ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 17/166 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабар
Егемен Қазақстан
30.06.2017 2088
2

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 468 Жарлығына сәйкес 2017 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Сенатының депутаттарын сайлау болды. 
Қазақстан Республикасы Парламенті Сена­тының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлау Қазақстан Республикасының 14 облысында, Астана және Алматы қалаларында болды деп танылғанын хабарлайды.
38 кандидат дауысқа түсті. 
3291 таңдаушының 3242 немесе таңдау­шы­лардың жалпы санының 98,51 пайызы дауыс беруге қатысты.
Сайлау бюллетеньдерінің жалпы санынан 5 сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Се­на­тының депутаттарын сайлаудың мынадай қоры­тындылары анықталды: 
– Ақмола облысынан Әділбеков Дәурен Зекен­ұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар саны­нан 256 (94,46 пайыз), Досхожин Дамир Рақат­ұлы  үшін 15 (5,54 пайыз) дауыс берілді; 
– Ақтөбе облысынан Ділжанов Әділбек Шұ­ғайыпұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдау­шылар санынан 13 (6,88 пайыз), Жұмағазиев Мұх­тар Сабырұлы үшін 176 (93,12 пайыз) дауыс берілді;
– Алматы облысынан Қылышбаев Нұрлан Наурызұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдау­шылар санынан 298 (91,13 пайыз), Өмірзақов Ерке-Бұлан Ерденұлы үшін 29 (8,87 пайыз) дауыс берілді;
– Атырау облысынан Балжігітов Сейітжан Қапанұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 11 (8,40 пайыз), Дүйсембаев Ғұмар Ислямұлы үшін 108 (82,44 пайыз), Жауымбаев Қаршыға Елемесұлы үшін 12 (9,16 пайыз) дауыс берілді;
– Батыс Қазақстан облысынан Сертеков Нұржан Орынғалиұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 38 (19,59 пайыз), Төреғалиев Нариман үшін 156 (80,41 пайыз) дауыс берілді;
– Жамбыл облысынан Нұрәлиев Әбдәлі Тоқбергенұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 172 (86,87 пайыз), Терлікбаев Қайрат Әбдікерімұлы үшін 26 (13,13 пайыз) дауыс берілді;
– Қарағанды облысынан  Әбдікеров Рысқали үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 241 (82,53 пайыз), Исағұлов Аристотель Зейнуллаұлы үшін 51 (17,47 пайыз) дауыс берілді; 
– Қостанай облысынан Жабаев Асқар Болатұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 18 (6,08 пайыз), Жарлығасов Жеңіс Бақытбекұлы үшін 22 (7,43 пайыз), Нұрғалиев Жеңіс Мирасұлы үшін 256 (86,49 пайыз) дауыс берілді;
– Қызылорда облысынан Әжікенов Ержан Ертарғынұлы үшін дауыс беруге қатысқан таң­дау­шылар санынан 13 (9,03 пайыз), Әлназарова Ақма­рал Шәріпбайқызы үшін 30 (20,83 пайыз), Бақтияр­ұлы Мұрат үшін 101 (70,14 пайыз) дауыс берілді;
– Маңғыстау облысынан Нұрғалиева Халила Хабижанқызы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 27 (23,89 пайыз), Шелпеков Бақтыбай Ақбердіұлы үшін 86 (76,11 пайыз) 
дауыс берілді;
– Оңтүстік Қазақстан облысынан Есжанов Сейітжаппар Бекжанұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 55 (17,86 пайыз), Құртаев Әлімжан Сейітжанұлы үшін 253 (82,14 пайыз) дауыс берілді;
– Павлодар облысынан  Әлтаев Қанат Мінтайұлы үшін 16 (8,16 пайыз), Нұрмағамбетов Қайрат Қайыржанұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 19 (9,69 пайыз), Нұрсипатов Нұржан Нұрланбекұлы үшін 161 (82,14 пайыз) дауыс берілді;
– Солтүстік Қазақстан облысынан Меңдібаев Мейрам Жақсылықұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 16 (7,69 пайыз), Оразалин Есжан Қабиұлы үшін 16 (7,69 пайыз), Сұлтанов Ерік Хамзаұлы үшін 176 (84,62 пайыз) дауыс берілді;                              
– Шығыс Қазақстан облысынан Баймулдинов Ақымғазы Асанұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 20 (6,43 пайыз), Мусин Дүйсенғазы Мағауияұлы үшін 291 (93,57 пайыз) дауыс берілді;
– Астана қаласынан Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 23 (92,0 пайыз), Сүтемгенов Дәулет Болатұлы үшін 2 (8,0 пайыз) дауыс берілді;
– Алматы қаласынан Балаганский Алексей Сергеевич үшін дауыс беруге қатысқан таң­дау­шылар санынан 1 (2,94 пайыз), Нөкетаева Динар Жү­­сіп­­әліқызы үшін 32 (94,12 пайыз), Шуақов Бек­­зат Сүндетбайұлы үшін 1 (2,94 пайыз) дауыс берілді. 
Қазақстан Республикасы Парламенті Сена­ты­ның депутаттары болып сайланғандар: 
Ақмола облысынан – Әділбеков Дәурен Зекенұлы, 1956 жылы туған, Ақмола облысы әкімі­нің бірінші орынбасары, Көкшетау қ., қазақ, партияға тиесілілігін көрсетпеген;
Ақтөбе облысынан – Жұмағазиев Мұхтар Сабыр­ұлы, 1956 жылы туған, Ақтөбе облысы әкімі­нің орынбасары, Ақтөбе қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі; 
Алматы облысынан – Қылышбаев Нұрлан Наурызұлы, 1971 жылы туған, Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Сенатының депутаты, Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;
Атырау облысынан – Дүйсембаев Ғұмар Ис­лямұлы, 1956 жылы туған, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары, Атырау қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;
Батыс Қазақстан облысынан – Төреғалиев Нариман, 1964 жылы туған, Орал қаласының әкімі, Орал қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;
Жамбыл облысынан – Нұрәлиев Әбдәлі Тоқбергенұлы, 1959 жылы туған, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Тараз қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;
Қарағанды облысынан – Әбдікеров Рысқали, 1959 жылы туған, Қарағанды об­лыстық мәслихатының хатшысы, Қарағанды қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;
Қостанай облысынан – Нұрғалиев Жеңіс Ми­расұлы, 1962 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қостанай қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;
Қызылорда облысынан – Бақтиярұлы Мұрат, 1958 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қызылорда қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;
Маңғыстау облысынан – Шелпеков Бақтыбай Ақбердіұлы, 1959 жылы туған, Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Сенатының депутаты, Ақтау қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;
Оңтүстік Қазақстан облысынан – Құртаев Әлімжан Сейітжанұлы, 1958 жылы туған, «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Шымкент қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;
Павлодар облысынан – Нұрсипатов Нұржан Нұрланбекұлы, 1957 жылы туған, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Павлодар қ., қазақ, партияда жоқ;
Солтүстік Қазақстан облысынан – Сұлтанов Ерік Хамзаұлы, 1956 жылы туған, кеңесші, «Зенченко и К» КС, Петропавл қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі; 
Шығыс Қазақстан облысынан – Мусин Дүйсенғазы Мағауияұлы, 1957 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Өскемен қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;
Астана қаласынан – Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы, 1964 жылы туған, «Нұр Отан» партиясының Астана қаласы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Астана қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;
Алматы қаласынан – Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызы, 1964 жылы туған, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры, Алматы қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған TEDx форматында жиын өтті

12.12.2018

Мемлекет басшысының төрағалығымен Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

12.12.2018

Астанада Гейдар Алиевті еске алды

12.12.2018

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

12.12.2018

«Жер жәннаты – Ақмола» деп аталатын жинақ жарыққа шықты

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда Желтоқсан құрбанын еске алу турнирі өтті

12.12.2018

Сенатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мәселелері талқыланды

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда цифрлы сүт фермасы іске қосылды

12.12.2018

Қазақ киносының Бауыржанын еске алды

12.12.2018

«Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

12.12.2018

Павлодар облысында тұрғындар ауыз суды Ертіс өзенінен алуға мәжбүр

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда қарымды қаламгер Мәлік Мұқановтың  мерейтойы атап өтілді

12.12.2018

Маңғыстау полицейлерінің жалақылары өседі

12.12.2018

Отандық автоөндіріс саласының инвесторлары Қостанайда болды

12.12.2018

Конькиден Алматы қаласының біріншілігі аяқталды

12.12.2018

Қыздар университетінде тұрмыстық әлімжеттікке қарсы жиын өтті

12.12.2018

Қазақ спорт және туризм академиясында Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды

12.12.2018

Қарағанды облысында 2019 жылдың бюджеті бекітілді

12.12.2018

Павлодарда патриоттық әндер фестивалі өтті

12.12.2018

Шытырман оқиға жазудың жүйріктері анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу