Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 456 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Егемен Қазақстан
07.04.2017 3245
2

1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында (Қазақстан Респуб­лика­сы­ның ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 319-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясы туралы үлгілік ережесінде:

3-тармақта «облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелеріне» деген сөздер алып тасталсын.

2. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қыз­метшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №150 Жар­лығында (Қазақстан Респуб­ликасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

«2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген бөлімде:

«А» корпусында:

1-санат пен 2-санат мынадай редакцияда жазылсын:

«1-санат

Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы

Жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы

2-санат

Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары

3-санат

Облыстардың, астананың және респуб­лика­лық маңызы бар қаланың әкімдері аппарат­тарының басшылары

4-санат

Облыстық маңызы бар қалалардың (облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерін қоспағанда), облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері»;

«Б» корпусында:

«А санаттарының тобы» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

А-1 санаты

Сектор меңгерушісі

А-2 санаты

Инспектор

А-3 санаты

Консультант

А-4 санаты

Сарапшы

А-5 санаты

Референт»;

«В санаттарының тобы» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның ведомс­твосы

В-1 санаты

«Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараты) басшысының орынбасарлары

Құрылымдық бөлімшенің басшысы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның ведомствосы департаменті директоры

В-2 санаты

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы

Құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті директорының орынбасары

В-3 санаты

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің көмекшісі, кеңесшісі

Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

Қазақстан Республикасының Консти­туция­лық Кеңесі Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

Қазақстан Республикасының Пре­мьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Іс басқармасының бас инспекторы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның ведомствосы басқармасының (қызметтің) басшысы

В-4 санаты

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының көмекшісі, кеңесшісі

Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі

Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы Төрағасы орынбасарының көмекшісі

Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы аппараты басшысының көмекшісі

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараты басшысының көмекшісі

Сектор меңгерушісі

Бас консультант

В-5 санаты

Бас сарапшы

Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының көмекшісі

В-6 санаты

Сарапшы»;

«С санаттарының тобы» деген бөлімде:

С-О-1 санаты мынадай редакцияда жазылсын:

«Басшы»;

«D санаттарының тобы» деген бөлімде:

D-1 санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Тексеру комиссиясының төрағасы»;

D-2 санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Тексеру комиссиясының мүшесі».

3. «Азаматтардың «А» корпусының мем­­лекет­тік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республи­ка­сы Пре­зидентінің 2015 жылғы 29 желтоқсан­дағы №151 Жарлығында (Қазақстан Республика­сы­ның ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):

1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жар­лы­ғымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары мынадай санаттарға бөлінеді:

1) орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары; Қазақстан Респуб­ликасы Конституциялық Кеңесі, Прези­ден­тінің Іс басқармасы, Қазақстан Респуб­ликасы Орталық сайлау комиссиясы, Респуб­ликалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Респуб­ликасы Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Респуб­ликасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы; жа­уапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы;

2) орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары;

3) облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері аппараттарының басшылары;

4) облыстық маңызы бар қалалардың (облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерін қоспағанда), облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері.»;

4-10-тармақтар алып тасталсын;

11-тармақта «бірінші санаттағы» сөздері алып тасталсын;

12-тармақ алып тасталсын;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Бірінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін:

1) кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не «А» корпусының лауазымдарында (төртінші санатты қоспағанда), не А-1, В-1, С-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

2) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 14-тармағының

1) тармақшасында санамаланған лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

3) не кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының атқарушы органдарының басшылары лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі талап етіледі.»

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Екінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін:

1) кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не «А» корпусының лауазымдарында, не А-2, В-2, С-2, С-0-1, D-2, D-0-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

2) не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 15-тармағының

1) тармақшасында санамаланған лауазымдарда кемінде бір жарым жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

3) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не жылдық орташа штат саны кемінде елу адам болатын республикалық ұйымдардың немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың** басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі талап етіледі;».

мынадай мазмұндағы 15-1 мен 15-2-тармақтармен толықтырылсын:

«15-1. Үшінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін:

1) кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не «А» корпусының лауазымдарында, не А-2, В-2, С-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

2) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 15-1-тармағының 1) тармақшасында санамаланған лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

3) не кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының атқарушы органдарының басшылары лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі талап етіледі;

15-2. Төртінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін:

1) кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не «А» корпусының лауазымдарында, не A-3, В-3, С-3, D-3, D-O-2, Е-2 санат­тары­нан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың басқарма басшы­ларынан, бірінші басшыларының көмекші­лерінен, кеңесшілерінен төмен емес лауа­зым­дарда, не орталық мемлекеттік органдар­дың және олардың ведомстволарының облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басқарма басшыларынан (немесе оларға теңестірілген лауазымдардан) төмен емес лауазымдарда, не орталық мем­лекеттік органдардың аудандардағы, астана, республикалық маңызы бар қала аудан­дар­ындағы және облыстық маңызы бар қалалар­дағы бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемле­кеттік қызмет өтілі;

2) не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мем­лекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдар­ла­малары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағ­дайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 15-2-тармағының 1) тармақшасында санама­лан­ған лауазымдарда кемінде бір жыл мемлекеттік қыз­мет өтілі;

3) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде департамент басшыларынан және оның филиалдары басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны кемінде елу адам болатын мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің (мемлекеттік органдардан басқа) немесе ірі немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың басшылары орынбасарларынан төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі талап етіледі.».

2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекі­тілген «А» корпусының мемлекеттік әкім­шілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағида­ларында:

4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) кандидаттарды заңнаманы білу және жеке қасиеттерін бағалау тестінен өткізу;»;

мынадай мазмұндағы 4-1 мен 4-2-тармақ­тармен толықтырылсын:

«4-1. Ұлттық комиссияның шешімімен «А» корпусының кадр резервіне осы мемлекеттік органда, ведомствода немесе өңірде кемінде соңғы екі жылда келесі төмен тұрған мемлекеттік лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшіні алуға болады. Бұл шешім «А» корпусының бос лауазымы болған жағдайда қабылдануы мүмкін».

Осы Қағидаларда төмен тұрған мемлекеттік лауазым деп мыналар түсініледі:

«А» корпусының бірінші санатының ла­уазымдары үшін – осы мемлекеттік органның орталық аппаратының В-1 санатындағы ла­уазымдар, осы мемлекеттік органның орталық аппараты департаментінің директоры, сондай-ақ бірінші санат лауазымдарының орынбасары лауазымдары;

«А» корпусының екінші санатының лауазымдары үшін – нақты ведомство төрағасының орынбасары;

«А» корпусының үшінші санатының лауазымдары үшін – осы өңірдің үшінші санат лауазымдарының орынбасарлары лауазымдары, осы өңірдің D-O-1 санатының лауазымы;

«А» корпусының төртінші санатының лауазымдары үшін – осы өңірдің, облыстық маңызы бар қаланың төртінші санат лауазымдарының орынбасарлары лауазымдары, осы өңірдің D-O-1 санатының лауазымы.

Аталған адамдар кадр резервіне «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда алынады.

Резервке алу туралы шешімді «А» корпусының лауазымына тағайындау мен ла­уазымнан босату құқығына ие адамның ұсынуы негізінде Ұлттық комиссия қабылдайды.

Жауапты хатшы мен Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы лауазымдарына ұсынуды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі енгізеді.

Ұлттық комиссияның қарауына осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.

4-2. Осы Қағидалардың 4-1-тармағының негізінде кадр резервіне алынған адамдар тек қана олар кадр резервіне алынған лауазымдарға тағайындалады.»;

12-тармақтың 4) тармақшасында «А» корпусы лауазымдарының бір санатына (тобына)» деген сөздер алып тасталсын;

42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«42. Әңгімелесу өткізуді ұйымдастыруды Ұлттық комиссияның жұмыс органы қамтамасыз етеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың Ұлттық комиссия айқындаған тақырыпқа эссе жазуына болады.».

3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін қалыптастыру қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Ұлттық комиссия шешімімен азаматтар «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініштерінде өздері көрсеткен «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаты, санатындағы тобы бойынша «А» корпусының кадр резервіне алынады.

«А» корпусының мемлекеттік әкім­шілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағи­да­ларының 4-1-тармағында көзделген жағдай­ларды қоспағанда, Ұлттық комиссия азамат­тардың келісімі болған және арнайы біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, оларды «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауа­зымдарының басқа санаты, санатындағы тобы бойынша кадр резервіне алу үшін ұсыным жасауға хақылы.».;

5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл үшін осы тармақтың бірінші абзацында аталған адам босатылған немесе лауазымды өзгерту туралы акт қолданысқа енгізілген күнінен бастап бір ай мерзімде Ұлттық комиссияның жұмыс органына өтініш береді. Өтінішке қызметтік тізім және «А» кор­пу­сының нақты санатына резервке алу тура­лы бұл лауазымға тағайындау құқығына ие адам не ол соңғы атқарған лауазым бойынша б­ағынысты болған мемлекеттік органның бірінші басшысы не өзгертілген лауазымға тағай­ын­дау құқығына ие адам қол қойған ұсынымхат қоса беріледі.»;

8-тармақтың 3) және 9) тармақшаларында «(топ)», «(тобынан)» деген сөздер алып тас­талсын;

4) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік ла­уа­зы­­мына орналасуға конкурс өткізу қағида­ларын­да:

3-тармақта «, санатындағы тобы» деген сөздер алып тасталсын;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына «А» корпусының резервшілерін тағайындау, олар «А» корпусының кадр резервіне алынған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты шегінде арнайы біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда және олардың келісімімен жүзеге асырылады.

«А» корпусының резервшілері «А» кор­пусының мемлекеттік әкімшілік лауазым­дарының арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда және олардың келісімімен «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауа­зы­мының төменгі санатына тағайындалуы мүмкін.

«А» корпусының резервшілері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның келісімімен, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда және олардың келісімімен «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының жоғары санатына тағайындалуы мүмкін.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. «А» корпусы лауазымының міндеттерін үш айдан аспайтын кезеңге конкурстық ірік­теуді өткізбей, «Б» корпусының мемлекеттік қыз­метшісіне уақытша жүктеуге жол беріледі. Бұл ретте міндеттерді жүктеу туралы шешім бір реттен артық қабылданбайды.».

4. «Мемлекеттік қызмет өткерудің кей­бір мәселелері туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқ­сандағы № 152 Жарлығында (Қазақстан Респуб­ликасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 534-құжат):

1) Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімі, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарында:

35-тармақта «, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңге­руші­лері лауазымдарына орналасуға үміткер «А» кор­пусының қызметшілерін» деген сөздер алып тасталсын;

38-тармақта «В-3,» деген сөздер алып тас­талсын;

39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«39. «Б» корпусының қызметшілерін ротациялау әрбір үш жыл сайын жүргізіледі. «Б» корпусының қызметшісі ротациядан жазбаша бас тартқан жағдайда оның осы лауазымда болу мерзімі уәкілетті адамның жазбаша шешімі бойынша тағы үш жылға ұзартылуы мүмкін, бұл мерзім өткен соң «Б» корпусының қызметшісі міндетті түрде ротациялауға жатады. Бұл ретте көрсетілген мерзімдер лауазымдардың атаулары өзгергенде немесе өзгеріске ұшырағанда қайта басталмайды.»;

2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында:

21-тармақта «Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелерін, облыстық» деген сөздер «Облыстық» деп жазылып, 22 және 25-тармақтарда «облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелерінің,» деген сөздер алып тасталсын;

5. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығында (2017 жылғы 13 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітіл­ген «Б» корпусының мемлекеттік әкім­шілік қыз­мет­шілерін аттестаттауды өткізу қағидаларында:

3-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақ­шамен толықтырылсын:

«4-1) лауазымдары «А» корпусының лауа­зым­дарынан өзгеріске ұшыраған «Б» корпу­сының қызметшілері;»;

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Бірінші деңгейде аттестаттауды ЖАК-та А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, С-1, С-О-1, D-1, D-2, D-О-1 санатындағы «Б» корпусының қызмет­шілері өтеді.»;

29-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«В-3, В-4, В-5, В-6, С-2, С-3, С-4, С-5, С-О-2 санаттарындағы «Б» корпусының қызметшілері аттестаттаудан өтетін орталық мемлекеттік органдарда;».  


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

22.09.2018

Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауы өз мәресіне жетті

22.09.2018

Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

22.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

22.09.2018

Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

22.09.2018

Жаңа Жібек жолы: Алматы

22.09.2018

Катонқарағай ауданы тұрғынының сібір жарасынан көз жұмғаны расталды

22.09.2018

Сенаторлар сенбілікке шықты

22.09.2018

Б.Бекназаров Әзербайжан Парламентінің 100-жылдығына арналған шараға қатысты

22.09.2018

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

22.09.2018

Лондонда қазақстандық өнер көрмесі ашылды

22.09.2018

Түркия «Қазақстан» журналын шығарды

22.09.2018

Ақтөбеде «Анаға тағзым» орталығы ашылды

21.09.2018

Тимур Жақсылықов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

21.09.2018

Маман дайындау мәселесі талқыланды

21.09.2018

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

21.09.2018

Бүркітші қыз Айшолпан түскен «Көшпенділер» фильмі көрерменін қуантады

21.09.2018

Павлодарда биыл 1655 жұп қосылса, 1101-і ажырасқан

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу