Шығыстан шыққан алғашқы қобызшы әйел пәтер жалдап жүр

Жақында Шығыс өңірінен шыққан алғашқы қобызшы қыздардың бірі Қаракөз Болатовамен сұхбаттасудың сәті түсті.
Егемен Қазақстан
26.03.2017 4332
2

Сәті түсті дейміз-ау, «Қаракөз неге газеттерді жағалап жүр?» деп жұрт сөз ғып жүрер. Осы сұхбатты бермей-ақ қойсам қайтеді. Ыңғайсыз болады ғой» деп келісімін бергісі келмеді әуелде. «Егемен Қазақстанның» 200 мыңнан астам оқырманы бар. Осынша оқырман сіз туралы білгісі келеді» дегенімізде, өзінің бұл басылымның тұрақты оқырмандарының бірі екендігін айтып, сұхбатқа келісімін берді.   

Досханға домбыра үйреттім

– Шығыс Қазақстаннан шық­қан алғашқы қобызшы қыз атану бақыты өзі­ңіз­ге бұй­ырған екен. Әң­гі­ме­міз­дің әлқиссасын осыдан бас­тай­ықшы.

– 1964 жылы Семейдегі Мұ­қан Төлебаев атындағы му­­зыкалық училищенің қо­быз сыныбына оқуға қа­был­дан­дым. Ол уақытта Шығыста қо­бызшы да, қобыз да жоқ еді. Училищені бітіргеннен кей­ін Күршім ауданының Құй­­ған ауылындағы мектеп­ке жұмысқа орналастым. Жұ­мыс деген аты ғана, көп уа­қыт өтпей қобызшы ретінде жан-жаққа концерттерге ша­қы­ратын болды. Аттай қалап, жұ­мысқа шақырғандар да кө­бейді. Менің Марқакөлге бар­ғым келді. Мектептің оқу­шыларын жан-жаққа кон­церттерге, байқауларға апа­рып жүреміз. Жаспыз. Жа­лын­даған кезіміз. Мұндай ма­манды кімнің жібергісі кел­сін? Досхан ол кезде осы мек­теп­тің 10-сыныбында оқып жүрген.

– Досхан дейсіз бе?

– Иә, Досхан. Қазақстанның Халық әртісі Досхан Жол­жақ­­сынов. Сол жылы Дос­хан­мен бірге Өскемен қала­сына келіп, облыстық теледи­дар­дан жарты сағаттық кон­цертті ұсындық. Досхан өз ес­теліктерінде бұл жайын­да үнемі айтып жүреді. Қыр со­ңымнан қалмай жүріп дом­быраны да үйренді. Дос­хан керемет әнші болатын. Мек­теп­тегі оркестрге де бел­сенді қа­тысады. Сол жылы Досхан Алматыға оқуға кетті.

Бір күні Күршімде келе жат­сам, ту сыртымнан келіп, бі­реу бас салды. Қарасам, Дос­хан. «Мен Өнер институтына түстім», дейді жы­ми­ып. Кейіннен мен Күршім ау­дандық Мәдениет үйінің ди­ректоры болып жүргенде Дос­ханның осында келгені бар. Қателеспесем, қасында дәстүрлі әнші Қапаш Құлы­ше­ва бар. «Менің алғаш­қы ұс­та­зым» деп таныстырды ме­ні. Ән-күй сабағынан дәріс бер­генім болмаса, Досхан ту­мысынан талантты, өнер үшін т­у­ған жан деп білемін. Мен бәл­кім, өнер әлеміне еп­теп қа­на қанаттандырған, тал­пын­дыр­ған болармын.

– Қобыз тартуға неге құ­март­тыңыз?

– Менің қобызшылық өнер­ге келуіме себепкер болған – үлкен ағам Амантай. Мектеп қа­бырғасында төрт қыз бірге оқы­дық. «Қызылордаға, пед­у­чилищеге кетеміз» деп өзі­мізше ұл балалардан бө­лек­те­ніп, оқуға әзірленіп жүр­ген­біз. Бір күні ағам айтты: «Қызылордаға бармайсың. Семейде музыкалық училище бар. Соның қобыз класы­на барасың». Ол кезде қай жер­де қандай оқу барын да білмейміз. Ағам бәрін бі­ліп, ойластырып қойыпты. Жал­пы, біздің әулет өнерге жа­қын болды. Шешем домбыра шертетін. «Қара жорға», «Жорға аю», «Аңшының зары» секілді халық күйлерін на­қышына келтіре орындайтын. Шешемнің немере ағасы Бу­рата он саусағынан өнер сау­л­аған атақты күйші еді. 1961 жылы Сәбит Мұқанов пен Қалижан Бекқожин Қал­ғұты өңіріне келгенде Бу­ратаның өнерін жоғары ба­ға­лап, сол сапарларында Ал­ма­­тыға бірге ала кетіп, он ал­ты күй жаздырып алыпты. Содан не керек, Семейге учи­лищеге оқуға түстім. Қо­бызды өмірі көрмегем. Бі­рақ неге екенін кім білген, қо­бызды жатсынбай бірден мең­геріп кеттім. Қобыз үй­ре­нуі қиын аспаптардың бірі бол­ған­дықтан, оқушылар ысқыш (смы­чок) ұстап, жүргізуді үй­ре­нудің өзіне бір-екі ай уақыт өт­кізеді екен.

– Семейде қобызды кім үй­ретті?

– Алматының кон­сер­ва­тория­сын бітіріп келген Гүл­зия Ал­мейнова деген ұс­та­зы­мыз бол­ды. Астрахан жа­қ­тың ту­масы екен. Біздің курста қо­бызды екі-ақ қыз оқыдық. Оған дейін қобыз курсында өзге өңірлердің қыздары ғана білім алып, біздің облыстан ешкім оқымаған екен.

Сақатовтармен бір сахнада өнер көрсеттім

– Кезінде Марқакөлде Ораз Кәкеев, Марат Са­қа­­тов, Шайқуали Есе­нов сын­­ды майталман өнер­па­з­­­­дармен бір сахнада өнер көр­­­сеткеніңізді білеміз. Сол шақ­­тарды еске алудың сәті ке­ліп тұрған секілді... 

– Семейдегі училищені бітіргеннен кейін Құйғанда, одан кейін Қалжырдағы мектепте жұмыс істеп жүргенде мені қобызшы ретінде жан-жаққа шақыратындар кө­бей­ді деп айттым ғой жо­ғ­а­­р­ыда. Өскеменде концерт болса, бірінші мен бара­мын. Алматыда концерт бол­са, тағы да мен. Сөйтіп жүр­ген­де, Қалжырдағы апайым айт­ты: «сен өзіңді қинамай Мар­қакөлдегі мәдениет үйіне бар», деді. Әйгілі өнер­паз­дар­­мен осы Марқакөл сахнасын­да жолықтық. Қобыз тарту­мен ға­на шектелгем жоқ, спек­та­­кль­дерде де ойнадым. Бұл уа­­қытта спектакльге деген ха­лық­тың құштарлығы керемет болатын. Гастрольмен барған жеріміздің барлығында ине шаншар орын болмайтын. 

Ораз, Марат, Шайқуали, Рах­метолла, Гүлнәрлар нағыз өнер үшін жаралған жандар еді ғой. Сахнада оттай лаулайтын. Қандай қияға салсаң да, қисынын табатын, өрге салсаң, төске озған дей­тін­дей. Адамгершіліктері жо­ғары, өнерге адал еді. Кә­сіби актер болмасақ та, сол кісілердің жанында жү­ріп оқығандардан әрмен өнер көр­сеттік. Бірімізден-бірі­міз үйрендік. Бірімізге-бірі­міз үй­р­еттік. 1972 жылы Марқ­а­көл аудандық мәдениет үйіне «Халық театры» атағын алып бер­дік. Мұхтар Әуезовтің «Қа­рагөзінде» Ораз Кәкеев Сы­рымның, мен Қарагөздің рөлін сомдадым. Рахметолла ағай Асан деген әнші, сал жігіттің рөлінде ойнады. М­арат Дулат деген жігіттің рө­лін сомдады. Күлдіргілігі, әзіл­кештігі сондай, ол сах­на­ға шыға келгенде, жылап отыр­ған жұрт қалай күліп жі­бер­генін аңғармай қалатын. Өйт­кені, оның тұла бойы, бү­кіл болмысының өзі күлкі ша­қыратын. Таза комедияның ада­мы еді ғой.

Сахнаны былай қойғанда, Мараттың қарапайым өмірдегі жай сөздері, қылықтары қа­тар­­ластарын күлкіге көміп жү­ретін. Ораз жарықтық та сон­дай еді. Рахаң, Рахметолла Тұ­рабаев та керемет өнерпаз еді. Комедияны да келістіріп ой­найтын. Трагедияда да, драма­да да қамшы салдырмайтын. Гүлнәр Кемешева деген әріп­тесіміз де көрермендердің ал­ғысына бөленді. Несін айта­сыз, бірінен-бірі өтетін өнер­паздар еді. «Қарагөз» қой­ы­лым­ында Ораз жарықтық жы­лаған кезде көзден ақ­қан ж­а­сы са­қалын жауып ке­тетін. Сон­ша­лықты беріле ойнайтын. 

Әншінің бәрін әулие көретін болдық

– Әйгілі өнерпаздармен бірге Марқакөл ауданының өне­рін өрлетіп, мерейін асыр­дыңыз. Одан кейін Күр­шім ауданында ұзақ жыл мәдениет саласында ең­бек еттіңіз.

– Күршімде 23 жыл еңбек еттім. Оның 15 жылында аудандық мәдениет үйінің ди­ректоры болдым. Дүние із­деген жоқпыз, атақ қуған жоқ­пыз. Бармаған жеріміз, бас­­паған тауымыз жоқ. Мал­шы­­ның үйіне барамыз. Жал­ғыз кемпірдің алдында өлең ай­тып тұрасың, домбыра, қо­быз тартасың. Әрине, ол кі­сілердің еңбегі бар ғой. Оған өкінбейміз. Бірақ біздің ең­бегімізді кім бағалады? Кейде кісілер сұрап жатады: «Қандай атағыңыз бар?» деп. «Қаракөз дегеннен басқа атағым жоқ» деймін қалжыңдап. Қаракөз деген атағымнан басқа сенсеңіз, күні бүгінге дейін басымда баспанам да жоқ. Біреудің үйін жалдап тұрамын. Ұлан ауданына 2001 жылы көшіп келгенде үй сатып алғанбыз. Үлкен ұлым ауырып, үйді сатуға тура келді. Үйге арыз беріңіз деді. Бергелі үш жылдай болып қалды. Хабар жоқ. Өзім кісінің алдына барып, жалынғанды жек көретін адаммын. 70 жасқа келгенде кім­нің алдына барып мөлиіп оты­рамын?! Ең бастысы, өнер­ді бағалайтын ел-жұрт аман болсын. Үйді қойшы, уа­қыты келгенде шешіле жатар.

– Қазір сізді тігіншілікпен шұ­ғылданып жүр деп ести­міз. Рас па?

– Ұлан ауданының Қасым Қай­сенов кентіне көшіп кел­­геніме 15 жылдың жүзі болып қалды. Біраз уақыт осын­дағы мәдениет үйінде жұ­мыс істеп, зейнеткерлікке шықтым. Бірақ зейнеткермін деп қол қусырып, қарап отыра­тын заман емес. Қазір киім тігумен айналысамын. Біреудің дүкенінің бір бөл­ме­сін жалдап отырмын. Таңертең тоғызда келемін, кеш­кі тоғызда қайтамын. Киімнің барлық үлгісін ті­ге­мін. Қасым Қайсенов кен­тін­дегі Мәдениет үйіне қа­жет­ті киімнің бәрін тігіп беріп отырамын. Бүкіл ауыл маған келеді.

– Сонда қасиетті қобыз­ды тігін машинасына ауыс­тыр­­дыңыз ба?

– Қобызшылық құдай берген өнер. Оны қалай тас­тай­сың? Үйде қобызым бар. Қажет кезде тартамын. Біреу ай­тып еді: «Сіз пенсияға шық­қан­да қобыз да пенсияға шыға ма?» деп. Сол айтпақшы, қо­быз ешқашан пенсияға шық­пай­ды, мен қобызды ешқашан тас­тамаймын.

– Саналы ғұмырыңызды өнерге арнадыңыз. Көрген, түйгеніңіз мол. Бүгінгі қазақ өнері, өнерпаздар жайында не айтасыз?

– Бес саусақ бірдей емес қой, қарағым. Бибігүл Төле­ге­нова сынды 80-нен асса да, сыр бермей сахнада сырбаз қалпын сақтап жүрген жан­дарға сүйсіне қарайсың. Осын­дай біртуар адамдардан кейінгі жастар үлгі алса дей­сің. Бірақ «Жиенқұлға кел­генде шықпайды үнім» дег­ендей, жастарға келгенде күмілжитініміз рас. Қазір жас әншілерге құдайдай табынатын жаман әдет таптық. Әншінің бәрін әулие көретін болдық. Өнер деген қасиетті дүние екенін ұмытқандаймыз. Құдай-ау, қазір лақтырған тасың әншіге тиеді. Солардың біреуінің де атын білмеймін. Кезінде халық «Дос-Мұқасан» ансамблін сүйіп тыңдайтын. Әлі де құрметтейді. Қазір де ан­самбльдер көп қой. Соның ішінде Мейрамбектердің «Музарты» мен «Қоңыр» тобын ғана айтар едім.

– Өкінішіңіз бар ма?

– Ештеңеге де өкінбеймін. Біз туралы біреу жақсы айтады, біреу жаман айтады. Соның жақсы айтатындары көп шығар деп ойлаймын. Ел арасында көп жүреміз. Қаптаған атақтың не керегі бар, егер сені ешкім білмейтін, танымайтын болса. Құдайға шүкір, ешқандай атағым болмаса да, елдің бәрі таниды, біледі. Қай жерге барсақ та, құр­меттеп жатады. Бұдан артық не керек?

– Қаракөз Әбдіке­қы­зы, «Егеменнің» оқыр­ман­да­ры­на қандай тілек айтасыз?

– Газет басшылығына өнер, мәдениет тақырыбына жиі қалам тартып, өңірдегі біз се­кілді өнер адамдарын іздеп, қол­д­ау білдіріп жатқандары үшін алғысымды білдіргім ке­леді. Газеттің әр нөмірін асы­ға күтеміз. Жақында нәзік жан­дылардың құрметіне «Әйел әлемі» деген арнайы бет аш­қан­­дарыңызды көріп қуа­нып қал­дық. Газеттің оқыр­ман­­да­рын алдағы уақытта да осын­дай тұ­щым­ды дү­ние­лер­мен қуа­н­та бе­рі­ңіздер.

– Мазмұнды әңгімеңізге алғыс білдіреміз.

Әңгімелескен

Азамат ҚАСЫМ, "Егемен Қазақстан"

Шығыс Қазақстан облысы

Суретті түсірген Мерей ҚАЙНАРОВ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.09.2018

Сенат комитетінде діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері туралы заң жобасы қаралды

25.09.2018

Игорь Чжан: Велосипедтің кесірінен жүлде алмадым

25.09.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS рейтингінде тағы да алға жылжыды

25.09.2018

142 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

25.09.2018

Жақсы өсім - нәтижелі жұмыстың кепілі

25.09.2018

Инвесторлармен ортақ келісімге келді

25.09.2018

«Egemen Qazaqstan» газетінің журналисі марапатталды

25.09.2018

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымын нығайтуға және реформалауға шақырды

25.09.2018

Қазақстан Нельсон Мандела Бейбітшілік саммитіне қатысты

25.09.2018

Астана тұрғыны 10-қабаттан құлаған баланы тосып алды

25.09.2018

Қ. Қасымов ұялы телефондар ұрлығының жолын кесу шаралары туралы айтып берді

25.09.2018

Назарбаев Университетінде тың жобалар таныстырылды

25.09.2018

Нәубәт Қалиев қайтыс болды

25.09.2018

Үкіметте өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы мақұлданды

25.09.2018

Астаналық журналистің өліміне қатысты күдіктіні іздеу шаралары басталды

25.09.2018

АӨК цифрландыру аясында 20 цифрлық және 4000 дамыған ферма құрылады

25.09.2018

Жағажай волейболынан әлем чемпионатының іріктеу турнирі өтеді

25.09.2018

«Барыс» Мәскеуде «Динамоны» ұтты

25.09.2018

Бүгін Бакуде белдескен қос балуанымыз ұтылды

25.09.2018

«Хат қоржын» (25.09.2018)

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tirshilikti mádenıet bıleıtin qoǵam

Osy ýaqytqa deıin jeke adamnyń tirshiligin, turmys jaǵdaıyn onyń bilimi men eńbekqorlyq qasıetiniń bılep kelgendigi belgili. Adamdar kóp jaǵdaıda qoǵamnan bilimine saı oryn alyp otyrdy. 

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу