Сана жаңғырса, қоғам жаңарады

Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қоғамдық қатынастардың ерекше күрделі бір саласындағы қажеттіліктерге жауап іздеуден туындаған. Елбасы өз көзқарасын білдірген мәселелер көп қырлы да ауқымды.
Егемен Қазақстан
07.08.2017 4649
2

Рухани мәселе адамның санасын күрт өзгерту, сайып келгенде, қоғам жаң­ғыруының ең күрделі, ең қиын саласы. Осыған Президент басқаша, жаңа өлшеммен келіп, мүлдем жаңа, тіпті күрт сапалық бұрылыс жасаған. Мәселенің бұрынғыдан мүлдем жаңа шығармашылдық секіріспен, күрт бұрылыспен қойылуы осында жатыр. Бұл – тың қорытынды, ашығын айтқанда, өзекті идеологиялық мақала. Біздің пайымдауымызша, мақаланың бүкіл мазмұны, онда қойылған міндеттер, ең алдымен интеллигенцияға, орта, кәсіптік-техникалық, жоғары оқу орын­дарының ұстаздарына, мемлекеттік басқару саласындағы барлық кадрларға, әсіресе, идеологиялық салаға жауап беретін кадрлар корпусына, ғалымдарға, журналистерге арналған. 
Президенттің стратегиялық ойлау, құбылыстарды, қоғамдық қатынастарды прагматикалық тұрғыдан бағалау және елдегі осы тарихи кезеңдегі шынайы ахуалмен, қоғам мүдделерімен тығыз байланыста қараудағы тереңдігі мен жаңашылдығына тағы тәнті болдық. Оның ең алдымен Қазақ мемлекетінің түбегейлі мүддесіне қызмет ету, соны өрке­ниеттің алдыңғы легіне шығару­ды көздейтін түпкі нысанасы екен­­дігіне көзіміз жетті. Бізде стратегия­лық құжаттар, бағдарламалар баршы­лық: «Қазақ­стан-2050», Бес институттық реформа және т.б. Ал осыларды жүзе­­ге асыратын адамның жан дүние­сі, сана­­сы қай деңгейде? Осы бағдар­лама­ларда адам қандай орын алады? 
Модернизация туралы қазіргі заман­ғы теория мен практиканы, негізгі сипатты белгілері мен талаптары, тәжірибе­лері туралы талдағанда (С.Хантингтон, Г.Алмонд, Ш.Айзенштадт, Д.Эпте және т. б.) оның күрделі табиғатын, жаһан­дық, кешенді, жүйелі, көп сатылы және толастамас құбылыс екендігін баса көрсетеді. Яғни Президент күн тәртібіне қойып отырған рухани жаңғыру осы біртұтас, кешенді жаңғырудың, ажырамас бөлігі, маңызды құрамдасы. Оның біртұтас құбылыс ретіндегі даму логикасы мен ішкі өзара байланыстылығы, сабақтастығы заңдылықтарынан туады. Онсыз қоғамның жаңғыруы табиға­тынан жартыкеш, аяқталмаған болар еді. Өйткені, атақты грек ойшылы Пета­гор «Барлық дүниенің өлшемі – адам» деп бекер айтпаған. Ойшылдың осы ойының маңызы мен астарын философтар жүздеген жылдар бойы талдап, адам құпиясын түсінуге және адамның қоғамдағы құбылыстарды қалай қабыл­дап немесе неге қабылдамауының ішкі себептерін іздеуде. Міне, осындай күрделі диллеманың алдында бүгінгі Қазақ қоғамы да тұр. Адамның саналы, ойлы әрекетінсіз қандай да тартымды жоспарлардың өзі аяқсыз қалады. Себебі, адамзат қоғамында әртүрлі идея­лар, тамаша жоспарлардың жүзеге асуы немесе құр, бос идея, ниет қана болып қалуы оны жеке тұлғаның қабылдауына немесе теріске шығаруына байланысты болғаны белгілі. 
Адам санасы, жан дүниесі – аса күр­делі құбылыс. Оны өзгерту әкім­ші­лік әдістермен, күштеумен, басқа­дай бір төтенше амалдармен жүзеге аспайды. Адамзаттың ақылманы К.Маркс «Бар­лық қамалдардың ішіндегі ең алын­байтыны – адамның бас сүйегі» − деген ойы мәселенің тым күрделілігі мен көпқырлылығын меңзесе керек. Сон­дықтан жаңғыру қай бағытта жүрсе де оның бел ортасында адам, оның санасы, мінезі, ойы, білімі, еңбегі, іс-әрекеті тұрады. Елбасы мақаласы осындай әртүрлі мәселелер төңірегінде байыппен ойлануды, саралауды қажет етеді. Әңгіме бұл жерде адам, адам факторы, оның санасы, дүниетанымы, ар­маны, тағлымы, тәрбиесі, білімі, мінез қылықтары мен кемшіліктері, тәр­биесіндегі, өмірдегі практикалық ісін­дегі, еңбегіндегі кінәраттар туралы болып отыр. Демек, рухани жаңғы­рудың мәйегі, өзегі – қоғамдық сананы түбегейлі жаңғырту. 
Рухани жаңғыруға байланысты қоғам­дық ғылым өкілдерінің өзегін өр­теп, еңсесін түсіріп, алаңдатып отыр­ған жайт бар. Ол − Қазақстанның жо­ға­ры оқу орындарының алдағы оқу жы­лын, өкінішке қарай, тәуелсіз елде қоғам­дық пәндерді алғаш рет қысқар­ты­лған оқу жоспарларымен бастағалы оты­р­ған­дығы! Дәлірек айтқанда, биыл Білім және ғылым министрлігі саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану және т.б. бірнеше пәндерді мамандықтардың типтік оқу жоспарларынан шығарып тас­таған, яғни алдағы оқу жылынан бас­тап оларды оқу-оқымау білім алу­шы­­лар­д­ың өз таңдауында болмақ. Білім мен ұр­пақ тәрбиесі саласындағы ұлттық мүдде мен саясатқа қайшы келетін қадам. Елдің бола­шақ маман­дарының ұлттық санасын қалып­­тастырудың тағдырын шешуді 1-2 курс студенттерінің таңдауына беру – ел, ұрпақ болашағын ойламаудан туған шешім. Үстіміздегі жылдың 31 мамыр күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінде өткен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мыр­заның жұртшылықпен өткен есепті кездесуінде біз жоғарыдағы шешімнің неге қабылданғанын, негіз­демесін сұраған едік. Сала басшысы: «Бізде рек­тор­лар бар, олардың кеңесі бар. Солар­дың талабымен болды», деп жауап берді. Ал шынтуайтқа келгенде, Пре­зи­дент, Үкімет алдында, саладағы мәсе­ле үшін әр министр тікелей жауап бере­ді емес пе? Ендеше жауапкершілікті кеңесші ұйым құзыретіне мінгестіру – Конституциялық заңның талабына қарсы. Бұл, біріншіден. Екіншіден, тіпті елдегі 130-дан астам ректор мүше болып табылатын Рект­ор­лардың республикалық кеңесі консуль­татив­тік қоғамдық ұйым болып табыла­ды. Ал ашық, табанды да сын­дарлы шешім, ұстаным болса – оған ректорлардың ешқашан қар­сы кел­­мейтіні әлімсақтан белгі­лі. Оның үсті­не, еліміздегі ректорлар корпусы­ның жартысынан астамы қоғам­дық, гумани­тарлық ғылымдар өкілдері – тарихшылар, заңгерлер, филологтар, экономистер емес пе? Олар өздері отырған бұтақты өздері шаба ма? 
Сондықтан да Президент мақала­сы бойынша құрылған Ұлттық комиссия­ның құрамындағы осы салаға жауап бере­тін арнайы Жұмыс тобының жетек­ші­сі ретінде Ерлан Сағадиев шешімдерді қайта зерделеп, ой талқысына салса жөн болар еді. Уа­қыт, Президенттің рухани жаңғыру стратегия­сынан туындайтын күрделі де тағдырлы шаралар осыны талап етеді. Бұл – Үкімет мүшесінің Мемлекет басшы­сы қойған міндеттерге ең алғашқы нақ­ты, шешімді жауабы болар еді. Ал­дағы кезеңде Елбасы мақаласында атап көрсетілген әр пән бойынша – тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология пәндері бойынша жеке-жеке кешенді шешімдер қабылдануы керек. 
Алдымен айтарымыз, саясаттану пәнін жеке мамандықтар бойынша міндетті пән ретінде республикалық ЖОО жүйесінен шығару, жоғарыда қа­был­­данған шешімдердің ішіндегі ең өзек­тісі деп қабылдануы тиіс. Неге? Әр бо­лашақ маманға – инженерге, құры­лысшыға, дәрігерге және т. б. ең алдымен қазіргі күрделенген заманда тармақталған, әр қырлы, құбылмалы саясатты жан-жақты түсіндіру қажет. Жаһандану, ақпараттану үрдістері белең алып, қайшылықтар, әлеуметтік теңсіздік айрықша асқынып тұрғанда болашақ маман өз мемлекетінің саясатын, өзі қызмет істейтін саланың әлеуметтік-рухани миссиясын, елдегі сая­си инсти­туттар: Президент, Парламент, Үкі­мет және басқа мемлекеттік бас­қару орган­дарының функциясы мен өкілдіктерінен, мемлекеттік қызмет пен басқарудың нақтылы салаларынан сындарлы білім алуы керек емес пе? Ал оның іргетасын ең алдымен саясаттану пәні қалайды ғой. Келешекте мемлекеттің саясатын оқытпаған ЖОО-ның беделі қандай болады? Болашақ маман мемлекеттің саясатын білмесе, оны қалай жоғары білімді маман немесе магистрант деп диплом береміз? 
Саясаттану пәніне байланысты ең бірінші өзекті мәселе – арнайы саясаттану мамандығы бойынша бакалавриат, магистратура, докторантура дең­гейлерінде мамандар дайындауды Мемлекет басшысы қойған талаптарға жауап беретін жаңа үрдістерге шы­ғару. Әсіресе, болашақта мемлекет қыз­­мет­шілерін, сарапшыларды дайын­даудың алғашқы кадрлық әрі білімдік негізі бакалавриатқа, магис­тратураға бөлінетін мемлекеттік гранттар санын бірнеше есе көбейтудің қажеттігі. Бүгінде республика бойынша бөлінетін бар болғаны 25-30 грант бұл мәселені шешпейтіні айдан анық. Ал елімізге ауылдық әкімдіктен бастап, Президент Әкімшілігіне дейінгі аралық­тағы барлық мемлекеттік құрылымдарда, ақпараттық талдау орталықтарында, БАҚ-та білікті, ойлау жүйесі кең, қазіргі уақыт тынысы мен барысын білетін саясаттанушылар қызмет істеп жүр. Оларға қажеттілік пен сұраныстың басты қай­нар көзі – саясаттану ілімінің қазіргі заман­ның табиғатын, ондағы сан-салалы саяси-демократиялық үрдістердің таби­ғаты мен ерекшеліктерін ашатын, түсін­діретін ауқымды, кең өрісті категориялары мен заңдылықтарында, елдегі саяси процестерден теориялық сындарлы даярлығында жатыр. 
Екіншіден, Қазақ қоғамы мен мем­ле­кетінің бүгінгі өскелең міндетіне сәйкес екі-үш тілді меңгерген, ішкі және сыртқы саяси процестерге, этно­сая­сатқа, саяси террологияға, саяси жаһандану, ақпараттық қоғам проблемалары бойынша талдаушы, сарапшы мамандықтарына жіктей, саралай дайындау әдістері мен жоспарларына көшу де мемлекеттің осы саладағы кадр саясатының өзекті мәселесі. Келешекте жоғарыда аталған бағыт­тарда саясаттанушыларды мақ­сат­ты мамандандырып, білімдерін те­рең­детіп, сапасын көтеру үшін сая­сат­тану мамандарын дайындаудың басты базалық, тірек оқу орындары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия және әл-Фараби атындағы ұлттық универ­сит­терінде көп созбай, алдағы оқу жы­лынан, жеке, маманданған бейінді Қазақстан саясаты кафедрасын ашуды мейлінше қажетті шара деп есептейміз. Бұл шара саясаттану мамандарын дайындауды елдің ұзақ мерзімдік саяси және рухани жаңғырумен байаланыстырудың пәрменді тетігі болуы керек. 
 Үшіншіден, қоғамдық ғылымдардың, оның ішінде саясаттануды оқу-игеру­дің кәсіптік деңгейін Н.Назарбаев мақа­­ласында қойылған жаңа деңгейге көтеру – бүтіндей бір ауқымды ұйым­дық, ғылыми-әдістемелік шешім-шара­­лар­ды, кешенді, кезең-кезеңімен жүргізуді талап етеді. Елбасы мақалада «Жаңа гуманитарлық білім» туралы мәселе қозғап, талапты нақты қо­йып отыр. Жаңа гуманитарлық білім қандай болуы керек? Оған жету­дің, оны қамтамасыз етудің жаңа тетік­тері қандай? Білім және ғылым ми­нистрінен бастап әр ректордың, факультет деканының, кафедра меңгеру­шілерінің, елге, ұлтқа, ұрпаққа жаны ашитын профессор-оқытушылар қауы­мының жан тыныштығынан айырылып, ойланар, пайымдап, зерделейтін мәсе­лесі осы болуға тиіс. Министрлік аппара­ты құрамында тікелей министрге бағына­тын кең де нақтылы құзыреттері мен өкілдіктері бар, функциялары егжей-тегжейлі анықталған, әлеуетті қоғамдық ғылымдарды оқытуды басқарудың арнайы департаменті немесе басқармасы құрылып, ол қоғамдық ғылымдарды оқытуды жоспарлау, бағдарламаларды саралау, бекіту, оқу сапасы және кадр мәселелерімен арнайы шұғылдануы керек. Басқарма басшылығына кезінде кафедра меңгерушісі, факультет деканы, университет басшылығы тәрізді сатылардан өтіп, ЖОО-ның оқу процесінде піскен, кемелденген маманды қою – мәселенің шешілуін, қойылысын, істің барысын да тездетер еді. 
Мемлекет басшысы қазіргі дүние­дегі әлемдік тұрақсыздық, оның ішін­де әлеу­меттік тұрақсыздық, демогра­фия­лық теңгерімсіздік, тарихи уақыттың жыл­дамдығы тәрізді сын-қатерлер туралы әлденеше рет ескертіп, жады­мызға құйып, Қазақстан ХХІ ғасырдың жаһандық тегеуріні мен ақпараттық қысымы мен тасқындар жағдайында осыларға төтеп беруге дайын бо­л­уын күн тәртібінен, өз назарынан бір тү­сірген емес. Сондықтан, саясаттану мамандарын оқытуда бүгін­гі күннің күн тәртібінен туатын аса маңызды талап саясаттану мамандығы шеңберінде конфликтолог, яғни ішкі қақтығыстар мен шиеленістердің табиғатын бі­ліп, оның алдын алатын, оның туу табиғатын, болдырмау амалдары мен әдістерін меңгерген мамандар дайындау да аса қат мәселе. Конфликтолог – шиеленістердің, қақтығыстардың алдын алатын, оларды реттеудің және шешу жолдарын, стратегиясы мен тактикасын, әртүрлі арнайы технологияларды ұсынатын әмбебап дейтіндей маман. Бір сөзбен айт­қанда, элиталы, интеллектуалды ар­на­йы күш, ерекше ұтқыр топ. Елдегі сая­си процестерді мазмұны, саяси ахуалды терең па­йымдау, кейбір әлеуметтік жіктер мен топ­тардың мінез-құлқы, елдің іш­кі тыныштығы елімізге бүгінде дәл осындай мамандардың аса қажеттігіне көз жеткізіп отыр. Саясаттану мамандарын дайындауды жетілдіру, оны Мемлекет басшысы қойған өскелең талаптар деңгейіне көтеру, елдегі сая-си, рухани, мемлекеттік басқарудың, демократиялық процестер және әлемдегі күрт өзгерістер мен жаңа сын-қатерлер талабынан шығу үшін Л.Н.Гумилев атындағы Еруразия ұлттық университеті құра­мын­да дербес Саясаттану факуль­тетін ашу мәселесін күн тәртібіне нақ­­ты қою қажеттілігі әбден пісіп же­тіл­ді. Мақаладан туындай­тын та­ғы бір ұйымдық шара – ке­лешекте бүкіл қоғам­дық және гуманитарлық ғылымдар пән­дерінің профессор-оқытушылар кор­пусының білімін тұрақты жетілдіруді қамтамасыз ету үшін Астана қаласында Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар пәнде­рінің білімін жетілдіру институтын ұйымдастыру да күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі. Бұл төңі­регінде де нақты іске кірісу – уақыт қажеттілігі. Осы саладағы барлық мәсе­лерді ұжымыдық талқы мен ой елегінен өткізу үшін алдағы оқу жылының басында Қоғамдық ғылымдар кафедралары меңгерушілерінің республикалық кеңесін шақырып, осы саладағы бү­кіл проблемалардың кең спектрін тал­қылау да игілікті іс болар еді. 

Нәубат ҚАЛИЕВ, 
Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің профессоры, саяси ғылымдар докторы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2018

Елбасы көрмесі – Атырауда

19.09.2018

Таразитану қарлығаштары

19.09.2018

Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастығы дамуға бағытталуда

19.09.2018

Қылқалам шеберінің дара жолы

19.09.2018

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тағайындалды

19.09.2018

Сенат Төрағасы Бразилияның жаңа елшісіне тілектестігін білдірді

19.09.2018

Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр

19.09.2018

Жанат Шаймерденов  «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды

19.09.2018

Алматыда «ANQ 2018» XVI Азия Сапа Конгресі өтуде

19.09.2018

Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Алматы қаласына барды

19.09.2018

Білім жарысында болашақ экономистер

19.09.2018

Петропавлда жылу беру маусымы басталды

19.09.2018

Астанада әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды дамыту декларациясы қабылданады

19.09.2018

«Барыс» Омбының «Авангард» клубынан 3:4 есебімен ұтылды

19.09.2018

Қостанайлық  спортшы қыз Азия мен Океания чемпионатынан қос алтын медаль әкелді

19.09.2018

Көп көрсеткішке көңіл толмайды

19.09.2018

Елбасы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

19.09.2018

Аралдағы жатақхана туралы ақпарат негізсіз

19.09.2018

Оралда Құрманғазы Сағырбайұлының мерейтойы аясында республикалық конференция өтті

19.09.2018

Өскеменде Қазыбек би даңғылы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу