SsangYong Nomad брендінің моделі жаңғыртылады

AllurGroup құрамына кіретін «СарыарқаАвто Пром» зауыты 2013 жылы SsangYong Nomad жүрдек автомобилін шығара бастады. Қостанайдағы машина құрастыру зауытының бұл әлемдік брендті Кеден одағы елдерінің өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімі талабына сәйкес толыққанды тәсілмен өндіруі Қазақстанның автомобиль индустриясына бет бұрғанын көрсеткен еді.
Егемен Қазақстан
07.08.2017 7295
2

Жалпы SsangYong Nomad машинасын шығару жобасының жүзеге асырылуы отандық автоөндірісті дамытуда, Қазақстан өндірісіне инно­ва­циялық жаңалықтар әкелуде, сөйтіп автомашиналардың әмбебап жоғары төзімді желілерін шығаруда, осы автоиндустрия саласындағы мамандар біліктілігін арттыруда ерекше маңызы болды. Брендтерді жасаған бастапқы зауыттағы тәсілдерді үйренген біздің мамандар қазір біліктілігі жағынан шетелдік әріптестерінен қалмайтын дәрежеге жетіп келеді. Ал зауыттағы өндірістік алаңның кеңдігі, заманауи технологияларды жасауға мүмкіндігінің же­тім­ділігі, жабдықталуы дүние жү­зінд­егі қандай зауытпен де таласа алады. Енді осы жоба айналасында «SsangYong Nomad бренд машинаның шығарылуы неге тоқтап қалды, зауыт одан бас тартты ма?» деген әңгіме бар. Мұндай қаңқу сөздің бары рас, өйткені дәл қазір ешкім зауыттан сапта тұрған машинаны көріп отырған жоқ. Ал оның көңіл қуантар себебі бар. 


Сол үшін SsangYong Motor Co аталған машинаның моделін, оның ішінде қорабын, құрамдас басқа да бөліктерін жаңарту-жаңғырту жұмыстарын жүр­гізетін болады. 
– Зауытта SsangYong Nomad бренд ма­шинасын шығару жобасы тоқтаған жоқ, ол мүмкін емес. Рас, машинаның құрастырылуы уақытша тоқтап тұр. Ол брендтің моделін жаңғырту ісіне байланысты болып отыр, бастаманы брендті жасаушы кореялық әріптестеріміз көте­р­­-
ді. Негізі машина құрастырудағы жұ­мыстың басы дәнекерлеу болып табы­лады. Осы автомобильді өндіретін ко­реялық әріптестер дәнекерлеудің тех­никалық сипатын өзгертуге шешім жаса­ды, соған орай дәнекерлеу желісіндегі жабдықтарға, технологияға да ішінара өзгерістер енгізіледі. Ал сырлау ісі, құрастыру бұрынғы күйінше қалады. Ұзақ уақыт текке тұрмас үшін біз оған қабаттастыра JAC ма­шинасының дәнекерлеу, құрастыру жабдықтарын орна­тып жатырмыз. Мысалы, кореялықтар конструкциялық мәселелерді 2018 жылдың бірінші тоқсанына дейін шешіп болғанша, біз үстіміздегі жылдың төртінші тоқсанында JAC машинасының дәнекерлеу, сырлау, құрастыру жұмыстарын бастап, ал 2018 жылдың басынан Peugeot-31 моделін осы өндірістік алаңда толыққанды құ­растыратын боламыз,–дейді «Сары­арқаАвтоПром» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігінің техникалық дамыту жөніндегі директоры Сергей Могилатов.
Қазір AllurGroup пен оның әріптестері арасында машинаның құрамдас бөл­шек­терінің сатып алу бағасы жөнінде келі­сімдер жүргізілуде. Қазақстан нары­ғында SsangYong машинасының рес­тайлингілік нұсқасының пайда болуы, оның бәсекеде бәсі басым болуы-
мен қатар, бөлшек сауда бағасының төмендеуіне де ықпал етеді. Келісімшарт жасау үдерісі шеңберінде осы модельдің өндірістік желісін жаңғыртуға қатысты техникалық мәселелер де шешімін табады. Машина конструкциясындағы өзгерістерден кейін барлық пайдаланған дәнекер кондукторларда да өзгертулер жасау талап етіледі. Сонымен қатар, же­лідегі дәнекерлеу жұмыстарын рет­теу­ді жаңарту қолға алынады. Ең бір ай­та кететіні, ішінара технологиялық үде­­рістерді түзетуге байланысты жұ­мыс­тар кәдімгі өндірістік тәртіппен жүр­гізілгендіктен, ол компания үшін еш­қандай материалдық, қаржылай, тағы бас­­қадай шығын әкелмейді. 
Nomad моделі дәнекер, сырлау жұ­мыс­тарын қосқанда толыққанды тә­сіл­мен өндіріледі, ол өндіріске Қазақстан даму банкінің қаржылай ин­вес­тициясы арқылы енгізілген болатын. Инвестиция Nomad жобасы бойынша жабдықтар сатып алуға, мамандар мен қызметкерлерге заманауи технологиялық үрдістерді оқытуға жұмсалды. Зауыт машина құ­рас­тыру желісіне толыққанды тәсілді ен­гізу арқасында, өндіріске инвестиция са­латын шетелдік инвесторларды, жаңа брендтерді тартты. Бұл машина жасау өндірісі кәсіпорындарын кеңейтуге, тағы да шетелдік ірі инвесторлар назарын аударуға мүмкіндік берді. 
 Қостанай машина жасау алаңында өндіріс үдерісінде кібіртіктеу болған емес, үстіміздегі жылдың екінші тоқ­са­нында автомобильдер шығару 284 пай­ызға, яғни 4 есеге өсті. Мұны сан­дар тілімен сөйлетсек, екінші жарты­жыл­дықта 33,8 миллиард теңгенің 2373 дана техникасы сапқа қойылды. «СарыарқаАвтоПром» зауытында жа­салған автомобильдерді ішкі на­рық­та сату осы маусым айында елі­міз­дегі отандық өндіріс шығарған авто­мо­бильдер сегментінде 26,7 пайыз­ды құрады. Бұл компанияның на­рық­та­ғы шебін нығайта түседі деген сөз. Жал­пы, AllurGroup компаниясы құ­ра­мына кіретін машина жасау өн­ді­ріс­тік алаңдары конвейерлерінен жыл­дың алғашқы үш айында 490 автомобиль сапқа қойылса, келесі үш айда шығарылған техникалар бірлігінің саны 1883 болды. Соның ішінде «Сары­арқаАвтоПром» зауытының бәсі бас­ым екенін көрсеткіштер айғақтайды. На­­рықтың бұлжымайтын өз заңы бар. Нарықта түпкі нәтиже өнімнің өнді­ріл­геніне емес, оның өтуіне тәуелді. Үс­ті­міздегі жылы зауыт өнімін алған жеке және корпоративтік клиенттер саны 82 пай­ызды құрады, машинаның 18 пайы­зы тендер арқылы мемлекеттік мекеме­лерге берілді. Компания жұмысқа кі­ріскелі Қостанай зауытынан 28,5 мың да­на жеңіл және коммерциялық техника шығарылды. Соның барлығы да иесін тапты. 
Бүгінде Қостанай зауытының өндіріс ж­елісінен жеңіл автомобильдің 58 м­оделі және арасында атақты Peugeot, SsangYong, Iveco, JAC, Hyundai секілді әлемдік брендтер бар 8 коммерциялық техника шығарылады. Мұның сыртында биыл өндіріс желісінен Chevrolet Niva и Ravon Nexia R3 модельдері өндіріле бастады. Зауыттың өндіріс алаңында бренд­ті автомобильдер шығаруды жол­ға қоюдың арқасында олардың баға­сын бөлшек сауда нарығында 200 000 тең­геден 500 000 теңгеге дейін арзан­да­туға мүмкіндік туды. 
AllurGroup компаниясы бүгінде сыртқы сауда айналымының нығаюы жолындағы жұмысты күшейте түс­кен. Биылғы жылдың сәуір айында Қостанайда өндірілген JAC жеңіл кө­лігінің бір мың данасын экспортқа шы­ғару жөнінде Тәжікстанмен келісім жа­салды. Ол бойынша көліктің ал­ғашқы партиясы сырттағы иелерінің қо­лына тиіп те үлгерді. Ал бұл жалпы Қазақстандағы автомобиль экспортына оң әсер етті. Қостанайда шыға­рыл­ған автомобильдің экспорттық са­ты­лымының бір партиясының өзі тұтас мамыр айында сыртқа сатылған көлік саны көлемінен асып түсті. 
 Моделі жаңартылып, жаңғыртылған SsangYong Nomad бренді елімізде өндірілген автомобильдердің ішкі, сыр­т-
қы саудасын өрге сүйрейтіні аян. Бұл «СарыарқаАвтоПром» зауытындағы өндіріс желісінің кеңеюіне, жұмыс орындарының көбеюіне де ықпалы етері кәміл. 

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» биыл «Авангардтан» төртінші мәрте жеңілді

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

16.02.2019

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

16.02.2019

Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын таныстырды

16.02.2019

Бүгін Болгариядағы турнирде Қазақстан боксшылары алғашқы жекпе-жектерін өткізеді

16.02.2019

СІМ және «Атамекен» ҰКП инвестициялық және экспорттық бағыттағы жұмысты үйлестіруді күшейтуде

16.02.2019

WGS төрағасы: Үкіметтер өздерінің бизнес-модельдерін қайта ойлап табуы керек

16.02.2019

Ресей сауда алаңдарында қазақстандық компаниялардың белсенділігі артты

16.02.2019

Алматыда «Қазақстан университеттері халықаралық аренада» тақырыбында семинар өтті

16.02.2019

Майдангер-жазушы Леонид Гирш 95 жасқа толды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу