Сенім грамотасын тапсырды

Егемен Қазақстан
30.10.2010 340
28 қазан күні Түркия Президентінің Анкарадағы “Чанкая” сарайында Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүлге Қазақстан Республи­касының Түрік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев Сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Сенім грамотасы тапсырылған соң елші мен Түркия Президентінің арасында болған сұхбат барысында А.Гүл Қазақстан-Түркия қатынастарының қазіргі жай-күйіне жоғары баға берді, түрік басшылығының Қазақстан мен Түркияның екіжақты және халықаралық мәселелердің кең ауқымы бойынша одан әрі өзара іс-қимылдарына деген ұмтылысын қуаттады. Түрік мемлекетінің басшысы Түркияның бауырлас Қазақстанның барлық бастамаларын қолдайтынын, біздің еліміздің жетістіктеріне қуанатындығын және мақтан тұтатынын атап өтті. Бұл орайда ол тағы да өзінің Астанада үстіміздегі жылғы 1-2 желтоқсанда өтетін ЕҚЫҰ Саммитіне қатысатындығын растады. Ж.Түймебаев Қазақстан Президенті Н.Назарбаев­тың ең ізгі тілектерін жеткізе отырып, бүгінгі таңдағы Қазақстан-Түркия қатынастарының күн тәртібінде тұрған, соның ішінде көпжақты саяси ынтымақ­тастық, сауда-экономикалық, көлік-коммуникация және инвестиция слалаларындағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы бірлескен ірі жобалар екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы елеулі үдерісті және Қазақстан-Түркия қатынастары­ның сапалы жаңа деңгейге көтерілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты. Ж.Түймебаев соңғы 2 жылда 6 реттен астам кездескен  екі ел басшы­лығының ең жоғары және жоғары деңгейлердегі тығыз байланыс­тарының қарқындылығына тоқталды. Ж.Түймебаев Президент А.Гүлге жылы қабылдауы үшін алғысын білдірді және Қазақстан-Түркия қатынастарының одан әрі де стратегиялық әріптестік рухында дамуы үшін барлық күш-жігерін жұмылдыратынына сендірді. Сұхбат соңында А.Гүл  Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевқа  өзінің ізгі тілектерін жеткізді және Қазақстанның Түркиядағы жаңа елшісіне табыстар тіледі. Осы күні Қазақстан елшісі Сенім грамотасының көшірмелерін Түрік Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары  Ф.Жейланға да тапсырды.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

16.11.2018

Қ. Тоқаев халықаралық кездесулер өткізді

16.11.2018

​Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

16.11.2018

Үнді бизнесмендеріне Қазақстандағы инвестициялық жобалар ұсынылды

16.11.2018

Д.Кәлетаев Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Азаматтық Форумның жұмысына қатысты

16.11.2018

Қазпошта 111 франчайзинг нүктесін ашты

16.11.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

16.11.2018

Астанада жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздарына құрмет көрсетті

16.11.2018

Шымкенттен Дубайға ұшатын рейс ашылады

16.11.2018

Шымкентте Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті

16.11.2018

Қостанайлық полицейлер жедел-профилактикалық шара кезінде мал ұрлығын ашты

16.11.2018

Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу