Қазақстан Республикасының Заңы (12.05.2017)

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Егемен Қазақстан
12.05.2017 2768
2

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; №7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; №7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
1) 476-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алымды (бұдан әрі – алым) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны, авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын, азаматтық әуе кемесінің типін, азаматтық әуе кемесінің данасын, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды, әуеайлақтың жарамдылығын, тікұшақ айлағының жарамдылығын, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган алады.»;
2) 476-3-бапта:
5, 6 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с №    Әуеайлақ сыныбы (санаты)    Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)
1    2    3
1.    А немесе Б немесе В сыныбы /санатталмаған    1349
2.    А немесе Б немесе В сыныбы /І санат    1604
3.    А немесе Б немесе В сыныбы /ІІ немесе ІІІ санат    2078


6. Тікұшақ айлағының жарамдылығын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды: 
Р/с №    Тікұшақ айлағының типі    Тікұшақ айлағының сыныбы    Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)
1    2    3    4
1.    Жер беті деңгейінде орналасқан    Жабдықталмаған I, II, III сынып    364
2.        Ішінара жабдықталған I, II, III сынып    419
3.        Жабдықталған I, II, III сынып    510
4.    Жерден сәл биікте    Жабдықталмаған I, II, III сынып    328
5.        Ішінара жабдықталған I, II, III сынып    382
6.        Жабдықталған I, II, III сынып    437
7.    Палубалық тікұшақ айлағы немесе тікұшақ палубасы    Жабдықталмаған I, II, III сынып    255
8.        Ішінара жабдықталған I, II, III сынып    309
9.        Жабдықталған I, II, III сынып    328

 »;
«9. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды: 
Р/с №    Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің штат саны     Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)
1    2    3
1.    201 және одан көп адам    12 600
2.    101 адамнан 200 адамға дейін    324
3.    51 адамнан 100 адамға дейін    313
4.    21 адамнан 50 адамға дейін    302
5.    11 адамнан 20 адамға дейін    190
6.    10 адамға дейін    180
Ескертпе: сертификаттың қызмет саласы кеңейтілген кезде     Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесінің 10%-ы 

 »;
10-тармақ алып тасталсын.
2. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; №7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; №7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; №7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21,122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; №7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат):
2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Азаматтық авиация саласындағы медициналық куәландыру, медициналық қарап-тексеру Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; №7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; №7-I, 49, 50-құжаттар; №7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 565-1 және 565-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«565-1-бап. Азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзу
565-2-бап. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің түзету іс-қимылдары жоспарын орындамауы не тиісінше орындамауы немесе хабарлама ұсынбауы»;
570-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
«570-бап. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу»;
2 ) 441-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 564-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салу белгiленген жекелеген қоғамдық орындарда темекi бұйымдарын тұтыну –»;
3) 563-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ұшу қауіпсіздігіне анық қатер төну және авиациялық оқиғаны болғызбау жағдайларын қоспағанда, әуе трассаларынан, маршрут осьтерінен белгіленген нормалардан артық қашықтыққа ауытқуы;»;
4) 564-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әуе кемесіндегі жолаушылар ретіндегі адамдардың ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдай жасауы –»;
5) мынадай мазмұндағы 565-1 және 565-2-баптармен толықтырылсын:
«565-1-бап. Азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзу
1. Авиациялық медициналық сарапшының ұшуды орындау үшін қауіп төндіретін, азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды сақтамауы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Әуе кемелерінің ұшуын орындаумен және қамтамасыз етумен, әуе қозғалысына қызмет көрсетумен тікелей байланысты адамның өзіне белгілі және ұшуды орындау үшін қауіп төндіретін ауруының болуы туралы ақпаратты медициналық куәландырудан өту кезінде жасыруы –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
565-2-бап. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің түзету іс-қимылдары жоспарын орындамауы не тиісінше орындамауы немесе хабарлама ұсынбауы 
Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты иесінің түзету іс-қимылдары жоспарын белгіленген мерзімдерде орындамауы не тиісінше орындамауы немесе аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріндегі өзгерістер туралы хабарламаны ұсынбауы – 
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
6) 566-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұялы байланыс пен радиоэлектрондық құралдарды әуе кемесінің бортында «ұшуда» деген автономды режимде пайдалануды қоспағанда, ұшудың барлық кезеңдерінде әуе кемесінің бортында ұялы, транкингтік байланыс қызметтерін, әуе кемесін жүргізу, биіктікке көтерілу, қонуға бет алу кезеңдерінде радиоэлектрондық құралдар мен тұрмыстық мақсаттағы жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану –
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
7) 570-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«570-бап. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу 
1. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамау не тиісінше орындамау –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – қырық, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
8) 691-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 230 (екiншi бөлiгiнде) (темiржол көлiгiмен, теңiз және iшкi су көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 464 (бірінші бөлігінде), 564 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 565, 580, 581 (бірінші бөлігінде), 582, 583 (бірінші бөлігінде), 589, 625 (теңiз және әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтар бөлiгiнде), 633, 634-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.»;
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде) (әуе көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 563 (бірінші бөлігінде), 564 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған, бесінші бөлігінде көзделген бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда), 565, 565-1, 565-2, 567, 568, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 570, 571 (бiрiншi бөлiгiнде), 589, 623 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар жасағаны үшін), 626-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.»;
үшінші бөліктің 2) тармақшасы «жасалған» деген сөзден кейін «, бесінші бөлігінде көзделген» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 804-баптың бірінші бөлігінің 24) және 25) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«24) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның (462, 563 (екінші бөлігі), 564 (бесінші бөлiгi), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктері)-баптар);
25) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның (416 (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463-баптар);».
4. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-I, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 60-құжат):
24-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Азаматтық авиация саласындағы көлік инфрақұрылымының объектілеріне келетін жолаушылар мен адамдарды жете тексеру Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.». 
5. «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
3-баптың 8) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«саны жылына үш жүз мың адамнан аз жолаушыларға қызмет көрсететін әуежайлар бойынша;».
6. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 24, 124-құжат):
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға және авиация қызметіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы экономикасының, жеке және заңды тұлғалардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әуе кеңістігі мен авиация қызметін пайдалану тәртібін айқындайды.»;
2) 1-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) авиациялық қауіпсіздік – азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау, оған шаралар кешенін іске асыру мен адами және материалдық ресурстарды тарту арқылы қол жеткізіледі;»;
мынадай мазмұндағы 6-1), 10-1), 10-2), 10-3), 10-4) және 16-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйін шолу – заңсыз араласу актiлерiн жасау үшін қолданылуы мүмкін осал тұстарды анықтауды және түзету іс-қимылдарына қатысты ұсынымдар әзірлеуді қамтитын қауіпсіздік саласындағы қажеттіліктерді бағалау;»;
«10-1) авиациялық медициналық орталық – азаматтық авиация саласында медициналық куәландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
10-2) авиациялық медициналық орталықтың сертификаты – авиациялық медициналық орталықтың сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;
10-3) авиациялық медициналық сарапшы – медициналық куәландыруды жүргізу жолымен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын, авиациялық медициналық сарапшының сертификаты бар жеке тұлға;
10-4) авиациялық медициналық сарапшының сертификаты – авиациялық медициналық сарапшыға медициналық куәландыру жүргізу және медициналық сертификат беру құқығын беретін, белгіленген үлгідегі құжат;»;
«16-1) азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдар – азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын және әуе көлігінің қауіпсіздігін, тұрақтылығын, тиімділігін қамтамасыз етуге және оның басқа да мәселелерін реттеуге бағытталған авиациялық қағидаларды қабылдайтын халықаралық ұйымдар;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымның авиа­циялық қағидалары – азаматтық авиация қызметінің жекелеген аспек­тілерін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды регламенттейтін, аза­маттық авиация саласындағы халықаралық ұйым қабылдаған талап;»;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) азаматтық-әскери үйлестіру жүйесі – авиацияның барлық түрінің әуе кеңістігін қауіпсіз және тиімді пайдалануына бағытталған іс-шаралар кешені;»;
28-1), 29), 29-1), 39), 44) және 49) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«28-1) аэронавигациялық қызмет көрсету – әуе қозғалысын ұйымдастыруды, байланыс, навигация және байқау жүйелерін ұсыну­ды, ұшуларды метеорологиялық жағынан және іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді, аэронавигациялық ақпарат беруді қамтитын қызмет. 
Бұл қызмет көрсету түрлері әуе кеңістігін пайдаланушыларға ұшу­дың барлық кезеңдерінде (қонуға жақындағанда, әуеайлақ ауданында және маршрутта) ұсынылады;
29) аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші – әуе қозғалысының ұйымдастырылуын және (немесе) басқа да аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;
29-1) аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты – аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;»;
«39) әуежайдың бақыланатын аймағы – оларға кіру бақыланатын әуежайдың (әуеайлақтың) жұмыс алаңы, оған іргелес жатқан аумақ және жақын орналасқан ғимараттар немесе олардың бір бөлігі;»;
«44) әуе кемесінің сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы – азаматтық әуе кемесінің тип сертификатында немесе ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген, әуе кемесінің рұқсат етілген ең жоғары ұшып көтерілу массасы;»;
«49) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы – әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету органы, ұшу ақпаратының орталығы немесе аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысына қызмет көрсетуіне қатысты хабарламаларды жинау пункті;»;
мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:
«51-1) әуе қозғалысын ұйымдастыру – барлық тараптармен ынты­мақтастықта құралдарды ұсыну және үздіксіз қызмет көрсету жолымен және борттағы және жерүсті функцияларын пайдалана отырып, әуе қозғалысына қызмет көрсетуді, әуе кеңістігін ұйымдастыру мен әуе қозғалысы ағындарын ұйымдастыруды қоса алғанда, қауіпсіз, үнемді және тиімді түрде жүзеге асырылатын әуе қозғалысы мен әуе кеңістігін серпінді әрі интеграциялы ұйымдастыру;»; 
53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«53) әуе трассасы – дәліз түрiндегi бақыланатын әуе кеңiстiгi (немесе оның бір бөлігі);»;
мынадай мазмұндағы 53-2) және 54-1) тармақшалармен толық­тырылсын:
«53-2) борттағы өздігінен жазатын құрал – авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу үшін қосымша мәліметтер көзі ретінде әуе кемесінің бортында орналастырылатын кез келген өздігінен жазатын аспап;»;
«54-1) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші – әуежайды пайдаланушыны және өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүктер мен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпанияны қоспағанда, әуежай аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға;»;
55-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«55-1) инспекторлық нұсқама – анықталған бұзушылықтарды жою үшін жеке немесе заңды тұлғаларға мемлекеттік бақылау мен қадаға­лау нәтижелері бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкі­летті органның мемлекеттік авиация инспекторы берген жеке сипаттағы акт;»;
мынадай мазмұндағы 57-1) тармақшамен толықтырылсын:
«57-1) кіру шектелген күзетілетін аймақ – әуежайдың бақыланатын аймағының ең жоғары тәуекел аймақтарымен айқындалған, қауіпсіздік мақсатында оларда кіруді бақылаудан өзге бақылаудың басқа да шаралары қолданылатын учаскелері;»; 
58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«58) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемле­кеттік тiзiлiмi – Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кеме­лерін, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргiзiлетiн құжат;»;
мынадай мазмұндағы 63-1), 63-2), 65-1) және 66-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«63-1) медициналық қарап-тексеру – авиациялық персоналдың ауруының болуын немесе болмауын анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын, сондай-ақ уақытша еңбекке қабілетсіздігін, жұмысқа шығатын ауысымындағы кәсіптік жарамдылығын айқындау;
63-2) медициналық сертификат – медициналық куәландырудың оң нәтижелері бойынша берілетін, өтініш берушінің денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығына қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын және кәсіптік қызметке рұқсат беруді қамтамасыз ететін, белгіленген үлгідегі құжат;»; 
«65-1) нұсқамалық материал – сертификаттауды жүргізу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын біркелкі қолдану, сондай-ақ сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктерді әртүрлі санаттарға жатқызу мақсатында, процес­тер мен рәсімдердің сипаттамасын қамтитын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік авиациялық инспекторларына арналған құжат;»;
«66-1) пилотсыз ұшу аппараты – бортында пилотсыз (экипажсыз) ұшуды орындайтын және ұшуда оператор басқару пунктінен автоматты түрде немесе көрсетілген тәсілдерді үйлестіре отырып басқаратын әуе кемесі;»;
67) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«67) тергеп-тексеру – авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны болғызбау мақсатында жүргізілетін, оның себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтауды қоса алғанда, ақпаратты жинауды және талдауды, қорытындылар әзірлеуді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеуді қамтитын процесс;»;
мынадай мазмұндағы 76-1), 81-1), 81-2) және 81-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«76-1) ұшуға жарамдылық жөніндегі директива – қозғалтқыштар мен әуе қалақтарын, әуе кемесінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ әуе кемесінің жинақтауыштарын түрлендіруге, ауыстыруға қатысты немесе әуе кемесіне тексеру жүргізудегі және (немесе) оны пайдаланушылық шектеулерге және оны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа түзетулер енгізудегі талаптарды қоса алғанда, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын қолдауға бағытталған ақпарат;»;
«81-1) Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) – әуе қатынасы қауіпсіздігін, сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті халықаралық нормаларды белгілейтін және азаматтық авиацияға байланысты барлық салада халықаралық ынтымақтастықты үйлестіруді жүзеге асыратын Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі;
81-2) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарты – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) қабылдайтын, біркелкі қолданылуы халықаралық аэронавигацияның қауіпсіздігін немесе тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет болып танылатын физикалық сипаттамаларға, конфигурацияға, материалдық бөлікке, техникалық сипаттамаларға, персоналға немесе қағидаларға қойылатын талап;
81-3) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ұсынылатын практикасы – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) қабылдайтын, біркелкі қолданылуы халықаралық аэронавигацияның қауіпсіздігі, тұрақтылығы немесе тиімділігі мүдделерінде дұрыс болып танылатын физикалық сипаттамаларға, конфигурацияға, материалдық бөлікке, техникалық сипаттамаларға, персоналға немесе қағидаларға қойылатын талап;»;
87) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«87) экипаж мүшесінің куәлігі – экипаж мүшелеріне, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде азаматтық әуе кемесінің қауіпсіз­дігін қамтамасыз ететін персоналға берілетін, белгіленген үлгідегі құжат.»;
3) 7-баптың тақырыбы, 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы басқа да халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларын қолдану
1. Қазақстан Республикасының аумағында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын қолдану Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, оларға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы не оларда Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) нақты стандарттары мен ұсынылатын практикасын қолдану бойынша сілтемелер көрсетіле отырып жүзеге асырылады.
2. Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидалары, егер олар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуы мүмкін және көрсетілген авиациялық қағидаларда көзделген талаптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарында жазылған талаптардан төмен болмауға тиіс. 
Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларында қамтылған жекелеген талаптар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілуі мүмкін.
Типін шет мемлекеттің авиация биліктері сертификаттаған азаматтық авиацияның әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларын ағылшын тілінде қолдануға құқылы.»; 
4) 10-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1-бап. Жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексеру түрлері
1. Жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі (бұдан әрі – ұшу қауіпсіздігі) мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) ішінара;
2) жоспардан тыс.
Ішінара тексеруді тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және (немесе) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкестігіне жүргізілген бұрынғы тексерулерге қатысты белгіленген уақыт аралықтарын ескере отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен тұрақты қадағалау бағдарламасы негізінде азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласында қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаға, әуе кемелеріне және (немесе) олардың компоненттеріне, әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ететін жабдыққа қатысты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.
Жоспардан тыс тексеруді Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және (немесе) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкестігіне азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласында қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаға, әуе кемелеріне және (немесе) олардың компоненттеріне, әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ететін жабдыққа қатысты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.
Мақсаттарына қарай ішінара және жоспардан тыс тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласында қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаны, оның ішінде осындай адам­ның ұшуды ұйымдастыруын, дайындауын және орындауын тексеру;
2) азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаны тексеру;
3) шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексерулер.
2. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, ішінара және жоспардан тыс тексерулер еңбек тәртібінің қағидаларында белгі­ленген, тексерілетін субъектінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру бұзушылықтар тікелей жасалған кезде олардың жолын кесу қажет болған жағдайларда жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақыт, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.»;
5) 10-2-баптың 7) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету;»;
«11) медициналық куәландыру, медициналық қарап-тексеру, жолаушыларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;»;
6) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиа­циялық қауіпсіздік талаптарын сақтауына тексерулер жүр­гізу тәртібі
1. Жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауына тексерулерді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қажеттілік және жеткіліктілік қағидатына сәйкес жүргізеді.
2. Тексеруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік авиация инспекторы (бұдан әрі – мемлекеттік авиация инспекторы) нұсқамалық материалды пайдалана отырып жүзеге асырады.
3. Тексеру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның тек­серу жүргізу туралы бұйрығының негізінде жүргізіледі, онда тек­серу­ді жүзеге асыратын адам, тексерудің басталу мен аяқталу мерзім­дері, сондай-ақ тексерілетін жеке немесе заңды тұлғаның деректері көрсетіледі.
4. Мемлекеттік авиация инспекторлары тексеру кезінде тексеру жүргізу туралы бұйрықты және қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті. Тексеру жүргізу туралы бұйрықтың көшірмесін тексерілетін тұлғаға табыс ету кезі тексеру жүргізудің басталуы болып саналады.
5. Тексеру жүргізу туралы бұйрықтың көшірмесін қабылдаудан бас тар­тылған немесе тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік авиа­ция инспекторының объектілерге кіруіне және (немесе) тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда хаттама жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік авиация инспекторы мен тексерілетін тұлға не оның уәкілетті өкілі қол қояды.
Тексерілетін тұлға бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеру жүргізу туралы бұйрықты алудан бас тарту тексерудің күшін жою үшін негіз болып табылмайды.
6. Тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік авиация инспекторы тексеру нәтижелері бойынша екі данада тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның атауы;
3) соның негізінде тексеру жүргізілген, тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеруді жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) тексерілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не заңды тұлғаның атауы мен деректемелері, ал шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне тексеру жүргізілген жағдайда – барлық тексерілетін жеке немесе заңды тұлғалардың және тексеру жүргізу кезінде қатысқан өзге де адамдардың тиісінше тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке бас­ты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не атауы мен деректемелері;
6) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі;
7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушы­лықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
8) тексерілетін жеке немесе заңды тұлғаның, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы туралы жазба;
9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы көрсетіледі.
Тексерілетін тұлға тексеру нәтижелеріне Қазақстан Республи­касының заңнамасында көзделген тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға не сотқа шағымдануға құқылы. 
Жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың), сараптамалардың қорытындылары және тексеру нәтижелеріне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері (олар болған кезде) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі.
7. Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсы­лықтар болған жағдайда, тексерілетін тұлға оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса берілуі мүмкін, ол туралы тиісті белгі жасалады.
8. Тексерілетін тұлғаның қолындағы түпнұсқа құжаттардың көшір­мелерін қоспағанда, қосымшаларының көшірмелерімен бірге тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар жасау үшін тексерілетін тұлғаға не оның уәкілетті өкіліне табыс етіледі.
9. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңіс­тігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасын бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.»;
7) 12-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұшу қауіпсіздігіне және авиациялық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайда, мемлекеттік авиация инспекторы әуе кемесін пайдалануды не инспекцияланатын пайдаланушының немесе азаматтық авиа­ция ұйымының белгілі бір әрекеттерін тоқтату туралы талаппен инспекторлық нұсқама береді.»; 
8) мынадай мазмұндағы 12-2-баппен толықтырылсын:
«12-2-бап. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және ұсынылатын практикасына сәйкес авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын әзірлейді, ол: 
1) белгілі бір қағидаларды, практикаларды және рәсімдерді енгізу арқылы азаматтық авиацияны заңсыз араласу актiлерiнен қорғауды қамтамасыз етеді; 
2) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асырады;
3) авиациялық қауіпсіздік саласындағы саясатты, мақсаттарды және міндеттерді айқындайды;
4) әуежайларды, әуе кемелерін және аэронавигациялық құралдарды заңсыз араласу актілерінен қорғау жөніндегі талаптарды белгілейді.»;
9) 13-бапта:
5) тармақша алып тасталсын;
44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«44) Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын бекітеді;»;
52) тармақша алып тасталсын;
10) 14-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес нұсқамалық материалдарды әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ ұшуға жарамдылық жөніндегі директиваларды шығарады;
2-2) әуе кеңістігін пайдалануды ұйымдастыру кезінде азаматтық-әскери үйлестіру жүйесін орнату және ұстау үшін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
2-3) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемле­кеттік тізілімін жүргізеді;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) азаматтық және эксперименттік авиацияның әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтарды есепке алуды жүргізеді, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтардың барлық оқиғалары бойынша мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен өзара ақпарат алмасуды жүзеге асырады;»;
9) тармақша алып тасталсын;
10), 15-1), 16), 17), 18) және 19) тармақшалар мынадай редакция­да жазылсын:
«10) шет мемлекеттердің авиация биліктерімен және мамандан­дырылған халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ынтымақтастық, тәжірибе және азаматтық авиацияға қатысты ақпарат алмасу туралы екіжақты келісімдер жасасу арқылы халықаралық ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуді жүзеге асырады;»;
«15-1) радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін мең­геру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларын бекітеді;»;
«16) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-қосымшада көзделген авиация персоналына жататын және Қазақ­стан Республикасының заңнамасына сәйкес жеңіл және аса жеңіл авиацияның авиация персоналына жататын адамға оның қажетті бiлiмi мен дағдыларының бар екенін, сондай-ақ оның денсаулығының белгіленген талаптарға сай екенін растайтын, кәсiптiк қызметті жүзеге асыру құқығына арналған авиация персоналының куәлігін береді, куәліктің қолданылу мерзімін ұзартады, мұндай куәлiктi кері қайтарып алады, оның қолданылуын тоқтата тұрады, куәлікке білік­тілік белгілері мен арнайы белгілерді енгізеді;
17) сертификаттауды және азаматтық әуе кемелерін пайда­ланушының сертификатын, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті, авиациялық оқу орталығының сертификатын, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын, тип сертификатын, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын, авиациялық медициналық орталықтың сертификатын беруді жүзеге асырады;
18) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген қолданыстағы сертификаттарға (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерге) өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сертификаттарды (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерді) беруден бас тартады, иелері сертификаттау талаптарын сақтамаған кезде, сертификаттарды (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерді) қайтарып алады, олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
19) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруді жүзеге асырады, сондай-ақ жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының ұшуды орындау құқығына арналған куәлігін таниды, өзгертеді, шектейді, қолданылуын тоқтата тұрады немесе кері қайтарып алады;»;
мынадай мазмұндағы 19-1) және 19-2) тармақшалармен толық­тырылсын:
«19-1) Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеуді жүзеге асырады;
19-2) осы Заңда белгіленген жағдайларда әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тартады;»;
27) және 30) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«27) әуежайдың және Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Рес­публикасының әуежайларына тұрақты ұшуды орындайтын шет мем­лекеттердің азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың, аэро­­на­­вигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды келісуді жүзеге асырады;»;
«30) авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) әуе кемелерін пайдаланушылардың, әуеайлақтарды (әуежайларды) пайдаланушылардың, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілердің, авиациялық оқу орталықтарының, техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдардың, жете тексеруді жүзеге асыратын авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің, авиациялық медициналық орталықтардың, авиациялық медициналық сарапшылардың қызметіне қадағалауды жүзеге асырады;»;
41-4), 41-17) және 41-18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«41-4) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиа­циядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;»; 
«41-17) азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
41-18) азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;»;
41-21) тармақша алып тасталсын;
41-23), 41-27) және 41-28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«41-23) жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларын бекітеді;»;
«41-27) аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэро­нави­гациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекітеді;
41-28) авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекітеді;»;
41-29) және 41-34) тармақшалар алып тасталсын;
41-42) тармақшадағы «электржарықпен» деген сөз «электр жарығымен» деген сөздермен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы 41-68), 41-69), 41-70) және 41-71) тармақшалармен толықтырылсын:
«41-68) авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медици­налық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекітеді; 
41-69) авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындайды;
41-70) авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларын бекітеді;
41-71) азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекітеді;»;
11) 15-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) мемлекеттік авиацияның Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзуын есепке алуды жүргізеді, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтардың барлық жағдайлары бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен өзара ақпарат алмасуды жүзеге асырады;»;
12) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау
1. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиа­ция қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының, әуе кемелерінің, әуеайлақтардың және авиациялық көрсетілетін қызметтердің сәйкестігі расталады.
2. Адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономиканың, жеке және заңды тұлғалардың сапалы авиациялық көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру сертификаттаудың мақсаттары болып табылады.
3. Осы Заңда белгіленген жағдайларда сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық авиа­ция пайдаланушылары мен ұйымдарына қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкестікке сертификаттық зерттеп-қарауды нұсқамалық материалды пайдалана отырып жүзеге асырады.
5. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде өтініш беруші мәлімделген қызмет түрін орындау үшін қажетті қабілеттілігі мен құралдарын, сондай-ақ өзінің қаржылық-экономикалық жағдайын және құқық қабілеттілігін көрсетуге міндетті.
Сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелері өтініш берушілерге танысу үшін ұсынылады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтініш беруші сертификаттау талаптарына сәйкес келген және ол сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікке тікелей ықпал ететін сәйкессіздіктерді жойған кезде өтініш берушіге сертификат (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік) береді.
6. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер: 1-санат, 2-санат және 3-санат болып үш санатқа бөлінеді.
1-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде ол жойылуға тиіс сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
2-санатқа азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
3-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
7. 3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктері негізге алына отырып, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өтініш берушінің қабілетсіздігімен сипатталады.
3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификат (авиа­ция­лық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік) беруден бас тар­тады не өтініш беруші анықталған сәйкессіз­дік­терді жойған кезге дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңіс­тігін пайдалану және авиа­­ция қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгі­лен­ген жағдайларда және тәртіппен сертификаттың (авиациялық жұмыс­тарды орындау құқығына арналған куәліктің) қолданысын шектейді.
8. 2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган:
1) анықталған сәйкессіздікті жою үшін ол анықталған кезден бас­тап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелерімен танысқан кезден бастап он жұмыс күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
2) өтініш беруші ұсынған анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекітеді не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.
Өтініш беруші түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді өзгерту қажеттілігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оны ұзартады.
9. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтініш берушінің түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын тексеру жүргізу жолымен бақылайды.
Егер өтініш беруші түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаса немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса, 2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік 3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздікке айналады және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті) беруден бас тартады немесе бұрын берілген сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті) кері қайтарып алады.
1-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.
10. Сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті) беруден бас тарту, егер:
1) осы баптың 7-тармағында көзделген сәйкессіздіктер анықталған;
2) өтініш берушіге қатысты оған қызметтердің осы түрін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда жүргізіледі.»;
13) 16-1-баптың тақырыбы, 1, 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1-бап. Ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті 
қамтамасыз етуді тұрақты қадағалау
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне тұрақты қадағалауды жүзеге асырады.
Ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдары жатады.»;
«3. Мемлекеттік авиациялық инспекторлар осы баптың 2-тарма­ғында көзделген тексеру кезінде: 
1) нұсқамалық материалды пайдалана отырып оны жүзеге асыруға;
2) тексерілетін жеке және заңды тұлғаларға ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша олардың қызметін қадағалаудың тиісті нәтижелерін беруге;
3) бұрынғы қадағалаудың, оның ішінде жоспардан тыс тексеру­лердің нәтижелеріне және азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздігін басқарудың белгіленген жүйесі шеңберінде ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік саласындағы басымдықтарға негізделуге;
4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Заңның 16-3-бабына сәйкес шаралар қабылдау үшін бұзушылықтардың жоқ екені немесе бар екені туралы мәліметтерді ұсынуға тиіс.
4. Тұрақты қадағалау азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарына тексерулер жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасының шегінде немесе одан тыс жерлерде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген сертификаттар (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктер) негізінде азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыру кезінде сертификаттау талаптарын үнемі сақтайтынын растайтын ақпаратты, құжаттарды береді және мемлекеттік авиация инспекторларының өздерінің қарауындағы жерлер мен аймақтарда сертификаттау нысанасы болып табылатын ақпаратқа, құжаттарға, бұйымдарға, бөлшектер мен жабдыққа қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.»;
14) 16-2-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жыл сайы­н тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны қабылдайды, бұл сертификатталған азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының сертификаттау талаптарына және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін ұстау бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралар кешенін білдіреді.»;
«3. Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама сертификаттың (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктің) қолданылу мерзімі ішінде азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдары қызметінің барлық аспектілері ескеріле отырып, тексерулердің мерзімділігін, қадағалау мәселелері бойынша азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының лауазымды адамдарымен өзара іс-қимыл жасауды және жүргізілген тексерулер нәтижелерін есепке алуды қамтиды.»;
15) 16-3-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ұшу қауіпсіздігіне және авиациялық қауіпсіз­дікке тікелей қатер төндіретіндей елеулі бұзушылықтар бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға жатады.»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Екінші деңгейдегі бұзушылықтар болған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган:
1) анықталған бұзушылықтарды жою үшін бұзушылық анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді. Азаматтық авиа­ция пайдаланушысы немесе ұйымы анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және тек­серу нәтижелерімен танысқан немесе инспекторлық нұсқама алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
2) азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы ұсынған, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекітеді не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.
Азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімдерді өзгерту қажеттігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оларды ұзартады.
7. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының түзету іс-қимылдарының жос­парын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын тексеру жүргізу жолымен бақы­лайды.
Егер азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаса немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса, екінші деңгейдегі бұзушылық бірінші деңгейдегі бұзушылыққа айналады және осы баптың 5-тармағында көзделген шаралар қабылданады.»;
16) 16-4-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«16-4-бап. Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қам­та­масыз етуді бақылау»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қызметі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сертификаттауы­на жатпайтын, бірақ осы Заңның 10-2-бабында көзделген қызметке жататын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиа­циялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне бақылауды жүзеге асырады.»;
2-тармақта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бақылау жеке және (немесе) заңды тұлғаларды ішінара және жоспардан тыс тексеру, ұшу қауіпсіздігінің талаптарын сақтаудағы олардың қызметін байқау және талдау, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйін шолу және авиациялық қауіпсіздік жүйесін сынау арқылы жүзеге асырылады.
Ішінара тексерулерді жүргізу нұсқамалық материалдар пайдаланыла отырып және тексерулер жүргізу графигінде белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.»;
үшінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) егер оларға қатысты ішінара тексеру белгіленген болса, тексерілетін жеке тұлғаның тегінің, атының, әкесінің атының (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе тексерілетін заңды тұлға атауының өзгеруі, сондай-ақ оның қайта ұйымдастырылуы;»;
17) 16-5-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перронда тексеруді нұсқамалық материалды пайдалана отырып мемлекеттік авиация инспекторлары жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тиісті әуеайлақтардағы пайдаланушылар саны, әуе кемелерінің типі және қону саны, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдер дәрежесі ескеріле отырып, есептеу әдісіне негізделген, шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне перронда тексеру жүргізудің жылдық графигін қабылдайды.»;
3-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) егер тексерілетін шетелдік пайдаланушыға қатысты ішінара тексеру белгіленсе, оны қайта ұйымдастыру және атауын өзгерту;»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұзушылықтарды осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген санаттарға жатқызу шарттары нұсқамалық материалда айқындалады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Үшінші санаттағы бұзушылық анықталған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның:
1) пайдаланушыға анықталған сәйкессіздік туралы жазбаша хабарлауға және түзету іс-қимылдары қабылдануының дәлелде­меле­рін талап етуге;
2) пайдаланушы мемлекетінің және қажет болған кезде, әуе кемесін тіркеген және ұшу экипажы куәліктерін берген мемлекеттің құзыретті биліктеріне хабарлауға, сондай-ақ пайдаланушы қабылданған түзету іс-қимылдарын келісу туралы тиісті құзыретті биліктерден растау сұратуға; 
3) әуе кемесін пайдалануға шектеу қоюды белгілеуге не анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шұғыл түзету іс-қимылдарын қабыл­дауды талап етуге не Қазақстан Республикасының аумағында әуе кеме­сін пайдалануға дереу тыйым салуды енгізуге не осы баптың 7-тар­мағының шарттарына сәйкес әуе кемесін жерде кідіртуге құқығы бар.»; 
18) 16-6-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық және эксперименттік авиация саласында сертификаттауды, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы мемлекеттік авиация инспекторы болып табылады.
Мемлекеттік авиация инспекторлары әуе кемелерінің ұшуын орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысына қызмет көрсету бөлігінде арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, сондай-ақ қаржылық-экономикалық және құқықтық қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыратын азамат­тық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары қатарынан тағайындалады.
Мемлекеттік авиация инспекторларының санын Қазақстан Республикасында коммерциялық авиация мен жалпы мақсаттағы авиацияның азаматтық әуе кемелері орындайтын ұшу жұмысының ауқымдарына қарай азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өзінің бекітілген штат саны шегінде айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік авиация инспекторлары санаттарына:
бас мемлекеттік авиация инспекторы;
аға мемлекеттік авиация инспекторы;
мемлекеттік авиация инспекторы жатады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органының лауазымды адамдарын мемлекеттік авиация инспекторлары санаттарына жатқызу тәртібін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 
1-2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдай­ларды қоспағанда, сертификаттауды, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік авиация инспек­торының қызметіне жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, мемле­кеттік органдардың араласуына жол берілмейді.»;
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) авиация персоналы куәлігінің, кеме, ұшу құжаттамасының, сертификаттардың, рұқсаттардың және берілуі осы Заңда көзделген құжаттардың болуын, сондай-ақ шетелдік кемелерді қоса алғанда, азамат­тық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы талаптарына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкестігін тексеруге міндетті.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік авиация инспекторлары мемлекеттік бюджет­тің есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.»;
19) мынадай мазмұндағы 16-8-баппен толықтырылсын:
«16-8-бап. Белгілі бір функциялар мен міндеттерді беру туралы келісімдер
1. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес жасалған келісімнің негізінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде әуе кемесі тіркелген мемлекет ретінде ұшу қағидаларын сақтауды, радиомен хабарлау аппаратураларын пайдалануды және ұшуға жарамдылықты қолдауды, сондай-ақ авиация персоналының талаптар мен нормаларды сақтауын қамтамасыз етуге бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функциялар мен міндеттерді бұл әуе кемесі экипажсыз пайдаланылатын шет мемлекеттің құзыретті биліктеріне беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы пайдаланушысының оны экипажсыз пайдалануы кезінде әуе кемесі тіркелген мемлекеттің оған берген функциялары мен міндеттерін қабылдауға құқылы.
Осы тармақтың күші қолданылатын пайдаланушылар мемлекет­тердің құзыретті биліктері арасында жасалған функциялар мен міндет­терді беру туралы келісімнің расталған толық көшірмесін оның барлық қолданылу мерзімі ішінде әуе кемесінің бортында ұстауға міндетті. 
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес пайдаланушының мемлекеті берген немесе растаған ұшуға жарамдылық куәліктерін (сертификаттарын), радиоаппаратураны пайдалануға арналған рұқсатты және экипаж мүшелерінің куәліктерін жарамды деп таниды.
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шет мемлекеттердің құзыретті биліктерімен жасасқан келісімдері Халық­аралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркелуге жатады.»;
20) 17-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру:
1) әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен сыныптамасын айқындауды және белгілеуді;
2) осы Заңның 25-бабында белгіленген басымдықтарға сәйкес әуе кеңiстiгiн пайдалануды жоспарлауды және үйлестіруді;
3) әуе кеңiстiгiн пайдаланудың рұқсат беру не хабардар ету тәртiбiн айқындауды және қамтамасыз етуді;
4) мыналарды: 
әуе қозғалысына қызмет көрсетуді, әуе қозғалысын басқаруды;
әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыруды білдіретін әуе қозғалысын ұйымдастыруды;
5) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды және қадағалауды қамтиды.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Әуе кеңістігін икемді пайдалануды қамтамасыз ету үшін азамат­тық-әскери үйлестіру қағидаттары мен тәртібі Қазақстан Респуб­ликасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын: 
«4-1. Әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыруды әуе қозға­лысына қызмет көрсету органдарының мәлімделген өткізу қабілет­тілігін ескере отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асырады.
4-2. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қажеттілігі азаматтық авиа­ция саласындағы уәкілетті орган бекітетін әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесіне сәйкес және мыналар:
1) тиісті әуе қозғалысының типтері;
2) әуе қозғалысының қарқындылығы;
3) метеорологиялық жағдайлар;
4) осы ауданға немесе осы жерге қатысы болуы мүмкін басқа да факторлар ескеріле отырып айқындалады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік және (немесе) эксперименттік авиация ұшуының арнайы аймақтары мен аудандарын, сондай-ақ сыныпталмайтын әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) аудандарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бақыланатын әуе кеңiстiгiнде әуе қозға­лысына қызмет көрсетуді азаматтық авиация саласындағы уәкі­летті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асырады.
Жекелеген әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) аудандарында әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асыруы мүмкін.»;
21) 19-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшу ақпаратының аудандары (аймақтары), диспетчерлік аудандар, әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттары, тораптық диспетчерлік аудандар, диспетчерлік аймақтар, әуеайлақ қозғалысының аймақтары, бақыланбайтын әуе кеңістігінің аудандары, әуе трассалары, әуе кемелерінің ұшуына арналған арнайы аймақтар, тыйым салынған аймақтар, қауіпті аймақтар, әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақтар және әуе кеңістігіндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленетін басқа да арнайы элементтер белгіленеді, бұлардың жиын­тығы Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымын құрайды.
Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымы азаматтық авиа­цияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.»; 
«4. Әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Респуб­ли­касы әуе кеңістігінің сыныптамасы Қазақстан Республи­касының әуе кеңістігін пайдаланушылардың қажеттілігі, ұшу қауіп­сіздігін қамтамасыз ету қажеттігі, олардың экономикалық тиімділігі негізге алына отырып айқындалады және аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.»;
22) 20-бапта:
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әуе кемелері, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушімен жасалған шартқа сәйкес iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша оқу-жаттығуларға тартылған әуе кемелері;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жеңіл және аса жеңіл әуе кемелері;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұсынылатын аэронавигациялық қызмет көрсету үшін әуе кеңістігін пайдаланушылардан төлемақы алуды аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асырады. Аэронавигациялық қызмет көрсе­туге кіретін қызметтерді ұсынуға қатысушы ұйымдармен құқық­тық қатынастарды реттеу шарттар негізінде жүзеге асырылады.»;
23) 21-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведом­стволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық ақпарат беруді қамтамасыз етеді.
2. Аэронавигациялық ақпарат көзі болып табылатын жеке немесе заңды тұлғалар азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты өтеусіз негізде беруге және мұндай ақпарат­тың анықтығы, нақтылығы және уақтылы берілуі үшін жауаптылықта болуға міндетті.»;
24) 22-бапта:
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әуе кемелерін эшелондауға қойылатын талаптарды қоса алғанда, әуе кемелеріне диспетчерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта айқындалады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары беретін диспет­черлік рұқсаттар әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға негізделеді.»;
25) 23, 25 және 26-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Ұшуды орындау қағидалары
Әуе кемелерінің Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшуы азаматтық және мемлекеттік авиацияда ұшуды жүргізу қағидаларына сәйкес орындалады.
Ұшуды орындау кезінде әуе кемесінде азаматтық және мемлекеттік авиацияда ұшуды жүргізу қағидаларында көзделген кеме құжаттары болуға тиіс.»;
«25-бап. Әуе кеңістігін пайдаланудағы басымдықтар
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі әуе кеңістігін барлық пайдаланушыға оны пайдалану бойынша тең құқықтармен қолжетімді.
Әуе кеңістігін бір уақытта екі немесе одан да көп пайдаланушының пайдалану қажеттігі туындаған жағдайда, оны пайдалануға бірінші кезектегі құқық мемлекеттік басымдықтарға сәйкес пайдаланушыларға мынадай ретпен беріледі:
1) әуе шабуылына тойтарыс беру немесе әуе кеңiстiгiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасын бұзуды, әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiнің бұзылуын болғызбау және тоқтату, Қазақстан Республикасының егемендiгiне, аумақтық тұтастығына және қауiпсiздiгiне қарсы күш қолдануды немесе күш қолдану қатерін жою;
2) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн не айтарлықтай материалдық залал келтiру қаупін тудыратын дүлей және өзге де зілзалалар, апаттар, авариялар, авариялық және өзге де жағдайлар кезінде көмек көрсету;
3) ғарыш аппараттары мен олардың экипаждарын ұшыру, қондыру, iздестiру және эвакуациялау;
4) Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес орындалатын ұшу;
5) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның жоспарлы оқу-жаттығулар өткізуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес жүзеге асырылатын әуе кемелерінің ұшуы немесе өзге де қызмет;
6) жолаушыларды, жүктердi және пошта жөнелтілімдерін тасымалдайтын тұрақты рейстер;
7) Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің мемлекеттік авиациясының ұшуы;
8) эксперименттiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу;
9) тұрақты емес әуе тасымалдары және авиациялық жұмыстарды орындау;
10) оқу-жаттығу, көрсету, мәдени-ағарту іс-шараларын өткізу, сондай-ақ пайдаланушының жеке мақсаттағы ұшуы.
26-бап. Әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салу немесе оны шектеу
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында және 25-бабының 1) – 5) тармақшаларында көзделген қызмет жүзеге асырылған жағдайларда, мемлекеттік авиация саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен әуе кемелерінің ұшуы үшін Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн немесе оның жекелеген аудандарын пайдалануға тыйым салады не шектейді.»;
26) 27-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөлікте:
1) тармақшадағы «әуе кемелерінің ұшу қауiпсiздiгiне» деген сөздер «ұшу қауіпсіздігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ұшу қауiпсiздiгiне анық қатер төну және авиациялық оқиғаны болғызбау жағдайларын қоспағанда, әуе трассаларынан және маршруттар осьтерiнен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген нормалардан асатын қашықтыққа ауытқуы;»;
27) 30-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Байланысты қамтамасыз ету тәртібі, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының байланысты қамтамасыз етуге қоятын талаптары, азаматтық авиациядағы байланыс құралдарының сипаттамасы азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларында айқындалады.»;
28) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Елді мекеннің үстінен ұшу
1. Қалалардың немесе кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен авариялық жағдайлар не төтенше мән-жайлар туындаған кезде жердегі адамдарға немесе мүлікке қауіп аса төнбейтін, бұл ұшу немесе қону кезінде қажет болатын немесе бұған әуе қозғалысын басқару органының рұқсаты берілетін жағдайды қоспағанда, қонуды орындауды қамтамасыз ететін биіктікте әуе кемелерінің ұшуы орындалады.
2. Әуе кемелерінің елді мекендердің үстінен ұшуының схемалары (маршруттары) ұлттық қауіпсіздік органдарымен және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі және оларды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Күзет іс-шараларын өткізу кезеңінде әуе кемелерінің және пилотсыз ұшу аппараттарының елді мекендердің үстінен ұшуы ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі.
4. Елді мекендердің үстінен ұшуды келісу және орындау тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында айқындалады.»;
29) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әуе кемелерін пайдаланушыларды сертификаттау кезеңі болып табылмайтын көрсету мақсатындағы ұшулар авиациялық техниканы көрсету, авиация жетістіктерін насихаттау, сондай-ақ қоғамдық-саяси және ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды қамтамасыз ету үшін қолданылады.»;
30) 33-баптың тақырыбы мен 3-тармағындағы «Ұшқышсыз» деген сөз «Пилотсыз» деген сөзбен ауыстырылып, 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Пилотсыз ұшу аппараты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында және пилотсыз ұшу аппаратын пайдалану құжаттамасында белгіленген шарттар сақталып, адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру, мүлікті зақымдау (бүлдіру) қатері, басқа әуе кемелері үшін қауіп барынша азайтылып пайдаланылуға тиіс.
2. Пилотсыз ұшу аппараттарын пайдаланушылар әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес пилотсыз ұшу аппараттарының жоспарланатын ұшуы туралы егжей-тегжейлі деректерді хабарлайды.»;
31) 34-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Байланыс жүйелерін, навигация мен бақылауды ұсынудан тұратын ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етуді азаматтық және (немесе) мемлекеттік авиация ұйымдарының радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтері жүзеге асырады.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) азаматтық және эксперименттік авиация үшін Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес;»;
32) 35-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өкілетті метеорологиялық органның функцияларын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық және эксперименттік авиацияның ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз етуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер жүзеге асырады.
Мемлекеттік авиацияның ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын метеоро­логия­лық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
33) 35-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«35-1-бап. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау
1. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарына сай болуға тиіс.
Авиациялық қызмет көрсетуді берушілердің сәйкестігі аэрона­вигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын оның қолданылу саласы мен рұқсат етілген қызмет түрлері (кіші түрлері) көрсетіле отырып берумен расталады.
Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойын­ша сертификаттау талаптарынан уақытша ауытқуларға, егер мұндай ауытқулар белгіленген ұшу қауіпсіздігінің деңгейіне баламалы деңгейді қамтамасыз ететін қосымша шаралар енгізіліп өтелетін болса, жол беріледі.
2. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау­дан өткізу, сертификат беру не оны тоқтата тұру (кері қайтарып алу), оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау қағидаларында айқындалады.
3. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беруден бас тарту өтініш беруші қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда жүргізіледі.
4. Сертификаттау талаптарының бұзылуы анықталған жағдай­да азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган үздіксіз аэронави­гация­лық қызмет көрсету мақсатында мынадай тәртіппен әрекеттер қабылдайды:
1) аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатының иесінен осы Заңның 16-3-бабына сәйкес түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуды және оны орындауды талап етеді;
2) түзету іс-қимылдарының жоспары орындалмаған не тиісінше орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік іс жүргізуді қозғайды;
3) егер әкімшілік жауаптылыққа тартылған күннен бастап кейінгі алты ай ішінде сертификаттау талаптарын бұзушылықтар жойылмаса, бұзушылықтың сипатына қарай аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын кері қайтарып алады не мұндай сертификаттың (немесе сертификатта көрсетілген рұқсат етілген қызмет түрлері (кіші түрлері) қолданылу аясын толығымен немесе ішінара тоқтата тұрады. 
Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатының қолданылуы аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау қағидаларына сәйкес оның иесінің өтініші бойынша да толығымен не ішінара шектелуі мүмкін.»;
34) мынадай мазмұндағы 35-2-баппен толықтырылсын:
«35-2-бап. Әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелерінде өзгеріс болған кезде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
1. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер ұшу қауіпсіз­дігіне байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функцио­налдық жүйелеріне өзгерістер енгізілгенге дейін азаматтық авиа­ция саласындағы уәкілетті органды мұндай өзгерістер туралы аэрона­вигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау қағидаларында белгіленген тәртіппен алдын ала хабардар етеді.
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен алдын ала келісуге жататын әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріндегі өзгерістердің тізбесі, сондай-ақ мұндай келісудің тәртібі мен шарттары аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау қағидаларында айқындалады.
3. Осы баптың ережелерін бұзғаны үшін аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылықта болады.»;
35) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«36-бап. Әуе трассаларын пайдалануға рұқсат ету
Әуе трассаларын пайдалануға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен әуе трассаларын пайдалануға рұқсат ету қағидаларына сәйкес рұқсат беріледі.
Әуе трассалары туралы мәліметтер аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.»;
36) 37-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қолданылатын өлшем жүйелері Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында көрсетіледі.»;
37) 42-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық әуе кемелерінің сыныптамасы әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамаларына және деректеріне қарай Қазақстан Респуб­ликасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағида­ларын­да айқындалады.»;
38) 44-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына сәйкес жүргізеді.»;
39) 45-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық әуе кемелері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды, сондай-ақ оларға құқықтарды куәландыратын құжаттардың нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде мемлекеттік тіркелуге жатады.
Азаматтық әуе кемесі оның иесінің өтініші бойынша немесе иесінің, оны пайдаланушының келісімімен, егер:
1) әуе кемесі басқа мемлекетте тіркелмеген; 
2) әуе кемесінің иесі немесе пайдаланушысы Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы болып табылған;
3) әуе кемесі типінің сертификатын немесе соған ұқсас басқа құжатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген немесе жарамды деп таныған жағдайда ғана Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі. 
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тіркелген азаматтық әуе кемесін пайдаланушыға (оның иесіне) азаматтық әуе кемесінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік береді.
Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілетін әуе кемесі Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларына және ұшуға жарамдылықты айқындайтын пайдалану-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Егер әуе кемесі ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкес келмесе, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық әуе кемесін тіркеуден бас тартады.
2-2. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекет­тік тізіліміне енгізілген кезден бастап азаматтық әуе кемесі Қазақстан Республикасының ұлттық тиесілігін иеленеді.
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік әуе кемесінің бортында болады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларының меншiгiндегi азаматтық әуе кемелеріне құқықтар, сондай-ақ қайтарыл­майтын өкілеттіктер азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiнде тіркеуіне жатады.»;
4-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Пилотсыз ұшу аппараттары пайдалану мақсатында меншік құқығын иеленген кезден бастап Қазақстан Республикасының азамат­тық әуе кемелерін, оларға құқықтарды, сондай-ақ оларға құқық­тарды куәландыратын құжаттардың нысандарын мемлекеттік тіркеу қағи­даларында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіппен азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдарда есепке алуға жатады. 
Есепке алуға жататын пилотсыз ұшу аппараттарының санаттары Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқық­тарды, сондай-ақ оларға құқықтарды куәландыратын құжаттардың нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында айқындалады. 
Пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану мақсатында иеленетін тұлғалар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға есепке қою туралы өтініш береді.»; 
40) 46-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: 
«5-1) әуе кемесі хабарсыз жоғалып кеткен деп танылған;»; 
41) 47-бапта:
2-тармақта:
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшқан кезде шетелдік әуе кемесінің Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары негізінде шет мемлекет берген ұшуға жарамдылық сертификаты мен шуыл бойынша сертификаты болуға тиіс.
Ұшуға жарамдылық сертификаты Қазақстан Республикасы азамат­тық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемелеріне:
1) азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына және осындай типтік конструкция үшін мақұлданған пайдалану құжат­тамасына сәйкестігі немесе пайдалануға жарамдылық туралы растал­ған бағалау актісіне сәйкес басқа да осыған ұқсас құжаттар негізінде;
2) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәй­кес;
3) жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына сәйкес беріледі.»;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарту тәртібі және мұндай ұйымдардың мамандарына қойылатын біліктілік талаптары жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларында айқындалады.»;
4, 5 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Азаматтық әуе кемелерін Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу кезінде азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылық сертификаттарын тану Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Азаматтық әуе кемесін және оның құрамдастарын ұшуға жарам­дылықта ұстау Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларының талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Жеңіл және аса жеңіл авиацияның коммерциялық әуе тасымалдарына қатыспайтын әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
«7. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесінің иесі немесе пайдаланушысы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының жай-күйі, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізілгендігі туралы ақпаратты, сондай-ақ оны пайдалану жөніндегі деректерді береді.»; 
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Арнайы ұшуға рұқсат қолданыстағы ұшуға жарамдылық серти­фикаты жоқ, бірақ пайдаланушының және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бағалауы негізінде төменде белгіленген жағдайларда және мынадай:
1) жаңа әуе кемелері шығарылғаннан кейінгі ұшу сынақтары;
2) пайдалану (жөндеу) құжаттамасына сәйкес техникалық қызмет көрсетуден және (немесе) жөндеуден кейінгі ұшу сынақтары;
3) әуе кемесін жеткізу немесе экспорттау;
4) тапсырыс берушінің немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бағалауы үшін әуе кемесінің ұшуы;
5) көрмелер мен авиашоу;
6) әуе кемесінің техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді орындау орнына немесе сақтау орнына ұшып баруы; 
7) қону үшін тиісті жағдайы немесе тиісті отын мөлшері жоқ аймақтарда су үстімен немесе жер үстімен қауіпсіз ұшу қашықтығының шегінен тыс ұшулар үшін әуе кемесінің сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасымен ұшуы;
8) рекордтарға қол жеткізу, авиациялық жарыстарға және соған ұқсас жарыстарға қатысу;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұшуға жарамдылық сертификаты немесе соған ұқсас басқа да құжат талап етілмейтін, Қазақстан Республикасының аумағындағы әуе кемелерінің немесе әуе кемелері типтерінің қызметі мақсатында қауіпсіз ұшуды орын­дай алатын әуе кемесіне беріледі.
Арнайы ұшуға рұқсаттар Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезең­ге беріледі.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемесінің арнайы ұшуына рұқсат беру кезінде оны пайдалануға қажетті шектеулерді белгілеуге құқылы. Арнайы ұшуды орындау кезінде әуе кемесінің бортында жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Егер азаматтық әуе кемелерінде радиомен хабарлау аппаратурасы орнатылған болса, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес осындай аппаратураны пайдалануға рұқсат береді.»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Борт журналының нысаны мен мазмұны азаматтық және мемлекеттік авиацияда ұшуды жүргізу қағидаларында белгіленеді.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Респуб­ликасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес Қазақ­стан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілі­мінен шығарылған азаматтық әуе кемесін экспорттау үшін ұшуға жарамдылықтың экспорттық сертификатын береді.»;
42) 48-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларына сәйкес авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымдар жүргізеді. Коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асырмайтын жеңіл және аса жеңіл азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді осы Заңның 54-бабына сәйкес берілген қолданыстағы куәлігі немесе шет мемлекет берген және осы Заңның 55-бабына сәйкес танылған куәлігі бар авиация персоналы орындайды.
2. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету азаматтық әуе кемесі тіркелген мемлекет бекітетін техникалық қызмет көрсету бағдарламалары (регламенттері) бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдар­лама­сын (регламентін) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Коммерциялық әуе тасымалдарына қатыспайтын жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның келісуі бойынша әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым әзірлейді және бекітеді.»;
5-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдік ұйымдардың авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификаттарын танудың тәртібі азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында айқындалады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қызметтер көрсететін, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйым әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулыққа сәйкес, орындалатын жұмыстардың көлемі мен күрделілігіне қарай ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.»;
43) 49-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әуе кемелеріне мемлекеттік және тіркелетін айырып-тану белгiле­рiнен басқа қосымша белгілер (рәміздер, жазбалар, эмблемалар) салынуы мүмкін.»;
44) 51-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының пайдаланушысы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттарда Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің азаматтарына немесе заңды тұлғаларына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса немесе экипажсыз жалға алуға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Шет мемлекетте тіркелген әуе кемесін Қазақстан Республи­касы пайдаланушысының экипажсыз немесе Қазақстан Республи­касының әуе кемесін шетелдік пайдаланушының экипажсыз жалға алуы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мен Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес осы әуе кемесі тіркелген шет мемлекеттің құзыретті органы арасында жасалған келісім болған кезде ғана жүзеге асырылады. Мұндай келісім Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркелуге тиіс.
1-2. Қазақстан Республикасы пайдаланушысының Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе заңды тұлғаларына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуы шарттың қолданылу мерзіміне жалға алушы пайдаланушысының сертификатына (авиациялық жұ­мыстарды орындауға арналған куәлікке) енгізбей жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы пайдаланушысының шет мемлекеттің пайдаланушысына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуына азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша мынадай пропорцияда: саны бес әуе кемесінен аспайтын паркі бар жалға алушы үшін – бір әуе кемесінен аспайтын және саны бес әуе кемесінен асатын паркі бар жалға алушы үшін – тұрақты және тұрақты емес ұшуларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жалпы әуе кемелері паркінің жиырма пайызынан аспайтын және жалға алушы пайдаланушысының сертификатына енгізбей, бір жылдың ішінде екі айдан аспайтын мерзімге жол беріледі. Жалға алынатын әуе кемесінің жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтерімділігі жалға алушының әуе кемелерінің жолаушылар сыйымдылығымен және жүк көтерімділігімен салыстырмалы түрде бірдей болуға тиіс. 
Бұл ретте жалға алушы рейсті іс жүзінде қай тасымалдаушының орындайтыны жөнінде жолаушыларды хабардар етуге тиіс.
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкессіздік анықталған, жалға алушының немесе жалға берушінің тарапынан тиімді пайдаланушылық бақылау не пайдаланушының сертификатын және жалға алынатын әуе кемесіне арналған ұшуға жарамдылық сертификатын берген мемлекеттің тарапынан қадағалау болмаған жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының пайдаланушысына әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуға бұрын берілген рұқсатты кері қайтарып алады.»;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
45) 53-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік авиацияның авиация персоналы лауазымдарының тiзбелерi мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен белгіленеді.»;
46) 54-бапта:
1-тармақта:
төртінші бөліктің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Авиация персоналының біліктілік деңгейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тағайындайтын жеке тұлғалар авиация персо­налының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жеңіл және аса жеңіл авиацияның авиация персоналының біліктілік деңгейін әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін біліктілік комиссиялары авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес айқындайды.
Авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналын авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау азаматтық авиа­ция саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. 
Авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеру инспекторларын даярлауды және қайта даярлауды тәуелсіз оқу орталығы авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады. 
Әуежайдың кіру шектелген күзетілетін аймағына кіру кезінде ілесіп жүрмеуге болатын рұқсаты бар персоналды авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлауды және қайта даярлауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органнан жұмысқа рұқсат алған авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушылар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес жүргізеді.»;
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталықтарына олардың сертификаттарын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес танығаннан кейін азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлауға және кәсіптік деңгейде ұстауға рұқсат етіледі.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Авиация персоналы теориялық білімі мен практикалық дағдыларының деңгейін, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес орындайтын функцияларына сай келетін деңгейде тілдерді білетінін авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар тағайындалған жеке тұлғалар жүргізетін тестілеудің немесе кезеңдік тексерулердің көмегімен көрсетуге тиіс.
2-2. Азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипаждарының мүшелерін даярлау, олардың практикалық дағдыларын ұстау және тексеру мақ­сатында қолданылатын ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекі­тетін азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құ­рыл­ғыларын бағалау жөніндегі қағидаларға сәйкес қолдануға жол беріледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Авиация персоналына жататын адамдар кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша кәсіптік даярлықтан өтуге міндетті.
Әуе кемелерінің ұшуын орындаумен және қамтамасыз етумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен, әуе қозғалысына қызмет көрсетумен тікелей байланысты адамдар кәсіптік қызметке осындай қызметті жүзеге асыру құқығына арналған қолданыстағы куәлiгi мен медициналық сертификаты болған кезде жіберіледі.
Авиация персоналына, сондай-ақ мiндеттi медициналық куәлан­дыруға және медициналық қарап-тексеруге жататын адамдар санатына қойылатын азаматтық авиация саласындағы медициналық куәландырылу, медициналық қарап-тексеру жөніндегі талаптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасы негiзiнде әзірленген және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларында белгiленедi.
Медициналық куәландырудан өту кезінде медициналық куәландырудан өтуге өтініш беруші авиациялық медициналық сарапшыға өзіне мәлім және ұшуды орындауы үшін қауіп төндіретін ауруларының бар екені туралы ақпаратты хабарлауға міндетті. 
Авиация персоналын медициналық куәландыру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық меди­циналық орталықтарда жүргізіледі. Жеңіл және аса жеңіл авиация пилоттарын медициналық куәландыруды авиациялық медициналық сарапшы жүргізе алады, оған қойылатын талаптар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларында белгіленеді.
Медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін авиациялық медициналық сарапшылар жауапты болады. 
Авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мынадай тәртіппен іс-қимылдар жасайды: 
1) авиациялық медициналық орталықтың сертификаты иесінен осы Заңның 16-3-бабына сәйкес түзету іс-қимылдарының жоспарын беруді және оны орындауды талап етеді;
2) егер сертификаттау талаптарын бұзушылықтар түзету іс-қимыл­дарының жоспарында белгіленген мерзімдерде жойылмаса, авиациялық медициналық орталықтың мұндай сертификатының (немесе сер­тификатта көрсетілген қызметтің рұқсат етілген түрлерінің (кіші түр­лерінің)) қолданысы аясын толығымен не ішінара тоқтата тұрады;
3) егер сертификаттау талаптарын бұзушылықтар авиациялық медициналық орталық сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған күннен бастап бір жыл ішінде жойылмаса, оны кері қайтарып алады. 
Авиациялық медициналық орталық сертификатының қолданысы авиациялық медициналық орталықтарды сертификаттау қағидаларына сәйкес оның иесінің өтініші бойынша да толығымен не ішінара шектелуі мүмкін.
Авиациялық медициналық сарапшыларға қойылатын сертификаттау талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мынадай тәртіппен іс-қимылдар жасайды: 
1) авиациялық медициналық сарапшыларға қойылатын сертификаттау талаптарын бұзушылықтар жойылғанға дейін авиациялық медициналық сарапшының мұндай сертификатының (немесе сертификатта көрсетілген қызметтің рұқсат етілген түрлерінің (кіші түрле­рінің)) қолданысы аясын үш айға дейінгі мерзімге толығымен не ішін­ара тоқтата тұрады;
2) егер сертификаттау талаптарын бұзушылықтар авиациялық медициналық сарапшы сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған күннен бастап үш ай ішінде жойылмаса, оны кері қайтарып алады. 
Авиациялық медициналық сарапшы сертификатының қолданысы:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының меди­циналық куәландыру бөлігіндегі талаптары және сертификаттау талаптары бұзылған; 
2) авиациялық медициналық сарапшы сертификатының иесі өтініш берген жағдайларда, үш айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Авиациялық медициналық сарапшының сертификаты:
1) авиациялық медициналық сарапшы сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған күннен бастап үш ай ішінде сәйкессіздіктер жойылмаған; 
2) авиациялық медициналық сарапшы сертификатының иесі өтініш берген жағдайларда, кері қайтарып алынады.
Авиациялық медициналық сарапшының сертификатын тоқтата тұру және кері қайтарып алу тәртібі авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларында айқындалады.
Авиациялық медициналық сарапшы сертификатының қолданысы авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларына сәйкес оның иесінің өтініші бойынша да толығымен не ішінара шек­телуі мүмкін. 
Азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган авиациялық медициналық сарапшыға қатысты мынадай тәртіппен іс-қимылдар жасайды:
1) азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік іс жүргізуді қозғайды;
2) азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік іс жүргізуді қайтадан қозғайды және авиациялық медициналық сарапшының сертификатын кері қайтарып алады.
Әуе кемелерінің ұшуын орындаумен және қамтамасыз етумен, әуе қозғалысына қызмет көрсетумен тікелей байланысты адамның медициналық куәландырудан өту кезінде өзіне мәлім және ұшуды орындау үшін қауіп төндіретін ауруларының бар екені туралы ақпаратты жасыруы анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган авиация персоналына қатысты мынадай тәртіппен іс-қимылдар жасайды: 
1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік іс жүргізуді қозғайды және бұзушылықтар жойылғанға дейін авиация персоналы куәлігінің қолданысын тоқтата тұрады; 
2) әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде бұзушылық қайталап жасалған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік іс жүргізуді қай­тадан қозғайды және авиация персоналы куәлігін кері қайтарып алады. 
Авиация персоналы куәлiгiн беру және оның қолданылу мерзімін ұзарту, сондай-ақ аталған куәлікке біліктілік белгілері мен арнайы белгілерді енгізу азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларында белгіленеді.
Жеңіл және аса жеңіл авиацияның авиация персоналы куәлігіне біліктілік белгілері мен арнайы белгілер енгізуді әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Авиация персоналының дербес кәсіптік қызметке жіберілуіне авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар, кәсіптік білімдері мен дағдыларына тексеру жүргізген жеке тұлға жауапты болады.»; 
6-1-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ұшуды қамтамасыз ету және орындау, әуе қозғалысына қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету кезінде белгіленген талаптарды бір рет өрескел бұзған;»;
4) тармақша алып тасталсын;
6-2-тармақтың 3), 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-4-тармақпен толықтырылсын:
«6-4. Авиация персоналы куәлігінің иесі болып табылатын адамның Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріл­ген не танылған авиация персоналы куәлігінің (оны тану туралы шешімнің) қолданылуы мынадай:
1) авиация персоналы куәлігін жоғалтқан, тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) ауыстыру себебі­мен және басқа да техникалық себептермен оны ауыстырған;
2) еңбекке қабілеттілігінен айырылған (жұмыс орнынан деректер ұсыну бойынша);
3) қайтыс болған;
4) жұмыста бес жылдан астам үзіліс болған жағдайларда, тоқтатылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Азаматтық және эксперименттік авиацияның ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты авиация персоналының жұмыс уақыты режимінің ерекшеліктері Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасы және азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидалары ескеріліп әзірленеді және оларды Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының барлық пайдаланушылары мен ұйымдары үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты авиация персоналының жұмыс уақыты режимінің ерекшеліктеріне сәйкес азаматтық авиацияның әуе кемесін пайдаланушы әуе кемелері экипаждары мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру туралы ережені бекітуге құқылы.»;
47) 56-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Экипаждың әрбір мүшесінің, егер:
1) өзін шаршаңқы сезінсе немесе ауруының, жарақатының немесе басқа да жағдайлардың салдарынан өзінің дене немесе психикалық жай-күйі міндеттерін талап етілетін стандарттарға сәйкес орындауына мүмкіндік бермейтінін білсе;
2) өзінің даярлық деңгейі ұшуды қауіпсіз орындау талаптарына сәйкес келмесе, ұшудың сәтті аяқталуына қаупі болғандықтан, ұшуға тапсырманы орындаудан бас тартуға құқығы бар.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Экипаж мүшелері:
1) демалу және тамақ ішу үшін жасалған жағдайлар мен мүмкіндіктерді пайдалануға, сондай-ақ өзінің демалыс уақытын күшін толық қалпына келтіруді қамтамасыз ететіндей етіп жоспарлауға және өткізуге;
2) өздеріне куәліктермен және тиісті біліктілік белгілерімен берілетін құқықтарды қауіпсіз және тиісті түрде жүзеге асыруына қабілет­сіз етуі мүмкін кез келген психикалық белсенді заттардың әсе­рінде болған кезде бұл құқықтарды жүзеге асырмауға;
3) психикалық белсенді заттарды қабылдау тәуекелімен байланыс­ты қандай да бір әрекеттерді жүзеге асырмауға міндетті.»;
48) 57-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әрбір жекелеген ұшу үшін әуе кемесінің командирін әуе кемесін пайдаланушы немесе жалпы мақсаттағы авиация жағдайында әуе кемесінің иесі тағайындайды.»;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Азаматтық авиацияның әуе кемесінің командирі болып коммерциялық авиациядағы ұшу тапсырмасына немесе жалпы мақсаттағы авиацияның осыған ұқсас құжатына сәйкес өзіне ұшудың (ұшулардың) қауіпсіз аяқталу жауапкершілігі жүктелген, белгілі бір типтегі әуе кемесін өзі дербес басқаруға рұқсаты бар пилот тағайындалады.»;
5-тармақтың 3), 4), 5) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мынадай:
өздерінің әрекеттерімен ұшу қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін;
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін әуе кемесінің бортында мінез-құлық қағидаларын бұзатын, оның өкіміне бағынудан бас тартатын адамдарға қатысты барлық қажетті шараларды, оның ішінде мәжбүрлеу шараларын қолдануға;
4) ұшуды орындау кезінде қауіпсіздікке қатер төндіргені және (немесе) әуе кемесінің бортында мінез-құлық қағидаларын бұзғаны туралы тиісті актіні ресімдеуге; 
5) әуе кемесі жақын арадағы әуеайлаққа келгенде ұшу қауіпсіздігіне және әуе кемесінің бортында мінез-құлық тәртібін ұстауға әсер ететін себеп­тер бойынша кез келген экипаж мүшесін немесе жолаушыны әуе кемесінен түсіруге және оны құқық қорғау органдарына беруге;»;
«7) тиісті авиациялық қауіпсіздік қызметтері болмаған кезде жолаушыларды, қол жүгін, багажды және жүкті ұшу алдында жете тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Авиациялық оқиға болған жағдайда әуе кемесінің командирі өз өкілеттіктерін іздестіру және құтқару қызметтері өкілдеріне бергенге дейін әуе кемесінің бортындағы адамдардың іс-қимылдарына басшылық жасайды.»;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Әуе кемесінің командирі:
1) есіктер жабылғаннан кейін әуе кемесінің бортындағы барлық экипаж мүшелерінің, жолаушылардың және жүктің қауіпсіздігіне;
2) әуе кемесін басқаруға және ұшақ ұшып көтерілу мақсатында қозғалуға дайын болған кезден бастап ұшу аяқталғаннан кейін ол толық тоқтатылған кезге немесе негізгі қозғалтқыш қондырғы ретінде пайдаланылған қозғалтқыш (қозғалтқыштар) ажыратылғанға дейін оның қауіпсіздігіне;
3) ұшуға дейінгі, ұшу уақытындағы және ұшудың барлық кезеңдерінен кейін, сондай-ақ авариялық жағдайда ұшу экипаждары қолданатын бақылау карталары жүйесінің сақталуына;
4) ұшу аяқталғаннан кейін пайдаланушыға әуе кемесіндегі барлық белгілі болған немесе күмән тудыратын ақаулар туралы хабарлауға;
5) борт журналын жүргізуге немесе бас декларацияны жасауға жауап­ты болады.»;
49) 58-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұшу қызметiнiң басшысы, ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекцияның бастығы, инженерлік-авиациялық қызмет басшысы, сапаны бақылау қызметінің басшысы (жеңіл және аса жеңіл авиацияны қоспағанда) азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдарының ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін басшы жұмыскерлері болып танылады.»;
50) 59-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Халықаралық коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын пайдаланушылар және халықаралық ұшуды орындауға жіберілген жалпы мақсаттағы авиацияның ауыр немесе турбореактивті ұшақтарын пайдаланушылар азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулыққа сәйкес орындалатын ұшудың көлемі мен күрделілігіне қарай ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.»;
51) 60-бапта:
1-тармақта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті алу үшін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына және (немесе) пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидаларына сәйкес сертификаттау талаптары мен сертификаттау шарттарына сәйкестікті растайтын құжаттармен қоса белгіленген нысандағы өтінімді жібереді.
Пайдаланушы сертификатын немесе авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті алу үшін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өзінде сертификатталған әуе кемелері, даярланған персоналы, құжаттамасы, әуе кемелерін ұшуға, техникалық пайдалануға және ұшуды орындауды қамтамасыз етуге қажетті жабдықтары, ғимараттары, құрылыстары бар екенін, сондай-ақ Қазақ­стан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарына сәйкес міндетті сақтандыруды жүзеге асыратынын көрсетуге тиіс.»;
төртінші бөлік алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Пайдаланушының сертификатында және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікте белгіленген пайдалану талаптары мен шектеулерді пайдаланушының бұзуына тыйым салынады. Нақ сол әуе кемесінің екі және одан да көп пайдаланушының сертификаттарында және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктерінде болуына жол берілмейді.
Пайдаланушының қолданыстағы сертификатынсыз және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліксіз әуе кемелерін пайдалануға тыйым салынады.»; 
4-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Заңның 16-3-бабының ережелеріне сәйкес, сондай-ақ:»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер әуе кемесін пайдаланушы анықталған сәйкессіздіктерді және (немесе) бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймаса, азаматтық авиа­ция саласындағы уәкілетті орган пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті кері қайтарып алады.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті беруден бас тарту:
1) осы Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген сәйкессіздіктер анықталған;
2) өтініш берушіге қатысты оған қызметтердің осы түрін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда жүргізіледі.»;
52) 61-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз кило­грамм және одан кем болатын ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз сексен килограмм және одан кем болатын тікұшақтарды, сондай-ақ ұшу аппараттары мен қосалқы құрылғыларды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу үшін мынадай шарттарды сақтау:
1) әуе кемесінің, ұшу аппараты мен қосалқы құрылғының осындай типін басқаруға рұқсаты бар пилоттың қолданыстағы куәлігінің болуы;
2) азаматтық әуе кемесін, ұшу аппаратын, қосалқы құрылғыны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының қолданыстағы сертификатының болуы;
3) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз ету;
4) аэроклубтармен немесе әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдармен бақыланбайтын әуе кеңіс­тігінде ұшқан кезде авариялық хабар беруді қамтамасыз ету бойын­ша қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасу негіз болып табылады.
Ұшу қауіпсіздігін әуе кемесінің командирі (пилот) және жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы болып табылатын әуе кемесінің иесі қамтамасыз етеді.
2. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті қозғалтқыштармен жарақтандырылған ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз сексен килограмнан асатын тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларына сәйкес ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті бергеннен кейін ұшуға жіберіледі.»;
6-тармақта:
бірінші бөлікте:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Заңның 16-3-бабында көзделген бұзушылықтар анықталған;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) пайдаланушының жазбаша өтініші болған жағдайларда тоқтата тұрады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің қолданысын тоқтата тұру мен қалпына келтіру тәртібі жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларында айқындалады.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«7. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруден бас тарту:
1) өтініш беруші жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларының талаптарына сай келмеген;
2) өтініш берушіге қатысты оған мұндай ұшуды орындауға тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда жүргізіледі.»;
53) 64-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігінде:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әуежай, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) аумағында ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуын, оның ішінде әуеайлақ (тікұшақ айлағы), әуежай аумағында қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етеді және бақылайды;
2) әуеайлақта және әуеайлақ маңындағы аумақта ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті бақылау жөніндегі комиссияны құрады;»;
5) тармақшадағы «әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне» деген сөздер «ұшу қауіпсіздігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Азаматтық авиация саласында пайдаланылатын әуеайлақта қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілер Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әуежай пайдаланушысы белгілеген нормаларды сақтауға міндетті.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
«3. Халықаралық әуежайды пайдаланушы ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулыққа сәйкес, орындалатын ұшудың көлемі мен күрделілігіне қарай әуежайларда ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.»;
54) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«65-бап. Әуежай қызметі
1. Әуежай қызметiнiң құрамына әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету қызметтері (жұмыстары) кіреді, олардың тізбесін табиғи монопо­лиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекет­тік органмен бірлесіп азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Әуежай қызметіне жатпайтын басқа қызмет түрлерін әуежайды пайдаланушы не әуежайды пайдаланушымен шарт бойынша өзге де жеке және заңды тұлғалар әуежай аумағында жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасымен әуежайдың реттелетін қызметтеріне жатқызылған және әуежайды пайдаланушы жүзеге асыратын әуежай қызметінің түрі әуеайлаққа қызмет көрсету деп танылады.
Әуежайды пайдаланушы және (немесе) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші, сондай-ақ өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өзі дербес қызмет көрсететін авиакомпания жүзеге асыратын әуежай қызметінің түрі жерде қызмет көрсету деп танылады.
2. Әуежайда қызмет көрсетілген жолаушылар саны жылына екі миллион адамнан аз болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен бірлесіп бекіткен әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес әуежайды пайдаланушы әуежай аумағына жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің кіруіне рұқсат бере алады. 
Әуежайда қызмет көрсетілген жолаушылар саны жылына екі миллион адамнан көп болған кезде әуежайды пайдаланушы жерде қызмет көрсетуге кіретін қызметтерді ұсыну үшін әуежай аумағында оларды көр­сететін жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің кіруіне рұқсат беруге міндетті.
Әуежай аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсыну тәртібі мен шарттары, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілерге қойылатын талаптар және жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарттың нысаны әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
3. Әуежайды пайдаланушы жерде қызмет көрсету қызметтерін берушімен немесе өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпаниямен жасасатын шартта жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шартқа сәйкес әуежайдың инфрақұрылым объектілерін, жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдаланғаны үшін өтемақы төлемін төлеу көзделуге тиіс. 
4. Әуежайды пайдаланушы жерде қызмет көрсету қызметтерін берушіге немесе өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпанияға әуежайдың аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсынуынан негізсіз бас тартуға құқылы емес.
Әуежайды пайдаланушының әуежайдың аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін берушіге немесе өз әуе кемелеріне, жолау­шы­ларға, багажға, жүк пен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиа­ком­панияға бас тарту туралы шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
5. Әуежайды пайдаланушы мен жерде қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді беруші Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына немесе азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиация­лық қағидаларына сәйкес әуежай қызметіне кіретін қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі бағдарламаны әзірлейді және бекітеді.
Әуежайды пайдаланушы ұсынылатын қызметтердің Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына немесе азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларына сәйкестігін айқындау үшін өздері ұсынатын қызметтердің және (немесе) жерде қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді беруші көрсететін қызметтердің сапасына тұрақ­ты негізде аудит жүргізеді. Мұндай аудитті жүргізу азаматтық авиация ұйымдары арасында шарттық негізде жүзеге асырылады.»;
55) 70-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) халық­аралық ұшуларды орындайтын барлық азаматтық әуе кемелері халықаралық ұшуға арналған ашық халықаралық әуежайда ұшуды және қонуды жүзеге асыруға тиіс.»;
2-тармақ алып тасталсын;
56) 71-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«71-бап. Әуеайлақтар мен әуежайларды немесе арнайы объек­тілерді салу, реконструкциялау, тарату немесе көшіру
1. Әуежайды, сыныпталған әуеайлақты (тікұшақ айлағын) салу мен реконструкциялау жобалары ұшу қауіпсіздігін, авиациялық және қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны қорғауды, сондай-ақ әуежайға қызмет көрсету үшін көлік инфрақұрылымының (жолдар мен басқа да жер үстіндегі қатынас жолдары, телекоммуникациялар) қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды көздеуге тиіс.
2. Әуеайлақты салу немесе реконструкциялау кезінде әуеайлақты салу немесе реконструкциялау толық аяқталғанға дейін әуеайлақты пайдаланушы әуеайлақта ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейін қамтамасыз еткен жағдайда, жекелеген технологиялық аяқталған объектілердің әуе кемелерін қабылдауға және шығаруға уақытша жіберуге рұқсат беріледі. Әуеайлақты пайдаланушы уақытша жіберуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырады. 
3. Әуеайлақтар мен әуежайларды тарату немесе басқа жерге көшіру меншік иесiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.»;
57) 72-баптағы «әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі» деген сөздер «ұшу қауіпсіздігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
58) 74-бапта: 
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін ақысын алып немесе жалдау бойынша әуемен тасымалдауды (коммер­циялық әуе тасымалдарын) тұрақты және тұрақты емес рейстермен жүзеге асыру құқығына пайдаланушының қолданыстағы сертификаты бар авиакомпаниялар ие болады.»; 
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және (немесе) шет­елдік заңды тұлғалардың акционерлік қоғам нысанындағы авиакомпанияның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі қырық тоғыз пайыздан аспауға тиіс.»;
59) мынадай мазмұндағы 75-1-баппен толықтырылсын:
«75-1-бап. Формальдылықтарды оңайлату
1. Әуе тасымалдарына жәрдемдесу және оларды жылдамдату, сондай-ақ әуе кемелерінің, экипаждардың, жолаушылар мен жүктің негізсіз кешіктірілуін болғызбау мақсатында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган басқа мемлекеттік органдармен келісу бойынша шекаралық, кедендік, санитариялық және басқа да бақылау түрлерімен байланысты формальдылықтарды оңайлатуға бағытталған бағдарламаны әзірлейді.
2. Әуе тасымалына байланысты формальдылықтарды оңайлату жөніндегі шаралар авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі шараларға залал келтіретіндей етіп жүргізілмеуге тиіс.»;
60) 76-баптың 5-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен азаматтық әуе кеме­ле­рінде қауіпті жүктерді әуеде тасымалдау қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.»;
61) 76-1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Авиакомпаниялар (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімдері бойын­ша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың жеке құрамын оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге тасымалдау және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге міндетті.»;
62) 79-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Авиакомпанияларды тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға жіберу қағидаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкессіздік авиакомпанияны тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға жіберуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Авиакомпанияларды тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға жіберу қағидаларында белгіленген біліктілік талаптарын авиакомпания сақтамаған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұрын берілген рұқсатты үш айға дейін тоқтата тұрады. Тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтар осы тармақта белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, бұрын берілген рұқсат қайтарып алынады.»;
63) 80-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Үкіметаралық келісімдерге сәйкес авиатасымалдаушылардың саны немесе рейстерді орындау жиілігі бойынша шектеу белгіленген Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары арасында халықаралық авиамашруттарды, сондай-ақ тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыруға арналған субсидияланатын авиамаршруттарды (облысішілік авиамаршруттарды қоспағанда) бөлудi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган конкурстық негізде жүргiзедi. Жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін субсидияланатын облысішілік авиамаршруттарға конкурсты жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Конкурс жеңiмпаздарына авиамаршрутқа арналған куәлiктер берiледi.
Халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс үкіметаралық келісімдерге сәйкес авиатасымалдаушылардың саны немесе рейстерді орындау жиілігі бойынша шектеу белгіленген авиамаршруттарға:
1) жаңа авиамаршруттар ашылған;
2) үкіметаралық келісімге енгізілген өзгерістерге сәйкес қолда­ныстағы халықаралық авиамаршрутта қосымша жиіліктер бөлінген;
3) авиатасымалдаушы халықаралық авиамаршрутты пайдаланудан бас тартқан кезде босатылған жиіліктер бөлінген жағдайларда жүргізіледі.
Конкурсқа жолаушыларды, багажды, жүктерді және пош­та жөнелтiлімдерiн тасымалдау бойынша халықаралық авиа­маршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында, сондай-ақ жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша субсидияланатын авиамаршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетін авиакомпаниялар жіберіледі.»;
64) 81-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын шетелдік тасымалдаушылар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда аккредиттеуден өтуге міндетті.
3. Аккредиттеуді өткізу үшін шетелдік әуемен тасымалдаушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларына сәйкес тізбе бойынша, оның ішінде: 
1) коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға шетелдік әуемен тасымалдаушыны тіркеуші мемлекет тарапынан рұқсатты;
2) тиісті шет мемлекеттен тағайындалған әуемен тасымалдаушының мәртебесін;
3) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын;
4) Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және (немесе) брондалған билеттер туралы мәліметтер беруді растайтын құжаттарды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды олар келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. 
Аккредиттеу нәтижелері бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган шетелдік әуемен тасымалдаушыға Қазақстан Респуб­ликасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларында белгіленген нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік береді не одан уәжді түрде бас тартады. 
Аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тарту үшін: 
1) Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларына сәйкес тізбе бойынша құжаттарды ұсынбау не толық ұсынбау;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынылған құжаттарда анық емес мәліметтердің не қолданылу мерзімі өтіп кеткен мәліметтердің (құжаттардың) болуы негіз болып табылады.
Аккредиттеу тәртібі, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасында шетел­дік әуе­мен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларында айқын­далады.»;
65) 82-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Авиациялық жұмыстардың тізбесі мен оларды орындауға қойылатын талаптар Азаматтық авиация саласындағы ұшуларды жүргізу қағидаларында белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Азаматтық авиация ұйымының жұмыскерлері болып табылмайтын, бірақ авиациялық жұмыстарды орындау кезінде жұмысқа тартылған адамдар авиация персоналына жатпайды.»;
66) 86-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарды бұ­зу­­ға жол берген тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапты болады.»; 
67) 87-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әуе кемелерінің, азаматтық авиацияның басқа да объектілері мен жабдықтарының меншік иелері (иелері) мен пайдаланушылары Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңдарының талаптарына сәйкес өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, оның ішінде жолаушылардың және авиация персоналының алдындағы, сондай-ақ жүк иесінің немесе жүкті жөнелтушінің алдындағы жауапкершілігін сақтандыруға міндетті.»;
68) 11-тараудың тақырыбындағы «Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіз­ді­гі­не» де­ген сөздер «Ұшу қауіпсіздігіне» деген сөздермен ауыстырыл­сын;
69) 88-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
70) 89-баптың алтыншы абзацындағы «әрекет ету жатады.» деген сөздер «әрекет ету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұн­дағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«темекі бұйымдарын тұтыну жатады.»;
71) 90-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «әуе кемелері ұшуының, олардың жабдықтарының және олардағы адамдардың қауіпсіздігіне» деген сөздер «ұшудың, әуе кемелері жабдықтарының және олардағы адамдардың қауіпсіздігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне» деген сөздер «Ұшу қауіпсіздігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
72) 92-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлігіндегі «ұшқыш», «ұшқышсыз» деген сөздер «пилот», «пилот­сыз» деген сөздермен ауыстырылып, 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дене жарақатын табиғи себептер салдарынан алған, өзін-өзі жарақаттаған не басқа адамдар жарақаттаған немесе әдетте жолау­шылар мен экипаж мүшелерінің кіруіне болатын аймақтан тыс жерде жасырынып қалған билетсіз жолаушыларға дене жарақаты салынған жағдайларды қоспағанда, қандай да бір адамның осы әуе кемесінде болуы, осы әуе кемесінен бөлініп түскен бөлігін қоса алғанда, әуе кемесінің қандай да бір бөлігімен тікелей жанасуы, реактивтік қозғалтқыш газдары ағысының тікелей әсері салдарынан дене жарақатын алып, соңынан қайтыс болған немесе денсаулығына ауыр зиян, сондай-ақ денсаулығына ауырлығы орташа зиян келген;»;
2) тармақшаның үшінші абзацы «зақымданған» деген сөзден кейін «жағдайларын қоспағанда, әуе кемесі зақымданған немесе оның конструкциялары сынған, соның салдарынан әуе кемесі конструкциясының беріктігі бұзылатын, әуе кемесінің техникалық немесе ұшу сипаттамалары нашарлайтын, ірі жөндеу немесе зақымданған элементті ауыстыру қажет болатын;» деген сөздермен толық­тырылып, төртінші және бесінші абзацтары алып тасталсын;
73) 93-бапта:
2-тармақта:
бірінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру мақсаты оқиғаның себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтау, болашақта авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды болғызбау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.»; 
«Азаматтық және эксперименттік авиацияда авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді азаматтық авиация сала­сындағы уәкілетті орган құратын комиссия жүзеге асырады.»; 
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Тізбесі азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында белгіленген оқыс оқиғалардың жекелеген түрлерін ұшу қауіпсіздігін басқару жүйелері шеңберінде пайдаланушылар (азаматтық авиация ұйымдары) дербес тергеп-тексереді. Мұндай тергеп-тексерулер азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шешімі бойын­ша азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін пайдаланушылар (азаматтық авиация ұйымдары) түпкілікті есепті азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға береді. 
Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган құрған комиссия жүргізеді.»;
3-тармақта: 
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның өкiлеттiгi, сондай-ақ азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу тәртібі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиа­ция­лық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы екінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның өкiлеттiгi, сондай-ақ мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу тәртібі мемлекеттік авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен Қазақстан Республикасында мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.»;
«Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия жүргізілетін тергеп-тексеру кезінде объективтілік пен бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алуға тиіс. Тергеп-тексе­рудің тәуелсіз болуы мақсатында авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүдделер қақтығысын болғызбауды ескере отырып қалыптастырылады.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы оны пайдаланушы болып табылатын азаматтық авиацияның әуе кемесі шет мемлекеттің аумағында авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға ұшыраған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына және азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес әрекеттерін жүзеге асырады.
6. Тергеп-тексеру процесінде авиациялық оқиға туралы ақпарат тек нақты деректермен шектеледі. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мыналар:
1) тергеп-тексеру процесінде жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан алынған мәліметтер;
2) әуе кемесін пайдалануға қатысы бар адамдар арасындағы хат жазысу туралы мәліметтер;
3) авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға қатысушы адамдарға қатысты медициналық деректер және (немесе) биометриялық және (немесе) дербес деректер;
4) борттағы өздігінен жазатын құрал жазбалары және осындай жазбалардың түсіндірілетін мағынасы;
5) әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе қозғалысын бас­қару органдарының жазбалары және жазбалардың түсіндірілетін мағыналары;
6) экипаж кабинасындағы көрнекі мән-жайды жазатын құралдардың жазбалары мен осындай жазбалардың кез келген бөлігі немесе түсіндірілетін мағынасы;
7) борттағы өздігінен жазатын құралдар жазбаларын қоса алғанда, тер­геп-тексеруге қатысты ақпаратты талдау кезіндегі комиссия мүшелерінің не тартылған сарапшылардың не әуе кемесі тіркелген шет мемлекеттің уәкілетті өкілдерінің (пайдаланушының, әзірлеушінің немесе дайындаушының) пікірлері (нұсқалар, өтініштер) қамтылған ақпарат жария етілмейді. 
Осы тармақта көрсетілген ақпарат түпкілікті есепке енгізіледі немесе авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны талдауға қатысы болған жағдайда ғана оған қосылады. Осындай талдауға қатысы жоқ жазбалардың бөліктері жария етілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның сұрау салуы бойынша жүргізілетін тергеп-тексеруге қатысы бар ақпаратты және (немесе) құжаттаманы ұсынуға міндетті. 
8. Азаматтық және мемлекеттік авиациялар салаларындағы уәкілетті органдар жүргізетін авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиға­ларды тергеп-тексерулер Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы және өзге де мемлекеттік органдары жүргізетін тергеп-тексерулерден тәуелсіз болып табылады.»;
74) мынадай мазмұндағы 93-1-баппен толықтырылсын:
«93-1-бап. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл
1. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бастапқы дайындықтан өткен және авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрамында азаматтық авиация саласындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тапсырылған лауазымды адамы болып табылады.
Тергеп-тексерулерді ұйымдастыру кезінде, Қазақстан Республи­касының заңдарында тікелей көзделгеннен басқа жағдайларда, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, басқа да мемлекеттік органдар тарапынан тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің қызметіне араласуға жол берілмейді.
2. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл оқиға болған жерде және тергеп-тексеру процесінде авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны және оған байланысты барлық аспектілерді тергеп-тексеруді жос­парлайды, жүргізеді және үйлестіреді.
Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру процесіне Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
3. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің өз міндеттерін орындау кезінде:
1) тергеп-тексеру жүргізудің тәуелсіздігі мен объективтілігін қамта­масыз ету үшін, сондай-ақ тергеп-тексеруге қатысты дәлелде­мелердің жоғалуын немесе өзгертілуін болғызбау мақсатында басқа мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау жос­парын құруға;
2) авиация оқиғасы болған жерге және әуе кемесін пайдалануға, оған қызмет көрсетуге және ұшуларды қамтамасыз етуге тартылған авиация персоналына байланысты барлық құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуге, авиациялық оқиғаның немесе оқыс оқиғаның туындауына себепші болып табылатын немесе ықпал етуі, әсер етуі мүмкін оқиға орындарын, объектілер мен сынықтарды, қосалқы бөлшектерді және кез келген басқа да объектілерді қарап-тексеруді және одан әрі зерттеп-қарауды жүргізуге;
3) борттағы өздігінен жазатын құралдарды немесе әуе кемесінің бортындағы ақпарат жеткізгіш кез келген басқа да құрылғыны, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының жазбаларын іздеу, қалпына келтіру, шығарып алу, олардың деректерін оқу кезінде үйлестіруді және алынған деректердің сақталуына толық бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар. Борттағы өздігінен жазатын құралдар жазбала­рын шығарып алу және оқу Қазақстан Респуб­ликасындағы тиісті құрал­дар немесе шет мемлекеттердің авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқи­ғаларды тергеп-тексеру жөніндегі құзыретті органдарының құрал­дары пайдаланыла отырып, қандай да бір кідіріссіз жүргізілуге тиіс;
4) көзімен көргендерден, авиация персоналынан және авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға қатысы бар басқа да адамдардан сұрауға, авиациялық оқиғаның немесе оқыс оқиғаның себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтау үшін қажетті зерттеулер мен сынақтар жүргізуді тағайындауға;
5) сарапшыларды жұмысқа тартуға, олардың авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруге қатысты есептерін сұратуға;
6) пайдаланушымен келісу бойынша ұшу кезінде азаматтық әуе кемесінің бортында әуе кемесінің кабинасында және салонында отыру құқығымен болуына құқығы бар. 
4. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
3) авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға болған жерге келуге, азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру мен жүргізуді осы Заңға, азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес жүзеге асыруға;
4) азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларға тергеп-тексеру жүргізу қағидаларында белгіленген нысан бойынша азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге өкілеттіктер беретін куәлігінің болуы міндетті.
5. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл болып табылатын мемлекеттік қыз­метшілер мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын Қазақстан Рес­пуб­­­ликасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бір­ың­­ғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.
Ақшалай ризық ақшалай үлесті (лауазымдық айлықақы), айрық­ша еңбек жағдайлары үшін үстемеақыларды және Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасында белгіленетін басқа да үстемеақылар мен сыйлықақыларды қамтиды.»; 
75) 94-бапта:
2-тармақтағы «Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағи­даларында» деген сөздер «авиациялық оқиғалар мен оқыс оқи­ға­ларды тергеп-тексеру қағидаларында» деген сөздермен ауыс­ты­рылсын;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларында» деген сөздер «авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында» деген сөздермен ауыстырылсын; 
76) 95-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«95-бап. Заттай дәлелдемелерді сақтау
Осы Заңның 101-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар әуе кемесін, оның құрамдас бөліктерiн, бортындағы және жер үстiндегi объективтік бақылау құралдарын, әуе кемесiндегi барлық заттарды, сондай-ақ авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға әсерін тигізген аумақ пен ондағы заттарды, әуе кемесін жасауға, жөндеу мен пайдалануға және оның ұшуын қамтамасыз етуге қатысты бүкiл құжаттаманы осы авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның мүшелерi немесе тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл, сондай-ақ егер әуе кемесін тіркеуші шет мемлекет тергеп-тексеруге қатысуға ниет білдірсе, осындай мемлекеттің уәкілетті өкілі (пайдаланушы, әзірлеуші немесе дайындаушы) келгенге дейін ешкімге қол сұқтырмай сақтауға тиіс.
Заттай дәлелдемелерді сақтау алып қойылуы, бұзылуы, жоғалуы немесе жойылуы мүмкін кез келген заттай дәлелдемелерді суретке түсіру арқылы немесе басқа да тиісті тәсілдермен сақтауды қамтиды. Күзет одан әрі зақымданудан, бөтен адамдардың кіруінен, ұрланудан және бұзылудан алдын ала қорғауды қамтиды.»;
77) 98-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
78) 99-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажы Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес шараларды және адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау және мүлiктi, оның ішінде әуе кемесін сақтау бойынша өзге де ықтимал шараларды қабылдауға міндетті.»;
79) 100-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдары, аэроклубтар апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесі туралы ақпаратты, сондай-ақ қауiптi жағдайға ұшыраған адамдар туралы кез келген өзге де ақпаратты алған кезде Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен қажетті көмек көрсету бойынша барлық ықтимал шараларды қабылдауға және іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу жоспарына сәйкес іздестіру-құтқару командаларына, мемлекеттік органдардың авариялық-құтқару қызметтеріне, әуе кемелерін пайдаланушыларға дереу хабарлауға, сондай-ақ өз құзыреті шегінде авариялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізуді ұйымдастыру үшін азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдарды хабардар етуге міндетті.»;
80) 105-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушылар, әуе кемелерін пайдаланушылар Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес азаматтық авиацияны оның қызметіне заңсыз араласу актілерінен қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға мiндеттi.
Жерде және әуеде азаматтық авиация қауіпсіздігіне қатер төндіретін акт немесе актіні жасауға әрекеттену, атап айтқанда:
әуе кемесін заңсыз басып алу;
пайдаланудағы әуе кемесін бұзу;
әуе кемесінің бортында немесе әуеайлақтарда адамдарды кепілге алу;
әуе кемесінің бортына, әуежайға (әуеайлаққа) немесе аэрона­вигациялық құрал немесе қызмет орналасқан жерге күшпен кіру;
әуе кемесінің бортына немесе әуежайға қылмыстық мақсаттарға арналған қаруды, қауіпті құрылғыларды немесе материалды орналастыру;
пайдаланудағы әуе кемесін өлімге ұшырату, елеулі жарақаттау немесе мүлікке немесе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіру мақсатында пайдалану;
ұшып келе жатқан немесе жердегі әуе кемесінің қауіпсіздігіне, жолаушылардың, экипаж мүшелерінің, жердегі персоналдың немесе әуежайдағы жұртшылықтың немесе азаматтық авиацияның құралдары немесе қызметі орналасқан жердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жалған ақпаратты хабарлау азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актісі болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Азаматтық авиация ұйымы авиациялық қауіпсіздік бағдарламаларын әзірлейді және қабылдайды, оларда Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес әзірленген, заңсыз араласу актілерін болғызбау және оларға қарсы іс-қимыл жасау шаралары мен рәсімдері көзделеді.»;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
«1) әуежайдың бақыланатын аймағына, оның ішінде әуежайдың кіру шектелген күзетілетін аймақтарына және әуе кемесінің бортына бөгде адамдар мен көлiк құралдарының кiруiн болғызбау.
Жете тексеру пунктінен әуе кемесіне дейінгі коммерциялық авиацияның ұшатын жолаушыларына арналған аймақтар, сондай-ақ перрон, жете тексеруден өткен багаж бен жүктер бар әуе кемелеріне қызмет көрсету аймақтарын қоса алғанда, багаж өңдеу аймақтары, жүк қоймалары, пошта жөнелтілімдерін өңдеу орталықтары, әуежайдың бақыланатын аймағында орналасқан бортта тамақтандыру мен ұшақтарды тазалау қызметтерінің үй-жайлары кіру шектелген күзетілетін аймақ болып табылады;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толық­тырылсын:
«6-1) әуе кемесінің бортына, әуежайға немесе аэронавигациялық құрал және басқа да объектілер орналасқан жерге заңсыз кіруді болғызбау; 
6-2) аэровокзалдар мен іргелес аумақтардың жалпы рұқсат етілген аймақтарында қауіпсіздіктің қажетті шараларымен;»; 
мынадай мазмұндағы 3-1 және 4-1-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Ұшып келуі, ұшып кетуі кезінде және тұрақта тұрған уақы­тында әуе кемесінің бортына бөгде адамның заңсыз кіруіне тыйым салынады.»;
«4-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жыл сайы­н Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының авиа­ция қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарын сақтау тұрғысында азаматтық авиация ұйымдарында тексерулер, сынақтар мен шолулар жүргізуге бағытталған іс-шаралар кешені түсінілетін авиациялық қауіпсіздікті тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны қабылдайды.»; 
5-тармақта: 
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақ­тарын) пайдаланушылар мен азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және Қазақстан Республикасының әуежайларына тұрақты рейстер орындайтын шет мемлекеттердің азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды жылына бір реттен жиі емес кезеңділікпен ішінара тексерулер және жоспардан тыс тексерулер;»;
6) тармақшадағы «жүргізу арқылы жүзеге асырылады.» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) авиациялық қауіпсіздік жүйесіне сынақтар жүргізу;
8) авиациялық қауіпсіздік жай-күйіне шолулар жүргізу арқылы жүзеге асырылады.»;
7 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ішінара тексерулер қатерлерді бағалау және әуежай арқылы немесе азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылар жүзеге асырған тасымалдар көлемі, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік саласында бұрын анықталған бұзушылықтар ескеріле отырып жүргізіледі.»;
«9. Әуежайлардың, әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) және азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушылары ішкі аудиттерді, тексерулерді, зерттеп-қарауларды, сенімділікті тексеруді қамтитын авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сапасын бақылау жөніндегі ішкі шараларды жүзеге асырады. Шараларды іске асыруды Авиациялық қауіпсіздіктің сақталуы сапасына бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес әзірленген авиациялық қауіпсіздік бойынша сапаны ішкі бақылау бағдарламасы негізінде сапаны бақылаудың ішкі аудиторы (маманы) жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Авиациялық қауіпсіздік жүйесіне сынақты және авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйіне шолуларды Авиациялық қауіпсіздіктің сақталуы сапасына бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.»;
81) 106-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әуежайдың және тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиаком­панияның, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілердің өз құрылымында тиісті қажетті техникалық құралдармен және кадр құрамымен жасақталған, азаматтық авиа­цияны заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін авиациялық қауіпсіздік қызметі болуға тиіс.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әуежайдың, тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның тиісінше бірінші басшысына тікелей бағынатын және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша тағайындалатын, авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес тиісті оқудан өткен және жұмысқа жіберілетін оның орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы әуежайдың, тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы бола алады.»;
3-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әуежайды пайдаланушы болып табылатын ұйымның бірінші басшысына және оның орынбасарына – әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына;
2) тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның бірін­ші басшысына және оның орынбасарына – авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына;»;
4) тармақшадағы «иесіне жүктеледі.» деген сөздер «иесіне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші органның бірінші басшысына және оның авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына жүктеледі.»;
82) 107-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жолаушыларды, багажды, қол жүгін, оның ішінде жолаушы­лардың өздерінде болатын заттарды, экипаж мүшелерін, азаматтық авиацияның авиация персоналы қатарындағы адамдарды, әуе кемесі бортындағы қосалқы заттар мен тағамды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін және әуежайдың бақыланатын аймағына келетін барлық адамдарды ұшар алдында жете тексеруді авиациялық қауіп­сіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес бағдарламалар бойынша тиісті оқудан өткен және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда жұмысқа рұқсат алған авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеру инспекторлары жүргізеді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекіткен арнайы тізбе бойынша лауазымды адамдарды қоспағанда, әуе кемесімен тасымалданатын әрбір адам мен оның багажына қатысты жете тексеру жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес белгіленген қауіп-қатер деңгейіне байланысты жолаушылар және аэровокзалдарға келетін адамдар, олардың алып жүретін заттары, оның ішінде қол жүгі мен багажы Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес жете тексеруге жатады.»;
83) 108-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.».
7. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақ­стан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13,91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., №7-I, 47-құжат; №7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
134-баптың 2-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушыларға аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұсыну;».
8. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; №7-I, 50-құжат; №7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат):
2-қосымшадағы 41-жол алып тасталсын.
2-бап. 
1. Осы Заңның 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 6-тармағы 54) тармақшасының сегізінші абзацын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 3) тармақшасы төртінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, осы абзац тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 
«2. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидалары қолданылады.».

Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 10 мамыр № 64-VI ҚРЗ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

FIFA-2018 марапаттау рәсімінде Роналду болмайды

24.09.2018

Ұлы Дала Еліне саяхат — «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша экспедиция Таразға келді

24.09.2018

«Егемен академиясының» жаңа маусымына тіркелу басталды

24.09.2018

Мақтаарал құрылыс саласымен де танымал болмақ

24.09.2018

Атырауда «Тау тұлғалы Таумыш» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

24.09.2018

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет мектебін ашылды

24.09.2018

Алматыда III Baikonyr Short Film Festivalдің жабылу салтанаты өтті

24.09.2018

Ақтөбелік полицейлер Агенттіктің «Пара алма!» үндеуіне құлақ асуда

24.09.2018

Қыздар Университетінің студенттері республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

24.09.2018

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

24.09.2018

25 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

24.09.2018

Ақтауға үлкен футбол оралды

24.09.2018

Үш дзюдошымыз да алғашқы айналымда ұтылды

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу