ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойылған міндеттерді түсіндіру мен олардың іске асырылу барысымен танысу үшін Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Егемен Қазақстан
28.06.2017 7152
2

сапарының барысында Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан инфрақұрылым нысандары мен «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғызылып жатқан қолжетімді баспана құрылысының барысымен танысады. Бұдан өзге, ҚР Премьер-Министрін Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының реконструкциялау жұмыстарымен және АӨК мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шаралары туралы ақпараттандырады. Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысының активі мен жұртшылығының қатысуымен Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру тұрғысынан өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту тақырыбында кеңес өткізеді деп күтілуде. Бұдан кейін, Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің кәсіпкерлер қауымдастығымен шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, қайта реттеу, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтеді деп жоспарланған. Сондай-ақ, жұмыс сапарының кестесінде Бақытжан Сағынтаевтың ғылыми және шығармашылық зиялылар қауымымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының іске асырылу барысын талқылау бойынша кездесуі өтеді деп жоспарланған. Айта кетерлігі, Қызылорда облысы - елеулі экономикалық әлеуеті мен табиғи ресурстары бар аграрлық-индустриалды өңір. Облыста мұнай-газ саласы, уран өнеркәсібі және құрылыс индустриясы дамып жатыр. Облыстың ЖІӨ құрылымында өнеркәсіп үлесі 37,3%, ауыл шаруашылығы - 3,6%, құрылыс - 5,2%, сауда - 8,6%, көлік - 11,4%, басқалары - 33,5% құрайды. Облыс республика бойынша күріштің 90%-ын шығарады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.11.2018

Солтүстік Қазақстанда заманауи оқушылар сарайы ашылды

20.11.2018

Шымкентте «Жамиғат-ат тауарих» және «Зикзал» кітаптарының тұсаукесері өтті

20.11.2018

Түлкінің керуі (Бүркітшінің әңгімесі)

20.11.2018

Көкшетауда «Мәлік Ғабдуллин және жаңа қазақ­стандық патриотизм» атты халықаралық конференция өтті

20.11.2018

«Қазақквартет» көрермендермен қауышты

20.11.2018

Әмина Өмірзақованың ғасыр тойы ЮНЕСКО көлемінде тойланады

20.11.2018

Миланка Карич: Басым бағыттар қамтылған

20.11.2018

«Серікбол Қондыбай. Рух жауынгері» атты деректі фильмнің көрсетілімі болды

20.11.2018

Жолдау-2018: Табыс артса, өмір сапасы жақсарады

20.11.2018

Жастар өмірі жайлы мюзиклдің премьерасы өтті

20.11.2018

Батыс Қазақстан облысында 50 кәсіпорын қызметкерлерінің айлық еңбекақысын өсірмек

20.11.2018

Георгий Церетели ел бастамаларына жоғары баға берді

20.11.2018

Киелі жерлердің рухани маңызы

20.11.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасымен кездесті

20.11.2018

Төкпе жырдың төресі - Мұрат Мөңкеұлы

20.11.2018

Атырауда 13 мектеп үш ауысыммен оқытады

20.11.2018

Павлодар облысында астық та, көкөніс те мол

20.11.2018

Шығыс Қазақстанда мал бордақылау алаңдарының саны артуда

20.11.2018

Денсаулық сақтауда түйткіл көп

20.11.2018

«Серпін» республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу