«Шыңырау» түсіріле бастады

Сәуірдің алғашқы күнде­рінен бастап бұған дейін де жазу­шының өмірі мен шы­ғар­машылығына арналған «Самғау» деректі фильмін түсірген режиссер Жаңабек Жетіруов «Қазақфильм» киностудиясында «Шыңырау» фильмін түсіруді бастады.
Егемен Қазақстан
06.04.2017 7512
2

Ұлттық студия түсірілімнің барлығы дерлік Маңғыстау облысында өтетіндігін мәлімдеп отыр. Фильмде Қарақия ойы­сы, Үстірт шоқысы және Каспий теңізі көрініс табады. Түсірілімдер үшін Ақтау қаласына жақын жердегі Қан­ға ауылында декорациялар тұрғызылып, елді мекен фактураланды. 

Психологиялық шиеле­ніске толы драмалық карти­надағы басты рөлдерге Асыл­хан Төлепов пен Алдабек Шалбаев бекітілген. Сондай-ақ, фильмге Мұхамеджан Мыр­­закиев, Дәулет Әбіш, Қа­нат­бек Құрымбаев, Мақсат Сә­битов, Азамат Шарғын, Зухра Сайпи және басқалар түсетін болады.

Режиссер Әбіш Кекіл­баевтың үздік туындыларының бірі «Шыңырауды» экрандау аса жауапкершілікті талап ететіндігін айтады.

– Көптеген отандық кинематографистер Әбіш Кекіл­баев­тың повесі бойынша фильм қоюды және экрандауды армандады. Алайда, әлі күнге дейін повесть экран тілінде сөйлеген емес. Сценарийді төрт жыл бұрын жазып, түзетулерді күні бүгінге дейін енгізіп отырдым. Қазір менің бар қалауым – Әбіш Кекілбаевтың повесі деңгейіндегі фильм түсіру. Біз локация мен натура таң­дауда көп жұмыс атқардық. Барлық актерлер бекітілді. Бір-екі күнде Маңғыстау об­лысына түсірілімдерді бас­тау­ға жолға шығамыз, – дей­ді ре­жиссер Ш.Айманов атын­да­ғы «Қазақфильм» АҚ Сарап­шылық кеңесінде.

– Халықты сумен қам­тамасыз етіп ризашылығына бөленуді мақсат етумен басталған жұмыстың соңы қызғанышқа айналады. Ал бәсекеде шек болмайды. Шек­­сіздікке ұмтылу тылсым күшпен тайталасқанмен бір­дей. Оған адамның ақылы да, күші де жетпейді. Еңсептің қасіреті де осында. Режиссер ретінде маған Еңсептің жан-дүниесін көрсету маңызды. Прозаның тілінде жақсы қолданылған тәсіл кинематографияда ұтымды болмай, тіпті маңызын бере алмай қалады. Сондықтан да фильмге повесте жоқ кейбір өзгерістер енгіздім. Жалпы, повестің сюжеттік желісін, фабуласын сақтадым, – дейді Жаңабек Жетіруов.

Картинаны шығарма дең­гейінде түсіруді мақсат тұтқан режиссер тек кино тілімен баяндап қоймай, өз тарапынан тың шешімдер жасайтынын айтуда.

Фильм Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілуде.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Б.Сағынтаев энергия үнемдеу жобалары бойынша инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу