Студенттер көкпар тартты

Алматы маңындағы «Chemberlain» атшабарында елімізде тұңғыш рет көкпардан студенттер лигасының додасы өтті.
Егемен Қазақстан
10.04.2017 4215
2

Ұлттық ат спортының студенттер арасында кеңінен қанат жаюына жасалған алғашқы қадам сәтті болды. Тартысты турнирге Алматы қаласында орналасқан жоғары оқу орындарының бес командасы қатысып, өзара күш сынасты.

Бір ерекшелігі, бұл көк­парда серке сойылмады, оның орнына қолдан жасалған тұлып-муляж қолданылды. Көкпар десе делебесі қозатын жас жігіттер тартысты додаға білек сыбана кірісті. Әр командадан үш шабандоз шығып, көкпардың көрігін қыздырды. Барлық командалардың жарысқа тыңғылықты дайындалып келгені көзге ұрып тұрды.

Ұлттық ат спортының жанашырлары мен мамандар алдағы уақытта көкпар ойынын әлемдік деңгейге шығарып, студент­тер ара­сындағы сайыс­тың ауқы­мын одан әрі кеңейтуді көздеп отыр. Болашақта көкпарды жабық ғи­ма­рат ішінде өткізіп, оған рес­пуб­­­ликамыздың әр айма­ғын­дағы жо­ғары оқу орын­дарының сту­дент­т­ерін тартып, доданы дәс­түр­ге айнал­дыру да жоспарда бар көрінеді. «Ұлттық ойынымыз көк­­пардың қазақ халқы үшін қа­шан­­да орны бөлек. Қалаға арман қуып келген ауылдың қара домалақ бала­лары өздерінің тақы­мын босат­пауы керек. Сол себепті, студенттер ара­­сындағы көкпарды одан әрі дамытып, бола­шақ­та ха­лық­аралық дең­гейге шығарамыз де­ген ойда­мыз. Ол үшін бар күш-жі­герімізді сарқа пай­дала­нуға дайынбыз. Көкпар – қазақтың жаны», дейді Қазақтың спорт және туризм академиясының пре­зи­денті Қайрат Закирьянов.

Білекті жігіттер бақ сынаған бә­секеде Алматы энергетика және бай­­ланыс университетінің командасы жеңіс тұғырынан көрінсе, Абай атындағы Қазақ Ұлт­­тық педагогикалық уни­­­вер­ситетінің жі­гіттері екін­ші орынды еншіледі. Ал, үшінші орынды Қазақ Ұлт­тық аг­рарлық универ­сите­тінің шабандоздары же­ңіп алды. Жеңімпаздар мен жүл­дегерлерге ұйым­дас­ты­­ру­шылар тарапынан баға­лы сый­лықтар табыс етілді.

Тың форматта серпін алған студенттер лигасы Ал­маты қаласы көкпар фе­дерациясының басшысы Данияр Дәукейдің бастамасымен ұйымдастырылған.

Арман Октябрь,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.01.2019

Жас мамандар Балқашқа келіп, баспаналы болды

16.01.2019

Дәрі-дәрмек бағасы реттеледі

16.01.2019

Медициналық туризмді дамытуға үлес қоспақ

16.01.2019

Енді дәрігер «қағазсыз» емдейді

16.01.2019

Саланы ілгерілетудің соны мүмкіндіктері

16.01.2019

Түркістанның (Шауғар, Ясы) ортағасырлық кемеңгер перзенттері жайлы жаңа деректер

16.01.2019

Ескі тарихтың жаңаша жазылуы

16.01.2019

Нөмір сатудан 4 миллиард теңге табыс түсті

16.01.2019

Bas paıda algorıtmi

16.01.2019

Электронды қызмет – заманауи міндет

16.01.2019

Өмірдегі орны бөлек еді

16.01.2019

Қазақстанда баспасөздің міндеті

16.01.2019

Шыңғыс Айтматов. Эйфельдейін мұнараның маңында...

16.01.2019

Бағалы металдар нарығы: Инвестиция салғандар өкінбейді

16.01.2019

Теңге бағамының тұрақтылығы сақтала ма?

16.01.2019

Дуал дауы саяси текетіреске ұласты

15.01.2019

Елімізде бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік құрылады

15.01.2019

Македония бұдан былай екі тілді мемлекет

15.01.2019

Астанада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетушілер саны ұлғаяды

15.01.2019

Жер үшін жетпіс мың арызды арқалаған Ақтау

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ataý men aqaý

Dúken, meıramhana, qonaq úı, shashtaraz, sulýlyq, sán salondary, basqa da túrli nysandardyń ataýy mańdaıshaǵa japsyryla salǵan jáı ǵana jazý emes, ulttyq bolmysymyzdy, ulttyq rýhymyzdy, qoǵamdyq sanany qalyptastyratyn, tárbıelik máni zor mańyzdy faktor sanalady. Solaı degenmen ókinishke qaraı, bul qurǵyryń túbiri sýyrylmaı qalyp qoıatyn aramshópti qansha otaǵanyńmen qaıta-qaıta qaýlap shyǵa beretini sıaqty áli kúnge deıin sheshimin tappaǵan túıini kóp túıtkildiń birine aınalyp otyr.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу