Құйма алтынды көріп пе едіңіз?

Ол да енді қолжетімді бола түсті
Егемен Қазақстан
08.06.2017 2943
2

Ұлттық Банктің Орталық филиалында (Астана қаласы) Халыққа арналған тазартылған алтын құймаларды сату мен сатып алу бағдарламасы туралы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне баяндалды. Осы жөнінде әңгіме қозғаған филиал директоры Әмірбек Санкубаев осыдан бір апта бұрын аталған бағдарламаның іске қосылғандығын Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевтің Алматыда журналистер  алдында мәлімдегендігін еске салып өтті. 
Осы жерде журналистерге бағдарлама туралы бейнеролик пен таза алтын құймалардың сатуға шығарылған үлгілері көрсетілді.

«Бағдарламаның іске қосылуы халық үшін қаншалықты қызықты және бұл істің қандай тәуекелдері бар деген мәселелер төңірегінде сұрақтар туындауда. Осыған байланысты айтарым, бұрын біздің еліміздің адамдары өз қаражаттарын теңге және шетелдік валюталар түрінде жинақтап, сақтап келген болатын. Енді міне, қаражатты жинақтап сақтаудың үшінші түрі ретінде Халыққа арналған тазартылған алтын құймаларын сату мен сатып алу бағдарламасы іске қосылып отыр. Бағдарламаға қатысатын алтын құймаларды Қазақстан теңге сарайы дайындады. Олар халыққа 10, 20, 50 және 100 грамм болып төрт түрде ұсынылуда. Мәселен, 10 грамдық құймалар күрең қызыл, 20 грамдық – жасыл, 50 грамдық – көгілдір түсті арнайы ораумен және 100 грамдық құймалар – алтын түстес ораумен ұсынылды. Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен (құймалардың тегіс беті, микромәтін және бедерлі қыр) және құймаларды механикалық бүлінуден қорғайтын және ораудың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге мүмкіндік беретін арнайы ораумен шығарылады. Қорғаныш орау да құйманың сапа сертификаты болып табылады. Сондықтан, құйманы ұқыптап сақтау және орауын ашпау ұсынылады. Алтын құймалар екінші деңгейдегі банктер арқылы сатылатын болады. Алтын құймаларды екінші деңгейдегі банктердің клиентке «күнбе күн» ақша төлеу арқылы кері сатып алу мүмкіндігі олардың өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы болады», деді Ә. Санкубаев.
Сондай-ақ, ол бұл алтын құймалар шикізаттан бастап толық түрде Қазақстанда жасалынғанын, оның бетінде төрт 9 цифры құймалар сапасының өте жоғары екендігін білдіретіндігін атап өтті және алғашқы алтын құймаларды Елбасының сатып алғандығын еске салды.
«Қазіргі күні алтын құймалар Халық банкі мен Еуразиялық банк арқылы саудалануда. Сонымен қатар, екінші деңгейдегі басқа да банктермен алтын құймаларын саудаға шығару жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Демек, алтын құймалардың сауда-саттық аясы алдағы уақытта кеңейе түседі деген үміттеміз. Саудалау ісі қазіргі күні Астана, Алматы, Өскемен, Атырау қалаларында жүргізілуде. Дегенмен, осы қалалардан басқа өңір тұрғындарының сатып алып жатқандығынан хабардар болып отырмыз. Яғни, алтын құймаларға сұраныс бар екендігі байқалады. Көп кешікпей бұл іске басқа қалалар да қосылатын болар», деді Әмірбек Буриұлы.
Сондай-ақ,  ол бұл алтын құймаларды сатып алған адам оны қаражат жинағы ретінде, келешек үшін резерв ретінде және екінші бір адамға ұсынуға болатын бағалы сыйлық ретінде қарастыруына болатындығын айтып өтті.
«Алтын құймаларды сатып алудағы тәуекел мәселесіне келсек, алтынның аты алтын. Ол осы уақытқа дейін өз бағасын жойған емес. Дегенмен, алтынның бағасы түрлі факторлардың әсерімен әлемдік биржаларда өзгеріп тұратындығын да еске саламыз. Мәселен,  халықаралық биржада алтынның 10 грамының бағасы үстіміздегі жылдың 31 мамырында 126159 теңгені құраса, дәл бүгінгі, яғни 7 маусым күні 129390 теңгеге көтеріліпті», деп алтынның әлемдік бағасы жөніндегі соңғы жаңалықпен журналистерді хабардар етті.
Мұнан кейін журналистерге Ұлттық банктің Орталық филиалының шағын мұражайын аралап көруге ұсыныс жасалды. Мұражайда кезіндегі патшалық Ресейдің ақша банкноттарынан бастап, кеңестік ақшалар және ұлттық валютамыз – теңге банкноттары, инвестициялық, коллекциялық теңге монеталары қойылған екен. Мұнда банк қызметкерлері журналистерге олардың тарихы мен шығарылу жағдайы және өзіндік ерекшеліктері туралы түсініктемелер берді.   

Сұңғат Әліпбай,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

Түркістанның ежелгі беделін қайта көтеру – бүкіл түркі әлемі үшін үлкен жетістік болады

21.11.2018

Мархабат Байғұт: Әлемдік әдемі әңгіме

21.11.2018

Түркі киносын әлемге танымал етудің жайы талқыланды

21.11.2018

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы өндіріс нысандарын аралады

21.11.2018

«Егемен Қазақстан» газетінің журналистері болашақ тілшілермен кездесті

21.11.2018

Голландиялық бизнесмен Ақтөбе облысының инвесторларға тартымды екенін айтты

21.11.2018

Нұрболат Ахметжанов: Көне тарих көмескі тартпасын

21.11.2018

Әбдіманап Бектұрғанов: Тарихқа тағзым

21.11.2018

Қ.Әбдірахманов: «Ұлы даланың жеті қыры» әлем мәдениетін жақындастырады

21.11.2018

Павлодарда археологтар б.з.д. 5-ші мыңжылдықта жерленген жылқылар сүйектерін тапқан

21.11.2018

«Ақтөбе» футбол клубы сенімді басқармаға берілді

21.11.2018

Ұлттар Лигасының қорытындысы шығарылды

21.11.2018

Такир Балықбаев: Жаңа еңбек жаңаша ой салды

21.11.2018

Ақтөбеде кәсіп бастағысы келетін жандарға кеңес берілді

21.11.2018

Мәулен Әшімбаев: Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі

21.11.2018

Chartbeat жобасы аясындағы байқау жеңімпаздары ашық деректер панелін құрады

21.11.2018

Жапония мен Грузия дзюдошылардың қарқыны күшті

21.11.2018

Дархан Кәлетаев: Ұлы даланың ұлағаты

21.11.2018

Португалияда Дәрежан Өмірбаев фильмдерінің рестроспективасы өтіп жатыр

21.11.2018

Шымкентте дәрігерлер тұрғындарға арнайы медициналық көмек көрсетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу