«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 2018 жылы сатып алулар бойынша 51 миллиард теңге үнемдеді

2018 жылғы сатып алулардың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 51 миллиард теңге көлемінде қаржы үнемдеді. Бұл туралы «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директоры Қуат Қожахметов мәлімдеді. 

Егемен Қазақстан
14.02.2019 24
2

«2018 жылы жаңа сатып алу моделі қолданысқа енгізілгеннен бері бәсекеге қабілетті сатып алулар бойынша үнемделген қаржы 51 миллиард теңгені құрады. Мұндай нәтижеге 2018 жылы Қордың сатып алу жүйесін жетілдіруге бағытталған ауқымды жұмыстардың арқасында қол жеткізілді»,- деп Қуат Қожахметов атап өтті.

Сонымен бірге өткен жылы Қордың сатып алу жүйесін жетілдіру бағытында белсенді жұмыс жүргізілді. Холдинг ішіндегі сатып алуларды қысқарту шаралары қабылданды. Оның арқасында 22 миллиард теңге көлемінде қаржы үнемделді.

Сатып алудың жаңа үлгісі 2018 жылдың ақпан айынан бастап қолданысқа енді. Осы уақыт аралығында жалпы құны 1 триллион теңгені құрайтын сатып алулар жарияланып, 24 мың әлеуетті жеткізуші тіркелді. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов 2018 жылдың қорытындысы бойынша өткен жиналыста аталған модельдің табыстылығын атап өтіп, бұл бағытта жұмысты одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Сатып алудың жаңа үлгісінің ерекшелігі цифрлық технологияларды пайдалану және барлық сатып алу процесін толық автоматтандыру болып табылады. Жаңа модель тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге сұранысты жоспарлаудан бастап сатып алуды өткізуге, келісімшарттар жасасуға және орындауға дейінгі  толық циклды жүзеге асыратын электрондық сатып алудың толыққанды ақпараттық жүйесі болып табылады

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директоры Қуат Қожахметов өткен жылы жасалған оффтейк-шарттардың маңыздылығын атап өтті.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізділді. Атап айтқанда, «KEGOK» АҚ мен «Азия Трафо» ЖШС арасындағы, сондай-ақ, «Қазтрансойл» АҚ мен «KMG Automation» ЖШС арасында жалпы сомасы 4 млрд. теңгені құрайтын 2 пилоттық оффтейк-келісімшартқа қол қойылды. Мұның арқасында 220 жаңа жұмыс орны құрылды және кәсіпоррындар ұзақ мерзімді шарттармен қамтамасыз етілді»,- деп Қуат Қожахметов тілге тиек етті.

Айта кеткен жөн, 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап pko.skc.kz деген бұрынғы портал Қордың бірыңғай сатып алу платформасы zakup.sk.kz сайтына көшірілді. Мұндай жаңашылдық біліктіліктті алдын-ала іріктеуді оңтайландырды. Бірыңғай жүйе сатып алу порталында жеңіл сәйкестендіру үшін арнайы әзірленді.

 

 

 

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу