Қызылжар төріндегі аламан айтыс

Айтыс десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер Қызылжар өңірінде де көп. Алайда, жылына бір-ақ рет – Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында өткізілетін мәдени шара сападан гөрі сан қуалап кетіп, сүйінішінен күйініші басым болып жататын. Оның басты себептерінің бірі «қалдық принципімен» бөлінетін қаражатқа және жас айтыскерлер мектебінің қалыптаспағанына келіп тірелетін.
Егемен Қазақстан
23.03.2017 2407
2

Әйтпесе, бір кездері өңірдің атағын шартарапқа танытқан Ерік Асқаровтай ақтангер айтыскердің ізбасарлары жоқ дегенге сену қиын. Тіпті 15 жыл бойы жөні дұрыс не аймақтық, не республикалық сөз сайысы ұйымдастырылмай «өз қазанында бүлкілдеп қайнап» келгеніне біреу сенер, біреу сенбес. Енді кештеу болса да осы олқылықтың орны толтырылып, тамыры солған кәрі ағаштай көзден де, көңілден де тасада қалған көнеден келе жатқан кенен өнердің тамырына биыл қан жүгірді. Облыстық әкімдік қолдау білдіріп еді, қаржы да, демеуші де табылып, мәдениет басқармасы ұйымдастыру жұмыстарына білек сыбана кірісті. Еліміздің әр қиырына «сауын» айтылып, республикалық аламан айтыс өткізілетін болып шешілді. Қара өлеңнің жілігін шағып, майын ішіп жүрген, атақтарынан ат үркетін кіл жүйріктердің келетінін естіген жұртшылық Жастар сарайы­на қарай ағылып, зәулім залға сыймай кетті. 

Аламан айтыс басталар алдында облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова жиналғандарға құттықтау сөз арнады.

− Күн мен түннің теңеліп, Жер-Анамыз бусанар шақта асыға, тағатсыздана тосқан ақжа­рылқап күн өз нұрын, шапағатын ала келді. Елімізде Наурыз мейрамын тойлау дәстүрге айналған. Биылғы мереке ерек­ше­ліктерге толы. Ұлы сөз зергері Ғабит Мүсі­реповтің 115 жылдық мерейтойымен тұс­па-тұс келіп отыр. Республикалық жыр дода­сы­ның, бір жағынан, жерлесіміздің құрметіне ұйымдастырылуы сондықтан, дей келіп, айтыскерлерге шалқар шабыт тіледі.

Дәулеткерей Кәпұлы, Ринат Зайытов секілді белгілі айтыс ақындарының қазылық етуі айтыс ажарын аша түсті.

Сахна төріне бірінші болып қарағандылық Мақсат Ақанов пен тараздық ару Аруна Керім­бек көтерілді. Дүбірлі додаға алғаш шық­қанына қарамастан Аруна қарсыласынан тосыл­мады. Шымшыма әзілдермен жауап қайы­рып отырды. Көрермендер жезде мен бал­дыздың жарасты сөз қақтығысына куә болды. Десек те, тәжірибелі, әбден ысылған Мақ­сат оза шапты. Алғашқы жұпты 40 минут бойы қыбыр етпестен тыңдаған көрермен қауым екінші жұп астаналық Дәулет Ерлан мен қызылжарлық Жұмабек Рахимовтың бабы келіспегенін бірден байқап, бас шайқаумен болды.

Үшінші жұп жұртшылықтың делебесін қайта қоздырды. «Жүрсіннің жүйріктерінің» ішінде әйгілісі, 2015 жылғы «Алтын домбыра» жүлдесінің иегері, халықаралық додаларда олжа салып жүрген павлодарлық Аспанбек Шұғатаевтың есімі аталғанда зал ішін ду қол шапалақ кернеп кетті. Ескінің көзі Бұқар жырау бабамыздың кесек-кесек сөздерінен, бейнелі кестелерінен нәр алып, өзі де сондай бір образға кіріп, дүбірлетті-ау! Оның қарсыласы− семейлік Нұржан Өмірбаев та оңай шағылатын жаңғақ болмай шықты. Десек те, Аспанбек Нұржанның осал тұстарын дөп басты.

«Уылдырықтың дәмі тәтті ме еді,

Уыз ішкен жеріңді ұмыттырған?! – деген тапқыр шумақтар аз кездескен жоқ. Әдетте, кез келген айтыскердің алымдылығы мен шалым­дылығы ә дегеннен қапысыз аңға­ры­лады. Кейбіреулерінің амандасулары бір-бірі­не ұқсап, жаттандылықтан, қара­дүр­сінді­лік­тен аспай жатса, Аспанбек әрқилы мәнерде, мақамда келісті келтіре білді.

Ассалаумағалейкум, ақсақалдар,

Бәкісін мәсісіне қайрайтұғын.

Армысың, айқаракөз апаларым,

Жаулығы жайнамаздай жайнайтұғын.

Аман ба, менің дархан Қызылжарым,

Тоқсан күн той көрсе де тоймайтұғын, – деп сөз мәйегін суша сапырды. Солтүстік­қазақ­стандық Мұхаммед Қоңқаев бұл жолы еркін көсілді. Оңтүстік Қазақстан облы­сы­ның намысын арқалап келген Дәурен Ысқақ Қызылжар жұртшылығының қона­қжай­лы­лығын, меймандостығын шабыттана жырлады. Мұхаммедтің күнгейден Мағжан еліне алғаш рет ат басын тіреген Дәуреннің иығына шапан жауып, өз жолын, кәдесыйын жасауы өте жарасымды болды. Жүріс-тұрысынан да, киім киісінен де сырбаз серілік желдей есетін көкшетаулық Қуаныш Оспанов пен республикалық айтыстардың бірнеше мәрте бас жүлдегері атанған қызылордалық Мөлдір Айтбайдың тартысы доданың көрігін одан әрі қыздырды.

Мөлдірде:

Бірақ та мұның бәрі өңіңде емес,

Түсіңде бола ма деп қауіптенем, – деген ұтымды қайырымдар көп ұшырас­ты. Қостанайлық Тоба Өтепбаев пен қара­ғандылық Дидар Қамиевтің айтысында соңғысының айқын басымдығы айқын сезілді.

Аламан айтыстың бас жүлдесі мен 600 мың теңге Аспанбек Шұғатаевқа бұйырды. Мақсат Ақанов бірінші орынға (400 мың теңге), Мөлдір Айтбай мен Мұхаммед Қоңқаев екінші орынға (300 мың теңге) ие болды.М.Жұмабаев ауданының әкімдігі тіккен Ерік Асқаров атындағы жүлде Нұржан Өмірбаевқа тапсырылды.

Өзге ақындарға да сый-сияпат көрсетілді.


Өмір ЕСҚАЛИ

«Егемен Қазақстан»,

Нұргүл ОҚАШЕВА,

журналист

Солтүстік Қазақстан облысы



Суреттерді түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.09.2018

«Тәтті» үшін тартыс

25.09.2018

Ресми бөлім (25.09.2015)

24.09.2018

Солтүстік Қазақстанда лифтілер жүйесі жаңартуды қажет етеді

24.09.2018

FIFA-2018 марапаттау рәсімінде Роналду болмайды

24.09.2018

Ұлы Дала Еліне саяхат — «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша экспедиция Таразға келді

24.09.2018

«Егемен академиясының» жаңа маусымына тіркелу басталды

24.09.2018

Мақтаарал құрылыс саласымен де танымал болмақ

24.09.2018

Атырауда «Тау тұлғалы Таумыш» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

24.09.2018

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет мектебін ашылды

24.09.2018

Алматыда III Baikonyr Short Film Festivalдің жабылу салтанаты өтті

24.09.2018

Ақтөбелік полицейлер Агенттіктің «Пара алма!» үндеуіне құлақ асуда

24.09.2018

Қыздар Университетінің студенттері республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

24.09.2018

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

24.09.2018

25 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

24.09.2018

Ақтауға үлкен футбол оралды

24.09.2018

Үш дзюдошымыз да алғашқы айналымда ұтылды

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу