СОТ ПЕН БАҚ: СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ

Егемен Қазақстан
06.01.2010 4471
Солтүстік Қазақстан облыстық соты­ның журналистермен өткізген дөңгелек үстеліне сот пен БАҚ арасындағы сын­дар­лы байланыс басты тақырып арқауы­на айналып, жан-жақты пікірлер алма­сылды, орнықты ойлар айтылды. Судья – от төрелігін жүзеге асы­ра­тын басты тұлға. Бұл орайда оларға ай­рықша міндеттер мен талаптар жүкте­летіні әлімсақтан белгілі. Әркім соттың ашық, мөлдір, заңның үстем болуын қалайды. Сонда адал да әділ принцип­тердің орнығып, түрлі қателіктер мен бұра тартушылықтарға жол берілмесі анық. Бір жағынан, сот төрелігін орын­даушылар кәсіби жағынан шыңдалып, бедел-абыройы да асқақтай түсері сөзсіз. Алайда, сот тарапынан бұқаралық ақпа­рат құралдары өкілдеріне деген өкпе-реніштерді аракідік болса да естуге бо­лады. Тұтастай алғанда, үшінші және “төр­тінші” билік араларында берік қарым-қатынас қалыптасқанына қа­рамастан бір-біріне кінә артып жататын жайлар аз кездеспейді. Солтүстік Қазақстан облыстық соты­ның журналистермен өткізген дөңгелек үстеліне сот пен БАҚ арасындағы сын­дар­лы байланыс басты тақырып арқауы­на айналып, жан-жақты пікірлер алма­сылды, орнықты ойлар айтылды. Бірінші сөзді облыстық соттың төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов алып, сот жүйесін көрсетуде, ол жөнінде қоғамдық пікір тудыруда БАҚ-тың рөлі айрықша екенін атап өтіп, жақсы тәжірибелер жазылумен қатар түрлі түсінбеушіліктердің де орын алып жататынын, мәселенің байыбына бар­мас­тан негізсіз, дәлелсіз қалам сілтеудің кездесетінін жасырмады. Бір-бірімізбен кінәласқанша осылай жиі жүздесіп, ортақ мүдде жолында ақылдасып жұмыс істеу әлдеқайда пайдалы дей келіп, Нұр­ғазы Әбенұлы ашық әңгімеге, сындарлы диалогқа жол бастап берді. Облыстық соттың судьялары И. Қуанова, Б. Ома­ро­­ва, Е. Максюта, А.Зенковский, А.Ақ­па­нова сот жариялылығын, ашықтығын, анықтығын қамтамасыз ету, ақпарат құқығын жүзеге асыру, ар-намысты, абыройды, қызметтік беделді қорғау мәселелерін жан-жақты түсіндіріп, нақты дәлелдемелер келтірді. Олар өз сөзде­рінде заңда көзделген жағдайда істерді жабық қарау жүзеге асырылатынын, әйтпесе барлық сот сатыларында істі қа­рау ашық жүргізілетінін жеткізді. Аза­мат­тарға, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне, азаматтық про­цес­тің басынан аяғына дейін қатысу, сот отырысы залында болып жатқан жағдай­ларды өз көздерімен көру, қалаулары бойынша жазып алу, стенограмманы және дыбыс жазуды пайдалану, сондай-ақ заң талаптарын сақтай отырып тікелей хабар жүргізу, киноға және суретке тү­сіру, бейнетаспаға жазу құқықтары бе­ріл­ген. Әр іс бойынша анықталған фак­ті­лер­ді бұрмалап жариялауға жол беріл­мейді. Десек те, басылым беттерінде сот қарайтын қандай да болсын іс бойынша алдын-ала пайымдаулар жасалып, сотқа ықпал ету жәйттерінің кездесетінін жа­сыр­маймыз. Соның салдарынан бұқара­лық ақпарат құралдарына көрінеу жалған мәліметтер және материалдар берудің со­ңы моралдық шығын талап етіп, сотта­суға ұласып жатады, десті сот төрелігін орындаушылар. Әркім жария­лылықты әрқалай түсінгенімен, заңды­лықты сақ­тау — басты міндет. Судья Ай­гүл Ақ­па­нова БАҚ өкілдерінің өз құқық­тары мен міндеттерін толық пайдалана білмейтінін қынжыла айтты. Соңғы екі жылда жер­гі­лікті журналистерге қатысты 9 сот оты­рысы өтіпті. Талап-арыз беру­ші­лердің бәрі де ар-намыстарына нұқсан келгенін көлденең тартқан. Ал, сұраған ақпаратын беруден себепсіз бас тартқан лауазым иесі жайлы бірде-бір шағым түспеген. Журналистер тарапынан да айтылған пайдалы ұсыныс-пікірлер аз болған жоқ. Әңгіме сотқа қатысушылардың суретте­рін басу болмаса бейнетаспаға түсірілген бейнелерін көрсету жайына келгенде пі­кірталас тіпті қызып сала берді. “Алтын арқа” қоғамдық қорының жетекшісі Зәуре Жұмалиева былай деді: – Бір отбасыға қарақшылық шабуыл жасаған Бековтардың қылмыстық ісіне қатысты үкім шыққанын бәріңіз жақсы білесіздер. Сот процесі кезінде қылмыс­ке­р­­лердің адвокаты С.Арапов өзін бейнекамераға түсірген облыстық ішкі істер департаментінің қызметкеріне қо­лын шығарған. Кейін департаменттің баспасөз қызметінің рұқсатымен осы сурет газеттерде жарияланды. Айтайын дегенім, С.Арапов сол басылымдарды сотқа беріп, жеңіп шықты. Судья түсіруге рұқсат берді. Адвокат та “үндемеген-келіскендіктің белгісін” танытты. Олай болса, жазықсыз жапа шегетіндей жур­налистердің қандай кінәсі бар? Судьялар Азаматтық кодекстің 145-бабын алға тартты. Онда сурет, бейне сол адамның мен­шігі болып табылатыны, оның рұқ­са­тын­сыз жариялауға болмай­тыны жазылған. Алайда, заңның кей баптарын әлі де нақтылай түсу қажеттігін бәрі де мойындады. Сөз арасында айта кеткен жөн, С.Арапов өзінің кәсіби қызметін атқару кезінде заң талаптарын өрескел бұзып, дөрекілікке жол бергені үшін адвокаттық лицензиясынан айрылды. Журналистер сот процестеріне қатыс­қанда кей судьялар тарапынан құқық­тары бұзылатынын, мәселен, үкімді диктофонға жазып алуға тыйым сала­тын­дарын, қызметтік куәлігін көрсеткеннің өзінде кедергілерге тап болатындарын тіл­ге тиек етті. Екі жақ та бірлескеннің бірлігі мықты, ақылдасқанның айыбы жоқ деген ортақ ымыраға келді. Облыстық соттың төрағасы Н.Әб­ді­қа­нов БАҚ өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін жинақтап, Жоғарғы Сотқа жіберетінін, алдағы уақытта да мұндай кездесулердің жүйелі ұйымдастырылатынын жеткізді. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» биыл «Авангардтан» төртінші мәрте жеңілді

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

16.02.2019

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

16.02.2019

Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын таныстырды

16.02.2019

Бүгін Болгариядағы турнирде Қазақстан боксшылары алғашқы жекпе-жектерін өткізеді

16.02.2019

СІМ және «Атамекен» ҰКП инвестициялық және экспорттық бағыттағы жұмысты үйлестіруді күшейтуде

16.02.2019

WGS төрағасы: Үкіметтер өздерінің бизнес-модельдерін қайта ойлап табуы керек

16.02.2019

Ресей сауда алаңдарында қазақстандық компаниялардың белсенділігі артты

16.02.2019

Алматыда «Қазақстан университеттері халықаралық аренада» тақырыбында семинар өтті

16.02.2019

Майдангер-жазушы Леонид Гирш 95 жасқа толды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу