Қазақстан Республикасының Коллекторлық қызмет туралы Заңы

Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Егемен Қазақстан
11.05.2017 1475
2

Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешек (бұдан әрі – берешек) – банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша борышкердің кредитор алдындағы негізгі борышты, сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеу жөніндегі міндеттемелері;

2) борышкер – банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамауға немесе тиісінше орындамауға жол берген жеке немесе заңды тұлға;

3) есептік тіркеу – коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізу;

4) коллекторлық агенттік – коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілген, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға;

5) коллекторлық агенттіктер тізілімі – коллекторлық қызмет саласындағы уәкілетті органның коллекторлық агенттіктерінің бірыңғай тізбесі;

6) коллекторлық қызмет – коллекторлық агенттіктің берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинауға бағытталған қызметі;

7) коллекторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

8) кредитор – берешек бойынша борышкерге талап ету құқығы бар екінші деңгейдегі банк, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым немесе микроқаржы ұйымы.

2-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Осы Заңда реттелмеген бөлiгiнде коллекторлық агенттіктерге «Шаруашылық серіктестіктері туралы» және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының күші қолданылады.

3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

2-тарау. КОЛЛЕКТОРЛЫҚ АГЕНТТІКТІ ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ 3-бап. Коллекторлық агенттік

1. Коллекторлық агенттік шаруашылық серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.

2. Коллекторлық агенттіктің атауында мiндеттi түрде «коллекторлық агенттік» деген сөздер қамтылуға тиiс. Коллекторлық агенттіктің атауын қысқартуға жол берілмейді. Коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілмеген заңды тұлға коллекторлық қызметті жүзеге асыруға, өзін коллекторлық қызметпен айналысушы ретінде сипаттауға, сондай-ақ өз ата- уында «коллекторлық агенттік» деген сөздерді, олардан туын- дайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп бол- жататын сөздерді пайдалануға құқылы емес.

3. Бірде-бір тұлға, егер ол:

1) уәкілетті органға өзі туралы және осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайызынан астамын тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін жеке тұлғалар, сол сияқты көрсетілген тұлғаны бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар туралы ақпаратты ашпаса;

2) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылса;

3) құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы жұмыскері бұдан бұрын, уәкілетті орган коллекторлық агенттікті осы Заңның 9-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша коллекторлық агенттіктер тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде осы коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған заңды тұлға болып табылса, коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оларға билік ете немесе бақылау жасай алмайды.

Ескертпелер.

1. Осы Заңның мақсаттарында заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларын жанама иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету деп басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы заңды тұлғаның шешімдерін, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғаның немесе бірлесіп осындай тұлғалар болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі түсініледі.

2. Осы Заңның мақсаттарында заңды тұлғаны бақылау (бақылау) деп заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі түсініледі.

4-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыру негіздері

1. Коллекторлық қызмет өзінің нысанасы кредиторға берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу бойынша, сондай- ақ берешекке байланысты ақпарат жинау бойынша қызметтер көрсету болып табылатын шарт (бұдан әрі – берешекті өндіріп алу туралы шарт) негізінде жүзеге асырылады.

2. Коллекторлық қызмет берешек туындаған жағдайда жүзеге асырылады.

3. Коллекторлық агенттік пен кредитор арасында берешекті өндіріп алу туралы шарт жазбаша нысанда жасалады және онда, оның ішінде мынадай талаптар:

1) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

2) тараптардың жауапкершілігі;

3) борышкердің – жеке тұлғаның жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректері;

4) заңды тұлғаға қатысты атауы, тұрған жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

5) берешектің мөлшері;

6) берешектің құрылымы (негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасы);

7) бар болған жағдайда, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша кепілгер немесе кепілдік етуші туралы мәліметтер;

8) бар болған жағдайда, егер банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша кепіл құқығы тіркелуге жатса, кепіл нысанасы туралы мәліметтер;

9) шарт бойынша сыйақы мөлшері;

10) шарттың қолданылу мерзімі;

11) кредитордың коллекторлық агенттікті борышкердің бұдан бұрын жүргізген төлемдері және (немесе) берешек сомаларының өзгеруі туралы хабардар ету (хабарлау) тәртібі мен мерзімдері;

12) коллекторлық агенттіктің берешекті өндіріп алу туралы шарттың орындалу барысы туралы ақпарат беру тәртібі;

13) осы Заңның 9-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінің төртінші абзацында көзделген жағдайда, берешекті өндіріп алу туралы шартты бұзу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ құжаттарды қайтару тәртібі мен мерзімдері;

14) борышкерге қатысты коллекторлық қызметті мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен талаптары қамтылуға тиіс. Берешекті өндіріп алу туралы шарт осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты қамтуға тиіс борышкерлер тізілімін (тізілімдерін) қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда бере отырып, бір немесе бірнеше борышкерге қатысты жасалуы мүмкін. Берешекті өндіріп алу туралы шартқа сондай-ақ берешекті өндіріп алу туралы шарттың орындалуына байланысты берілетін құжаттар мен борышкер жөніндегі мәліметтер тізбесі, мерзімі өткен берешекті реттеу бойынша борышкерге қатысты кредитор қабылдаған, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар жөніндегі ақпарат қоса беріледі. Ақпарат банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде міндеттемелерді орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың соңғы күнінен бастап берешекті коллекторлық агенттікке бергенге дейінгі кезең үшін көрсетіледі. Берешекті өндіріп алу туралы шарт бойынша берешекке қатысты коллекторлық қызмет жөніндегі қызметтерді көрсету мерзімі алты айдан кем болмауға және бес жылдан аспауға тиіс.

Осы Заңда не берешекті өндіріп алу туралы шартта көзделген жағдайларда, борышкерге қатысты коллекторлық қызметті мерзімінен бұрын тоқтатуға жол беріледі. Берешекті өндіріп алу туралы шарт шеңберінде коллекторлық агенттікке берілген берешек басқа коллекторлық агенттікке беріле алмайды. Берешекті өндіріп алу туралы шартқа осы Заңда реттелмеген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің тапсыру және қызметтерді өтеулі көрсету туралы ережелері қолданылады.

4. Берешегі тұрғынжай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген борышкерге – жеке тұлғаға қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

5-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидалары

1. Коллекторлық агенттік борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғамен:

1) телефон арқылы сөйлесулер;

2) жеке кездесулер;

3) жеке тұлғаға – борышкерге тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) бойынша, заңды тұлғаға – борышкерге тұрған жері (нақты мекенжайы) бойынша жіберілетін жазбаша (пошталық) хабарламалар;

4) ұялы байланыс бойынша мәтіндік, дыбыстық және өзге де хабарлар жолымен;

5) Интернет желісі арқылы өзара іс-қимыл жасасуға құқылы.

2. Коллекторлық агенттіктің борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғамен өзара іс-қимылы:

1) бастапқы байланыс кезінде: коллекторлық агенттіктің атауы және коллекторлық агенттіктер тізіліміндегі есептік тіркеу нөмірі; коллекторлық агенттіктің тұрған жері; борышкермен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы; кредитордың атауы; кредитордың берешекті коллекторлық агенттікке жұмысқа бергені; банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта көзделген берешектің құрылымы, негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының қалдығы; борышкердің банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілігі мен өзге де міндеттемелері, сондай- ақ банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта көзделген міндеттемелерді орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың салдарлары туралы хабармен жүзеге асырылуға тиіс. Осы тармақшада көзделмеген және коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпия болып табылмайтын өзге де ақпарат борышкерге оның талап етуі бойынша ғана хабарланады;

2) егер борышкер коллекторлық агенттікке жеке жүгінген кезде осы тармақшада көрсетілген уақыт кезеңі шегінде коллекторлық агенттік ұсынғаннан өзгеше өзара іс-қимыл жасасу кезеңін айқындамаса, борышкердің тұрғылықты жерінің не тұрған жерінің не борышкердің тіркелген жерінің уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейінгі кезеңде;

3) коллекторлық агенттіктің бастамасы бойынша борышкердің тұрғылықты жері немесе тұрған жері немесе тіркелген жері бойынша немесе коллекторлық агенттіктің (филиалдың, өкілдіктің) тұрған жеріндегі үй-жайларында жеке қарым-қатынас кезінде аптасына үш реттен асырмай және жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейінгі кезеңде бір реттен асырмай;

4) коллекторлық агенттіктің бастамасы бойынша телефонмен сөйлесу арқылы жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейінгі уақыт кезеңінде үш реттен асырмай;

5) борышкердің талап етуі бойынша, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияға жататын ақпаратты қоспағанда, коллекторлық агенттіктің берешекке қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктерін растайтын ақпарат пен құжаттардың көшірмесін бере отырып;

6) өзара іс-қимыл процесін коллекторлық агенттіктің (филиалдың, өкілдіктің) тұрған жеріндегі үй-жайларында аудио- немесе бейнетехника құралдарының көмегімен тіркей отырып;

7) кредитордан, борышкерден және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған құжаттар мен ақпараттың, оның ішінде банк құпиясының, микрокре- дит беру құпиясының, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияның, борышкердің және (немесе) оның өкілінің және (немесе) үшінші тұлғалардың дербес деректерінің сақталуын қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылуға тиіс.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптар коллекторлық агенттіктің осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген міндеттерді бұзатын (бұзған) борышкермен және (немесе) оның өкілімен өзара іс-қимылына қолданылмайды.

Ескертпе.

Осы тармақтың мақсаттары үшін жұмыс күндері деп демалыс немесе мереке күндері (ұлттық және мемлекеттік мерекелер) болып табылмайтын, дүйсенбі мен жұма аралығындағы апта күндері түсініледі.

3. Бастапқы байланыс кезінде коллекторлық агенттік борышкерге – жеке тұлғаға және (немесе) оның өкіліне олардың (оның) банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өтінішхатын негіздейтін берешектің туындау себептері, кірістер мен басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын жазбаша өтінішпен коллекторлық агенттікке жүгіну құқығы туралы да хабарлайды.

4. Коллекторлық агенттік осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлға болып табылмайтын кез келген жеке тұлғамен өзара іс-қимыл жасасу кезінде мынадай ақпаратты: коллекторлық агенттіктің атауын және коллекторлық агенттіктер тізіліміндегі есептік тіркеу нөмірін; коллекторлық агенттік жұмыскерінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымын хабарлайды.

Коллекторлық агенттіктің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жеке тұлғамен өзара іс-қимылы осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптар сақталған жағдайда, сондай-ақ, егер осы тұлға коллекторлық агенттікпен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға келісім білдірген, оның ішінде ауызша келісім білдірген жағдайда жүзеге асырылады.

5. Коллекторлық агенттіктің борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимылы кезінде мынадай жосықсыз әрекеттерді жүзеге асыруына:

1) борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимылдың осы баптың 1-тармағында көзделмеген өзге де тәсілдерін пайдалануға;

2) осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды бұзуға;

3) коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуға не осы тұлғалардың мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жария етуге;

4) коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, сондай-ақ осы тұлғаға мүліктік және өзге де зиян келтіруге алып келетін, құқыққа қайшы әрекеттер жасауға;

5) борышкерге және (немесе) оның өкіліне және (немесе) үшінші тұлғаларға күш қолдану не олардың мүлкін жою немесе бүлдіру қатері, қорлау, алаяқтық, жалған құжаттар жасау, бопсалау арқылы борышкерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мәжбүрлейтін қысым көрсетуге;

6) коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаны берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыруға;

7) берешекті өтеу есебінен ақшаны (қолма-қол немесе қолма- қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауға;

8) берешекті ақшадан басқа, өзге мүлікпен өтеуді талап етуге;

9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредитордан және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған коммерциялық не- месе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуге тыйым салынады.

6. Осы баптың нормалары бұзылған жағдайда, коллекторлық агенттік өзі дербес немесе уәкілетті органның талабы бойынша жұмыскердің осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында және 4-тармағының бірінші бөлігінің бірінші абзацында көрсетілген тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасу жөніндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға және үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ақпарат беруге міндетті.

7. Коллекторлық агенттік банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беру нәтижесінде туындаған өзінің кредитор құқықтарын іске асырған кезде оған осы баптың 1, 2, 4-тармақтарының, 5-тармағы 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 9) тармақшаларының және 6-тармағының талаптары қолданылады.

6-бап. Берешекті сотқа дейін реттеу тәртібінің ерекшеліктері

1. Осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген құқықты іске асыру үшін борышкер – жеке тұлға және (немесе) оның өкілі өздеріне (өзіне) коллекторлық агенттік хабарлаған күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен коллекторлық агенттікке жүгінеді. Жазбаша өтініште борышкердің жазбаша өтінішін қарау және оның банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін өз қаражатының жеткілікті екендігін айқындау үшін кредиторға қажетті банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өтінішхатқа негіз болған берешектің туындау себептері, басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтер ашылады, сондай-ақ білімі, кірістер және шығыстар деңгейі, отбасы құрамы (мүшелері), тұрғылықты жері, мүлкінің бар-жоғы туралы анық ақпарат, өзге де мәліметтер беріледі.

2. Коллекторлық агенттік жазбаша өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны кредиторға жіберуге міндетті.

3. Кредитор борышкердің жазбаша өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде банктік қарыз шартын немесе микрокредит беру туралы шартты өзгертудің ұсынылған талаптарын қарайды және коллекторлық агенттікке:

1) банктік қарыз шартына немесе микрокредит беру туралы шартқа ұсынылған өзгерістермен келісетіні;

2) банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту бойынша өзінің ұсыныстары;

3) банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

4. Коллекторлық агенттік кредитор қабылдаған шешімді алғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде ол туралы борышкерге хабарлайды.

5. Борышкерге қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде кредитор: сотқа оның берешегін өндіріп алу туралы талап қойып жүгінуге; берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезеңде есепке жазылған сыйақыны төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес.

6. Борышкер және (немесе) оның өкілі осы бапта көзделген берешекті сотқа дейін реттеу тәртібі мәселесі бойынша кредитордың не коллекторлық агенттіктің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға шағым жасай алады.

7-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны есептік тіркеу

1. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға әділет органдарында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап үш ай ішінде есептік тіркелуге жатады.

2. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға есептік тіркеуден өту үшін уәкілетті органға:

1) өтінішті;

2) ішкі бақылау қызметі туралы ережені (бар болған жағдайда);

3) өтініш ұсынылған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша құрылтайшылар (қатысушылар), сондай-ақ басшы жұмыскерлер туралы мәліметтерді;

4) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесін және кредиттік тарихтарды қалыптастыру мен оларды пайдалану жүйесінің қатысушыларына қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы құжаттың көшірмесін;

5) борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасатын жұмыскерлер туралы мәліметтерді;

6) филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтерді ұсынады.

3. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті орган бекіткен есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда ұсынады.

4. Уәкілетті орган есептік тіркеуден өтуге арналған құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде жазбаша нысанда бас тартады.

5. Уәкілетті орган есептік тіркеуден өту туралы өтінішті құжаттар топтамасы толық ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

6. Уәкілетті орган коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімде коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізуге және оны осы шешім мен тіркеу нөмірі туралы хабардар етуге не есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы уәжді түрде жазбаша нысанда жауап беруге міндетті.

7. Есептік тіркеуден өткен коллекторлық агенттіктердің тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

8-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны есептік тіркеуден бас тарту негіздерi 1. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны есептік тіркеуден бас тарту мынадай:

1) осы Заңның 7-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге жататын анық емес мәліметтер мен ақпарат берілген;

2) коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаның жұмыскерлері осы Заңның 12-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген;

3) коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлға осы Заңның 3-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген;

4) әділет органдарында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап үш ай өткеннен кейін уәкілетті органға есептік тіркеуден өту туралы өтінішпен жүгінген;

5) осы Заңның 21-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарды сақтамаған жағдайларда жүргізіледі.

2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда, коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға есептік тіркеуден бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде осы Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттарды қайтадан ұсынуға құқылы не өзінің атауынан «коллекторлық агенттік» деген сөздерді, олардан туындайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп болжататын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге міндетті.

Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есептік тіркеуден бас тартуды алған жағдайда, мұндай заңды тұлға өзінің атауынан «коллекторлық агенттік» деген сөздерді, олардан туындайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп болжататын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге міндетті.

Заңды тұлға осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мәжбүрлі түрде таратылуға жатады. 9-бап. Коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару негіздері 1. Мынадай:

1) осы Заңның 5-бабы 5-тармағының 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жосықсыз әрекеттердің біреуін қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде үштен көп рет жасаған;

2) коллекторлық агенттік уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етілетін есептілікті белгіленген мерзімде ұсынбаған, оны қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үштен көп рет жасаған;

3) коллекторлық агенттік уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты бермеген, уақтылы бермеген не коллекторлық агенттік уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпарат берген не сұралатын өзге ақпаратты бермеген, уақтылы бермеген не анық емес ақпарат берген, коллекторлық агенттік оны қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үштен көп рет жасаған;

4) коллекторлық агенттік өзі қабылдаған және (немесе) өзіне уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамаған, уақтылы орындамаған, коллекторлық агенттік оны қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үштен көп рет жасаған;

5) коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізілген күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде коллекторлық қызметті жүзеге асырмаған;

6) коллекторлық агенттіктің қызметін тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

7) коллекторлық агенттік күнтізбелік соңғы он екі айда тексеру жүргізуге үш және одан да көп рет кедергі келтірген;

8) коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда, коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығарылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген жағдайда, коллекторлық агенттіктің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару туралы өтінішіне барлық міндеттемелердің орындалғанын растау, сондай-ақ баланста бұрын алынған құқықтардың (талап етулердің) жоқ екені туралы хат қоса беріледі.

2. Коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығарылған жағдайда, уәкілетті орган оны шығарылған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде бұл туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Хабарлама есептік тіркеуден өтуге арналған өтініште не коллекторлық агенттіктің тұрған жерінің өзгергені туралы жазбаша хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі.

3. Уәкілетті органның коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару туралы шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін. Уәкілетті органның коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару туралы шешіміне шағым жасау осы шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.

4. Коллекторлық агенттік өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған кезден бастап оның берешекті өндіріп алу туралы жаңа шарттар жасасуына және (немесе) банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтардың (талап етулердің) коллекторлық агенттікке өту жағдайларын қамтитын шарттар (бұдан әрі – талап ету құқығын басқаға беру шарты) жасасуына тыйым салынады.

5. Коллекторлық агенттік өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен не коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде: өз атауынан «коллекторлық агенттік» деген сөздерді, олардан туындайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп болжататын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге; өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған не коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған күнге, берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде коллекторлық агенттікке берілген берешек жөніндегі барлық мәліметтер мен құжаттарды кредиторға беруге; берешекті өндіріп алу туралы жасалған барлық шарттарды бұзуға міндетті. Кредитор берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде коллекторлық агенттікке берілген берешек жөніндегі мәліметтер мен құжаттардың қабылдануын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бұрын осы коллекторлық агенттікпен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарттарды бұзу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырмаған жағдайда, коллекторлық агенттік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп таратылуға жатады.

6. Коллекторлық агенттік өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бұл туралы: берешекті өндіріп алу туралы шарттар жасасқан кредиторларды; берешегі коллекторлық агенттікке берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде берілген борышкерлерді осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген тәсілдермен хабардар етуге міндетті. 10-бап. Коллекторлық агенттіктің құжаттама жүргізу тәртібі

1. Коллекторлық агенттік кредиторлармен жасалатын барлық шартты шарттарды тіркеу журналына тіркейді және кредиторлардан қабылданатын құжаттарды:

1) берешекті өндіріп алу туралы шарттарды;

2) талап ету құқығын басқаға беру шарттарын, сондай-ақ оларға қоса берілетін құжаттарды (бар болған жағдайда);

3) кепіл нысанасына арналған құжаттарды (егер негізгі міндеттеме кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда);

4) кепілгерлік және кепілдік шарттарын (егер негізгі міндеттеме кепілгерлікпен немесе кепілдікпен қамтамасыз етілген жағдайда);

5) борышкердің құқық (талап ету) басқаға берілген күнгі берешегінің есептеулерін;

6) мерзімі өткен берешекті реттеу бойынша борышкерге қатысты кредитор қабылдаған, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар жөніндегі ақпаратты қамтитын құжаттарды есепке алуды жүргізеді. Ақпарат банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде міндеттемелерді орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың соңғы күнінен бастап берешекті коллекторлық агенттікке бергенге дейінгі кезең үшін көрсетіледі;

7) борышкердің құрылтай құжаттарының көшірмелерін (заңды тұлғалар үшін);

8) борышкердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке тұлғалар үшін);

9) борышкердің берешекті өтегенін растайтын құжаттарды (немесе олардың көшірмелерін);

10) кепілге салынған мүлікті өткізу жөніндегі құжаттарды;

11) берешекті өндіріп алу туралы шартта және (немесе) талап ету құқығын басқаға беру шартында берілуі көзделген өзге де құжаттарды есепке алуды жүргізеді.

2. Шарттарды тіркеу журналын жүргізу қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жүзеге асырылады.

11-бап. Коллекторлық қызмет құпиясы

1. Коллекторлық қызмет құпиясы коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттік алған және (немесе) жасаған борышкер, кредитор, берешек туралы, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалар, берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттардың талаптары туралы кез келген мәліметтер мен өзге де мәліметтерді қамтиды.

2. Борышкерге қатысты коллекторлық қызмет құпиясы борышкердің өзіне, борышкердің жазбаша келiсiмi, оның ішінде банктік қарыз шартын жасасу кезінде – банк құпиясын ашуға немесе микрокредит беру туралы шартты жасасу кезінде микрокредит беру құпиясын ашуға берген жазбаша келісімі негiзiнде үшiншi тұлғаға, сондай-ақ осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген тұлғаларға ғана ашылуы мүмкiн.

3. Коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттік алған және (немесе) жасаған борышкер, кредитор, берешек туралы, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалар, берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттардың талаптары туралы мәліметтер мен өзге де мәліметтер:

1) қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға: олардың іс жүргізуінде жатқан қылмыстық iстер бойынша, мөрмен расталған және прокурор санкциялаған жазбаша сұрау салу негiзiнде;

2) соттарға: олардың іс жүргізуінде жатқан iстер бойынша, сот ұйғарымы, қаулысы, шешімі және үкімі негізінде;

3) әділет органдарына және жеке сот орындаушыларына: олардың іс жүргізуінде жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша, сот орындаушысының сот санкциялаған, әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған қаулысы негізінде;

4) прокурорға: оның қарауында жатқан материал бойынша, өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде;

5) мемлекеттік кіріс органдарына: тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша, нұсқама негізінде;

6) борышкердің өкілдеріне: нотариат куәландырған сенімхат негізінде;

7) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға: өзі жөнінде соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаға қатысты, банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейін бес жыл ішіндегі кезең үшін, прокурордың санкциясымен;

8) уәкілетті органға: коллекторлық агенттіктердің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша беріледі.

4. Борышкерге қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттік алған және (немесе) жасаған борышкер, кредитор туралы, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалар, берешек, берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттардың талаптары туралы мәліметтер мен өзге де мәліметтер осы баптың 3-тармағында көзделген тұлғалардан басқа, сондай-ақ жазбаша сұрау салу негізінде:

1) борышкер өсиетте көрсеткен тұлғаларға;

2) нотариустарға: олардың іс жүргізуінде жатқан мұрагерлік істер бойынша, оның нотариустың мөрімен расталған жазбаша сұрау салуы негізінде (нотариустың жазбаша сұрау салуына қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі қоса берілуге тиіс);

3) шетелдік консулдық мекемелерге: олардың іс жүргізуінде жатқан мұрагерлік істер бойынша беріледі.

5. Коллекторлық агенттіктердің «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредиттік бюроларға ақпарат беруі және кредиттік бюролардың берешек бөлігінде борышкер туралы ақпарат беруі коллекторлық қызмет құпиясын ашу болып табылмайды. Коллекторлық қызметтің құпиясы банк омбудсманына оның қарауында жатқан, жеке тұлғалардың ол бойынша міндеттемелер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 3 және 4-тармақтарында немесе «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғаға берілген банктік қарыз шартынан немесе микрокредит беру ту- ралы шарттан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі жүгінулері бойынша ашылуы мүмкін.

6. Осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарының негізінде Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтерге қол жеткізген коллекторлық агенттіктер, сондай-ақ өзге де тұлғалар көрсетілген мәлiметтердi жария еткенi немесе заңсыз пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

12-бап. Коллекторлық агенттіктің жұмыскерлеріне қойылатын талаптар

1. Атқарушы органның (алқалы және (немесе) жеке-дара) бірінші басшысы және мүшелері, байқаушы кеңестің (бар болған жағдайда) бірінші басшысы және мүшелері, бас бухгалтер коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскерлері болып танылады.

2. Мынадай:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие емес;

2) жоғары білімі жоқ;

3) жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);

4) қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секцияларында, құқық және бухгалтерлік есепке алу саласында, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес айқындалған төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктер мен кредиттік бюролар қызметінде жұмыс тәжірибесі жоқ (тиісті жұмыс өтілі жұмысқа қабылданған күні кемінде бір жыл болуға тиіс);

5) бұдан бұрын, уәкілетті орган коллекторлық агенттікті осы Заңның 9-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болып табылған;

6) өзіне қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы жұмыскерінің лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

7) бұдан бұрын, уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оны консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген- ге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысы – жеке тұлғасы, ірі қатысушысының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің – заңды тұлғасының басшысы болып табылған жеке тұлға коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері бола алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оны консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру тура- лы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл ішінде қолданылады;

8) бұдан бұрын, қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не өзі бойынша дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысының (ірі акционерінің) – заңды тұлғасының – эмитенттің ірі қатысушы (ірі акционері) – жеке тұлғасы, басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған жеке тұлға коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері бола алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән- жайлар туындаған кезден бастап бес жыл ішінде қолданылады;

9) психологиялық-неврологиялық, туберкулездік, наркологиялық диспансерлерде есепте тұрған;

10) егер босатылған күнінен бері үш жыл өтпесе, мемлекеттік қызметтен немесе арнаулы және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша босатылған;

11) бұрын өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексерулер нысанында бақылау жөніндегі мемлекеттік функцияларды орындаған не өзінің құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты болған жеке тұлға коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері бола алмайды. Көрсетілген талап адам мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде қолданылады;

12) осы Заңның 5-бабында көзделген талаптарды бұзғаны үшін коллекторлық агенттіктен босатылған жеке тұлға коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері бола алмайды.

3. Осы баптың 2-тармағының 1), 3), 5), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін, сондай- ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі жоқ коллекторлық агенттік жұмыскерлері борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасасуға жіберілмейді.

13-бап. Құжаттарды сақтау Коллекторлық агенттіктің сақталуға жататын негізгі құжаттарының тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.

3-тарау. КОЛЛЕКТОРЛЫҚ АГЕНТТІКТІҢ, БОРЫШКЕРДІҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ОНЫҢ ӨКІЛІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

14-бап. Коллекторлық агенттіктің құқықтары Коллекторлық агенттік:

1) коллекторлық қызметті кредитормен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде және осы Заңның, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асыруға;

2) берешекке байланысты ақпаратты жинауды жүзеге асыруға, оның ішінде берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттар бойынша кредитордан құжаттар (түпнұсқалары мен көшірмелерін), түсіндірмелер мен ақпарат алуға;

3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын, өзі бойынша құқықты (талап етуді) коллекторлық агенттік кредитордан алған кепiлге салынған мүлiкке сот тәртібімен өндіріп алуды қолдануға;

4) егер кредитор берешекті өндіріп алу туралы шарттың талаптарын бұзған, борышкер мен оның берешегі туралы құжаттардың (түпнұсқалары мен көшірмелерін), ақпараттың берілуін қамтамасыз етпеген, анық емес деректер ұсынған жағдайларда, берешекті өндіріп алу туралы шартты орындаудан бас тартуға;

5) міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі – қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асып кеткен банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша, міндеттемені орындау мерзімінің өтуі қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын жеке тұлғаға берілген ипотекалық қарыз бойынша кредитормен талап ету құқығын басқаға беру шартын жасасуға құқылы. Коллекторлық агенттікпен борышкердің – жеке тұлғаның тұрғынжай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген берешегіне қатысты талап ету құқығын басқаға беру шартын жасасуға жол берілмейді;

6) тиісті өкілеттіктері болған кезде сотта және атқарушылық іс жүргізуде кредитордың өкілі ретінде әрекет етуге;

7) үшінші тұлғалардан борышкер бұрын банктік қарыз шартын немесе микрокредит беру туралы шарт жасасу кезінде берген борышкер туралы ақпаратты, сондай-ақ борышкердің көрсетілген шарттар бойынша міндеттемелерін орындауы үшін қажетті, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді сұратуға;

8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және берешекті өндіріп алу туралы шартта белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

15-бап. Коллекторлық агенттіктің мiндеттерi

1. Коллекторлық агенттік:

1) екі жұмыс күні ішінде өзінің борышкермен үлестес екендігі, осындай үлестестіктің негіздері туралы, сондай-ақ коллекторлық агенттіктің шарттық міндеттемелерді орындауына ықпал ететін немесе ықпал ете алатын және (немесе) коллекторлық агенттіктің жеке мүддесі мен кредитордың заңды мүдделері арасында қайшылықтың туындауына не кредитордың заңды мүдделеріне, оның ішінде борышкердің кредитор алдындағы өз міндеттемелерін орындамауына коллекторлық агенттіктің тікелей немесе жанама түрде мүдделі болуы салдарынан қысым жасалуына алып келуі мүмкін өзге де мән-жайлар туралы ақпаратты кредитордың назарына жеткізуге;

2) тұрған жерi не атауы өзгерген жағдайларда, осындай өзгерiстер болған күннен бастап күнтiзбелiк үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге және өзінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиiстi ақпарат орналастыруға;

3) коллекторлық қызмет құпиясын сақтауға;

4) айына бір реттен асырмай, борышкердің және (немесе) оның өкілінің жүгінуі бойынша, жүгіну алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, алынған құқықтар (талап етулер) бойынша негізгі борыштың, сыйақының, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының қалдығы туралы мәліметтерді жазбаша нысанда өтеусіз беруге;

5) кредитордан, борышкерден және үшінші тұлғалардан алынатын құжаттар мен ақпараттың сақталуын, Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес борышкердің және (немесе) оның өкілінің және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалардың дербес деректерінің қорғалуын қамтамасыз етуге;

6) өзінің интернет-ресурсына ие болуға;

7) кредитор банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талап етулерді) басқаға берген кезде борышкерден мұндай шартта көзделмеген өзге комиссиялар мен төлемдердің алынуына жол бермеуге;

8) кредитор банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талап етулерді) басқаға бер- ген кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитор мен борышкердің банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына, сондай-ақ бастапқы кредитор мен борышкер арасында жасасылған осындай шартқа қойылатын талаптар мен шектеулерді сақтауға;

9) қызметті автоматтандыру және берешекті есепке алу, сондай- ақ борышкермен өзара іс-қимыл жасасу процесін коллекторлық агенттіктің (филиалдың, өкілдіктің) тұрған жеріндегі үй- жайларында аудио- немесе бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеу үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға ие болуға;

10) мемлекеттік кредиттік бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасуға;

11) уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде және тәртіппен, сондай-ақ нысанда уәкілетті органға есептілік ұсынуға;

12) уәкілетті орган анықтаған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жоюға;

13) осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттарға енгізілген өзгерістер туралы он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге;

14) борышкермен өзара іс-қимыл жасасу процесін коллекторлық агенттіктің (филиалдың, өкілдіктің) тұрған жеріндегі үй-жайларында аудио- немесе бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеуге және аудио- және (немесе) бейнежазба материалдарын борышкермен және (немесе) оның өкілімен өзара іс-қимыл жасасқан күннен бастап алты ай бойы сақтауға;

15) уәкілетті органға оның сұрау салуы негізінде, оның ішінде борышкерлер мен кредиторлардың келіп түскен шағымдары бойынша мәліметтер, құжаттар мен аудио- және (немесе) бейнежазба (бар болған жағдайда) материалдарын беруге;

16) борышкермен жеке кездесулер арқылы өзара іс-қимыл жасасу кезінде борышкердің тұрғылықты жері бойынша не тұрған жері, не тіркелген жері бойынша, не борышкердің тұрғылықты жері не тұрған жері немесе тіркелген жері болып табылатын елді мекені жайласқан облыстардың әкімшілік орталықтарында филиалдың немесе өкілдіктің болуын қамтамасыз етуге;

17) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының бірінші абзацында және 4-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацында көрсетілген тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасу кезінде көрсетілген баптың талаптарын бұзған жұмыскердің өкілеттіктерін тоқтату бойынша, оның ішінде уәкілетті орган көрсетілген жұмыскерді шеттету туралы талап қойған жағдайда да шаралар қабылдауға, сондай-ақ босатылған жұмыскер туралы ақпаратты босату күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға беруге;

18) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтер ұсынуға;

19) осы Заңның 5-бабында көзделген коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын және осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.

2. Коллекторлық агенттіктер коллекторлық қызметке мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мақсатында өзінің қызметі ту- ралы уәкілетті орган сұратқан ақпарат пен мәліметтерді береді. Коллекторлық агенттіктің уәкілетті органға ақпарат бермеуі, сол сияқты оны бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уақтылы бермеуі немесе Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпарат беруі не сұратылатын өзге ақпаратты бермеуі, сол сияқты оны бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уақтылы бермеуі не анық емес ақпарат беруі, сондай-ақ есептілік пен мәліметтер ұсынбауы немесе көрінеу анық емес есептілік пен мәліметтер ұсынуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.

16-бап. Борышкердің және (немесе) оның өкілінің құқықтары мен міндеттері

1. Борышкер және (немесе) оның өкілі:

1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, кредитордан берешекті сотқа дейін өндіріп алу мен реттеуді жүзеге асыратын коллекторлық агенттік, оның тұрған жері, онда өзінің дербес деректерінің бар-жоғы, берешектің мөлшері мен құрылымы туралы мәліметтер алуға;

2) коллекторлық агенттіктің талаптарына толығымен, сондай- ақ оның бір бөлігіне, оның ішінде сотта дау айтуға;

3) осы Заңның 6-бабына сәйкес берешегін сотқа дейін реттеу тәртібіне;

4) өзінің берешегі туралы ақпарат алу үшін коллекторлық агенттікпен осы Заңның 5-бабында көзделген кез келген тәсілмен өзара іс-қимыл жасасуға;

5) коллекторлық агенттіктің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасап, уәкілетті органға жүгінуге;

6) берешегі толық өтелген кезде кредитор алдында берешегінің жоқтығы туралы анықтама алу үшін мемлекеттік кредит бюросына және (немесе) кредиторға жүгінуге;

7) коллекторлық агенттіктің жұмыскерлерімен өзара іс- қимыл жасасу процесін аудио- және (немесе) бейнетехника құралдарының көмегімен өзі дербес тіркеуге;

8) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындауға байланысты, көрсетілген шарт талаптарын өзгерту туралы жүгіну себептерін негіздей отырып, осындай өтінішпен кредиторға жүгінуге;

9) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

2. Борышкер және (немесе) оның өкілі:

1) коллекторлық агенттікке өзінің тұрғылықты жерінің (заңды мекенжайының) өзгергені, атының, әкесінің атының (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегінің ауысуы, жеке басты куәландыратын құжаттарының алмастырылғаны (мерзімі өткен, жоғалған жағдайда) туралы, өздерімен (өзімен) байланысу үшін пайдаланылатын байланыс ақпаратының өзгергені және коллекторлық агенттіктің өздерімен (өзімен) байланысу және өзара іс-қимыл жасасу тәсілінің өзгергені туралы хабарлауға;

2) коллекторлық агенттіктің сұрау салуы бойынша кірістері мен шығыстарының деңгейі, тұрғылықты жері (заңды мекенжайы), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берешекті өтеу үшін өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкінің бар-жоғы туралы анық ақпаратты ашуға;

3) осы Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес коллекторлық агенттікпен берешекті реттеу бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;

4) он бес жұмыс күні ішінде кредитор ұсынған берешекті өтеу талаптарын қарауға және коллекторлық агенттікке не кредиторға борышкер үшін қолайлы талаптарды хабарлауға міндетті.

4-тарау. КОЛЛЕКТОРЛЫҚ АГЕНТТІКТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ, ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ

17-бап. Уәкілетті органның құзыреті

1. Коллекторлық агенттіктердің қызметін мемлекеттік реттеуді және бақылауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

2. Уәкілетті орган:

1) коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеуге алады және олардың тізілімін жүргізеді;

2) коллекторлық агенттік есептілігінің тiзбесiн, нысандарын, оны ұсыну мерзiмдерi мен тәртiбiн айқындайды;

3) коллекторлық агенттіктің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

4) коллекторлық агенттіктің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) борышкердің шағымын қарайды;

5) осы Заңда көзделген жағдайларда, сотқа заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру не тарату туралы талап қою береді;

6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

18-бап. Ықпал ету шаралары және оларды қолдану негіздері

1. Коллекторлық агенттік Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасының банктік заңнамасын не Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасын бұзған, коллекторлық агенттіктің борышкермен өзара іс-қимыл жасасатын басшы және өзге де жұмыскерлерінің құқыққа сыйымсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған кезде уәкілетті орган осы бапта белгіленген ықпал ету шараларын қолданады. Ықпал ету шаралары деп шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар түсініледі. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасын бұзған кезде коллекторлық агенттікке «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ықпал ету шаралары қолданылады.

2. Уәкілетті орган коллекторлық агенттікке мынадай шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға:

1) коллекторлық агенттікке анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы мiндеттi түзеу шараларын қабылдау және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде ұсыну қажеттігі жөнінде орындалуы мiндеттi жазбаша нұсқама жіберуге құқылы. Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс- шаралар жоспарында бұзушылықтардың сипаттамасы және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептер, сондай-ақ жағдайлар, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды;

2) уәкілетті орган осы ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасы, Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы не Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасы нормаларының жазбаша ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас түрде қайталап бұзылғанын анықтаған жағдайда, коллекторлық агенттікке осы баптың 4-тармағында көзделген санкциялардың қолданылуы мүмкін екендігі туралы жазбаша ескерту шығаруға;

3) уәкілетті орган мен коллекторлық агенттік арасында анықталған бұзушылықтарды дереу жою қажеттігі және осы бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) коллекторлық агенттік анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін өзіне қабылдайтын шектеулер тізбесін бекіту қажеттігі туралы жазбаша келісім жасасуға құқылы. Жазбаша келісімге коллекторлық агенттік тарапынан міндетті түрде қол қойылуға тиіс;

4) коллекторлық агенттіктің борышкермен өзара іс-қимыл жасасатын басшы жұмыскерін не өзге де жұмыскерін шеттету туралы талап қоюға құқылы.

3. Коллекторлық агенттік уәкілетті органды жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көзделген мерзімдерде осы құжаттарда көрсетілген шаралардың орындалуы туралы хабардар етуге міндетті. Егер бұзушылықты жою үшін белгіленген мерзім бір айдан асатын болса, коллекторлық агенттік ай сайын айдың жиырмасыншы күнінен дейін уәкілетті органды анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс- шаралардың орындалуы туралы хабардар етеді. Бір шектеулі ықпал ету шарасын қолдану Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда басқа шектеулі ықпал ету шараларының қолданылуын жоққа шығармайды, бұрын қабылданған шаралардың қолданылуын тоқтата тұрмайды және тоқтатпайды

. 4. Уәкілетті орган санкциялар ретінде:

1) осы Заңның 9-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығаруды;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер бойынша коллекторлық агенттікке айыппұл салуды және одан айыппұлды өндіріп алуды қолдануға құқылы.

5. Уәкілетті органның коллекторлық агенттікке осы бапта көзделген ықпал ету шараларын қолдану туралы шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.

19-бап. Коллекторлық агенттіктің қызметін мемлекеттік бақылау Коллекторлық агенттіктердің қызметiн мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалатын тексеру нысанында немесе «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарында жүзеге асырады.

5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

20-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді. 21-бап. Өтпелі ережелер

1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін коллекторлық қызмет белгілеріне ие қызметті жүзеге асырған ұйымдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде әділет органдарында коллекторлық агенттік ретінде қайта тіркелуге жатады.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген талап сақталмаған кезде ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастырылуға не мәжбүрлеп таратылуға жатады.

22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президентi Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда,

2017 жылғы 6 мамыр

№62-VI ҚРЗ

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., №13-I, 13-II, 83-құжат; №21, 122-құжат; 2015 ж., №16, 79-құжат; №21-III, 137-құжат; №22-I, 140-құжат; №22- III, 149-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; №8-II, 67-құжат; №12, 87-құжат; №23, 118-құжат; №24, 126-құжат):

1) мазмұнында 214 және 223-баптардың тақырыптары мына- дай редакцияда жазылсын: «214-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік немесе коллекторлық қызмет»; «223-бап. Коммерциялық не банктiк құпияны, микрокре- дит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлiктi жария етумен байланысты ақпаратты заңсыз алу, жария ету немесе пайдалану»;

2) 214-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «214-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік немесе коллекторлық қызмет»; бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жа- зылсын:

«1. Кәсiпкерлiк қызметті, банктік қызметтi (банк операцияларын) немесе коллекторлық қызметті тiркеусіз, сол сияқты осындай қызмет үшін міндетті лицензиясыз не Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде кіріс алумен немесе акцизделетін тауарларды айтарлықтай мөлшерде өндірумен, сақтаумен, та сымалдаумен не өткізумен ұштасса, –»;

3) 223-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «223-бап. Коммерциялық не банктiк құпияны, микрокре- дит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлiктi жария етумен байланысты ақпаратты заңсыз алу, жария ету немесе пайдалану»; бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жа- зылсын:

«1. Коммерциялық немесе банктік құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлiктi жария ету рәсімін өткізуге байланысты ақпаратты құжаттарды ұрлау, коммерциялық не- месе банктік құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын бiлетiн адамдарды немесе олардың жақындарын параға сатып алу немесе оларды қорқыту, байланыс құралдарында ұстап алу, компьютерлiк жүйеге немесе желiге заңсыз кiру, арнайы техникалық құралдарды пайдалану арқылы, сол сияқты бұл мәлiметтердi жария ету не заңсыз пайдалану мақсатында өзге де заңсыз тәсiлмен жинау –»; екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Өзіне коммерциялық немесе банктік құпияны, микрокре- дит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтер қызметі немесе жұмысы бойынша сенiп тапсырылған адамның оларды иеленушісінiң келiсiмiнсiз, пайдакүнемдiк не- месе өзге де жеке басының мүддесiнде жасаған және ірі залал келтірген заңсыз жария етуі немесе пайдалануы –».

2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №18- I, 18-II, 92-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., №1, 2-құжат; №2, 6-құжат; №7, 33-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №9, 46-құжат; №10, 50-құжат; №11, 52-құжат; №14, 71-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №19-I, 101-құжат; №19-II, 102, 103, 105-құжаттар; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-I, 124, 125-құжаттар; №21- II, 130-құжат; №21-III, 137-құжат; №22-I, 140, 141, 143-құжаттар; №22-II, 144, 145, 148-құжаттар; №22-III, 149-құжат; №22-V, 152, 156, 158-құжаттар; №22-VI, 159-құжат; №22-VII, 161-құжат; №23-I, 166, 169-құжаттар; №23-II, 172-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат; №2, 9-құжат; №6, 45-құжат; №7-I, 49, 50-құжаттар; №7- II, 53, 57-құжаттар; №8-I, 62, 65-құжаттар; №8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №23, 118-құжат; №24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., №1-2, 3-құжат):

1) мазмұны мынадай мазмұндағы 211-1 және 211-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «211-1-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзу 211-2-бап.

Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді банктік қарыз шарты немесе микро- кредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның бұзуы»;

2) 47-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

«6. Коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырады.»;

3) 211-бапта: бесінші бөліктің бірінші абзацы «Микроқаржы ұйымдарының», «микроқаржы ұйымының» деген сөздерден кейін тиісінше «, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың», «микрокредит беру тура- лы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

«7. Микроқаржы ұйымының, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның микрокредит беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтуы – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»; мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

«Ескертпе. Осы баптың бесінші және жетінші бөліктерінің мақсаттары үшін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, микроқаржы ұйымы, секьюритилендiру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.»;

4) мынадай мазмұндағы 211-1 және 211-2-баптармен толықтырылсын:

«211-1-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзу

1. Коллекторлық агенттіктің мынадай жосықсыз әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса:

1) борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимылдың «Коллекторлық қызмет ту- ралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген өзге де тәсілдерін пайдалануы;

2) кредиторға тиісті шарт шеңберінде коллекторлық қызмет бойынша қызметтер көрсету кезінде борышкерден берешекті өтеу есебінен ақшаны (қолма-қол немесе қолма-қол емес ны- санда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауы;

3) кредиторға тиісті шарт шеңберінде коллекторлық қызмет бойынша қызметтер көрсету кезінде берешекті ақшадан басқа, өзге де мүлікпен өтеуді талап етуі;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредитордан және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған коммерциялық не- месе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуі – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

2. «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жосықсыз әрекеттерді қоспағанда, коллекторлық агенттіктің коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бұзуы – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

3. Коллекторлық агенттіктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты бермеуі, сол сияқты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уақтылы бермеуі не коллекторлық агенттіктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет ту- ралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпарат беруі не сұратылатын өзге ақпаратты бермеуі, сол сияқты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уақтылы бермеуі не анық емес ақпарат не көрінеу анық емес мәліметтер беруі – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

211-2-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді банктік қарыз шар- ты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның бұзуы

1. Банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру тура- лы шарттың талаптарын Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында не Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтамай өзгерту – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

2. Жеке тұлғамен жасасылған банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның оны «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржы ұйымдары тура- лы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген өзге де тұлғаларға қайта беруі – бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

3. Талап ету құқығын басқаға беру шарты бойынша кредитордың құқықтары (талап етулері) өткен кезде борышкерден банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта көзделмеген комиссиялар мен төлемдер алу – бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

Ескертпелер.

1. Осы баптың мақсаттары үшін банктік қарыз шарты бой- ынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.

2. Осы баптың мақсаттары үшін микрокредит беру ту- ралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, микроқаржы ұйымы, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.»;

5) 212-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «4. Коллекторлық агенттіктердің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етiлетiн есептілікті ұсынбауы, сол сияқты бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы ұсынбауы немесе көрінеу анық емес есептілікті ұсынуы – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

6) 213-бапта: оныншы, он екінші және он үшінші бөліктердің бірінші аб- зацтары «ұйымдардың» деген сөздерден кейін «, банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы он төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«14. Банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның, банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтуы – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»; мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

«Ескертпе. Осы баптың оныншы, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.»; 7) 227-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«4. Коллекторлық агенттіктің өзi қабылдаған және (немесе) оған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шектеулi ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген мiндеттердi орында- мауы, уақтылы орындамауы – бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.».

8) 724-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Кодекстiң 91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 186, 206, 208, 210, 211 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 211-1, 211-2, 212, 213, 215, 217, 218, 220, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы бөліктерінде), 229, 230 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 231, 232, 239 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 242, 243, 244, 247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 252 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 262, 263, 264, 265, 286, 464 (бірінші бөлігінде), 497 (жиналуы өзінің құзыретiне кіретін бастапқы статистикалық деректер бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;

9) 806-баптың алтыншы бөлігіндегі «227 (бірінші және екінші бөліктерінде)» деген сөздер «227 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын.

3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат; №6, 45-құжат; №7-II, 55-құжат; №8-I, 62, 65-құжаттар; №8-II, 72-құжат; №12, 87-құжат; №23, 118-құжат; №24, 124, 126-құжаттар): 138-бап мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын: «60-1) коллекторлық агенттіктердің қызметіне;».

4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №3-4, 23-құжат; №12, 88-құжат; №15- 16, 100-құжат; №23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 184-құжат; №11-12, 262-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №13-14, 205-құжат; №22, 333-құжат; 1998 ж., №11-12, 176-құжат; 1999 ж., №20, 727-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №8, 52-құжат; №10, 123-құжат; 2003 ж., №15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; №16, 91-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №14, 55-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №4, 24-құжат; №13, 86-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №3, 20-құжат; №4, 33-құжат; 2009 ж., №8, 44-құжат; №13-14, 63-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №13, 116-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 6-құжат; №2, 14-құжат; №13, 91-құжат; №20, 121-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №22-II, 148-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат; №6, 45-құжат; №12, 87-құжат; 2017 ж., №6, 11-құжат):

1) 15-баптың екінші бөлігінде: мынадай мазмұндағы 65-1) тармақшамен толықтырылсын: «65-1) коллекторлық агенттіктің есептілікті ұсыну мерзімдерін, тәртібін, сондай-ақ нысанын;»; 69) тармақша «қаржы ұйымдарын» деген сөздерден кейін «, кредиттік бюроларды, микроқаржы ұйымдарын және коллекторлық агенттіктерді» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 20-4-баптың 4-тармағының бірінші абзацы «микроқаржы ұйымдарының,» деген сөздерден кейін «коллекторлық агенттіктердің,» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 61-бапта: 1-тармақ «микроқаржы ұйымдары» деген сөздерден кейін «, коллекторлық қызмет» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қазақстан Ұлттық Банкі коллекторлық агенттіктердің қызметін бақылауды ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалатын тексеру нысанында немесе осы Заңға сәйкес бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарында жүзеге асырады.»;

4) 62-5-бап 20) тармақшасындағы «жүргізу жолымен жүзеге асырады.» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын: «21) Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысында коллекторлық агенттіктердің қызметін талдау, сондай-ақ «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес коллекторлық агенттік ұсынған мәліметтерді, құжаттарды және аудио- және (немесе) бейнежазба материалдарын (болған кезде) талдау жолымен жүзеге асырады.».

5. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., №15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 184-құжат; №15, 281-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №5, 58-құжат; №13- 14, 205-құжат; №22, 333-құжат; 1998 ж., №11-12, 176-құжат; №17-18, 224-құжат; 1999 ж., №20, 727-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №8, 52-құжат; №9, 86-құжат; 2002 ж., №17, 155-құжат; 2003 ж., №5, 31-құжат; №10, 51-құжат; №11, 56, 67-құжаттар; №15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; №15, 86-құжат; №16, 91-құжат; №23, 140-құжат; 2005 ж., №7-8, 24-құжат; №14, 55, 58-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №11, 55-құжат; №16, 99-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; №20, 88-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 16, 18, 21-құжаттар; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; №17-18, 111-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №12, 111-құжат; №13, 116-құжат; №14, 117-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №13, 91-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №6, 27-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №13, 68-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №20- IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-II, 130-құжат; №21-III, 137-құжат; №22-I, 140, 143-құжаттар; №22-III, 149-құжат; №22- V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7- II, 55-құжат; №8-I, 65-құжат; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат):

1) 34-бап мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын: «14. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға берген кезде, қарыз алушының құқық (та- лап ету) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен банктік қарыз шарты шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қолданылады. Өзіне құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушы- мен банктік қарыз шарты шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.»;

2) 36-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орын- дау мерзімінің өтуі болған кезде, бірақ ол басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен және мерзімдерде қарыз алушыны:

1) мерзімі өткен берешектің мөлшерін көрсете отырып, банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді енгізу қажеттігі;

2) қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдарлары туралы хабар- дар етуге міндетті. Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асы- ратын ұйым) қарыз алушыны хабардар ету үшін коллекторлық агенттікті тартуға құқылы.»; мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2 және 2-1-тармақтармен толықтырылсын:

«1-1. Міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушы – жеке тұлға банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) баруға және өзінің банктік қарыз шартының талаптарына, оның ішінде:

1) банктік қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуге;

2) шет ел валютасымен берілген банктік қарыз бойын- ша негізгі борыштың қалдық сомасының валютасын ұлттық валютаға өзгертуге;

3) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға;

4) берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгертуге;

5) банктік қарыз шартының қолданылу мерзімін өзгертуге;

6) мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіруге, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) күшін жоюға байланысты өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың мерзімі өтуінің туындау себептері, кірістер және басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы жазбаша өтініш ұсынуға құқылы.

1-2. Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушының жазбаша өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістерді қарайды және қарыз алушыға:

1) банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні;

2) банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту бойынша өзінің ұсыныстары;

3) банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы жазбаша нысанда хабарлайды.»;

«2-1. Қарыз алушы осы баптың 1-1-тармағында көзделген құқықты іске асырмаған, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған не қарыз алушы мен банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) ара- сында банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуге келісім болмаған жағдайларда, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) осы баптың 2-тармағында көзделген шаралардан басқа:

1) берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге құқылы. Банктік қарыз шартында қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуіне жол берген жағдайда банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) коллекторлық агенттікті тартуға құқығы болған кезде, берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге жол беріледі. Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде банк (банк операцияларының же- келеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым): сотқа берешекті өндіріп алу туралы талап қойып жүгінуге; берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезеңде есепке жазылған сыйақыны төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес;

2) қарыз алушыда банктік қарыз шарты бойынша – қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын, жеке тұлғаға берілген ипотекалық қарыз бойынша қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі болған кезде, банктік қарыз шарты бойынша құқықты (та- лап етуді) осы Заңның 36-1-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғаға беруге құқылы емес.». 3) мынадай мазмұндағы 36-1-баппен толықтырылсын: «36-1-бап. Берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге беру немесе құқықты (талап етуді) басқаға беру тәртібі

1. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның коллекторлық агенттікпен осындай шарт жасасу жағдайларын қоспағанда, оның үшінші тұлғалармен ны- санасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай- ақ берешекке байланысты ақпарат жинау жөнінде қызметтер көрсету болып табылатын шарт (бұдан әрі – берешекті өндіріп алу туралы шарт) жасасуына тыйым салынады.

2. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның коллекторлық агенттікпен берешегі тұрғынжай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген жеке тұлғаға қатысты берешекті өндіріп алу туралы шарт жасасуына жол берілмейді.

3. Мынадай талаптардың бірі сақталған кезде: құқықтарды (талап етулерді) сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген осындай ұйым қызметі түрлерінің бірі болып табылғанда; құқықтарды (талап етулерді) сатып алу жеке тұлғаларды қолдау жөніндегі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар немесе мемлекеттік органдардың құқықтық актілері шеңберінде жүзеге асырылғанда, құқықты (талап етуді) жарғылық капитал- дарына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдарға беруді қоспағанда, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жеке тұлғамен жасалған және тұрғынжай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.

4. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықты (талап етуді) мынадай тұлғаларға: коллекторлық агенттікке; банкке; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыра- тын ұйымға; бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымына; екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің са- пасын жақсартуға маманданатын ұйымға; секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру тура- лы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына беруін қоспағанда, оның банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады. Осы тармақтың талаптары осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында неме- се банктік қарыз шартында өзгеше көзделмесе, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) қарыз алушының келісімінсіз басқаға беруге құқылы емес.

6. Банктік қарыз шарты бойынша бір қарыз алушыға қатысты құқықты (талап етуді) бірнеше тұлғаға беруге жол берілмейді.

7. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктік қарыз шарты бойынша құқығының (талап етуінің) үшінші тұлғаға өтуі талаптары қамтылған шарт (бұдан әрі – талап ету құқығын басқаға беру шарты) жасалған кезде, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым:

1) талап ету құқығын басқаға беру шарты жасалғанға дейін қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) құқықтардың (талап етулердің) үшінші тұлғаға өту мүмкіндігі туралы, сондай- ақ осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дер- бес деректерінің өңделетіні туралы банктік қарыз шартында көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен хабардар етуге;

2) талап ету құқығын басқаға беру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) банктік қарызды өтеу жөніндегі бұдан былайғы төлемдердің үшінші тұлғаға (банктік қарыз шар- ты бойынша құқық (талап ету) өткен тұлғаның атауы және тұрған жері) тағайындалатынын, берілген құқықтардың (та- лап етулердің) толық көлемін, сондай-ақ негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының және төленуге жататын басқа да сомалардың қалдықтарын көрсете отырып, құқықтың (талап етудің) үшінші тұлғаға өткені туралы банктік қарыз шартында көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен хабардар етуге;

3) банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) өзіне өткен тұлғаға мынадай құжаттардың: кепіл нысанасына (егер банктік қарыз кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда) құқық белгілеуші құжаттардың; кепілгерлік немесе кепiлдiк шарттарының (егер банктік қарыз бойынша міндеттемелерді орындау кепілгерлікпен немесе кепiлдiкпен қамтамасыз етілген жағдайда); қарыз алушының құқық (талап ету) басқаға берілген күнгі берешегінің есептеулерінің; қарыз алушымен наразылық хат алмасудың; қарыз алушының – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, қарыз алушының – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының; қарыз алушының берешекті өтегенін растайтын құжаттардың; кепілге салынған мүлікті өткізу жөніндегі құжаттардың; талап ету құқығын басқаға беру шартына сәйкес өзге де құжаттардың түпнұсқаларын және (немесе) көшірмелерін бе- руге міндетті. Қарыз алушыға қойылатын барлық құқықтар (талап ету- лер) басқаға берілген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өзінде бар барлық құжаттардың түпнұсқаларын банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаға береді. Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым), банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға банктік қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың тұпнұсқаларын жоғалтқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. Қарыз алушыға қойылатын құқықтардың (талап етулердің) бір бөлігі басқаға берілген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осындай құқықтарды (талап етулерді) куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға және көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) ішінара берілген тұлғаға беруге құқылы;

4) талап ету құқығын басқаға беру шартын жасасқаннан кейін төлемдердің әрбір қарыз алушы бөлінісінде таратып жазылуын бере отырып, қарыз алушылардан алынған ақшаны банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның банктік шотына берешекті өтеу есебіне аударуға міндетті.

8. Сатып алынған құқықты (талап етуді) бастапқы кредиторға кері сатуды (қайтаруды), құқықты (талап етуді) коллекторлық агенттіктерге, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына, сондай-ақ өзге де банктер- ге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асы- ратын ұйымдарға беруді (қайта беруді) қоспағанда, жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқығы (талап етуі) берілген тұлғаның осындай құқықты (талап етуді) өзге тұлғаларға қайта беруіне тыйым салынады.»;

4) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«37-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімі Банктердің, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердің еншілес ұйымдарының, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымның, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің са- пасын жақсартуға маманданатын ұйымның қарыз алушыларға банктік қарыз шарттарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны жөнінде қоятын талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.»;

5) 40-1-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігі «мақсатында» деген сөзден кейін «, сондай-ақ, осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Банк омбудсманы жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы және осындай қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойын- ша құқық (талап ету) берілген тұлға арасында туындайтын келіспеушіліктерді қарыз алушының жүгінуі негізінде реттеуді жүзеге асырады. Банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға өзі банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін сатып алған қарыз алушы жүгінген кезде банк омбудсманымен өзара іс-қимыл жасасуға және банк омбудсманы сұратқан кез келген ақпарат пен мәліметтерді беруге міндетті.»;

6) 40-3-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың талаптары осы Заңның 40-1-бабы 1-1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда қарыз алушының – жеке тұлғаның жүгінуіне қолданылады.»;

4-тармақта: мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы Заңның 40-1-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайда қарыз алушының – жеке тұлғаның жүгінуі бойынша банк омбудсманы тараптардың осы бапта көзделген шешімді қабылдамай-ақ, кездесулер өткізу және ұсынымдар беру арқылы өзара қолайлы нәтижеге қол жеткізуіне жәрдемдеседі.»; екінші бөлік «банктің,» деген сөзден кейін «банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның» деген сөздермен толықтырылсын;

7) 50-бапта: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы баптың 4 – 8, 8-1-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерінің қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыруына орай банк құпиясын құрайтын мәлiметтерге қолжетімділік алған банктердің, Қазақстан Республикасы резиденттерінің-банк холдингтерінің, осы баптың 4-тармағы екінші бөлігінің

8), 8-1) және 8-2) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары, жұмыскерлерi және өзге де тұлғалар оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауаптылықта болады.»;

4-тармақтың екінші бөлігінде: 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) банктердің негізгі борыш және (немесе) есепке жазылған сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар кредит (қарыз) бойынша құқықтар (талап етулер) басқаға берілген кезде, осы кредитке (қарызға) байланысты ақпаратты осы Заңның 36-1-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға беруі;»; мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын: «8-2) банктердің коллекторлық агенттікке осы коллекторлық агенттікпен берешекті өндіріп алу туралы жасасқан шарт шеңберінде кредит (қарыз) бойынша ақпарат беруі;»; 6-тармақта: а) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«а) қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға: мөрмен расталған және прокурор санкциялаған жазбаша сұрау салу негізінде, олардың іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істер бойынша;»;

б) тармақшадағы «негізінде олар жүргізіліп» деген сөздер «, қаулысы, шешімі және үкімі негізінде олардың іс жүргізуінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-2-тармақтағы «ипотекалық қарыз» деген сөздер «банктік қарыз» деген сөздермен ауыстырылсын.

6. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №15, 87-құжат; 2005 ж., №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №3, 20-құжат; №18, 143-құжат; №19, 149-құжат; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; 2009 ж., №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №13, 91-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат):

1) 1-бапта: 5) тармақша «микроқаржы ұйымына» деген сөздерден кейін «, коллекторлық агенттікке» деген сөздермен толықтырылсын; 13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13-1) кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат – заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісінің сот шешімімен таратылуы туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімі өтіп кет- кен берешегінің болуы туралы мәліметтерді қамтитын, кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есептің қысқаша нысаны;»;

2) 11-бапта: 1-тармақтың бірінші және екінші бөліктері «микроқаржы ұйымына» деген сөздерден кейін «, коллекторлық агенттікке» деген сөздермен толықтырылсын; 1-3-тармақтың бірінші бөлігі «микроқаржы ұйымы» деген сөздерден кейін «, коллекторлық агенттік» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редак- цияда жазылсын: «1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер;»;

4) 20-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мы- надай редакцияда жазылсын: «1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер;»;

5) 24-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Коллекторлық агенттіктер банктік қарыз шарттары, микрокредит беру туралы шарттар бойынша банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, микроқаржы ұйымдарынан сатып алынған құқықтар (та- лап етулер) бойынша кредиттік бюроларға ұсынатын ақпаратта:

1) берешек сатып алынған күнгі негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын қамтитын берешектің жалпы сомасы;

2) борышты сатып алу күні;

3) борышты (график бойынша және нақты) өтеу күні;

4) міндеттемелердің құрамы және оларды орындауды қамтамасыз ету тәсілдері туралы ақпарат;

5) бар болған кезде, кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат;

6) тараптардың келісуі бойынша өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.».

7. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №23, 113-құжат; 2009 ж., №13-14, 63-құжат; №18, 84-құжат; №23, 100-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №11, 58-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 101-құжат; №22, 132-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; №14, 117-құжат; №15, 120-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 11, 14-құжаттар; №6, 43-құжат; №11, 80-құжат; №14, 94-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №11, 63-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №23-I, 169-құжат; 2016 ж., №22, 116-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат):

42-бапта: үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Осы тармақшада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының асып кетуін айқындау кезінде есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығы сомасында:»; мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын: «агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жазып берген шот-фактуралар; салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалар бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (оның ішінде осындай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке алынбайды.».

8. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №20, 120-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №24, 126-құжат): 1) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға берген кезде, қарыз алушының құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын та- лаптар мен шектеулердің күші қолданылады. Өзіне құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алу- шымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.»;

2) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) қарыз алушыда микрокредит беру туралы шарт бойынша қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі болған кезде, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) осы Заңның 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғаға беруге;»;

3) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) микрокредит беру туралы өзі жасасқан шарт бойын- ша құқық (талап ету) басқаға берілген жағдайда, осы Заңның 9-1-бабы 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғамен келіспеушіліктерді реттеу үшін банк омбудсманына жүгінуге құқығы бар. Көрсетілген құқық жеке тұлға болып табылатын қарыз алушыға қолданылады;»;

4) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын: «9-1-бап. Берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және рет- теуге немесе құқықты (талап етуді) басқаға беру тәртібі

1. Микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікпен осындай шарт жасасу жағдайларын қоспағанда, оның үшінші тұлғалармен нысанасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ қарыз алушының берешегіне байланысты ақпарат жинау жөнінде қызметтер көрсету болып табылатын шарт (бұдан әрі – берешекті өндіріп алу туралы шарт) жасасуына тыйым салынады. Микрокредит беру туралы шартта қарыз алушы микро- кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуіне жол берген жағдайда микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікті тартуға құқығы болған кезде берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге жол беріледі.

2. Микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікпен берешегі тұрғынжай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген жеке тұлғаға қатысты берешекті өндіріп алу туралы шарт жа- сасуына жол берілмейді.

3. Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде микроқаржы ұйымы: сотқа берешекті өндіріп алу туралы талап қойып жүгінуге; берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезеңде есепке жазылған сыйақыны төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес.

4. Мынадай талаптардың бірі сақталған кезде: құқықтарды (талап етулерді) сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген осындай ұйым қызметі түрлерінің бірі болып табылғанда; құқықтарды (талап етулерді) сатып алу жеке тұлғаларды қолдау жөніндегі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар немесе мемлекеттік органдардың құқықтық актілері шеңберінде жүзеге асырылғанда, құқықты (талап етуді) жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдарға беруді қоспағанда, микроқаржы ұйымының жеке тұлғамен жасасылған және тұрғынжай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген микрокредит беру туралы шарт бойын- ша құқықты (талап етуді) басқаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.

5. Микроқаржы ұйымының құқықты (талап етуді) мынадай тұлғаларға: коллекторлық агенттікке; микроқаржы ұйымына; секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компа- ниясына беруін қоспағанда, оның микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады. Осы тармақтың талаптары осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

6. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе микрокредит беру туралы шартта өзгеше көзделмесе, микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) қарыз алушының келісімінсіз басқаға беруге құқылы емес.

7. Микрокредит беру туралы шарт бойынша бір қарыз алушыға қатысты құқықты (талап етуді) бірнеше тұлғаға беру- ге жол берілмейді.

8. Микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы шарт бойынша құқығының (талап етуінің) үшінші тұлғаға өтуі талап- тары қамтылған шарт (бұдан әрі – талап ету құқығын басқаға беру шарты) жасасылған кезде, микроқаржы ұйымы:

1) талап ету құқығын басқаға беру шарты жасасылғанға дейін қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) құқықтардың (та- лап етулердің) үшінші тұлғаға өту мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерінің өңделетіні туралы микрокредит беру туралы шартта көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен хабардар етуге;

2) талап ету құқығын басқаға беру шарты жасасылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) микрокредитті өтеу жөніндегі бұдан былайғы төлемдердің үшінші тұлғаға (микрокредит беру ту- ралы шарт бойынша құқық (талап ету) өткен тұлғаның атауы және тұрған жері) тағайындалатынын, берілген құқықтардың (талап етулердің) толық көлемін, сондай-ақ, негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының және төленуге жататын басқа да сомалардың қалдықтарын көрсете отырып, құқықтың (талап етудің) үшінші тұлғаға өткені туралы микрокредит беру туралы шартта көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен хабардар етуге;

3) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) өзіне өткен тұлғаға мынадай құжаттардың: кепіл нысанасына (егер микрокредит кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда) құқық белгілеуші құжаттардың; кепілгерлік немесе кепiлдiк шарттарының (егер микрокре- дит бойынша міндеттемелерді орындау кепілгерлікпен немесе кепiлдiкпен қамтамасыз етілген жағдайда); қарыз алушы берешегінің құқық (талап ету) басқаға берілген күнгі есептеулерінің; қарыз алушымен наразылық хат алмасудың; қарыз алушының – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, қарыз алушының – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының; қарыз алушының берешекті өтегенін растайтын құжаттардың; кепілге салынған мүлікті өткізу жөніндегі құжаттардың; талап ету құқығын басқаға беру шартына сәйкес өзге де құжаттардың түпнұсқаларын және (немесе) көшірмелерін бе- руге міндетті. Қарыз алушыға қойылатын барлық құқықтар (талап етулер) басқаға берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы өзінде бар барлық құжаттардың түпнұсқаларын микрокредит беру тура- лы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаға береді. Қарыз алушыға қойылатын құқықтардың (талап етулердің) бір бөлігі басқаға берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы осын- дай құқықтарды (талап етулерді) куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға және көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) ішінара берілген тұлғаға беруге құқылы. Микроқаржы ұйымы, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға микрокредит беру тура- лы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың тұпнұсқаларын жоғалтқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

4) талап ету құқығын басқаға беру шартын жасасқаннан кейін төлемдердің әрбір қарыз алушы бөлінісінде таратып жазылуын бере отырып, қарыз алушылардан алынған ақшаны микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның банктік шотына берешекті өтеу есебіне аударуға міндетті.

9. Сатып алынған құқықты (талап етуді) бастапқы кредиторға кері сатуды (қайтаруды), құқықты (талап етуді) коллекторлық агенттіктерге, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған ар- найы қаржы компаниясына, сондай-ақ өзге де микроқаржы ұйымдарына беруді (қайта беруді) қоспағанда, жеке тұлғамен жасасылған микрокредит беру туралы шарт бойынша микроқаржы ұйымының құқығы (талап етуі) өткен тұлғаның осындай құқықты (талап етуді) өзге тұлғаларға қайта беруіне тыйым салынады.»;

5) 21-бапта: 3-тармақтағы «4 және 5-тармақтарында» деген сөздер «4, 5, 5-1 және 6-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта:

1) тармақшадағы «анықтау және алдын ала тергеу органдарына:» деген сөздер «қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға:» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға: өзі жөнінде соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаға қатысты, банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейін бес жыл ішіндегі кезең үшін прокурордың санкциясымен беріледі.»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Микрокредит беру құпиясы банк омбудсманына оның қарауында жатқан, қарыз алушылардың – жеке тұлғалардың өзі бойынша құқық (талап ету) осы Заңның 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген тұлғаға берілген микрокредит беру туралы шарттан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі жүгінулері бойынша ашылуы мүмкін.»; 6-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) микроқаржы ұйымдарының негізгі борыш және (немесе) есепке жазылған сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар микрокредитке байланысты ақпаратты осы Заңның 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға беруі;»; мынадай мазмұндағы

3) тармақшамен толықтырылсын: «3) микроқаржы ұйымдарының коллекторлық агенттікке осы коллекторлық агенттікпен берешекті өндіріп алу туралы жасасқан шарт шеңберінде микрокредит жөнінде ақпарат беруі микрокредит беру құпиясының ашылуы болып табылмайды.».

6) 28-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «осы Заңның» деген сөздер «Қазақстан Республикасы заңдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.

9. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №9, 51-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №8, 45-құжат; №9, 46-құжат; №11, 57-құжат; №16, 79-құжат; №19-II, 103-құжат; №20-IV, 113-құжат; №21-I, 128-құжат; №21-III, 135-құжат; №22-II, 144, 145-құжаттар; №22-V, 156, 158-құжаттар; №22-VI, 159-құжат; №23-I, 169-құжат; 2016 ж., №1, 2, 4-құжаттар; №6, 45-құжат; №7-I, 50-құжат; №7-II, 53-құжат; №8-I, 62-құжат; №8-II, 68-құжат; №12, 87-құжат; 2017 ж., №1-2, 3-құжат; №4, 7-құжат): 2-қосымша мынадай мазмұндағы 29-1-жолмен толықтырылсын:

« 29-1. Коллек- торлық агенттіктерді есептік тіркеу Коллекторлық агенттіктің коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілгені ту- ралы хабарла- масы Мерзімсіз рұқсат; конкурс рәсімін қолдануға келмейді; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25- бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды ».

10. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №12, 87-құжат): 1-баптың 10-тармағында: 6) тармақшаның он сегізінші абзацы «қаржы ұйымдарын,» деген сөздерден кейін «кредиттік бюроларды, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктерді,» деген сөздермен толықтырылсын;

10) тармақшаның жетінші абзацы «микроқаржы ұйымдарының,» деген сөздерден кейін «коллекторлық агенттіктердің,» деген сөздермен толықтырылсын.

11. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., №22, 116-құжат): 1-бапта: 2-тармақтың 136) тармақшасының бесінші абзацы «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «Апелляциялық комиссияның шешімін ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтың 18) тармақшасының жиырма алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Шағымды қарау аяқталғаннан кейін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Апелляциялық комиссияның шешімін ескере отырып, жазбаша нысанда уәжді шешім шығарады.». 2-бап. 1. Осы Заң, мыналарды:

1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 7-тармағын; 2) 2017 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 5-тармағы 2) тармақшасының жиырма бірінші аб- зацын, 4) тармақшасын, 8-тармағы 4) тармақшасының төртінші абзацын; 3) 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 10-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Заңның 1-бабының 5-тармағы 2) тармақшасының жиырма бірінші абзацын және 8-тармағының 4) тармақшасы төртінші абзацының талаптары 2017 жылғы 1 қазаннан бастап жасасылған банктік қарыз шарттарына немесе микрокредит беру туралы шарттарға қолданылады деп белгіленсін.

3. Осы Заңның 1-бабының 5-тармағы 4) тармақшасының талабы 2017 жылғы 1 қазанға дейін жасасылған банктік қарыз шарттарына қолданылмайды деп белгіленсін.

4. Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде нысанасы «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған коллекторлық қызметтің белгілеріне сәйкес келетін қызметтерді көрсету болып табылатын, жеке және (немесе) заңды тұлғалармен жасасылған шарттарды бұзуға міндетті. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талап орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға құқылы.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда,

2017 жылғы 6 мамыр

№63-VI ҚРЗ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

16.11.2018

Қ. Тоқаев халықаралық кездесулер өткізді

16.11.2018

​Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

16.11.2018

Үнді бизнесмендеріне Қазақстандағы инвестициялық жобалар ұсынылды

16.11.2018

Д.Кәлетаев Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Азаматтық Форумның жұмысына қатысты

16.11.2018

Қазпошта 111 франчайзинг нүктесін ашты

16.11.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

16.11.2018

Астанада жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздарына құрмет көрсетті

16.11.2018

Шымкенттен Дубайға ұшатын рейс ашылады

16.11.2018

Шымкентте Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті

16.11.2018

Қостанайлық полицейлер жедел-профилактикалық шара кезінде мал ұрлығын ашты

16.11.2018

Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу