Қазақстан Шенген елдеріне визалық тәртіптің жеңілдеуін күтеді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 2017 жылғы 12 сәуірде Манфред Грунд бастаған ГФР Бундестагының «Германия – Орталық Азия» парламенттік топ делегациясын қабылдады.
Егемен Қазақстан
13.04.2017 9115
2

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері, оның ішінде Сириядағы ахуалы, Орталық Азиядағы даму келешектері және ҚР БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты емес мүшелігі мәнмәтіндегі Ауғанстанға қолдау көрсету жөніндегі дүниежүзілік қауымдастықтың шаралары, «Жібек жолы экономикалық белдеуі» қытайлық бастамасын іске асыру барысы және халықаралық маңызы, қазақ-неміс сауда-экономикалық ынтымақтастығы, «ЭКСПО-2017» көрмесіне Германияның қатысуы, ҚР азаматтары үшін Шенген елдеріне бару үшін визалық тәртіпті жеңілдету, ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімнің ратификациялауы бойынша мәселелері талқыланды.

Қ. Әбдірахманов 4 сәуірде Қазақстан барлық мүдделі тараптардың қатысуымен, БҰҰ және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым  қолдауымен Сирияда химиялық қаруды қолдануы мүмкін фактісіне қатысты объективті, жан-жақты және тиянақты тергеу жүргізетінін атап өтті. Сонымен қатар, Министр Қазақстан Сирияда тұрақты бітімге жету мақсатында Астана келіссөздер процесін жалғастыру үшін әрі қарай платформаны қамтамасыз етуге дайын екенін атады.

Орталық Азия мен Ауғанстандағы ахуал туралы айтқанда, Қ. Әбдірахманов Қазақстан екіжақты негізде көмек көрсетуде жалғастыратынын атап, Ауғанстанға қолғабыс көрсетуде көпжақты механизмдерін қолдау туралы өңірдің барлық бес елдің тәсілдері ортақ екенін маңызды факт ретінде атап өтті.

Қ. Әбдірахманов Қазақстан мен Германия арасында дипломатиялық қатынастар орнаған кезеңнен бастап 25 жыл ішінде елдеріміз арасында екіжақты ынтымақтастықтың жоғарғы даму деңгейіне жеткенін, ауқымды шарттық – құқықтық базасының құрылғанын, қомақты көлемде диалогтық алаңдар мен өзара іс-қимыл тетіктердің істеп тұрғанын атап өтті. Министр өзара әрекет етуді дамытуда парламенттік дипломатияның маңызды рөлін баса атап, сондай-ақ неміс тарапын Қазақстандағы соңғы конституциялық реформаның мәні туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, М. Грунд Қазақстанмен парламентаралық ынтымақтастық мәселелерімен 20 жылдан астам айналысу барысында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық табысты дамуын қызығушылықпен байқағанын айтты. «Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен ел ішінде этносаралық келісімді қамтамасыз етіп қоймай, сондай-ақ теңдестірілген сыртқы саясатты құрды, ал қазір Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылықтың кепілі болып табылады», - деп атады Германия Бундестагының мүшес. Сонымен бірге, ол демократия мен саяси жүйенің тұрақтылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған Қазақстан Республикасының Конституциясына соңғы өзгерістерінің оң сипатын атап өтті.

Тараптар әріптестіктің «де-факто» стратегиялық деңгейін белгіледі. Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының шетелдік инвесторларының арасында Еуропа елдері ішінен Германия басты ондыққа және мемлекетіміздің сауда әріптестігінің басты бестігіне кіреді.

2016 жылы сауда айналымы 1,7 млрд. АҚШ долл. құрады. Қазақстан мен Германия арасындағы Шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімнің бірлесе іске асырылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуында маңызды рөл атқарады.

2012 жылдан бастап Қазақстанда қосарлы кәсіптік-техникалық білім беру саласында «Назарбаев-Меркель» бастамасы бойынша германдық модель енгізілуде.

Алматыда орналасқан Қазақ-неміс университеті, Гёте атындағы институттың және Неміс академиялық алмасулар қызметінің (DAAD) Қазақстандағы өкілдіктері білім беру саласындағы ынтымақтастықтың басқа жемісті үлгісі болып табылады. Сонымен қатар, Германияда білім алатын қазақстандық студенттер санының көбеюіне байланысты, 2009 ж. ГФР-да «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдігі ашылды.

Кездесу барысында, Қ. Әбдірахманов Қазақстан мен екі ел арасындағы, сондай-ақ Еуропалық одақпен жалпы адами байланыстарын әрі қарай кеңейту тақырыбын жеке атап, Қазақстан өз тарапынан салмақты қадам басуда екенін атап өтті. Осылайша, жыл басынан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы және ЕО мүше мемлекеттерінің азаматтарына елімізге келу мақсатында төлқұжаттардың барлық түрлеріне 30 күнге дейін визасыз тәртіп орнатылған, шетел инвесторлары, іскер делегациялары және туристердің елге келуін жеңілдету бойынша шаралар қабылдауда әрекет етілуде. Сонымен бірге, Қазақстан азаматтарды құжаттандыру саласында бақылау стандарттарын арттыруда, мемлекет ретінде көші-қон тәуекелін көрсетпейді, сондықтан қазақстандықтар үшін шенген аймағы елдеріне бару виза тәртібін жеңілдету бойынша еуропалық тарапынан КСЫК-та бекітілген келісімдерге сәйкес келетін ыңғайласпа мәмілесін күтуде.

КСЫК ратификациялау тақырыбын талқылау кезінде тараптар барлық мүдделі тараптардың мүддесіне жауап беретін аталған ауқымды келісімнің толық және тез күшіне енетініне, және де бұл бағытта белсенді жұмысын жалғастыруға келісті.

Герман делегациясының Астанада болатын кезінде Парламенттің қос палаталарының төрағаларымен, ҚР Инвестициялар және даму министрілігінің және «Астана ЭКСПО-2017» АҚ басшылығымен кездесулері жоспарлануда.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

Шымкентте дәрігерлер тұрғындарға арнайы медициналық көмек көрсетті

21.11.2018

Израильдегі халықаралық турнирде Маңғыстаулық гимнасшылар 8 медаль иеленді

21.11.2018

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұшақ ер адамды қағып кетті

21.11.2018

«Туған жерге тағзым» жобасы Түркістаннан басталды

21.11.2018

Елбасы: «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға мүмкіндігіміз бар

21.11.2018

Алмасбек Әбсадық: Мазмұны терең ой-толғам

21.11.2018

Ертең бокстан шешуші сайыстар басталады

21.11.2018

Маңғыстауда 171 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

21.11.2018

Б.Көшімбаев: Рухани жаңғырудың қайта түлеген жалғасы көңілімізді демдеп отыр

21.11.2018

Кәсіпкер мен әкімдік арасындағы дау «Атамекеннің» араласуымен шешілді

21.11.2018

Қарағандыда алты көшенің атауы өзгереді

21.11.2018

Ауылдарға көгілдір отын келіп жатыр

21.11.2018

Қызылордада полицейлер қан тапсырды

21.11.2018

Қазақстан құрамасы бесінші себетте

21.11.2018

Жаңақорған ауданында 63 пәтерлік 2 көпқабатты қызметтік тұрғын үй пайдалануға берілді

21.11.2018

Павлодарда Тұңғыш Президент күні  27 жаңа нысан пайдалануға беріледі

21.11.2018

Н.Назарбаев: «Ұлы даланың ұлы есімдері» энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек

21.11.2018

Таэквондошылар Әбу-Дабиге аттанды

21.11.2018

Елбасы: Деректі-қойылымдық фильмдердің, көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу қажет

21.11.2018

Польшалық заңгерлер Алматыға келді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу