т.)

19. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөнінде дауыс беруді өткізу, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін жария ету.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары. Бір күннің ішінде.

(14-б. 5) т., 38-б. 4-т., 41-б., 42-б., 43-б., 77-б., 78-б.)

20. Парламент Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысының хаттамасын жасау және оны тиісінше облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиясына тапсыру.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың хатшылары.

(77-б. 7-т.)

21. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларды жасау және Ортсайлаукомға ұсыну.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Сайлау өткізілген күннен бастап екікүндік мерзімнен асырмай – 29 маусымнан кешіктірмей.

(14-б. 5) т., 78-б.)

22. Парламент Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау.

Ортсайлауком.

Сайлау өткізілген күннен бастап жетікүндік мерзімнен кешіктірмей – 4 шілдеден кешіктірмей.

(12-б. 10) т., 44 -б. 1-т., 81-б. 1-т.)

23. Парламент Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Ортсайлауком.

Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей – 7 шілдеден кешіктірмей.

(12-б. 10) т., 44 -б. 4, 5 -т.т.)

24. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың тиісті облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиясына өз сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны туралы есеп беруі.

Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар.

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн бес күннен кешіктірмей – 9 шілдеден кешіктірмей.

(34-б. 9-т.)

25. Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

     Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

     Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін он күннен кешіктірмей –

     17 шілдеден кешіктірмей.

(34-б. 4-т.)

26. Парламент Сенатының сайланған депутаттарын тіркеу, тиісті куәлiк пен белгiленген үлгiдегi омырауға тағатын белгi тапсыру.

Ортсайлауком жетiкүндік мерзiм iшiнде сайланған Сенат депутаттарынан Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес Парламент Сенаты депутатының мәртебесiмен сыйыспайтын өз мiндеттерiн доғару туралы жазбаша өтiнiшiн алғаннан кейiн – 11 шілдеден кешіктірмей.

(45-б., 46 -б. 2-т., 82-б.)



Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Д.Қыдырәлі – Түлкібас ауданының құрметті азаматы

20.09.2018

Мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасы құрылады

20.09.2018

Қостанайда жалпықазақстандық диктантқа 4 сынып оқушысы қатысты

20.09.2018

Павлодарда Google компаниясының қызметкері Қуат Есеновпен кездесу өтті

20.09.2018

Әділ Дүйсенбек. Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

20.09.2018

2018 жылдың 8 айында 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

20.09.2018

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі басталды

20.09.2018

Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасы жолжүктерді ашудың 80 дерегін анықтады

20.09.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

20.09.2018

GGG үздіктер тізімінде төмендеді

20.09.2018

Қазақстан құрамасын Кака баптайды

20.09.2018

Сапа менеджментін енгізу бәсекеге қабілеттілікті нығайтады

20.09.2018

Елімізде 1 қазаннан бастап депозит шарттары өзгереді

20.09.2018

Машина жасаушылар форумына әлемнің 20 елінен 1000-нан астам делегат қатысады

20.09.2018

Жеңімпаз қыздың қайырымдылығы көпке үлгі

20.09.2018

Б. Сағынтаев Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі Үкіметтік кеңестің отырысын өткізді

20.09.2018

Экс-чемпион бокс мектебінің директоры болып тағайындалды

20.09.2018

 Жаңа заң – жаңа үміт

20.09.2018

Мөлдірдің мөлдір әлемі

20.09.2018

Көкшетау тұрғыны тираждық лотерея ойынының миллионері атанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу