Қыздарға қос диплом алу қиын емес

Бүгінде университеттердің ішінде бел­сен­дісі де, бастамашылы да байырғы та­рихы бар – Алматыдағы Қыздар уни­вер­ситеті. Айт­қандай, Қазақстаннан басқа дүние жү­­зінде төрт елде ғана тек қыздар ғана оқи­­тын оқу орны бар екенін білесіз бе? Біз биыл ұлттық рейтинг бойынша педа­го­гикалық оқу орындарының ішінде бі­рін­ші орынды, QS Университеттердің жұл­дыз­­ды рейтингінде (QS Stars University Ratings) «3 жұлдызды» иеленген респуб­ли­кадағы тұңғыш педагогикалық жоғары оқу орны – Қазақ мемлекеттік қыздар пе­да­­гогикалық университетінің проректоры Асылбек БӨКЕБАЕВПЕН әңгімелескен едік.
Егемен Қазақстан
07.08.2017 5585
2

– Асылбек Еркімбайұлы, Қыздар уни­верситетінің басқа жоғары оқу орын­дарынан айырмашылығы көп. Соң­ғы жылдары университетте түбе­гей­лі өзгерістер жүргенін көріп отырмыз.

– Мемлекеттің саяси-экономикалық тұр­ғыдағы оң өзгерістері университеттің дамуына айрықша серпін беріп жатқанын аңғару қиын емес. Соңғы жылдары университеттің оқу үдерістерін автоматтандыру, материалдық-техникалық базасын күшейту, студенттерді жатақханамен қамтамасыз етіп, абаттандыруда ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. 2013 жылы 450 орынды 9 қабатты жатақхана, оның төменгі қабатында медициналық және психологиялық орталығы бар тамаша кешеннің жобасы жасалынып, 2015 жылы студенттердің талабына сай ғимараты бой түзеді. Одан кейін университеттің өз қаржысына «Аққу» бассейіні салынып, біржарым жылдың ішінде 1100 студент жүзуді үйренді.

Әрине, бірінші кезекте – білім сапасы. Білім мен ғылым интеграциясы, дуалды білім беру, үштілділік, қос дипломды білім беру, маман құзыреттілігін арттыру, инновациялық технологияларды молынан енгізу сияқты мәселелер білім сапасына оң ықпал ететіні сөзсіз. Уақыт талабы қажет ететін ұлттық кодтан ауытқымай отырып, ұрпағымызды өркениеттің көшіне қосу үшін бізге осы заманға лайық педагог мамандар даярлау жұмысы жүктелген.

– Биыл да Қыздар университеті  1 мың маман даярлады. Олардың әр­қайсысы мыңдаған шәкіртке ұстаз бо­лады. Ендігі мақсат рухани құн­ды­лық­тарды бағдар ете отырып, ұлтты тәр­биелеу болып отыр...

– Сұрағыңызды түсіндім. Елбасымыз 2009 жылы университетімізге келгенде «Бір қызды тәрбиелеу – бір ұлтты тәр­би­е­­­­леу­­мен тең» деп айтқанын білесіздер. Бұл мәселеге қатысты бізде арнайы бағ­да­ламалар бар. Мысалы, «Қазақ аруы» бағ­­дарламасын алайық. Қазіргі заманның адам тәрбиелейтін маманы – шәкіртіне үлгі болатындай жан-жақты дамыған рухани тұлға болуы керектігін айтып жүрміз. Ол мұғалім өнерден де құралақан емес. Асүйде – шебер, қолына ине-жіп алса – ісмер және өзін де күтіп-баптауды біледі.

Оның бер жағында университеттің «Қыз Жібек» клубы да қоғамда үлкен қоз­ғалыс туғызды. Клуб мүшелері айна­ламызда болып жатқан өзгерістерді тал­қы­лап отырады. «Қыз Жібектің» қыздары бірінші болып дәріске ұлттық нақыштағы киімдермен келіп, бұл үрдістің елде таралуына үлес қосты. Осыдан кейін оқытушылардың өзі де бұл бастамаға ілесті. Бұлар бұрымды қыздарды сәнге айналдырды.

– Ал енді адам тәрбиелейтін маманға осы заманда кім үлгі бола алады?

– Студенттерімізге кім үлгі бола ала­ды, қандай жандардың тағылымына елік­теу керек деген сұрақты біз де өзімізге қоя­мыз. Қоғам қайраткерлері мен көр­некті педагогтар, белгілі ғалымдар мен ақын-жазушылар, іскер тұлғалар мен өнер адамдарымен тағылымды кездесулер жоспарлы түрде өткізіледі. Университетте академик, қоғам қайраткері Рәбиға Сыз­дықова атындағы дәрісхана аштық. Білім іздеп келген қыздар ғибратты ана болумен бірге, ғылым жолында да үздіксіз ізденіп, осындай дәрежеге жетуге болады дегендей тұрғыда бастама көтергенбіз. Көрнекті ғалым Қазына Аймағамбетқызы атындағы дәрісхана мен ол кісінің атында гүлзар ашылды. Осындай әр факультетте өнегелі адамдардың атындағы заманауи кабинеттер бар.

– Ал енді қыздар универсиетінің сту­де­нт­тері 100 пайыз жатақханамен қам­та­масыз етілгені рас па? Тіпті ақы­лы бөлімде оқитын қыздар да...

– Онда былай деп айтайын. Егер университетте 5 мыңға жуық студент оқитын болса, оның 3 мыңы жатақханада тұрады. Алдымен шалғай өңірлерден келген, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен жетім балаларға жатақхана бөлінеді.

– Білім министрлігінің педа­го­ги­калық жоғары оқу орындарындағы бі­лім сапасын арттыруға қатысты талаптарын орындау қаншалықты күрделі?

– Бәріміз де біліп отырмыз. Дамыған елдермен тереземіз тең болу үшін, өзімізді та­нытып, тәжірибе алмасу бірінші кезекте – тіл тұр. Үштілділік қоғамда бірақ пікір­та­лас тудырса да, көп тіл білген маманның аты озған заман.

Сондықтан да үш тілді педагогтар даяр­лауға үлкен мән беріп отырмыз. Уни­вер­си­тетте қазір бірнеше мамандық бойын­ша ағылшын тілінде білім алатын топтар бар. Көптілділікті дамыту орта­лығы арқылы бірнеше тілді қатар меңгеру жұмыстары жүріп жатыр. Оның үс­тіне жастарымыз да тіл үйренуге бейім. Нәтижесі де жаман емес. Бірнеше тілде еркін сөйлей алатын студентер қатары толығып келеді. Оған қоса халықаралық уни­верс­итеттердің озық тәжірибелерді игеру мақ­сатында шетелдік ғылыми тағы­лым­дамалар, академиялық ұтқырлық бойынша студенттер алмасу да оң нәтиже беруде.

Қазір біз Лондон Менеджмент және ғылымдар академиясы мен АҚШ-тағы Миссисипи университетімен қос дипломды білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асырып жатқанымызды айта аламыз.

Сол сияқты жоғары оқу орнынан кейін­гі білім беруді ұйымдастыру аясында 23 мамандық бойынша магистранттар даярланып, олар жыл сайын Ресей, Түркия, Қытай, Өзбестан, Польша, Германия, Ұлыбритания, Сингапур, Франция елде­рін­де қысқа мерзімді тағлымдамадан өтіп тұ­рады.

– Дүние жүзінде тек қана қыздар оқитын қандай университеттер бар? Олармен байланыс орнатылған ба?

– Мұндай университет төрт мемлекетте бар. Қырғызстандағы Қыздар педагогикалық универсиеті жабылып қалды. Өзбекстанда Қыздар университеті, Лондондағы Кембридж университетінде қыздар колледжі бар. Кореяда бар. Бұлар­дың барлығымен байланыс бар. Әсіресе, Кореядағы қыздар университетінің негізгі бағыт-бағдары, үрдісі, мәдениеті туралы айта кеткенім жөн. Корей еліндегі бұл университетті бітіруші қыздар білімі мен тәрбиесі, салт-дәстүр мен этикет талаптарын терең меңгергендіктен, зиялы қауым осы университет түлектерімен бас қосуға ұмтылады екен. Осыған орай, біз орта білім беретін мұғалімдер даярлайтындықтан, жаңартылған білім беру мазмұнын игеруге бағытталған пәндер оқу бағдарламаларына енгізіліп жатыр.

–  Ал енді атажұртқа оралып жат­қан арулар бар. Үш тілді бағдар­ла­ма­лар­ды меңгеру оралман студенттерге қи­ындықтар туғызбай ма? Өйткені Қыз­дар универсиетінде Қазақстанда бі­лім аламыз деп келген бойжеткендер са­ны бір қауым.

– Биыл университетімізде алты жылдан бері өтіп келе жатқан Ы.Алтынсарин пәндік олимпиадасы халықаралық деңгейге көшті. Мектеп бітірушілерге тегін білім гранттарын ұтып алуға мүмкіндік беретін байқау 17 наурызда 5 мемлекетте, яғни Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай мен Ресейде өтті. Оған 3,5 мың қыз қа­тысып, оның 600-і жақсы балл жинап, 10 пай­ызды жеңілдік алды. 24 мектеп түлегі университетте ректорлық грантпен тегін білім алатын болды.

Керісінше, сырттан келіп жатқан сту-
д­ентт­е­ріміз бірнеше тілге жетік. Моң­ғо­лиядан келген студенттер орыс тіліне жетік. Қытайдан келген қыздар ағылшын тілін жақсы меңгерген.

– Мемлекетіміз ғылыми ізденістер жо­лында жүрген жастарға қолдау көр­сетуді күн тәртібіне шығарып отыр ғой?..

– Ғылыми ізденістерге ден қойған, бакалавриаттар, магистранттар мен докторанттар бірінші кезекте университет тағайындаған ынталандыру сыйлықтарын иемденіп, жұмыстарын жалғастырып отыр. Республикалық және халықаралық ғылыми жобалар жарыстарына қатысып жүрген студенттеріміз бар. Жүлделі орындардан көрініп жүрген жастарымызды одан әрі ынталандыру үшін ректордың Алғыс хаты мен қаржылай сыйлықтар тағайындалып жатады.

Сол сияқты республикалық іргелі ғылыми жобалар байқауына гранттық қар­жыландыруды жеңіп алған ғалым­дарымыз да бар. Мысалы, техника ғылымдарының док­торы, профессор Әжімұқан Жамалов­тың «Автоном­ды тұтынушылар үшін микро­гидроэлектрстансалар жасау» деп ата­латын жобасы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ұйымдастырған энергетика саласындағы «Энергетика чемпион­дары» республикалық байқауында үз­дік 10 жобаның қатарынан табылды. Атал­ған жоба ЭКСПО-2017 көрмесіне қаты­суда. Оған қоса Еуропалық одақтың «Эразмус+» бағдарламасына қатысып жүрген оқытушыларымыз да жетерлік.

– Енді өзі сұлу, өзі білімді дегендей, халықаралық спорт додаларында топ жарып жүрген спортшы қыздарыңыз бар ма?

– Кезінде Лондон Олимпиадасынан алтын жүлдемен оралған Майя Манеза, біздің университтеттің студенті болды. Биыл сәуірде І ұлттық футзалдан сту­денттік лигада біздің құрама команда 3-орын алды. Ал маусым айында Сингапурде (ММА) әуесқойлар арасында аралас жекпе-жектен өткен Азия чемпионатында 2-курс студенті Аян Тұрсын күміс медальмен оралды. Одан кейін іле-шала маусымда бокстан өткен республикалық чемпионатта Меруерт Тұрсынқызы 1-орын алып келді. Спортта топ жарған талантты қыздарымыз көп.

– Жыл сайын өндірдей жас мұға­лім­дер диплом алып, маман атанып жатыр. Енді солардың ауылдық жерлердегі мектептерге бет бұрғандары қанша?

– Университеттен кейін түлектеріміздің 80 пайызы өз мамандағы бойынша жұмысқа орналасады. Ауылдық жерлерге барады. Өз ауылдарына оралады.

Бұрын «ЖенПИ»-ді бітіргендер қала мек­­тептерінде сабақ бере алмайды деген түсінік болды. Өйткені біздің сту­денттеріміздің 90 пайызы – ауылдан білім іздеп келген жастар. Түлектеріміз университеттер мен колледждерде, Алматы мен Астанадағы, облыс орталықтарындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінде, мақтаулы орта білім беру мекемелерінде дәріс береді. Халықаралық университеттерде білім беріп жүрген шәкірттеріміз бар.

– Осы күйеу таңдау мамандық таң­дау­дан да маңыздырақ қой. Бұрын Кеңес өкі­меті кезінде «ЖенПИ» қыздары мен Ауыл шаурашылығы, Мал дәрігерлік инс­ти­тут­тардың студенттері бірігіп, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырушы еді. Осы үрдіс қазір бар ма?

– Жақсы әйел азаматты өсіретіндігі туралы тәмсіл бұрыннан бар ғой. «Алматыда көшесі бар Гогольдің...» деп жыр жазған Ғафу Қайырбеков ағамыздан бастап, қазіргі елге танымал бірқатар тұлғалардың жары осы университеттің түлектері екен. Қазір де басқа университеттермен қоян-қолтық араласып, түрлі кештер ұйымдастырып жатамыз. Университетіміздің мерейтойына орай өткен балға Радиоэлектроника мен байланыс әскери-инженерлік институтымен бірге басқа университеттің студенттері де қатысты. Қысқасы, күйеу балаларымыз көп.

– Әңгімеңізге рахмет.

 

Әңгімелескен,

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

 

АЛМАТЫ

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

19.02.2019

Қарағандыда биыл қандай жолдар жөнделеді

19.02.2019

Елорда оқушылары инновацияға ден қояды

19.02.2019

Сенат комитетінде халықаралық құжаттар қаралды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу