Шекаралық ынтымақтастықтың жаңа моделі

Орынбордағы Ақтөбе облысының күндерінен кейінгі ой
Егемен Қазақстан
03.05.2017 2832
2




Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін алдымызда көршілермен, соның ішінде жас мемлекетіміздің ең басты стратегиялық әріптесі Ресеймен геосаяси және геоэкономикалық қарым-қатынасымызды қайткенде ұтымды жолға қоя аламыз деген сауал тұрды. Рас, бұл ретте жол бастаушы басты құжат Ресей мен Қазақстан арасындағы Мәңгілік достық туралы келісімге екі мемлекеттің басшылары егемендіктің таңсәрі кезінің өзінде қол қойған болатын. Алайда бұл құжат шекаралық ынтымақтастықты дамытудың барлық буындары мен иірімдерін қамти алмағандықтан да, бұл мәселеде оның екіжақты үйлестірушілік қызметін тереңдету қажеттілігі туындады.

Бүгінде дәстүрге айналған Қазақстан мен Ресей мемлекеттері басшыларының қатысуымен өткізілетін шекаралық өңірлер арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі форумдар осы олқылық пен кеңістіктің орнын артығымен толтырды. Кешегі бір күндері Ресейдің Орынбор қаласында Ақтөбе облысының күн­дері өткізілген еді. Осы бір емен-жарқын кездесулер мен жүздесулер кезінде форум тұң­ғыш рет Қазақстан жағынан Ақ­төбеде, Ресей жағынан Орынбор­да өткізілгені әңгіме ар­қау­ы­на айналды. Тұңғыштың аты тұң­ғыш. Бұдан алатын өнеге мен тә­­лім мол. 


Осындай үлгі мен үрдістің кө­ріністері мен сарқыты Ресей Федерациясының Орынбор облысы үкіметінің ғимаратында өткізілген Ақтөбе мен Орынбор облыстары арасындағы әлеу­мет­тік-экономикалық ын­ты­мақ­тас­тық тақырыбында өткізілген ал­қалы басқосу үстінде де м­о­лынан бой көрсетті. Егер Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путиннің қа­тысуымен өткізілетін форумдар мемлекетаралық сипаттағы үл­кен мәнге ие болса, Ақтөбе об­лысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Орынбор облыс­ы­ның губернаторы Юрий Бергтің қа­тысуымен өткізілген кеңес ше­к­аралас өңірлер арасындағы ынтымақтастықты дамытудың үл­гісі мен моделіне айнала ал­ды десек, артық айтқандық бо­л­-

­мас еді. Мұнда қойылған мә­селелер өткірлігімен және өзек­тілігімен ерекшеленді. Әрі өңір­лер арасындағы екі жаққа да ти­ім­ді қарым-қатынастарды одан әрі тереңдету мәселелері жан-жақты талқыланды. Атап айт­қанда, көршілес облыстар бас­шылары қол қойған сауда-эко­но­микалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстар жөнінде келісім алдыңғы пікіріміздің дәлелі.

Өзінің мәні мен маңызы, көр­шілес аймақтар тұрғындары ара­сындағы алатын рөлі тұр­ғы­сынан келгенде алдыңғы қол қою рәсімінен бір мысқал кем тұр­майтын тағы бір келісім жасал­ды. Бұл – Қазақстан халқы Ақтөбе облыстық Ассамблеясы тө­рағасының орынбасары, хат­шы­лық меңгерушісі Бұлбұл Елеусінова мен Орынбор қа­зақ­та­ры қауымдастығының тө­ра­ғасы Жәнібек Иткөзов ара­сын­дағы қол қойылған келісім. Дәл осы құжат шекаралас өңір­лер арасында тұң­ғыш рет қа­был­дануымен ерек­шеленіп, ара­д­а­ғы байланыс­тарды мазмұн жа­ғы­нан да, түр жағынан да байыта алғанын айтуға тиіспіз.

Түптей келгенде бұл өзінің құрамы жағынан Орынбор об­лысында үшінші орынды ием­денетін қазақтарға қолдау көр­сету болып шығады. Мұнда олар­­дың саны 125 мыңнан асып тү­­седі. Бүгінгі Орынбор қа­зақ­­тарының үні қазақ тілінде шы­ғатын «Айқап» деген газет бар. Облыстық телеарнадан аптасынан бір рет қазақша ха­бар беріледі. Ұлттық салт-дәс­түр­лер мен мәдениетті сақтау үшін мұ­ның өзі аздық етері кә­міл. Осын­дай кезде келісім шең­бе­ріне сәйкес республикамыз­да конституциялық орган мәр­те­бе­сін иеленген Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік бөлім­шесі Орынбордағы қан­дас­тарымызға рухани тұр­ғыдан қол ұшын берсе, оған ешқандай ба­ға жет­пес еді. Солай боларына се­нім артқымыз келеді.

Жоғарыда айтылған өзара ын­­тымақтастықты тереңдетуге ар­­налған жиында Орынбор об­лы­сының губернаторы екі өңір ара­сындағы шекара өзара тату-тәтті қарым-қатынастарға титтей де болса кедергісін келтіре алмайды. Бұл өте мөлдір, достық шекарасы, көршілер шекарасы. Бұл күндер Орынбор өлкесінің тарихына алтын әріптермен жазылып қалады, деп атап көрсетті өз ойын Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг. Өз кезегінде Ақ­төбе облысының әкімі Берді­бек Сапарбаев әріптесінің ой-пі­кі­рін қолдап, жылы жүзді қа­был­даулары үшін ризашылық сезімін білдірді. Қазақстан мен Ресейдегі Ақтөбе мен Орынбор өндірісі өр­кендеген өңірлер қа­тарына кіреді. Жиында осы әлеу­етті екі жаққа да тең, тиімді негізде пайдалану жөнінде де өрісті әңгімелер өр­біді. Әсі­ресе орынборлықтар тарапы­нан Ақтөбедегі өндірістік кәсіп­орын­дар қызметіне көбірек қы­­зы­ғушылық пен мүдделілік та­ны­­тылды.

Айталық, екі арадағы әлеу­мет­тік-экономикалық мәселелер тал­қыланған жиын кезінде ви­це-губернатор Наталья Левин­цон өнеркәсіпті өркендету мәселе­ле­ріне қатысты алғанда Орын­бор өлкесінде бизнес-класс жо­баларын жасақтауға қолдау көр­сеткені үшін көршілес өңір бас­шысы Бердібек Сапарбаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ, губернатор Юрий Берг көршілеріндегі кә­­сіпорындардың әлеуеті мен мүм­­­кіндігі мол екеніне қыз­ған­­бай­тынын, керісінше, оған қы­зы­ға қарайтынын жеткізді. Со­ның ішінде Орынбор өлкесінің бас­­шысы Ақтөбе рельс-арқалық зауыты бүгінгі күннің ғана емес, бо­лашақтың зауыты екендігі жө­нін­де жоғары баға берді. Әсіресе тех­никалық өндіріс саласында бұл өте қажетті өндіріс. ТМД ауқымында ешқандай баламасы жоқ осындай ерекше ірі өндіріс орынның шапағаты бізге де тиіп жатыр деп тұжырымдады ол өз ойын.

«Естігеннің жалғаны болар, көргеніңді айт» деген тәмсіл бар хал­қымызда. Орынбордағы Ақтөбе облысының күндері ая­сын­да Орынбор қаласында ай­­ы­рықша архитектуралық ажар­­­­мен тұрғызылған же­ке­мен­­­шік сипаттағы орта мектеп ғ­и­­­маратының ашылу рәсіміне қа­­тысқан едік. Нысан мемлекет-же­­ке­меншік әріптестігі аясында тұр­ғызылыпты. Бұл мәселеде Ақтөбе облысының әкімі Б.Са­пар­­­баевтың тікелей ұйытқы бо­луы­мен бой көтерген нысан­дар жетерлік. Жақсы жоба бір ғана адамның емес, тұтас ел­дің олжасы. Оның осындай жақ­сы қыры орынборлықтарға да белгілі болып қалса керек. Мек­т­ептің ашылуы кезінде құт­тық­тау сөз сөйлеген Орынбор қа­ла­сының мэрі Евгений Аратов өз сөзін Бер­дібек Мәшбекұлына қа­рай ба­ғыттап біз мемлекет-же­ке­мен­шік әріптестігі дегенді енді ғана қолға алдық. Оның алғашқы мысалдарының бірі – осы мектеп. Бұл бағытта сізден үйренеріміз көп, деп ақжарма тілегін білдірді. Жақсыдан шапағат деген осы да.

Әрине, ақтөбеліктердің орын­бор­лықтардан үйренер істері де аз емес екендігі аян. Мысалы, об­лыстық бизнес қоғамдастық өкіл­дері Орынбордағы «Оренбив» ЖШС ет өндіру комбинатының қыз­метімен танысқан кезде технологиялық үдерістердің өзге­ше­лігіне, қалдықсыз өңдеудің қал­тқысыздығына айқын көз жет­кізді. Сондай-ақ, өңірдің әлеу­меттанушы мамандары үшін әріптестерінен үйренетін оңды іс-тәжірибелердің де бар екендігі бөлек әңгіме. Соның бірі балалар орталығының қызметін ұтымды түрде ұйымдастыра білу болып та­былады. Сірә, «Солнечная страна» оқыту-сауықтыру орта­лы­ғын­да болған сәтінде ақтөбелік пе­дагог-мамандар көңіліне көп жай­ды түйіп кетсе керек. Алдағы уа­қытта келісімге сәйкес мұнда ақ­төбелік өрендер де демалу мен сауықтыру кезеңінен өтпек.

Іс басында жүрген ақтөбелік азаматтар көршілерінен тағы нені тағылым ете алар еді. Шекаралас өңір­лер ынтымақтастық мәсе­ле­лері қорытындыларына арнал­ған брифинг кезінде «Егемен Қазақстанның» тілшісі, осы жолдар авторы Орынбор облысының губер­наторы Юрий Бергке Орынбор облысында құрылған Дала институтына қатысты сұрақ қойған еді. Сұрақ пен жауаптың түп-төркіні төмендегіше. Орын­бор – Ресейдің далалық бөлігінде орналасқан бес саусақпен де санап алуға келетін санаулы гу­бер­ния­лардың бірі. Сондықтан дала табиғатын, оның өсімдіктер мен жануарлар дүниесін жан-жақты зерттейтін, жалпы даланың немен тыныстайтынын тереңдете зерделейтін бүкілресейлік Дала ғылыми-зерттеу институты Орын­­борда құрылған.

Міне, осындай даланы дара зерттеуді өздерінің ғылыми ең­бе­гінің басты нысанына айналдыра біл­ген есімдері Ресейге кеңінен та­нымал биолог-ғалымдар жұ­мыс істейді. Ендеше осы үлгіден не­ге үйренбеске – біз Елбасы айтқандай Ұлы Дала елі, ұлы дала ұрпақтары емеспіз бе?! Солай бола тұра даланың рухын бойымызға сіңіре алмасақ, біз ұлы дала ұрпағы атана аламыз ба?! Олай болса Орынбордағы да­ла институты секілді құрылым Ақтө­беде де қолға алынып жатса, артықтық етпес еді. Тіпті Ақтөбені былай қойғанда, тұтас­тай елімізде тек даланың өзін зерт­теуге арналған бірде-бір ин­сти­­тут, бірде-бір өндіріс ошағы жоқ екенін құзырлы органдар на­зарына ұсынғымыз келеді.

Сондай-ақ, брифингте БАҚ өкіл­дерінің қойған сұрақ­та­­рына тұщымды жауаптар қайтарған Ақтөбе облысының әкімі Б.Са­пар­­баев қазақ және орыс тіл­­дерінде Орынбор Қазақстан­ның тұңғыш астанасы болғанын ешкім тарихтан сызып тастай алмайтынын тайға таңба бас­қан­дай етіп жеткізді. Мұнда хал­қымыздың небір мақтан тұтар ұл­да­рының табандарының іздері қал­ған. Биыл Қазақстанда дербес мемлекет болуды көксеген Алаш қозғалысының 100 жылдығы аталып өтеді. Алаш арыс­та­­рының ел, халық үшін жаса­ған іс-қимылдары мен саяси қыз­меті Орынбор өлкесімен де бай­ланыс­ты. Мұны ұмытуға бол­­майды. Әйтпесе, елдік пен дер­бес мемлекеттілікті аңсап өт­кен олардың рухтары бізді кешпейді деді бұдан әрі Бердібек Мәшбекұлы Ресейдің Орынбор облысы үкіметі ғимаратының бас мәжіліс залында.

Ақтөбе облысының Орын­бор­дағы күндері аясында өт­кі­зілген шаралардың қай-қай­сысы да жүректерден орын теп­ті. Көңілдерге жылылық пен қимастық сезімдерін ұялат­ты. Туған жер мен туған топы­рақ­тың қадір-қасиетін қай кез­де­гіден де тереңірек ұғынуға ал­ғы­шарт қалады. Әсіресе, шекара­лас өңірлер басшылары Бер­ді­бек Сапарбаев пен Юрий Бергтің Орын­бор мемлекеттік уни­вер­ситетінде студенттермен кез­де­суінің орны тіптен бөлек бол­ға­нына бәс тіге аламыз. Абай ата­мызд­ың «Интернатта оқып жүр талай қазақ баласы» деген өле­ңі­нің тақырыбын сәл өзгертіп айт­қанда Орынборда оқып жүр талай қазақ баласы.

Осы орайда кейде адамдар арасындағы оң қарым-қатынастар мен жеке адами достықтың тұ­тастай қоғамға, белгілі бір іс­тің өрге басуына септігін ти­гі­зетін жағдайлары да жиі кез­де­сетінін айтқымыз келеді. Мы­са­лы,  Бердібек Сапарбаев пен Юрий Бергтің шынайы достық пей­ілдері мен ниеттерінің ар­қа­сында қазіргі кезде Ресей қала­сындағы ауылшаруашылық уни­вер­ситетінде 60 ақтөбелік жас оқып жүр екен. Студенттер өңір бас­шыларына көптеген сұрақтар қойды. Оның бәрі де бүгінгі дәу­ірдің талап-тілектерінен туын­дай­тын ойлы сұрақтар екендігі жа­нымызға жылы нұр құяды. 

Осы кездесу кезінде Бер­ді­бек Сапарбаев ресейлік сту­де­нт­­терге Қазақстанның бү­гін­гі жетістіктері жөнінде жан-жақты айтып берді. Ол өз сө­зін екі тармақтан тарқатты. Оның бі­рін­шісіне Елбасының биыл­ғы Жол­дауында көрсетілген эко­но­микалық жаңғыру, со­ның ішін­де Қазақстанның үшін­ші жаң­ғыруы деп аталған тех­но­ло­гиялық тұрғыдан жаңғыру мә­селесі өзек болды. Ал екінші тар­мақ Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев белгілеп берген рухани жаңғыру мәселелеріне қатысты қозғалды. Өңір басшысы бұл жайттарды айтқан кезде құрғақ теориялық қа­ғидалардың жетегінде қалып қой­май, тұтас жерді сүйе білу, оған деген сүйіспеншілік туған жер­ге оралу қажеттілігіне қар­ай ойыстырып отырды. Бұл ба­ғытта Қазақстанда жүзеге асып жатқан бағдарламалар түлектердің талап-тілектерінен шы­ға­тынын түйіндеді. Сонымен бір­ге Орынбордың бас қонағы сту­денттерге биыл Астанада өт­кі­зілетін ЭКСПО-2017 көрмесі жо­басы жөнінде әңгімелеп, озат, озық ойлы студенттерге сый ре­­тіне шақыру билетін табыс етті. Қалай дегенде де жүректен шық­қан сөз жүректерге жеткені анық еді. 

Түйіп айтқанда, Ақтөбе облы­сы­ның Орынбордағы күндері шекаралық ынтымақтастық пен интеграцияның жаңа моделі мен үлгісін, тың өлшемдері мен эталонын орнықтыра алуымен пайдалы болды демекпіз.


Ақтөбе – Орынбор – Ақтөбе


Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

Суреттерде: Ақтөбе облысы­ның Орынбордағы күндерінен кө­ріністер 


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.11.2018

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

20.11.2018

Қайырымды қала тұрғындары тегін дүкен ашты

20.11.2018

Гүлшара Әбдіқалықова Албания Республикасының Еуропа істері және сыртқы істер министрімен кездесті

20.11.2018

Қ.Тоқаев Албанияның Еуропа және сыртқы істер министрі Д.Бушатиді қабылдады

20.11.2018

Павлодардағы электр қуаты 4 процентке төмендеді

20.11.2018

Түркі киносын әлемге таныту тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

20.11.2018

Атырауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде көшелерді жарықтандыру жобасы іске асырылады

20.11.2018

Павлодарда Елбасының өмірі туралы көрініске әртістер таңдалуда

20.11.2018

Түркістанда «Agrofest – 2018» фестивалі өтті

20.11.2018

Албанияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді

20.11.2018

«Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Жетпіс мың адамның жалақысы өседі

20.11.2018

Алматыда жаңа комедиялық фильмнің тұсауы кесілді

20.11.2018

Түркістан аймағының Берлинде басылған көне картасы

20.11.2018

Алматыда «Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Талғат Ешенұлы. Жүрегі бар жалғыз үй

20.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Дінзухра Тілендиеваны қабылдады

20.11.2018

Қазақ ғалымы Швецияда су тазартудың экологиялық таза әдісін ойлап тапты

20.11.2018

«Қазақстан темір жолы» және «ҚазМұнайГаз» басқармаларының жаңа төрағалары тағайындалды

20.11.2018

Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея басшылығымен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу