Құрыштан құйылғандай Рафат еді-ау...

Рафат Әбдіғұлұлы алпыс алты жасқа қырық күн қалғанда үстіміздегі ақпанның 13 күні дүниеден шалқалап озып бара жатты. Көргенің мен көңілге түйгеніңді, алған әсер, қорытқан ойыңды бүкпесіз бөлісетін адамың – тағдырдың үлкен сыйы екен де, соның рет кестесі кене-тенеден бұзылғаны жан ауыртар арқа сүйер нарыңның құлағанымен бірдей жаныңды жабырқатар шындық екен.
Егемен Қазақстан
24.03.2017 3306
2

Ақтық сапарға аттандырып салудың әдеттегі қаралы жиыны десе де, жиылған көпшіліктен тобырлық мәдениет белгісінің жұқанасы да білінбеді. Мінбеге көтерілгендердің көбі мансап иелері мен бастарына бақ-дәу­лет қонғандардың қасында төмен­шіктей қоймайтын жұрт­шылыққа танымал зиялы қауым өкілдері. Құбылаға қарата жат­қызылған сүйек алдында сөйлегендер адам­гер­шілігі мен ғалымдығын әспеттеп, еңбегі мен ерлігін бұл­дай алмас икемсіз жаратылысын тұспалды емеурін арқылы жеткізгісі келген сарында күңіреніс те жоқ емес еді.

Әрі сыныптас, әрі немерелес туысы Бақыт Балайұлы ұзын тұрқына бола балалар Рафатқа «жираф» деген жанама ат қойған еді. Жасөспірім шағында жазған фантастикалық әңгімесін өзіне оңашада оқығанын, мазмұнын қысқаша баяндай бастағанда – «үш-төрт көгенкөз біз де бір емес пе едік» деп сол арада дауыстап үн қата жаздадық. Бақыт сөзі жиылған көпшіліктің бірқатарын тәуір әсерге бөлегендей. Мұрат Әуезов, Дияр Қонаев, Айгүл Іс­мақова, Жанарбек Әшімжан қанша жүрекжарды сөйлесе де, қонақасы үстінде Марат Әдібаев Рафат сыныптасының тебіренісіне айрықша тоқталып өтті. Әуезов мұражайы үшін Рафат өлімі орны толмас қаза екенін тегеурінді екпінімен өкіне жеткізген кезде: «Бар-жоғы мұражай ма?» деп аясын тарсынып, қоңылтақсулы халде қабылдағанымыз да рас.

Келтелік дегенің бәрібір сыр бермей қоймайды. Мұхтар Әуезов мұражайы әйтпесе жай атаудан гөрі мәртебесі жоғары киелі орын емес пе. «Абай жолы» эпопеясын әр саққа әуектетіп әкететін әдетке үн қатпастан түксиіп отыратын Рафат: «Жинаған материалдарды көрсең, тағы төрт кітапқа жетерлік. Соларды іріктеп, көркемдік шын­дыққа айналдырудың азабын айтпайсыңдар ма. Қазақ арасында ғана өйтті, бүйтті деген әңгіме толастамайды. Ұлылардың аты ұлы, солардың көбінен Әуезов артықшылығы – әмбебап», – деп қысқа тұжыра кесіп тастайтын.

Мұраға деген көзқарасының тұрақтылығы жөнінен Рафат т­а­қуалық ғұрыпты ұстан­ған­ға ұқсайды. Ленинград уни­вер­си­тетінің студенті Әуезовтің Чехов драмалары мен Жетісу алабындағы албан ақындары туралы орысша жазған зерттеуін табу Рафат маңдайына жазылғаннан бөлек – оның осы жұмысқа тұруын ұзақ күтіп жатқандай көрінеді. Соны алғаш кезіктіріп, оқығандағы қуа­нышы мен жарыққа шығарудағы ұм­тылысы күні бүгінге дейін есімізде. Сом алтынның буына елтіп, мол олжаға кенелген нұрлы өзгерістің төтендігін дер уағында аңғарып, қуанышын үстемелей түсудің орнына салғырттау тың­дап, салқын райда қоштағаннан сау емес шығармыз. Әдебиет инс­титуында жұмыс істеп жүрген шағында қат-қатымен жиналған папкілердің арасынан Сарыбас пен Жамбыл айтысының жаңа нұсқасын кезіктіргенін қайта-қайта айтып, «Жұлдыз» журналына бас­тырғаннан кейін барып арыны басылған сияқтанды. Әуезовтің 50 томдық академиялық жинағына 150 комментарий жазғанын тіке­лей жұмысы санағаннан болар шет жағалатып қана айтатын. Том­­дарды өткізу бағдарына кіріс­кен кезде комиссия тарапынан ешқандай ескерту естімегенін мақ­тан қып емес, ризалық шырайда баяндайтын.

Мінеки, енді есік пен төрдей аралықта кесе-көлденеңнен жатқан алып азаматпен бұл дүниедегі соңғы рет қоштасу барысындағы налаңды қанша жұлқынып шығар­саң да, құла дүз кеңістікке маңған үнің көгілдір толқындарға сіңіп, ширатыла есілген сағым арасынан Рафаттың еңсегей бейнесі көлең қаға көрінетін сияқтанады. Байтаққа аты мәлім ғалым, ақын-жазушылар, лек-легімен ағылып келген көпшілік – көңілдерін рия­сыз білдірген соң ба: «Апыр-ау, Рафат мықты екен ғой» – десті сыныптастар бір-біріне үнсіз қараған қалыпта. Адам танудың алаңсыз қамсыздығы ма, кештетіп болса да мойындады-ау, әйтеуір! Мұның бәрі жазушы, ғалым, қоғам қай­раткері деген өнебойғы жарнамаға академик дегенді қосақтайтын тұстастарының қылығы саналарына тұлға болып қонақтағанның кесірі шығар, бәлкім.

«Қазақ әдебиеті» газетінде жүр­гізілген анкета бойынша жазушы Қуаныш Жиенбаевтың берген жауабы Рафаттың жастықтың қоламтасына жатқан шоғын үрлеп, тұтатқандай көрінді. Алдың­ғы­лар мен кейінгілердің тура орта­сындағы тұтас бір буыннан көп ешкімнің назарына ілікпей, қақастау қалғанын меңзеген еді. Соның арқасында Не­сіпбек Дәутайұлы, Серік Асыл­бекұлы, Әлібек Асқаров, Қуа­ныш Жиен­баев, Қуандық Түменбаев шы­ғармаларының байыбына байсалды барып, жан-жақты тал­даған сериялы мақалаларды бі­­рінен соң бірін үзбей жазып жа­риялаған еді. Мұндағы бас­ты нысана осы қаламгерлердің кес­кіндеген бейнелерінің ерек­шелігін негізгі ұстаным ғып ал­ған бағыт біраз жұртқа ескі сарын, жүріп өткен соқпақтың бұрынғыдан қалған сүрлеуіндей көрінді. Әдебиетші інішектің бірі мұндайда сын керек деген емеуріні сол ойды меңзегендей. Осы мақалалардың өн бойында асыра мақтап асығыстыққа бармайтын, кемшіліктің өзін әдеп-ибамен жұмсақ жеткізетін ұстанымының арқасында ешкім шамданбады да, талдаудың қисынына еш қарсылық білдірмеді де.

Қырық я одан да ұлғайыңқы тартқан шағымыз ба, ықыласты әңгіменің әйтеуір өрістеген сәті­нің үстінде баяғы бала кезде жаз­ған фантастикалық дүниесінің жай-жапсарын сұрап неміз бар еді. Дереу жиылып ала қойды да, түйіле суық қадалған мезет әлгінде ғана жадыраңқы шырайы ойсоқты кейіпке көшіп үлгерді. «Оп-оңай жазылатын жаттанды нәрсе болған соң тастай салғам», – деді жақтырмаған ыңғайда. Мұн­шалықты үзілді-кесілді тұ­жыруды күтпеген пақыр басымыз жаттандылықты шиырлаумен есіл уақытты зая қылғандай қуыстану халіне тап болғаныңды өзің де сезбей қалады екенсің. Ауырып, жаны әлекке түскен шақта да, осалдыққа барып мұңын шақпаған Рафат ата жолынан мүлт кетпеген қариядан аумай бара жатты. Тумысынан бейәдеп сөйлемей, кемсітіп, басынуға жаны қас ол жігіттердің әйел мінезіне салынып, жасып егілгенін алда-жалда ұшырата қалса – осынау әлсіздікті құдды өзі жасап тұрғандай, өрт шалғандай күреңіткен бет-жүзін тыжырына бұрып әкететін.

Классикалық әдебиетпен тіке­лей тәрбиеленіп, қалыптасқан эстетика – құндылық атаулыға құр­метті суытпастан жан дүние алы­мын кеңіте түсе ме дейсің? Дүние жүзі әдебиетінен кез келген персонаждан мысал келтіріп, әңгімесін жалғаған кезде сөз желі­сіне сұранып тұрғандай қапысыз құйылыс табатын. Өзіне жамандық жасағандардың пендешіліктерін соншалықты жирене баяндаса да, солардың өрен-жарандарының мінезіндегі іріліктерді көре бі­луге еркі еркін жететін.

Дерт терең дендеп, еттен ари бастаған ақырғы күндері Рафат перзенттік борышын аяғына дейін атқарып кетуге тырысқанына қанша түсіністікпен қарасаң да, о баста-ақ неге қолға алмады екен деген пенделік ой қылаң қаға­тыны бар. Үлкендер тарапынан жабылған жаланы әкесіне жеткізе алмай қиналған оқушы баланың жағдайын баяндаған осы жолдар иесі повесінің прототипі – Рафат пен әкесі еді. Соғысқа қатысты құ­жаттарды жинастырып жүріп, өмірден алынған сәттерін талдап, көркемдік уәжге тоқталған соңғы мақаласы «Ана тілі» газетіне жарияланған бетте бір ап­таға жетпей өзі дүниеден озды. Оқыған дүниелеріндегі образдарды талдау машығы қатар өмір сүріп жатқан адамдарға ұқсатып айтқанда – кітап­тағылардың демін тура қа­сыңнан сезілетіндей күй ке­ше­тінің бар. Сол соңғы мақа­ланың бір түйіні әрі таңырқатып, әрі опындыратын халге тап қылғаны несі екен. Екі кейіпкер де адал, капитан шенінде соғысқа қатысып, батальон басқара жүріп ерлік жасаса да әкесі өмір бойы елеусіз. Білімді де білікті бола тұрса да туған ұлы өзін көрсете алмайтын жігерсіз пақыр еді. Бұлайша қатал үкім шығарса да Рафатпен қызу пікірталасқа барып, мың-сан мәрте ой бөліскен шақтар қай­тып оралмайтыны өкінішті-ақ. Ақырғы күндері жүріс-тұрысы мен ұстамының әсері ауыр тисе де байыппен сөйлеп қана қой­май, құрыштан құйылғандай бол­мысының арқасында орасан дерттің салмағын қайыспай көтеріп, сыр бермей өткен екен-ау, сабазың.


Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ

АЛМАТЫ


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.11.2018

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

20.11.2018

Қайырымды қала тұрғындары тегін дүкен ашты

20.11.2018

Гүлшара Әбдіқалықова Албания Республикасының Еуропа істері және сыртқы істер министрімен кездесті

20.11.2018

Қ.Тоқаев Албанияның Еуропа және сыртқы істер министрі Д.Бушатиді қабылдады

20.11.2018

Павлодардағы электр қуаты 4 процентке төмендеді

20.11.2018

Түркі киносын әлемге таныту тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

20.11.2018

Атырауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде көшелерді жарықтандыру жобасы іске асырылады

20.11.2018

Павлодарда Елбасының өмірі туралы көрініске әртістер таңдалуда

20.11.2018

Түркістанда «Agrofest – 2018» фестивалі өтті

20.11.2018

Албанияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді

20.11.2018

«Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Жетпіс мың адамның жалақысы өседі

20.11.2018

Алматыда жаңа комедиялық фильмнің тұсауы кесілді

20.11.2018

Түркістан аймағының Берлинде басылған көне картасы

20.11.2018

Алматыда «Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Талғат Ешенұлы. Жүрегі бар жалғыз үй

20.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Дінзухра Тілендиеваны қабылдады

20.11.2018

Қазақ ғалымы Швецияда су тазартудың экологиялық таза әдісін ойлап тапты

20.11.2018

«Қазақстан темір жолы» және «ҚазМұнайГаз» басқармаларының жаңа төрағалары тағайындалды

20.11.2018

Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея басшылығымен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу