Қазақстан Республикасының Заңы № 83-VI ҚРЗ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Егемен Қазақстан
04.07.2017 1204
2

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16,  18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат;  № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат;  № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат;  № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14,  92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12,  57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат;  № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат;  № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат;  № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16,  90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128,  131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат;  № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат;  № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат;  № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144,  145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66,  72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат;  2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 10, 23-құжат; 2017 жылғы 19 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
540-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
«9) мыналарды:
жүргiзушi куәлiгiн бергенi үшiн – 125 пайыз;
көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкті бергенi  үшiн – 125 пайыз;
автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi  үшiн – 280 пайыз;
автомобильге цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергенi  үшiн – 5 700 пайыз;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергенi үшiн – 11 400 пайыз;
автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн – 13 700 пайыз;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергенi үшiн – 19 400 пайыз;
автомобильге цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi  үшiн – 22 800 пайыз;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергенi үшiн – 28 500 пайыз;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін (цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 707, 777, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) бергенi үшiн – 5 700 пайыз;
мотокөлiкке мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн –  140 пайыз;
автомобиль тiркемесiне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн – 140 пайыз;
көлiк құралын айдап әкелуге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн (транзиттiк) бергенi үшiн – 35 пайыз.
Ескертулер.
1. Мемлекеттік органның қарамағындағы автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері 280 пайызды құрайды.
2. Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгіcінің телнұсқаcын бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері автомобильге – 280 пайызды, мотокөлікке және автомобиль тіркемесіне 140 пайызды құрайды;».
 2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21,  122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1,  2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9,  46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15,  78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103,  105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124,  125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат;  № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар;  № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; 2017 жылғы 19 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 46-баптың төртінші бөлігі «құқығынан айыруды,» деген сөздерден кейін «көлік құралын масаң күйде басқару не» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 596-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «шығу» деген сөз «, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 601-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
«үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 613-бапта:
 төртінші бөліктің екінші абзацындағы «екі» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
он екінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «және жолаушылардың (жолаушының)», «олардың» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтағы «және жолаушыларға (жолаушыға)» деген сөздер алып тасталсын;
он үшінші бөліктің екінші абзацындағы «және жолаушыларға (жолаушыға)» деген сөздер алып тасталсын;
5) 720-баптың екінші бөлігіндегі «612 (үшінші бөлігінде)» деген сөздер «612 (бірінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23,  142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат;  2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж.,  № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22,  115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23,  143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-VI,  159-құжат):
1) 19-3-бапта: 
1-тармақтағы «құжаттамалардың осы Заңның» деген сөздер «құжаттаманың, осы Заңның, Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «техникалық регламенттермен» деген сөздер «техникалық регламенттерде және Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 19-4-бапта:
 1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жол қозғалысы қауiпсiздiгi мен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жол жүрісі қауiпсiздiгiн және» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жаяу жүргiншiлер тротуарлары мен велосипед жолдарының, қону алаңдарының, аялдама пункттерiнiң,  сондай-ақ бөлушi белдеулердiң, жер төсемiнiң жиектерi мен қырларының топырақ жамылғылары жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге» деген сөздер «жаяу жүргiншiлер мен велосипед жолдары тротуарларының, отырғызу алаңдарының, аялдама пункттерiнiң жабыны, сондай-ақ бөлу жолақтарының, жол жиектерiнің және жер төсемі еңістерінің беті Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін жағдайда болуға» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8,  44-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 22-II, 148-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
8-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұған қоса, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бақылау және профилактикалық іс-шаралардың орындалуын тексеруге құқылы.».
5. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9,  46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
2) тармақшаның бірінші абзацындағы «арнайы жобаланған және салынған (немесе реконструкцияланған)» деген сөздер «жобаға сәйкес арнайы салынған немесе реконструкцияланған» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ұғым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарға қолданылмайды;»;
6) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
10) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
11) тармақшадағы «көлiк құралдарының» деген сөздер «осы Заңда белгіленген тәртіппен көлiк құралдары мен жаяу жүргіншілердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) тармақшадағы «оның астанадағы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері» деген сөздер «оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) тармақшада:
бірінші сөйлемдегі «көлік құралын басқару құқығына сенімхат,» деген сөздер алып тасталсын; 
екінші сөйлем «шарт негізінде» деген сөздерден кейін «немесе мәмілені жазбаша нысанда ресімдеместен, олардың ерік білдіруі негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
39) тармақша «көлік құралы» деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
41) тармақша «қозғалтқышымен» деген сөзден кейін «не электрлі қозғалтқышпен» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 5-баптың 3) тармақшасындағы «көлік құралдары иелерінің және» деген сөздер «көлік құралдары иелерінің – үшінші тұлғалар алдындағы, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 10-баптың 24) тармақшасы алып тасталсын;
4) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
«16-1-бап. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын
 органдардың құзыреті
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың көлік құралдарын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді.»;
5) 19-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
«3) медициналық ұйымдар тәуекелi. Бұған:
жол-көлiк оқиғасы салдарынан зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсетпеу; 
көлік құралдарын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері немесе шектеулері бар адамдарды жол жүрісіне қатысуға жіберу тәуекелi жатады;»;
6) 23-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «жол жүрісі қауіпсіздігінің бас мемлекеттік инспекторлары» деген сөздер алып тасталсын;
10) тармақшада:
«және (немесе) жолаушы (жолаушылар)» деген сөздер алып тасталсын;
«оларға» деген сөз «оған» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 24-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) автомобиль жолдарына, жол құрылыстарына, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарына және теміржол өтпелеріне  зерттеп-қарау жүргізу нәтижелері бойынша акт;»;
8) 36-бапта:
1-тармақтағы «автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк» деген сөздер «осы Заңда, автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген жол жүрісі қауiпсiздiгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «жобаны орындаушыға» және «жұмыстарды орындаушыға» деген сөздер тиісінше «тапсырыс беруші мен жобаны орындаушыға» және «тапсырыс беруші мен жұмыстарды орындаушыға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «белгiленген» деген сөз «осы Заңның белгіленген талаптарына,» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 37-баптың 3-тармағында:
1) тармақшада:
«жол жүрісін ұйымдастырудың» деген сөздер «жол жүрісін реттеудің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 
2) тармақшадағы «өткізуді» деген сөз «өткізудің схемалары мен маршруттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 39-баптың 3-тармағының 8) тармақшасындағы «уәкілетті органның рұқсатынсыз» деген сөздер «схемалар мен маршруттарды уәкілетті органмен келіспей» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 42-1-баптың 2-тармағындағы «қағидаларына сәйкес және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған» деген сөздер «қағидаларына және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекітетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 51-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;
13) 52-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын: 
«52-бап. Көлік құралын тоқтату негіздері мен тәртібі»;
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «техникалық тіркеу құралы» деген сөздер «сертификатталған арнайы техникалық құрал және аспап» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3, 4-тармақтармен және ескертумен толықтырылсын:
«3. Көлік құралын осы баптың 1-тармағына сәйкес тоқтатқан жағдайда, ішкі істер органдарының қызметкері мынадай әрекеттерді дәйектілікпен жасауға:
1) көлік құралына кідірмей жақын келуге;
2) өзін таныстыруға және жүргізушінің талап етуі бойынша қызметтік куәлігін танысу және тегі мен лауазымын анықтау үшін көрсетуге;
3) көлік құралын тоқтату себебін түсіндіруге;
4) егер көлік құралы жүргізушісінің осы Заңның талаптарын және (немесе) жол жүрісі қағидаларын бұзуы сертификатталған арнайы техникалық құралдармен және аспаптармен тіркелсе, жүргізушіге тиісті материалдарды танысу үшін көрсетуге міндетті.
4. Көлік құралын тоқтатуға негіздер болған кезде және ішкі істер органдарының қызметкері осы баптың 3-тармағында белгіленген барлық әрекетті орындағаннан кейін жүргізуші ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талаптарын орындауға міндетті.
Ескерту. Осы бапта арнайы іс-шаралар деп құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар жүргізетін жедел-профилактикалық, жедел-іздестіру, күзет іс-шаралары және терроризмге қарсы операциялар түсініледі.»;
14) 54-бапта:
2-тармақта:
2) тармақшадағы «жай жазбаша нысанда» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
«3) жүргізушінің құжаттарын тексеруге құқығы бар лауазымды адамнан көлік құралын тоқтату себебіне түсіндірме алуға, бұл ретте  фото- және бейнетүсірілім жүргізуге;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) мотоциклді басқарған кезде түймеленген мотошлем киюге және түймеленген мотошлем кимеген жолаушыларды тасымалдамауға;»;
4-тармақта:
7) тармақшадағы «реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерінен масаң күйдегі, сырқат немесе шаршаулы күйдегі» деген сөздер «масаң күйдегі, реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерінде болған, сырқат немесе шаршаңқы күйдегі» деген сөздермен ауыстырылып, «көрсетілмеген адамдарға» деген сөздерден кейін «не көлік құралын басқару құқығы жоқ немесе басқару құқығынан айырылған адамдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
36) тармақшаның бесінші абзацындағы «санынан артық» деген сөздер «орындардың санынан артық тасымалдауға» деген сөздермен ауыстырылып, алтыншы абзацы алып тасталсын; 
15) 55-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
16) 56-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жаяу жүргінші:
1) тротуарлармен және жол жиектерімен, жаяу жүргінші жолдарымен және жүруге жайластырылған және ыңғайластырылған басқа да жерлермен жүріп-тұруға;
2) жолдың жүретін бөлігін жаяу жүргінші өткелдерімен, оның ішінде жерасты және жерүсті өткелдерімен, көрінетін жерде олар болмаған кезде – тротуарлардың немесе жол жиектерінің бойымен жол қиылыстарында, көрінетін аймақта өткел немесе жол қиылысы болмаған кезде жолдың жүретін бөлігінің шетіне тік бұрышпен кесіп өтуге;
3) жаяу жүргінші өткелінен тыс жерде жолдың жүретін бөлігін кесіп өткен кезде көлік құралдарының жүрісіне кедергі келтірмеуге және жақындап қалған көлік құралдарының жоқ екендігіне көз жеткізбестен,  маңайды шолуды шектейтін тоқтап тұрған көлік құралының тасасынан шықпауға;
4) реттелмейтін жаяу жүргінші өткелдерінде жолдан өту өзі үшін қауіпсіз болатынына сенімді болғаннан кейін ғана жолдың жүретін бөлігіне шығуға;
5) маршрутты көлік құралы мен таксиді – аялдама пункттерінде, ал олар болмаған кезде – тротуарда немесе жол жиегінде күтуге міндетті.»;
17) 57-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы «сүйретуге тыйым салынады.» деген сөздер «сүйретуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) жаяу жүргінші өткелімен жүруге тыйым салынады.»;
18) 66-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
«цифрлық» деген сөз «цифрлық және (немесе) әріптік» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 73-бапта:
14-тармақтағы «Кәсiпкерлiк» деген сөз «Еуразиялық экономика­лық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда, кәсiпкерлiк» деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтың бірінші бөлігі алып тасталсын;
20) 74-бапта:
 2-тармақта:
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын: 
«Tm» санатындағы көлік құралдарын – жиырма бір жасқа толған адамдарға;»;
бесінші абзацтағы «, «Tm» деген сөз алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «он тоғыз» деген сөздер «он сегіз» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 75-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырғаннан және» деген сөздер алып тасталсын;
22) 80-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «беруге;» деген сөз «беруге құқылы.» деген сөздермен ауыстырылып, 9) тармақшасы алып тасталсын;
23) 83-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заңның 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1-тармағын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 3 шілде
№ 83-VI ҚРЗ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2018

Елбасы көрмесі – Атырауда

19.09.2018

Таразитану қарлығаштары

19.09.2018

Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастығы дамуға бағытталуда

19.09.2018

Қылқалам шеберінің дара жолы

19.09.2018

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тағайындалды

19.09.2018

Сенат Төрағасы Бразилияның жаңа елшісіне тілектестігін білдірді

19.09.2018

Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр

19.09.2018

Жанат Шаймерденов  «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды

19.09.2018

Алматыда «ANQ 2018» XVI Азия Сапа Конгресі өтуде

19.09.2018

Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Алматы қаласына барды

19.09.2018

Білім жарысында болашақ экономистер

19.09.2018

Петропавлда жылу беру маусымы басталды

19.09.2018

Астанада әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды дамыту декларациясы қабылданады

19.09.2018

«Барыс» Омбының «Авангард» клубынан 3:4 есебімен ұтылды

19.09.2018

Қостанайлық  спортшы қыз Азия мен Океания чемпионатынан қос алтын медаль әкелді

19.09.2018

Көп көрсеткішке көңіл толмайды

19.09.2018

Елбасы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

19.09.2018

Аралдағы жатақхана туралы ақпарат негізсіз

19.09.2018

Оралда Құрманғазы Сағырбайұлының мерейтойы аясында республикалық конференция өтті

19.09.2018

Өскеменде Қазыбек би даңғылы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу