СӨЗ СОЙЫЛ

Егемен Қазақстан
01.01.2010 6641
ЕСКЕРТКІШ Қарапайым өңді, кең жауырынды, қолдары сүйел” деп таң­дағаны зауыттың бас есепшісі болып шығады... Бас есепшінің қаланың қақ ортасында тұруына зауыт дирекциясы бірден қарсылық білдірді. Оның үстіне ол жарықтық есеп-қисаптан мүлт кетіп, ісі әне-міне сотқа тапсырылмақ екен. Таңдауға дирекция өзі кірісіп, еңбек көрсеткіші тәуір деген екі адамға тоқ­тал­ған екен, оның бірі... КЕЛІСІМ Жылдың алғашқы күні: – Әй, Қапан! Сенің басыңда ми емес, Топан! – деді. Әкесі ұлына, Жеп қоярдай жұлына. Жасың болса отызға толды, Сендейлер қазір, Бес-алты баланың әкесі болды. Сенің бар білетінің, Тапқан таянғаныңды ішу, Содан соң айына бір рет, Айықтырғышқа түсу. Атышулы алқаш болдың, Мені де әбден сордың, Жөнге саламын деп, Қияли болдым. Ойбай, жүрегім! Осыдан өлем, білемін, Өзімнен бұрын құртайын, – деп, Келген жылды тойлап, Тәлтіректеп тұрған ұлын, Әкесі салып қалды. Одан әріге шамасы келмей, “Приступы” ұстап, Талып қалды. – Әке, – деді ұлы, Қайғырма бекер, Босқа берекең кетер, Тапқан табысыма “бірдеңе” әкеліп едім, Бөліп ішейік, басыңды көтер... Талып жатқан әкесі – Басын көтеріп алды, Ұлының “жомарттығына”, Қайран қалды: – Е, бәсе, Өстіп, үйге де қарайласу керек қой, Бәрін түсінесің, Жоқ емес сенде ақыл-ой! Бірін-бірі мақтап, Жылдың алғашқы күні “Ырыздықтарын” бөлісті, Әкесі мен баласы, Осылайша келісті. Тұрлыхан КӘРІМ, Талдықорған. КӨКСАУ КӘСІП Өз басым қазіргі кәсібіме біржола ынты-шынты кіргіз­дірткен сол бір күнге ризамын. Сол күні, яғни жылдың соңғы күні ұнатып қалған қызымды қыдыртып жүріп тәуір дәмха­­наның төрінен бір-ақ шығардым. Содан тапсырыс беріп талтайып отырып, қызыма небір қызық-шыжықты айтып езу жиғызбай отыр едім, бір мыл­­қау ке­ліп бір жа­пы­рақ қа­ғаз бен бір-екі зат әкеп, үсте­лі­міздің шетіне қо­йып кетті. Әлгіге қызым көз жүгіртіп өткен соң алып қарасам, мүгедек жан мүсәпірлігінен хабар беріп жаңа жыл қарса­ңында қайырым­дылық өтініпті. Ондағысы – қағаз үстіндегі қалам мен шырпыны сатып алсақ болды екен... Ойлан­бастан қағаз үстіне екі есе құнын қойып қалам­ды қызыма, шырпыны өзіме бұйырттым. Мылқауым иіліп-бүгіліп ризашылығын білдіріп кете барып еді, бір көксақал көкем келіп қарсы отырды да, әйда кеп қолындағы ойын картасымен бал ашып бақылдасын кеп. Айтқан­дарына ауыз ашып, көңі­лімізге көктем орнап, көлдей асып-тасыппыз... Көксақал көкемнің көріпкел­дігіне берерімді беріп “е, жа­райды” деп желпінген шақта қолында “әзір-мәзір” фотоаппа­раты бар балаң жігіт “Қалай­сыздар?” деп қарсы кеп тұр... Іле балаң жігіт жіті қимылдап жарығын екі-үш мәрте жарқ-жұрқ еткізіп еді, әзір-мәзір суретіміз алдымызда жатты... Ішімнен “пәлекеттер-ай-ә!” деп, оларға кеткеннің есебін бір тиянақтап, бұнымды ылдым-жылдым ұмытып, бикешімді биге шақырдым. Бидің түбін түсіріп желп етіп жайғасқанымыз сол, ортамызға қауға сақал тағы бір көкем келіп отырды да, басындағы тақиясын түзеп, қолындағы таспиығын тартқылаған күйі: “Бақыттың бағы алдарыңда. Бақыт құсы бүгін-ертең қонады!” дей келіп, соңын ет жүрек еңіретер батамен бітірді... Елжірегені сонша, қыз қапшығын қар­манып жатыр екен, дереу алдын орап елгезектік та­ныттым. Не керек, биден буын босап, ішімдік “сырдың суын сирағымнан кел­тір­мей” отыр­ға­нымда, бір би­кеш бу­ма гүлін көтеріп келе қал­мас па. Алып беріп арқа-жарқа болдық... Өстіп отырып қызды-қыздымен оркестрге тап­сырыс беріп едім, қызымның атын атап ойнап кеп берсін. Сөйтіп, көлдей көсіліп отыр едік, бір апай баласымен келіп жанымызда тұрып сыбызғысын сызылтсын-ай кеп... Біреуін бітіріп келесісін күйлей бастағанда, ес жинап есеп айырыса қойдым... Не керек, осындайлардың тағы екі-үшеуі еміс-еміс есім­де, бәрін базарлы етіп, жылдың соңғы күні дәм­хананың “құрметті қонағы” боп кете барыппын. Ертесінде есеңгіреп жатып кешегіні көз алдыма көлбең­де­те есептеп көрсем, көл­денең келіп “қызмет көрсет­кендерге” дәмханаға төлеге­німнен көп есе шығында­ныппын. Содан кешегі қилы-қилы “қызметтер” отырсам ойым­нан, тұрсам тұла-бойымнан кетпей, “сатып алған” ауру болып жабысқаны... Сөйтіп, аурудан айығу керек, ары ойлап, бері ойлап, мен де жылдың алғашқы күні дәмханадан кәсіп таптым... Кәсібім – көңілі көктем үстелге барып “Жүз бір анекдот” атты жұқа кіта­бымды ұсына қоям да, көңіл­дері қош көргендерге таңда­ған тақырыбына орай анек­дотты майын тамыза суша сапырамын... Мағжан ДАНИЯР, Алматы. ЕСКЕРТКІШ Қаланың қақ ортасына тек қара жұмысшының пішінін бейнелеген нән ескерткіш орнату керек деп шешім шығарылыпты. Қаладағы бірден-бір зауыт болғандықтан қойылар ескерткіш адамын бізден таңдау бұйырылыпты. Бұған дейін талай жұмысшының мүсінін бейнелеген мүсінші бізге келіп аралап көріп, “Мына кі­сінің кел­беті келеді екен. Қарапайым өңді, кең жауырынды, қолдары сүйел” деп таң­дағаны зауыттың бас есепшісі болып шығады... Бас есепшінің қаланың қақ ортасында тұруына зауыт дирекциясы бірден қарсылық білдірді. Оның үстіне ол жарықтық есеп-қисаптан мүлт кетіп, ісі әне-міне сотқа тапсырылмақ екен. Таңдауға дирекция өзі кірісіп, еңбек көрсеткіші тәуір деген екі адамға тоқ­тал­ған екен, оның бірі ішуден аты алға кетіп, не керек, таңдаулары маған тоқтапты. Сөйтіп, мүсінші басыма кепкі кигізіп, қолыма қайла ұстатып екі ай әуреленіп еді, бір нәрсе бітірген болды. Қарасам, менің де сұлбам ұқсайды, әсіресе, кепкі мен соққыны айнытпай жасапты. Бітір­генін қоладан құю үшін арнайы зауытқа әкетіп, ескерткіштің ашылу салтанаты металлург­тер күніне белгіленді. Содан металлургтер күні жақындап, ескерткіш жөнінде газеттер жазып, радио айтып, оның ашылуына орталықтан лауазымды адамдар да келетін болған... Құдай ұрып, тақаған күні “Ескерткіш дайын емес, қола жетпей қалыпты” деген хабар жетсін. Не керек, мені тиісті орын шақырып: – Ескерткіш дайын емес екен, мұнда біз ақылдаса ке­ліп, ертең сол ескерткіштің ор­­нына өзіңіз тұрасыз деп шеш­тік – деп қайдағы жоқ­ты тақап, көнбесіме болмады. Амал жоқ, бас­шы­лықты тың­дап өс­кен бас тұ­ғырға тұ­рып, мү­сінші үс­ті-ба­сыма қола түс­­­­­тес б­ояу жа­­­ғып, қо­лы­ма қа­йла бе­ріп, ба­сыма кеп­­кі ки­гі­зіп, үс­тімді жапқышпен жауып қойды... Содан ел-жұрт түскі он екіде жиналып, шешендер сөз сөйлеп, оркестр ойнап барып жапқышымды сы­пырды дейсің... Қадала қарап қызықтаған ел: –Семеновты айныт­пай салыпты. – Тірісінде ескерткіші бар Семенов бақытты, өзі көрін­бейді, келуге ыңғайсызданған болар, – деп жатыр. Көріп тұрмын, бәрі-бәрі “айнытпай салыпсыз” деп мүсіншіні құттықтап жатыр... Тамашалап ел кет­ті, төбе­ден өткен ыс­тық мынау... Не ке­рек, шыдап, қараңғы тү­сі­сімен тұғырдан түс­тім. Үйге келіп, аһылап-үһілеп екі-үш кесе шайды со­рап­­тағаным сол, басекең келіп: – Тастай қаш­қа­ның не, дереу барып тұр! – дейді. – Темір ем­­еспін, тірі пен­демін! Күндіз тұра­йын, түнде ор­нымда басқа біреу тұр­сын, – деп, те­­рек­­тей құ­­­лап қо­­­­­­­р­ыл­ға кет­тім. Олар да ақ­ыл­ға келіп, түнде біреуді тұр­ғы­зып­ты, ер­т­е­сінде өзім барып қайта тұрдым. Содан екі күн, үш күн өтті – анау ескерткіштен хабар жоқ... Бесінші күні алдыма кеп пионерлер құрметті қарауылға тұрғаны... көресіні атаңа нәлет кептерлерден көрдім-ау. Түн түсіп көз байлана басекеңе барып: – Күні бойы дәм татпай тұру қиын, әсіресе, шөлге шыдай алар емеспін, – деп мұңымды шағып едім, ертесінде ескерткіш маңын сыпырып-сүртуге әйелімді қойып тәуір болды. Сүрткен болып жүріп су ұрттатады... Бұнысын қарауылда тұрған бір пионер байқап қалған екен: – Не, ескерткіштің ауызының қимылдағанын көрмеп пе едің! – деп едім, “Әрқашан дайынмын!” деп қолын шекесіне апара қарауылын тастай қашып ол кетті. Бір күні жұмыстағы Витюха келіп, қызулау: – Осылай тұра бересің бе, жүр сыра ішейік, – деп қылжақтайды... Көз алдыма көбікті салқын сыра келіп жұтынғанмен, беріспей: – Сен бұл тұрысымды түсінуші ме едің, жоғал әрмен! – деп қуып жібердім. Әр күн сайын алдым босамайды. Экскурссияға келгендер де тамашалайды. Отау құрғандар да тағзым етіп гүл шоқтарын қояды. Ал нағыз ескерткіштен әлі хабар жоқ... Жауында тұрып қатты тұмауратып едім, түнде дәрігер майлап-сипап, күндіз тұрған қалпымда үш мезгіл инесін пісіп кетті... Не керек, етім үйреніп, қызметтегі айлығым өсіп, жанымдағы әйелім екі жерден еңбекақы алып, тірлігіміз тәуірленгендей болды. Ішімнен ойлап та қоямын: “Несі бар, тұра берейін. Еңбекақым өсіпті. Әйелімді де жарылқады. Мұнда ел-жұртқа сыйлысың. Иіліп сәлем етеді. Қойғандары бума-бума гүл”. Осы оймен одыраңдап, бұрынғыдай бұлқынуды қойып, “қызметіме” жауап­кершілікті күшейте, ескі жылды шығарып салып, ертесінде барсам, түнімен нағыз ескерткішті әкеп орналастырып қойыпты... Ішім ашып, басым салбырап жұмысыма кеттім. Аударған Бақтыбай ЖҰМАДІЛДИН.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2018

«Астананың 20 жылдығы» атауы берілді

19.09.2018

Өзара үнқатысу мәдениетін қалыптастыру маңызды

19.09.2018

Сенатта – атыраулық ардагерлер

19.09.2018

Рухани жаңғыру және білім беру ісі

19.09.2018

Межелі жоспарға жету көзделді

19.09.2018

Esti men eski

19.09.2018

Алаш арыстары білім алған Семейдегі оқу орнына 115 жыл толды

19.09.2018

«Егеменнің» жаңа жобасы

19.09.2018

Судың да сұрауы бар

18.09.2018

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі болуы мүмкін бе? (ВИДЕО)

18.09.2018

11 жылдан кейін қайталанған тарихи кездесу

18.09.2018

Мемлекет басшысы қосарланған салықты болдырмайтын Өзбекстанмен арадағы келісімге өзгерістер енгізді

18.09.2018

Елбасы Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету заңына енгізілген өзгерістерге қол қойды

18.09.2018

Студент жастардың жатақхана мәселесі шешілуде

18.09.2018

Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

18.09.2018

Жеңімпаздар әлем чемпионатына барады

18.09.2018

«Астана» 4 қазан күні өз алаңында Францияның «Ренн» клубымен ойнайды

18.09.2018

Атырауға алғаш рет Елбасының көшпелі көрмесі келді

18.09.2018

Қостанай облысының оңтүстік өңірі егін орағын аяқтап келеді

18.09.2018

Бауыржан Қарағызұлы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу