Қытайды жеңіп, қыр астық

7-9 сәуір аралығында Астанада теннистен Азия және Тынық мұхиты аралдары аймағы бойынша Дэвис Кубогының плей-офф кезеңдері өтті. Қазақстан құрамасы рейтингте жоғары орналасқандықтан, іріктеу матчын екінші кезеңнен бастады. Бұл жолғы қарсыласымыз алғашқы айналымда Тайпей командасынан басым түскен Қытай құрамасы болды.
Егемен Қазақстан
11.04.2017 20957
2

Сайыстың шымылдығын Михаил Кукушкин мен У Ди ашты. АТР жариялаған тізімге көз жүгіртсек, біздің Ку­куш­кин – 77-ші, ал У Ди – 219-шы орынға жайғасқан екен. Деген­­мен, рейтингтегі алшақтыққа қарамастан, кездесу тартысты өтті. Алғашқы сетті жеңіспен бастаған жерлесіміз, келесі кезеңде күтпеген жерден қарсыласына есе жіберді. Бұл жерде қытайлық спортшының жан­кештілігін айта кеткен жөн. Бойы­ның қысқалығына қарамастан, ол қар­сы­ла­сының ойлас­тырған әдісін дер кезінде байқап, қарсы соққы жасап та үлгерді. Нәтижесінде, екінші кезеңді өз пайдасына шешті. Әйткенмен, тәжірибенің арқасында М.Кукушкин өзінен төрт жас кіші әріптесінен 6:2, 3:6, 6:3, 6:2 есебімен басым түсті.

Қытай жанкүйерлерінің көңілін күпті еткен бірінші кездесуден кейін, Қазақстан намысын қорғаған Дмитрий Попкоға Аспанасты елінің №1 теннисшісі Цзэ Чжан қарсы шықты. Бірден айтайық, Попко 3:0 есебімен жеңіске жетіп, бірінші күннің қорытындысы бойынша есепті 2:0-ге жеткізді. Алайда, таблодағы көрсет­кішке қарап, жеңіс біздің теннисшіге оңай келді деп айтуға ауыз бармайды. Себебі, Цзо Чжан алғашқы екі сетте жеңілгеніне қарамастан, үшінші кезеңде тайталасып жүріп кездесуді тай-брейкке дейін жеткізді. Дегенмен, біздің теннисші қарсыласынан 6:3, 6:4, 7:5 есебімен басым түсіп, 1 сағат 51 минутқа созылған бәсекеге нүкте қойды.

Жарыстың екінші күні жұптасып өнер көрсетуде Андрей Голубев пен Александр Недовесов Бай Янь мен Мао-Синь Гунге қарсы кортқа шықты. Жан­күйерлердің қызу қолдауына ие бола тұра, жерлестеріміз бірден керемет ойын көрсете алған жоқ. Өйткені, бұл күні қытайлықтар ә дегеннен-ақ алғашқы кезеңді өз пайдасына шеше алды. Осылай жалғаса берер деп ойласа керек, шығыстағы көршілеріміз сәл сыл­бырлық танытқан еді, тез есін жиып үлгерген Голубев/Недовесов жұбы қатарынан бес геймде жеңіске жетіп, жиналған жанкүйерлердің қошеметіне бөленді.

Ұзақ әрі ауыр болған екінші айналымда біздің жігіттер 6:1 есебімен басым түсті. Қазақстандықтардың өз жеріндегі сенімділігі қарсыластарын есеңгіретіп тастаса керек, Қытай спортшылары төртінші-бесінші кезеңде тіптен өз деңгейінде өнер көрсете алмады. Қытай мақтаныштарының бірі Мао-Синь кездесу барысында қаншалықты әрекет жасағанымен, оның көп жоспары орындалмады. Нәтижесінде, 3 сағатқа созылған кездесуде төреші 3:6, 6:1, 5:7, 6:1, 6:3 есебімен жерлестеріміздің жеңіс­ке жеткенін хабарлады. Сөйтіп, Диас Досқараев жетекшілік ететін құра­ма жарыстың алда болатын екі кездесудің нәтижесіне қарамастан, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Турнирдің соңғы күнінде екі матч ойналды. Алғаш болып кортқа Александр Недовесов шығып, Цзэ Чжанға есе жі­берді. Ал құрамаға енді қосылған 20 жасар Дмитрий Попко 6:7, 7:5, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Иә, жігіттер марапатқа лайық болды. Өйткені, теннисшілеріміз әлемдегі Дэвис Кубогының плей-офф кезеңіне жолдама алып отыр. Енді құрама жігіттері биыл күзде Ресей, Хорватия, Чехия, Швей­цария, Жапония, Канада, Гер­мания, Аргентина командаларының бірімен негізгі кезеңге шығу үшін бақ сынайды.

Диас ДОСҚАРАЕВ,

Қазақстан құрамасының капитаны:

– Сөз жоқ, жақсы матч болды, жігіттер жарады. Әсіресе, командаға жаңадан қосылған 20 жасар Дмитрий Попко құрамаға екі ұпай сыйлады. Бұл жігіт сенімді ақтады. Соңғы кезде шетелдік бапкерлерді шақырып, құрамасын күшейтіп алған Қытайға қарсы шығу оңайға соқпады. Бірақ, жеңіске жетіп, келесі кезеңге шығып отырмыз. Ең бастысы – осы. Аз-кем қателіктер орын алғанымен, алдағы уақытта оны түзейтін боламыз. Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге мың алғыс. Сол жанкүйерлердің арқасында жеңіске жеттік.

Алмас МАНАП,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

21.02.2019

Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

21.02.2019

Үкіметті уақытша басқару Асқар Маминге жүктелді

21.02.2019

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

21.02.2019

Елбасы Үкіметті таратты

21.02.2019

Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

21.02.2019

Сенаторлар халықаралық келісімдерді ратификациялады

21.02.2019

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

21.02.2019

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаушыларды ұстады

21.02.2019

Түркістан облысының өз футбол командасы құрылады

21.02.2019

Жайық өзені бойында ауқымды рейд өткізілді

21.02.2019

Биыл 65 мың ірі қара сатып алуға ақша бөлінеді

21.02.2019

Бас прокуратура өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді

21.02.2019

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

21.02.2019

Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу