Шығыс та жоқ, Батыс та жоқ...

​Батыс Батыс, Шығыс Шығыс болғалы, Бір-біріне қосылмайды жолдары, – деп жырлағаны бар кезінде Но­бель сыйлығының лауреаты Редьярд Киплингтің. Кип­линг­тің осы айт­қаны талай-талай пікір­­та­лас­тың өзегіне ай­нал­ға­ны мә­лім.
Егемен Қазақстан
12.04.2017 7518
2

Редьярд Киплинг демекші, ағылшын ақынының айтқанына қазақ ақыны Олжастың  өзінше үн қатқаны тағы бар.

Жоқ, Шығыс,

Жоқ, Батыс та.

Жыр – Отаным!

Бар кешің,

Бар әдемі бұла таңын.

Жоқ, Шығыс,

Жоқ, Батыс та,

Кәдуелгі

Егіздей екі ұлы бар

ұлы атаның.

Қылады атамекен

Тарлық кімге,

Тұрады сол ойдан

ол қарғып түнде

Батыс жоқ,

Шығыс та жоқ,

Жер дейтұғын

Бір-ақ сөз,

Ұлы сөз бар

Барлық тілде!

(Тәржімалаған Қ.Мырза Әлі)

Барлық тілде айтылатын Жер дейтін ұлы сөзге деген ешкімнің күмән-күдігі тумаса керек-ті. Әріден келе жатқан  текетірес деп тым ушықтырмай-ақ қоялық. Десек те, Батыс әлемінің  әлі күнге дейін Күн көтерілетін тұсқа қыли көзқараспен қарап келе жатқаны баршаға мәлім.  Ашығына көшер болсақ, айтқанына жүргізіп, айдау­ына көндіргісі келетін бәз-баяғы әпербақандық әрекет басымдау. Бишігін үйіріп, төрткүл дүниеге әмірін жүргізгісі келетін ескі өктемшілдік дағдыдан арыл­мағандығы  көзге ұрып тұрады.  

Билік пен байлықтың бір-бірі­мен ажырамастай өзара байланып қалғаны атамзаманнан белгілі ғой. Алқалы жиындарда мың жерден әділеттілік туралы әңгіме қозғалып, өр­кениет өлшемі төңірегінде те­рең­нен пәлсафалық ой ортаға салынғанымен, күнба­тыстағылар бәрібір түпкі тезіне тартады. Те­зіне тартқан емей немене, Ба­тыс­­тың бір қиырда отырып алып Шы­­ғыстың шырқын бұзып отыр­ғаны...

Біздің Абайдың «Ескендір» поэмасынан Батыс әлемі бейхабар ғой. Әйтпесе, атақты Алек­сандр Македонскийдің ұлы ақынның кейіпкері ретіндегі пұшайман болған халін көріп, атақ пен даңқтың мәңгілік емес екенін бағамдар еді. Байлық та, билік те  көзге құйылған бір уыс топырақтың арқасында әдірем қалатынын да түсінер еді. Шығыс тәмсілі талайларға қазақтың дана шалының сөз құдіреті арқылы талай дүниені ұғындырады-ау. Ендеше, Абай әлемін Шығыстан тараған даналықтың  шұғылалы сәулесі іспетті адамзатқа таратуда өзіміз кемшін соғып отырған тәріздіміз.  Айтпақшы,  Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген жалқы сөзінің өзі Баты­сыңның да, Шығысыңның да небір ақылмандарының жадына тоқитын-ақ тағылымды сөз.

Олай болса, Батыс өзіне бұра тартпай, Шығыс шамырқанбай жер бетіндегі қордаланған проб­леманы шешу барысында ортақ көзқараспен мәмілеге келер болса, бүкіл адам­заттың олжалы бол­­ғаны дер едік.

Олжас ақынның өлеңіне өзіндік реңк беріп, «Шығыс та жоқ, Батыс та жоқ, адамзаттың ортақ мүддесі бар» дегенге айтарымызды тоғыстырар болсақ, ешкім бізді сөге жамандамас.

Журналист пен Суретші

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

21.02.2019

Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

21.02.2019

Үкіметті уақытша басқару Асқар Маминге жүктелді

21.02.2019

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

21.02.2019

Елбасы Үкіметті таратты

21.02.2019

Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

21.02.2019

Сенаторлар халықаралық келісімдерді ратификациялады

21.02.2019

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

21.02.2019

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаушыларды ұстады

21.02.2019

Түркістан облысының өз футбол командасы құрылады

21.02.2019

Жайық өзені бойында ауқымды рейд өткізілді

21.02.2019

Биыл 65 мың ірі қара сатып алуға ақша бөлінеді

21.02.2019

Бас прокуратура өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді

21.02.2019

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

21.02.2019

Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу