Қиялдағы күйеу, аспандағы ару...

Мейлі, ер-азамат болсын, мейлі, әйел болсын, кейде өмірдегі жоқ адамды іздейді. Ай десе аузы, Күн десе көзі бар қыздар оң жақта отырып қалатыны несі? Болмаса, саналы десең саналы, білімді десең білімді жігіттер неге сүр бойдақтардың санатынан суырыла алмайды? Өзімізді құдіреттімін деп есептейтін болуымыз керек, қиялдағы күйеуді армандаймыз... Жер бетінде жоқ аруды аңсаймыз.
Егемен Қазақстан
09.08.2017 5277
2

Осылай айналамыздағы адамдарды менсінбей жүргенде, можантопай жігіттер кейін тура кинодағыдай керемет азаматқа айналады. Қарапайым қара қыздан есті әйел шығады. Есі бар балалар туады. 

Айтқандай, осыдан біраз жыл бұ­рын досымның інісін түлен түртіп, жап-жақ­сы келіншегінен жеріп шықты. Жігіттің үйін­дегілер келінді жақтаса да, інішек ке­рі кетіп,  ақыры ажырасып тынды. Жағ­дай белгілі. Бірнеше жыл сы­бай-сал­таң жүрді. Жалғыздықтан жа­лыққан бол­у керек. Күндердің кү­нін­де қайта үйленетін болды. 

Әлгі азамат жаңа әйелін үйіне жетектеп келгенде, үй ішіндегілер түгелімен шалқасынан түсе жаздаған ғой. Босағаны аттап тұрған адам кеткен келіншегінен бір түйір айнымайды. Сол – түр, сол – шаш, сол – шатақтау мінез. Бұрынғы әйе­ліне соншалықты ұқсас, егіздің сы­ңа­рын­дай адамды күндіз қолыңа шам алып қа­на іздеу керек шығар?! Бұл әйелі­мен де кейін сол ырың-жырың басталды. Ана әйелде де бала кетті, мына келіншегінен де бала бар. Әпкесі сонда інісіне не керек екенін түсінбей, әңгіме қозғап отыратын. 

– Сонда не болды? Өзіне осындай әйелдер ұнайтын шығар? – деп иық­ты қиқаң еткізіп, күліп қойсам да, бұл жі­гіт кім­ді іздеп жүр деген сұрақ кө­кей­де қалды.Әрине, бұл баяғыда болған оқиға. Арада ондаған жылдар өтті. Әйелден ба­ғы жанбаған ол жігіт кейінгі келін­ше­гінен де кетті. Басқадан бағы ашыл­ды ма, ашылмады ма, ол жағы бей­мағлұм. Шаңырағын шайқалтып, ажы­расып кеткен адамдардың кейін бас­қа некеде бақытты болып кетуі де не­кен-саяқ. 

Адамдар да қызық. Кейде бақытын із­деп жүріп, сол бақытты басынан өзі теу­іп түсіргенін де білмей қалады. Жұ­мақты басқа біреудің құшағынан із­деп жүргенде, бүкіл берекесі ажы­рас­қан адамымен бірге кетеді. 
Кейде даңқ пен ақшаға қатар бөлен­ген жігіттер дандайсып, адал жары­нан же­ріп, ақ төсегінен аттап, басқаға бұ­рыл­ғанда бүкіл абырой, бедел, байлығы қоса құрдымға кетеді. Жақсы әйелдің киесі болатынын бұрын да жазғанбыз. Кейде керісінше жолы болмайтын жігіттерге жақсы жар кезігіп жатады. 

Қазір қарап отырсақ, айналамызда сұ­лу, дәулетті, жоғары білімді, бірақ оты­­рып қалған қыздар неге бұрын­ғы­дан да көп. Бұларда түр де, ақыл да бар. Тіпті кей­біреулерінен соңынан жі­гіт қал­майды деуге болады. Алайда жал­ғ­ыз... Неге іздегенін таппайды?
Керісінше, кейде отбасылы бір аза­м­аттарға қыз-қырқын өте үйір. Бой­дақ жүр­ген бос адамды көрмейді. Есіл-дерті сол. Ал енді әп-әдемі келіншегі бар адамдар да жарының көзіне шөп са­­лады. Осынша күнәға батыратын қан­дай күш? 

Енді біреулердің отбасындағы ын­ты­мақ, сүйіспеншілік жылдар бойы сақ­­талады. Келесілер өліп-талып қосы­лып, неге бір бірінен жылдам жериді? Сол сияқты біреулер тез қартаяды, ен­ді бі­реулер жамбасы қара жерге тиген­ше сы­нын да, сырын да бермейді. Осы сұ­рақ­тың бәрі бізді ойлантпай қой­май­ды. 
Әдебиеттерден ақыл іздеп, психо­лог­тардың кеңесіне құлақ түрсек, бұл сұ­рақ­тардың жауабы оп-оңай әрі өте күр­делі. Айналаңдағы адамдардың отбасылық өміріне, сыйластығына зер сал­саң, осының бәрі шындық екеніне көзің жете түседі. 
Психикалық, яки адам­ның түйсі­гін­дегі түй­тк­іл­дермен айналысатын әлем­­дік ғалымдар, бар­лық мәселе көз­­ге көрінбейтін бір күш-қуатта дей­ді. Осы­­ған дейін де сан ғасырлар бойы оқы­мыс­­тылар бі­рінші сана пайда болды ма, әлде ма­терия пайда болған ба деп айтысып кел­ді ғой. Енді ғалымдар бірінші энергия пайда болған дегенді айтып жүр. Біз­дің ата-бабамыздың тілімен айтқанда, мұның бәрі адамның пиғылы мен ниеті секілді. Энергия деген осы емес пе? 

Демек әлемді билейтін энергия, адам­ды билейтін – әйелдің бойындағы күш-қуат. Яғни, күйеуді ұстап тұратын ол әйелдің бойындағы адамгершілік пен мей­ірім, жанашырлық қой онда. Не­месе керісінше, ер-азаматтың бой­ын­дағы үл­кен кісілік пен жары мен ба­лаларына деген қамқорлық, жауапкершілік – от­ба­сылық тұғыр. Мұн­дай жігітке жо­лық­­қан қыздың арманы – біреу ғана – шаңырағының амандығы. 
Демек әңгіме енді келіп, әйел адам­­ның өзінде болатын күш-қуатқа ба­­рып тіреледі. Шын мәнінде табиғат әйел­дер­ге жасырын өте үлкен күш берген. Парапсихология, эзотерикамен айналысатын адамдар да әйелдердің осы Құдай берген күш-қуатқа ие болуға ұмтылуды ұмыта бастағанын айтады. 
Біздің ата-бабаларымыз әйелдің де, еркектің де орнын көрсетіп кеткен жоқ па. Әйелдің ақылы мен айласын, сұ­лулығы мен мекерлігін аз айтпаған. 
Ер-азаматтарға қарағанда, әйел­дер­дің қу­лық-сұмдығы да, болмысы да бөлек. Кей­бір өркениеттер мен ұлттардың жү­ріп өткен жолына қарасақ, анадан қызына, одан кейін қызының қызына бе­ріліп жататын тәрбие мен көрегендік көп. Бірақ со­ның бәрі адамгершілікпен, иманд­ылық­пен суарылғанда ғана бая­нды. 

Қалай десек те, табиғаттың бүкіл құдіретті қасиетін, парасатын, қылығын теңестірген әйел ғана азаматының айналасында махаббат, береке, байлық орната алмақ. Ер-азаматтың қол созған ар­ман-мақсаттарына жетуге өзінің күш-қуатын қоса алады. Меніңше, мұндай адамның қасында жоғалғаның табылғандай болады, жаның жай табады. Бұл екі адамға да қатысты. 

Бір бойында ақыл-парасаты, мейі­рі­мі, қылығы мен таза ниеті бар адамды тап­қан кезде ғана бақытты боласың. Бұл үлкен күш-қуат. 
Өмірдің қарапайым ғана мысалын алайықшы. Неге қыз-қырқын біт­кен өте үлкен дарынға, даңққа ие адам­дарға өліп-өшіп ғашық болады? Жұрт­қа байлығын бөліп бермесе де, бұл адам­дар­дың бойындағы басқаларды арбаған не сиқыр? Әрине, бұл біз айтып отырған жоғарыдағы күш-қуат. Басқаларда жоқ алапат энергия. 

Бір түн үшін бәрін тәрк ететін адамдарды енді түсініп көріңіз... Түйсіксіз түрде осыны іздеген адам өзіне керегін тапқан кезде барлығын ұмытары сөзсіз. Адамдардың ақылы жетпейтін жер де осы. 
Ақылдың жетегіне көнбей, айрандай ұйып отырған отбасын тастап, бала-шағаның үстінен аттап, ажырасты дейтіндердің санын көбейтетін де осы жағдай. Қылықсызға құлықтың болмайтыны да осындайдан. Әйтпесе, әп-әдемі, жап-жас бойжеткеннің бағы неге ашылмайды. Жалғыздық, ешкімге керексіздік қайдан туындайды? 

Қысқасы, әйелдің бойындағы біз ай­тып отырған күш-қуаттың түбіне ашу­шаңдық, ұрыс-керіс, күйбең тір­ші­лік жетеді. Ерке қылық, парасат пен мейірімнен отызыңда айырылып, қы­рық жасыңда қиралаңдасаң, онда ота­ға­сы өзіне жетпейтінді өзгеден іздей бас­тағанына шүбә жоқ. 
Қалай пәлсафа соқсаң да жігеріңді еселейтін, өмірлік армандарыңды бірге алға апарысатын адамға жолыққанда ғана іздегеніңді тапқаның. Ал ерекше әйелге жолыққан, жа­нас­­қан адам сол кезден бастап кетеуі кет­кен тірлігі оңғарылып, мың сан мә­селесінің шешімі табылып, күрмеуі тарқатылғандай күйге түсетіні сөзсіз. Егер ол адамды өмірдің бұла бастауында ешкімнің көз жасына қалмай, обалын арқаламай, отбасын шайқалтпай тапсаңыз, бұл – тағдырдың ғанибеті.  

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Роналду алғаш рет ойыннан қуылды

21.09.2018

Qasiet pen qasiret

21.09.2018

Жабайы бәсекелестік немесе жолаушыларды заңсыз тасымалдау белең алып барады

21.09.2018

Ректор Мәлік Ғабдуллин

21.09.2018

Парасаттылық пен азаматтықтың өнегесі

21.09.2018

Танзанияда паром суға батып, 44 адам қаза тапты

21.09.2018

Антон қарттың айтқандары

21.09.2018

Көшенің сәнін келтіріп...

21.09.2018

Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

21.09.2018

Алда елді елге қосу мұраты тұр

21.09.2018

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері қаралды

21.09.2018

«English for Jastar» – жаңа жоба

21.09.2018

Нақты істердің партиясы

21.09.2018

300 мың адам диктант жазды

21.09.2018

2017 жылы машина жасау өнімінің көлемі 1 трлн теңгеге жуық болды - Елбасы

21.09.2018

Әліпби ауыстыру – үлкен өзгеріс

21.09.2018

Елбасы. Елорда. ЭКСПО

21.09.2018

Парламенттік тыңдау өтеді

21.09.2018

Инвесторларды тарту мәселелеріне арналды

21.09.2018

Еуразиялық әйелдер форумына қатысты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу