Сана салтанаты

Біздің әрқайсымыз болып жат­қан оқиғаларды әр деңгейде пайымдап бағалаймыз. Сол арқылы толық келбетімен айқындалатын ақиқат көрініс табатын қоғамдық санаға өз үлесімізді қосамыз. Осының ар­қасында әр адам даналық қоры­нан өзінің қоғамдағы өмірлік бағ­дарларын табуға мүмкіндік бере­тін қажетті білімді алады.
Егемен Қазақстан
23.05.2017 3235
2

Ел өмірі­нің әр кезеңінде қоғамдық сананың болып жатқан немесе болашақ оқиғалардан кенжелеп қалып қоюы олардың табиғатын және прогресс үшін мән-маңызын жете түсінбеуден орын алады. Мысалы, феодализмнен капитализмге, одан социализмге өткен кездерде солай болды. Көп дәурен сүре алмаған социализмнен қайтадан капитализмге оралып соққанда да сол күйді бастан кештік. Мұндай түсінбеушілік терең сипат алғанда міндетті түрде революцияларға, қантөгіс төңкерістерге, шырғалаң шытырманға, адамдардың бір-біріне жатбауыр болуына әкеліп соғып отырды. Бірақ қоғам дамуының тарихи заңдылығы қаптаған кездейсоқтықтар арасынан өзіне жол сала отырып, қоғамдық сананы қайткен күнде де алға жетелейді. 
Осы ретте 25 жыл бұрынғы оқи­ға­ларды еске алсақ та жеткілікті. Сонда нарықтық қатынастарды ор­нықтыруға және капитализмге көшуге шақырған ұрандар өте ауыр қабылданды, наразылықтар тудырды. Қоғамдық сананың осындай көшкіні өмір жағдайлары тез өзгеріп, оларды алдын ала пайым­дап отыру қажеттігі туған біз­дің технократтық дәуірде ерек­ше анық көрініс табады. Сон­дықтан, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың болашаққа бірге қа­дам жасауға, қоғамдық сананы түбі­рімен өзгертуге шақырған «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғы­ру» атты бағдарламалық мақа­ла­сындағы қағидалы ой-пайым­дарының бүгінгі таңдағы дұрыс­тығы және дер кезіндегі үн қату екендігі еш талас тудырмайды. Қоғамдық санада қалыптасқан қара­байыр жаттандылықтар өркен­деуді тежейтінін, ал озық идеялар алға басуға қызмет ететінін ес­керсек, бұл өте маңызды. Мем­лекет басшысының ауқымды өзге­рістер қоғамның рухани санасын уақыттан оза жаңғыртумен қоса жүр­гізілуі керектігіне кәміл сенім­ді екендігі де сондықтан. Ол саяси және экономикалық жаңғыруды жай ғана толықтырып қоймай, со­ның өзегіне айналмақ. Елбасы алға осындай міндет тартқан. 
Рухани жаңғыру – көп қырлы әрі біртұтас құбылыс. Ол саяси, адамгершілік, құқықтық сана, ғылым мен өнер қиясынан да көрініс таппақ. Салыстырмалы түрде дербес өмір сүретін осынау қырлардың кез келгені дамудың ойдағыдай деңгейінде жалпы қоғамның және жеке адамның тез өзгеріп жатқан әлеуметтік өмір жағдайларына бейімделуіне көмектеспек. Сондықтан, қо­ғамдық сананың барлық түрлерін рухани жаңғырту орайында үлкен жұмыстар жүргізілуі тиіс. 
Тәуелсіздік қарсаңында және оның алғашқы жылдарында сая­си сана һәм осымен байланысты құқықтық сана жедел жанданды. Онда заманауи Қазақстан және Конституцияны қоса алғанда, жаңа құқықтық жағдайдағы жаңа қоғамдық құрылыстың идеялары түзілді. Сақталып қалған кеңестік саяси әмбе құқықтық сананың қысымын жеңе отырып, осы ретте күрт бетбұрысқа қол жеткізе алуы­мыз да сондай ғанибет. Осының арқасында демократия, саяси плюрализм, құқықтық мемлекет, нарықтық экономика, азаматтық қоғам идеялары Қазақстандағы қоғамдық рухани сана дамуының аса құнды бағдарлары болған еді. 
Осы кезеңде өктем атеизм тұн­шықтырып басып тастаған діни сана да жандана бастады. Көп кон­фессиялық қалыптасып, әр алуан діндер бір-біріне қарсы тұрмай, те­кетіреспей, рухани қазыналарын кеңінен аша түсті. Қоғамдық са­на­ның осынау жеделдетілген маз­мұнды құбылысы аясында өнер мен ғылым саласындағы өзгерістер әл­сіздеу байқалды. Мұның мәнісі мынада еді. Елімізде болып жатқан үдерістерді және оны болашақта не күтетінін көркем әрі ғылыми тұрғыдан саралап пайымдау үшін уа­қыт керек-тұғын. Бұл уақыт тек өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл­­дарының ортасына қарай ғана туды. Оның үстіне тоқсаныншы жыл­­дар­дың басындағы Қазақстан­ның материалдық жағдайы да ғылым мен өнердің дамуы үшін сон­шалықты мүмкіндік бере ал­мағаны анық. 
Соңғы ширек ғасырда әлем ғ­аламат өзгерді. Сонымен қатар, қа­зақ­стандық қоғам өмірінің жағ­­дай­лары да түбегейлі өзгеріс­тер­ге ұшырады. Соған орай қо­ғам­дық сана да өзгеріп жатыр. Сти­хия­лы түрдегі даму барысын­да заманауи қоғамдық сана оның даму келешегінен қалып қоя­­тындығы белгілі. Оны жоға­рыда айттық. Біз бастан кешіріп отырған технологиялық дүрбелең жағ­дайларында болашақ жеделдетілген режімде өзгермек. Сондықтан қоғамдық сана дамуының әбден тексерілген, сыннан өткен ғылыми негізді бағдарларынсыз қоғамның игілігіне, бақуаттылығына қол жет­­кізу өте қиын. Мемлекет басшы­­сының мақаласына оралып соғар болсақ, онда көптеген маңыз­ды бағдарлар өте айқын таң­ба­ланғанын атап көрсетуге тиіс­піз. Мұның өзі қоғамдық сана үлгі­леріндегі кемшіліктерге назар ау­даруға және рухани жаңғыру аясында оларды дер кезінде жою жөніндегі мақсатты идеологиялық жұмысты барынша белсенді жүр­гі­зуге мүмкіндік туғызады. 
Осы арада Қазақстанды мекен­дей­тін халықтар мәдениетінің ұлт­­тық кодын сақтаудың маңыз­дылығы сөзсіз. Көп ұлтты елі­міз бұдан тек ұтады. Өйткені, оның қоғамдық санасы ғасыр­лар бойы тату көршіліктің, өзара ынты­мақ­тас­тықтың, мәдениеттердің бір-бірін байытуының, қиын сы­нақтар жылдарындағы өзара көмектің тарихи ерен үлгілерін сана­ларына сіңірді. Бұл арада, дейді Пре­зидент, бірқатар әдеттер мен қасаң жаттандылықтардан арылмайынша жаңғырудың мүмкін еместігін қаперде ұстау да өте маңызды. Бұл нұсқау тарихи санамен қиюласа өрілген саяси және діни санамен тікелей байланысты. 
Қоғамдық келісім үлгілері ретіндегі ғылым мен өнерді жаң­ғырту адамның рухани әлемін оның кәсіби еңбек қызметі саласындағы таным-білігін байытуға және осы арқылы бәсекеге қабілеттілігіне көмектесуге бағдарлануы тиіс. Олар білімнің негізі бола отырып, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерді білу және мәдени ашық­тық деңгейін арттыруға шешуші ықпал жасауы керек. 
Қоғамдық сананың рухани жаңғыруы барысында оның құ­қық­тық сана пішіні де елеулі өзге­рістерге ұшырайды. Адамдар­дың қолданыстағы әрі қалаулы құқыққа, мемлекеттік органдар­дың, сот­тар­дың қызметіне қарым-қа­ты­насын білдіре отырып құқықтық сана, сайып келгенде, қоғамның құ­қықтық негіздерін айқындайды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1995 жылғы ел Конституциясын қа­былдау жөніндегі бүкілхалықтық референдум құқықтық сана бел­сенділігінің ерекше көрінісі болып табылды. Жақында ғана Пре­зидент өкілеттілігін билік тармақ­тары арасында қайта бөлісу бойынша Конституцияға енгізіл­мек түзетулерді қазақ­стан­дық қо­ғам­ның аса мүдде­лі­лікпен талқылауы құ­қық­тық сана белсен­ділігін тағы да танытты. Алты мың­нан астам ұсы­ныстар мен ескертпелер тү­сі­рі­луі – айта қаларлықтай көрсет­кіш.
Бірақ қазақстандық қоғамның құқықтық санасы өз тарихында әрқашан нақ осылайша жасампаз бола берген емес. Кеңестік би­лік жылдарында құқықтық ниги­лизм деген келеңсіз құбылыс кең өріс алды. Құқықты адамдар гуманитарлық құндылық деп қа­ра­мады. Құқықтық сана кеңестік заңдардың жадағай ұраншыл, жасанды сипатын байқап қалды. Ол заңдар, әсіресе, конституциялық нормалар тұрғысынан келгенде нақты өмірден тым алшақ жатты. Сондықтан, өткен ғасырдың жет­пісінші жылдарының ортасын­да Мәскеу мен Алматыда жүргі­зілген халық сауалнамасы кезінде респонденттердің басым көпшілігі бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін, кеңестік Конституция талап еткендей, сотқа және басқа құқық қорғау орындарына емес, партия органдарына арыздануға тілек білдіруі тегін емес.
Сонымен қатар, орта ғасыр­лардағы қазақтардың осы орайдағы құқықтық санасы әлдеқайда биік болған деп айта аламыз. Олар билер сотына жүгінген. Ал билер шешімі ерікті түрде, мемлекет тарапынан ешқандай мәжбүрлеусіз орындалып отырған. «Алаш» партиясы да құқықтық сананың жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Оның бағдарламасында, әсіресе, соттар қызметі орайындағы көптеген сая­си һәм құқықтық проблемалар біздің бүгінгі күндер талабының рухында айшықталған. 
Қалыптасқан құқықтық жү­йе­мен үйлесім тапқан бүгінгі қазақ­стан­дықтардың заманауи құқықтық санасы заңдарға, сот, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдар қызметіне сыни қатынастың жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Мемлекеттік органдар мен БАҚ-тарға түсіп жатқан көптеген арыз-шағымдар мен өтініштер осыны айғақтайды. Азаматтардың мұндай белсенділігі олардың құқықтық санасының жоғары екендігін көр­се­теді. Сонымен бірге, бұл мемле­кеттік органдар мен олардың қыз­мет­керлері тарапынан да заң бұзу­шылық фактілерінің әлі жо­йыл­май келе жатқанын аңдатады. Сондықтан құқықтық сананың жоғары деңгейін қолдап отыру ортақ игілік үшін қажет демекпіз. 
Қоғамдық сананың әралуан үл­гілерін жаңғырту жеделдігі мен пәрменділігі әртүрлі болмағы да заңды. Себебі, олар көрініс табатын нысандардың ерекшеліктері де әртүрлі. Мысалы, табиғи және қо­ғамдық құбылыстар дамуының заң­ды­лықтарын зерттейтін ғылым­д­ы жаңғырту бір бөлек те, қа­сиетті қағидаттарға негізделген діни сананы жаңғырту екінші бө­лек дүние. Бірақ, сонымен бір­ге, рухани жаңғыру барысында қоғамдық сананың барлық түр­лері бір-бірімен бірлесе әрекет етіп, тұтастай алғанда мазмұны байи түседі, еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет етеді. Елба­сы­мыздың рухани жаңғыру орайында алға тартқан міндеттері де нақ осыны көздейді.

Еркеш НҰРПЕЙІСОВ, 
Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты, доцент

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу