Қытайдың бас газеті Димаш туралы не дейді?

Қытай Халық Республикасының бас басылымы «Халық газетінің» кешегі (14.04.2017) шығарылымында Димаш Құдайбергенов туралы арнайы мақала жарық көрді.
Егемен Қазақстан
15.04.2017 3942
2

«Қытай мен Қазақстанның мәдениет саласындағы қарым-қатынасын ән әуенімен жаңа белеске көтерді. Ол Қытайдың өнер сахнасында асқақтата ән шырқап, аз уақыттың ішінде-ақ сансыз жанкүйерлердің қолдауына ие болды. Ол екі ел арасындағы мәдениет ауыс-түйісі мен халық тілегінің тоғысуына көпір болу үшін барынша талпынды.

«Бір белдеу, бір жол» халықаралық селбестік форумына бір ай уақыт қалды, осы сәтке орай мәдениеттің жарқын жаршысы болған жас жігітпен жақын танысайық», деп бастайды мақала авторлары Рын Шаншан мен Каң Ян. Төменде мақала мазмұнынан үзінділер ұсынамыз.

Димаш асқақ әнімен араға көпір салды

Көк көстюм киген жігіт баяу басып, бұлыңғыр тартқан сахнаның ортасына келіп, күйзелісті күңіреніспен басталатын «Adagio» әнін нашына келтіре шырқай жөнелді. Күйсандықтан құйқылжыған музыка әуені аққудың мамығындай майда дауыспен жарыса көтерілді.

Хунан телеарнасының 6-ші кезекті өтіп отырған «Мен әншімін» атты бағдарламасында 500 көрерменінің таңдауымен, біріншілік сол сахнадағы ең жас әнші Димашқа бұйырды.

Димаш 1994 жылы Қытаймен көршілес жатқан қазақ елінде дүние есігін ашқан. Қазақтың ата салты бойынша, атасы мен әжесінің қолында өскен екен. Атасы домбырашы, әжесі әнші, ата-анасы да әйгілі музыканттар еді. Осындай отбасында ержеткен Димаш та кішкентайынан ән-күйге әуес болды.

Димаш 2010 жылы 16 жасында халықаралық ән бәсекесінде Бас жүлдені қанжығасына байлады, 2015 жылы қазанда Түркияның Ыстанбұл қаласында өткізілген Азия көлеміндегі халықаралық музыка фестивалына Қазақстан атынан қатынасты, қазақ елінде жанкүйерлер Димашты елдің мақтанышы деп қарайды. Ол түрлі ән стилдеріне жаттығып, кең таралған әндерді, еуропаша әуендерді және түрлі құлпырма үнді әндерді айту тәсілдерін меңгерді. Анасы: Димаштың өздігінен үйрену қабылеті жоғары, дауыс аумағын кеңейтуге де өзі жаттыққан, төрт октава арасында емін-еркін шырқай алады, - дейді. Түрлі тілдердегі операларды шырқау үшін Димаш неміс, украин, түрік тілдерін үйренген. Қазір ол қытай тілін үйрену үшін қолынан қытайша сөздігін тастамайды.

Музыкада мемлекет пен тіл шекарасы болмайды. Димаштың Қытайда ән шырқауы оның қытайлық көрермендермен таныстығының бастамасы, әрі Қазақстанды Қытайға, Қытайды Қазақстанға таныстыруға көпір болды деуге болады.

Жақында Қазақстандағы "Хабар" телеарнасы «Мен әншімін» бағдарламасын көрсететін болды. Жартылай шешуші жарыс кездерінде де Қазақстанның Қытайдағы елшісі студияға келіп, Димашқа қолдау көрсетті. Димаш қазақстандықтардың мақтанышы. Олар Димаш арқылы қытайлық әншілермен, Қытай мәдениетімен ішкерілей танысты. Қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылар: Қытайдың эстрадасы тартымды екен, Димаш Қытайдың көркемөнерімен танысуымызға дәнекер болды, - дейді.

Қытай мәдениетін таныстыру елшісі ретінде, Димаш Чыңдуға барып, мемлекеттік брендіміз мысық аюды көрді, Чыңдудағы дәстүрлі мәдениетімізді айғақтайтын арнайы дайындалған көшелерді аралап, Чыңдудағы мәдениеттің мән-маңызымен танысты. Димаш Чыңдудағы сапарын үнемі еске алады, өте-мөте, Чыңдудағы музыкалық орта оған ерекше әсер қалдырыпты. Қарт өнерпаздардың, балалардың өнері, бетқалқа құбылту өнері сынды Қытайдың дәстүрлі көркемөнері мен музыка өнері оның есінен берік орын алыпты.

Димаш әсем әуені мен жай іс-әрекеттері арқылы екі ел арасындағы мәдениет ауыс-түйісін және екі ел халқының тілегін тоғыстырды. Жарыс барысында ол Қазақстан мен Қытайдың музыкасын бірнеше рет тоғыстыра орындап сынап көрді, натижесінің сәтті болғанын көрдік. Алдағы жерде ол Қытайда жиі өнер көрсетеді, қытайлық әншілерден үйренгені мен өзінің Қытайдан көрген-білгендерін Қазақстан халқына жеткізеді. Қазақ елінен келген жас әнші алдағы сапарында өзінің арманына талмай қанат қағып, ән әуенін асқақтата береді деп сенеміз.

Дайындаған Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ

«Егемен Қазақстан»


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.11.2018

Аустрияның Санкт-Пёлтен қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

12.11.2018

Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы музыкалық байқау өтеді

12.11.2018

Атырау облысында жыл соңына дейін 30 әлеуметтік нысан іске қосылады

12.11.2018

«Түркілердің атасына» көрсетілген құрмет

12.11.2018

Өскемен қаласының көшелеріне Әміре Қашаубаев пен Қалихан Ысқақтың аты беріледі

12.11.2018

Румынияда қазақ киносының фестивалі өтті

12.11.2018

Атырау облысында 1720 кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын көтереді

12.11.2018

Атырауда «1st Grand Ball Atyrau» қайырымдылық балы өтті

12.11.2018

Парижде үш жылға созылған төрелік дау Қазақстанның пайдасына шешілді

12.11.2018

Ақтөбелік қыз Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне қатысады

12.11.2018

Ыстамбұлда Д.Кәлетаев шетелдік қазақ ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді

12.11.2018

Ақтөбе мен Челябі ынтымақтастық туралы келісімге келді

12.11.2018

Алматы әкімі қаланың қыс маусымына дайындығын тексерді

12.11.2018

Парижде Трамп, Путин, Макрон және Меркель бірқатар мәселелерді талқылады

12.11.2018

Қазақстан Ауғанстан жөніндегі отырысқа қатысты

12.11.2018

Америкалықтар Қостанай облысына инвестиция салғысы келеді

12.11.2018

Қазақстандық ару Miss Asia Global титулын жеңіп алды

12.11.2018

«Астана LRT» ЖШС орталық кассасы бүгіннен бастап жаңа мекен-жай бойынша жұмыс істейді

12.11.2018

Денис Никиша шорт-тректен әлем кубогінде үздік төрттікке енді

12.11.2018

Калифорниядағы орман өрті: Парадайс қаласы жанып кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

Сайын БОРБАСОВ, саяси ғылымдар докторы

Halyqaralyq bedel jáne syrtqy saıasat

Álemdik úrdister jyldamdap, halyqaralyq qatynastar shıeleniske túsken zamanda tıimdi syrtqy saıasatty iske asyra alǵan memleketter tabysty damıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу