Қыран құстың сыны мен сипаты

​Самғау көкте, яғни, көзкөрім биікте ұшып жүрген бүркіттің қандай екенін һәм жақсы-жаманын анықтау үшін жерде тұрып сынайсыз.
Егемен Қазақстан
27.04.2017 10703
2

Әуелі, оның ұшып жүрген биіктігіне мән беру керек. Қыран бүркіт басқаларға қарағанда, тым биікке көтеріледі. Тіпті, сонау көкте самғап бара жатқан ұшақтарға соқтығысқан оқиғаларда болып тұрады. Екінші шарт – құстың беталысына қарайсыз. Мысалы, көктегі құс желді жарып өршелене ұшса ол – қыран. Үшінші шарт – құстың көтеріп ұшқан жемінің (түлкі, қоян, қарсақ, қозы-лақ, қоңыр аңдардың төлі т.б.) үлкен-кіші мөлшеріне қарап, бүркіттің қуат-қарымын шамалауға болады.

Сол сияқты, бүркітті жерге түсіп, қонақтап отырған кезінде де сынайды. Қазақ құсбегілері тұғырға қонақтап отырған бүркіттің сырт тұлғасына қарап, кермиық немесе кербез құс екенін аңғаратын болған. Мұндай сипаттағы құстар – тұғырда отырғанда екі топшысы үшкілденіп алдына қарай шығып тұрады да, қос жауырынның ортасы науаланып көрінеді. Кермиық құс алдынан қарағанда сыйдамша келеді. Бұндай кермиық-кербез құстар ішегі тарылған (бір ішек) жылқы сияқты әлсіздеу келеді.   

Ал, тұғырында қонақтап отырған құс – көрер көзге  күстілеу көрінсе,  алдынан қарағанда денесі сәл қушықтау, топшысының ұшар басы дөңгеленіп тұрса, отырысы бүкіштеу келсе, мұндай құс – алғыр, ерекше қуатты, алысқанын астына басатын күшті болғаны. 

*****

Жалпы бүркітті сынағанда оның түр-тұлғасына, дене бітіміне, сүйек қаңқасына, қанат-құйрығына, мамығына, басына, аяқ-бақайларына, тұмсық-тырнағына, көз ажарына, ұшып-қонуына.., т.б. назар аударылады. Бүркіттің алғырлығы денесінің үлкен-кішілігімен өлшенбейді. Денесі еңселі зор болғанымен кеуде сүйегі қушық бүркіт қарымды қыран бола алмайды. Құстың кеуде бітімі жалпы денесімен үйлесіп тұрғаны абзал. Мысалы, денесі қанша үлкен болғанымен, төсі тар, төбесі үшкіл, тұмсық түбі қушық, сан еттері босалаң болса ондай бүркіттен жақсы қыран шықпайды. 

Егерде, бүркіттің езуі кепсерлі, қауырсыны қылшықты, беті сүйегі жалпақ, тұмсығының сарысы дөңестеу, тұмсық ұшындағы имек мүйізі қысқа, әрі жұқа, танауы кең, суағары жырық, шүңірек көз, екі иығының арасы алшақ, қобы жауырынды, шалқақ төсті, тұғырда аяғын алшаң басып нық отырса, бұл қыран болар бүркіттің сыны. Мұндай бүркітке қазақ құсбегілері: 

Қылыш тұмсық, қайқы төс,

Үңгір қабақ, қысық көз,

Не берсе де, табылмас,

Өзі қағып, өзі алар,

Ырыстыға болған кез, - деп баға берген.

*****

Тәжірибелі құсбегілер қыран құстың біріншіден, қанаты ұзын болуын, екіншіден, құйрығы ұзын болуын, үшіншіден, сирағы ұзын болуын қадағалайды. Бұл үшеуі бір құстың бойынан табылса, ол өте жақсы құс деп есептеледі.  Жалпы қазақ құсбегілері бүркітті сынына қарай бес түрге бөлген:

Біріншісі сыны. Басы үлкен, қанды көз, орқызыл балақ, жауырынды, терек жапырақ жүнді, қауырсыны мелжемді, құйрық шалғысы қылыш тәрізді әрі түзу, кең алқымды, тілі мен таңдайында қара жолақ (қанға тоймас қара тіл) болады. 

Екіншісі сыны. Көк тұмсық, көк аяқ, басы көкшіл, тұяғының түбірі жазықтау бітімі нығыз бүркітті көк ауыз долы қыран деп атаған. Себебі, бұл құс аңмен алысқан сайын долдана түседі.   

Үшіншісі сыны. Саңғырығынан уыс-уыс құрт түсетін, әрі битті, екі танауы кең, суағары жырық әрі жұқа бүркітті құсбегілер битті қыран немесе құртты қыран деп атайды.

Төртіншісі  сыны. Ірі денелі саусақ-тұяғығы салалы бүркіттерді темір саусақ, шеге тұяқ деп атайды. Бұлар басқа бүркіттердей емес, аяғы етсіз, тұяғы жазық, басы жалпақ, тұмсығы қысқа, сұңқар тұмсық келеді. Мұндай қырандар өте сирек кездеседі. Түлкімен көп алыспайды. Салмағы ауыр болғандықтан аңға екпіндеп түскенді ұнатады. Кейде тіпті түлкінің ішін жарып немесе белін үзіп жібереді. Мұндай бүркітті құсбегілер тұйғын тоқпақ немесе іш жарғыш деп де атайды.  

Бесіншісі сыны. Бітімі зор, көзі шүңгіл, балапан кезінде жүні қара, балақ жүні шудалы, ақ білек, ақиық, жүнінің ұшында ақ бұршағы бар құсты құсбегілер Алтайдың ақиығы деп атайды. Бұл қарлы биік тауларда, әсіресе, Алтай тауында көбірек кездеседі. Мұндай құстар, көбінесе, қоңыр аңдарға құмар келеді. Тау ешкі, қара құйрық, елік сияқты аңдарды ұстап жейді. Бұл нағыз мұзбалақ қыран. 

****

Жоғарыда айтылған бүркіттің сындарынан басқа өте алғыр қырандарда ғана кездесетін айырықша сипаттары да болады. Бұл туралы 2009 жылы Шинжан өлкелік Іле халық баспасынан жарық көрген «Қазақтың дәстүрлі құсбегілік өнері» атты кітапта (құрастырған Бөлеш Қалиұлы) айтылған үш сипат бар.  

Бірінші сипаты. Тұлғасы шымыр, қағылез, бұлшық еттері қайыңның тошысындай бөлек біткен, төсі кең, шалқақ, топшысы қатты, төбесі жалпақ, маңдайы кең, тыныс тесігі үлкен, тұмсық түбі етекті, аузы үлкен, жұтқыншағы кең, тегеуіріні қысқа, жуан саусақты, өткір тұяқты, көзі шүңірек, биік қабақты, доғал тұмсығы ішке иіліңкі бітеді. Мұндай құс от жанарлы, жүректі келеді.

Екінші сипаты. Денесінде жалғыз тал ұзын жүні болады. Ол бір жақ қапталдың астындағы сербек жүннен бұрала-ширатылып шығады. Аспандап ұшқанда сол ұзын жүннен ысқырған дыбыс шығады. Тәжірибелі құсбегілер осы ысқырық-зуыл арқылы нағыз қыранды біледі, әрі аңғара алады. Оны қауырсын-жүнді  қыржа қыран деп атайды. 

Үшінші сипаты. Қос қапталында екіден үшке дейін ақ құйрық қауырсын болады. Қасқа қауырсын құйрығы қара келеді. Сол себепті, ондай бүркітті қарақасқа қыран деп атайды. 

****

Бүркіттің тұяғының түбі жіңішке, ұзыншақ, доғалданып бітсе,  жембасар майтабан дейді. Бүркіттің саусағындағы астыңғы бауыр етін  томар дейді. Томарлы құс қыран болады.   

Кәнігі құсбегілер бүркіттің толарсағын ұстап көреді. Яғни, құстың толарсағы басбармақтың алғашқы буынына толса ондай бүркітті жақсы құс деп есептейді. Сол сияқты, бүркіттің ашамай сүйегінің арасына екі саусақтың басы сыйса немесе бармақтың басы кең айналып тұрса, бұны  айыр сүйек ашамайлы құс деп атайды.

Ашамайы бітеу, тұйық құстар күйшіл келеді, онша жақсы болмайды. Сол сияқты, құстың алқымына төрт саусақтың басы сиятындай болса, әрі төс сүйегінің ернеуі жылмағайланбай қайырылып бітсе, айтулы қыран деп есептеледі. Мұндай құстары өндіргішті өр мінез, айтулы алқакер деп мақтайды. Қыран құстың тілі қара болады. Құс әуескерлері мұны қанға тоймас қара тіл немесе қалың езу қара тіл дейді.  

Бекен Қайратұлы, 

"Егемен Қазақстан"

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

22.09.2018

Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауы өз мәресіне жетті

22.09.2018

Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

22.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

22.09.2018

Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

22.09.2018

Жаңа Жібек жолы: Алматы

22.09.2018

Катонқарағай ауданы тұрғынының сібір жарасынан көз жұмғаны расталды

22.09.2018

Сенаторлар сенбілікке шықты

22.09.2018

Б.Бекназаров Әзербайжан Парламентінің 100-жылдығына арналған шараға қатысты

22.09.2018

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

22.09.2018

Лондонда қазақстандық өнер көрмесі ашылды

22.09.2018

Түркия «Қазақстан» журналын шығарды

22.09.2018

Ақтөбеде «Анаға тағзым» орталығы ашылды

21.09.2018

Тимур Жақсылықов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

21.09.2018

Маман дайындау мәселесі талқыланды

21.09.2018

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

21.09.2018

Бүркітші қыз Айшолпан түскен «Көшпенділер» фильмі көрерменін қуантады

21.09.2018

Павлодарда биыл 1655 жұп қосылса, 1101-і ажырасқан

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу