Сабақтастық соқпағы

Босағадан енген Жаңа жылмен бірге еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі жұмысын бастады. Қазақстанның халықаралық деңгейдегі саяси миссиясы бүгінде әбден айқындалған, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың көңілінен шығып отырғаны белгілі.
Егемен Қазақстан
16.01.2017 6971
2

Мұның бастауын біз сонау Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Ел­ба­сының батыл қабылдаған шешім­дерінен көреміз. Әрине, бұл жаһанды тітіреткен Кеңес одағы құлағаннан кейінгі жаңа мемлекеттің қуатты ядролық арсеналдан бас тартуы мен Семей сынақ полигонын түбегейлі жабуы туралы толғақты шешімі болатын.

Биылғы елімізге жүктелген абыройлы міндет осы сабақтастықтан тамыр тартады. Өйткені, осы оқиғадан бері біз жаһан жұртын ядролық қарудан бас тартуға шақырып келеміз. Оның нақты әрі нәтижелі қадамдары жасалды. Атом қуатын ғылыми және бейбіт мақсатта пайдалану, әлемнің басқа елдеріндегі ядролық полигон ошақтарын жабу, ядролық қаруға қарсы іс-қимыл күнін бекіту секілді және басқа да саяси мәмілегерлік жобалардың бас­тамашысына айналдық.

Сонымен бірге, Қазақ елінің БҰҰ сияқты әлемдік ұйымдағы өте зор жауапкершілікті арқалауы мен еліміздің аталған ұйымға мүшелігіне 25 жыл толуының қатар келуі де кездейсоқтық емес. Бұл Қазақстанның ширек ғасырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен ішкі және сыртқы саясатта қол жеткізген тиімді жетістіктерінің бағасы іспеттес әсер қалдырады.

Елбасының Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның Қауіпсіздік Кеңесіне жол­даған Саяси үндеуі Қазақстан­ның тұжырымдамалық көзқарасын тағы да айшықтай түсті. Бұл Үн­деу­де Елбасы еліміздің БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесі тұрақты емес мүшесі ретіндегі өкілеттіліктерінің баста­луына орай қауіпсіз, әділ және өр­кендеген әлем құру үшін жаһан­дық әріптестікті күшейтуге күш салатынын жеткізе келіп, нақты іс-қимыл бағыттарын жүзеге асы­руға ұмтылатынын атап көрсетіп отыр.

Мәселен, жоғарыда айтқа­ны­мыздай, Қазақстан Жер планетасында ядролық жойқын қару­дан бас тартқан алғашқы ел ретін­де аталған қаруды таратпау туралы ұстанымын бекемдей түспек. Бұл ретте Иран мен Корей түбегі елдерінің ядролық бағдарламалары бойынша және әлемнің отты ошақтарындағы қақтығыстарды  тоқтату бойынша нақты жұмыстар жүргізілетін бола­ды. Сондай-ақ, Орталық Азиядағы бейбітшілікті нығайтуға, Ауған­стан­дағы жағдайды оңалтуға атсалысып, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес сияқты өте өзекті мақсат-міндеттерді жүзеге асырмақ.

Ең бастысы, биыл елімізде бүкіл әлем көз тігіп отырған ЭКСПО көрмесі өтеді. Бұл Қазақстанның әлемге даму тұрақтылығын қалып­тастыру бағытындағы нақты іс-әре­кетінің бір көрінісі болмақ. Міне, Қазақ елі ғасырлар бойы қалып­тасқан дәстүр-салты мен ұлттық болмысы сынды ХХІ ғасыр­дағы жаңа мақсат-мұраттарын да ізгілікпен ұштастырып отыр. Өйт­кені, тұрақтылық – қай уақытта да даму кепілі.

Айта кеткен абзал, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемле­кеттік университетінің оқы­тушы-профессорлар құрамы мен студенттер қауымы еліміздің жаңа саяси мақсат-міндеттерін әр­дайым сергектікпен қабыл алып, түрлі іс-шаралардың арқауы етіп келеді. Бұл ретте университет жанындағы Назарбаевтану орта­лығында алқалы басқосулар, келелі мәжілістер мен ғылыми-тә­жі­рибелік конференция­лар, тақы­рыптық семинарлар мен дәріс­тер жиі өткізіліп тұрады.

Әлібек ҚУАНДЫҚОВ,

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры,

экономика ғылымдарының докторы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

19.01.2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

19.01.2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

19.01.2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

19.01.2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

19.01.2019

​Қазақстанның Елшісі НАТО Бас хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды

19.01.2019

Рейтер: Трамп пен Ким Чен Ын ақпанда кездеседі

19.01.2019

Алматыға Катардан алғашқы жүк рейсі келді

19.01.2019

Ақмолалықтар мүгедектер үшін автобустардың қолайлылығын бақылауда

19.01.2019

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

19.01.2019

Филиппиннің ең бай адамы қайтыс болды

19.01.2019

Қазақстанда «ақылды қала» пайда болды (видео)

19.01.2019

«Нұр Отан» мектеп асханаларын жалға алушыларды тексерумен айналыспайды

19.01.2019

Балалар Евровидение — 2019 байқауы Краков қаласында өтеді

19.01.2019

Локомотивтерді жөндеу толық орындалды

19.01.2019

Мексикада құбыр жарылып, 20-дан астам адам қаза болды

19.01.2019

Мәжіліс депуттары Түркістандағы тарихи орындарды аралады

19.01.2019

Маңғыстаулық жас кәсіпкерлер бас қосты

19.01.2019

Оралда өзен аңғарына 6 тонна сиыр терісін төккендер анықталды

19.01.2019

Түркістанда Мәжілістің Әлеуметтік – мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу