Қуанышы мол қоныстойлар

Өткен Астана күні мерекесінде Ғазиза Шолпан­ба­е­ва­ның қуанышы еселеніп кетті десе болады. Облыс әкі­мі Архимед Мұхамбетовтің қолынан пәтер кілтін ал­ғанда жүрегі алып-ұшып, ерекше толқыды. Баспана қи­ындығы өздерін шаршатқандай еді. Ұлы мен қызы өсіп қалды, әлі күнге дейін отбасы жоғары оқу орнының жа­тақханасындағы аядай бір бөлмеде күн көріп келді. Үлкен қызы 13 жасқа толды, ұлы 10 жаста. Балалардың сабаққа дайындалуына бөлмесі тарлық ететін. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы болып қызмет істейтін өзінің кітаптары мен көрпе-төсегі қатар жиылып тұрады. Отбасы болған соң мерекелерде, отбасылық қуаныштарында туған-туыс, дос-жаранға үйден дәм таттырып, дастарқан жаюдың өзі жұбайы Ерұлан екеуіне қиын болатын. Әйтеуір, «көңіл сыйса – бәрі сыяды» деп қонағын атқарғанмен де, өздері қысылып-қымтырылатын.
Егемен Қазақстан
12.07.2017 1359
2

Әу баста қаладан үй сатып ала қо­я­р­­лық жас отбасының жинап қойған қар­­­жысы да болмады. 2012 жылы олар Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінен депозит ашып, мақ­сат­ты түрде баспанаға ақша жинай бас­тады.
– Жұбайымыз екеуміз айлық жала­қы­мыздан артылған ақшаны, депозитке жи­надық. Бала-шағаның тамағы, киімі бар дегендей, ақша үнемдеу оңай да емес. Біз алдымызға мақсат қойдық. Жаңа пәтер біздің арманымыз болатын. енді, міне, өз баспанамыз болатынына сене алмай тұрмын. Бір бөлме болса да, іші кең, бөлмесінің өзі – 42 шаршы метр. Бізге әзірге жетеді. Енді достарымызбен, туыстарымызбен қоныс тойымызды тойлайтын күн де алыс емес, қазір үйді жасауға, жиһаз қарауға кірістік, – дей­ді Ғ.Шолпанбаева қуанышын жасы­ра алмай. 
Сол күні 70 отбасы дәл осындай жаңа қоныс қуанышына кенелді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған 5 қабатты үй Қостанай қаласының Совхоз көшесінде бой түзеген болатын. Одан 50 отбасы екі бөлмелі, 10 отбасы үш бөлмелі, 10 отбасы бір бөлмелі пәтердің кілтін алды. 
Оның салынуына 557 миллион теңге жұмсалды. 
– Бүгінде облыс орталығында 1 692 пәтерлі 25 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл құрылыста да «Тұрғын- үйқұрылысжинақбанк» акционерлік қоғамы белсенділік танытады деп білеміз. Қоныс тойларыңыз құтты болсын, үйлеріңіз берекеге толсын! – деді баспаналы болған қалалықтарды құт­тықтаған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. 
Жаңа үйден қоныс тепкен тұр­ғын­дар­дың барлығы да қа­ла әкімдігінде бас­пана кезе­гінде тұр­ғандар мен «Тұрғынүйқұ­ры­лыс­жинақбанкінің» салымшылары еді. Оларға пәтерінің бір шаршы метрі 117,6 мың теңгеден түсті. «Өз үйім – өлең төсегім» дегендей, өз баспанасын сарыла күткендер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың экономикалық-әлеу­мет­тік кемел сая­сатының арқасында осындай жеңіл­дік­терді де сезінді. Қуанышқа қуаныш үстеме болғандай. 

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу