Суармалы жердің сұрауы жоқ па?

Егемен Қазақстан
27.02.2017 220
3

Ауыл экономикасын көтеру мүмкіндігінің ең басты бағыты – суармалы жерлерді пайдалану. Бізде 2 млн 400 мың гектар суармалы жер бар. Соның 40 пайызы осы ширек ғасыр ішінде айналымнан шығып қалды, ол жерден өнім алу мүмкіндігінен айырылдық. Ол жерлер батпақтанды, су жетпей шөлейттенді, азып-тозды. Мысалы, бұрын Шудың суы Мойынқұмға дейін жететін. Ол Аспараның төңірегінен аса бере таусылып қалып жатыр. Біздегі судың басым бөлігін сырттан келетін 4 өзен қамтамасыз етеді. Сырдария өзенінің суы Қырғызстанда басталып, Тәжікстан мен Өзбекстан арқылы оңтүстікке жетеді. Суаруға су зәру кезде олар бізді шөміштен қысады, өздерінен артылғанын ғана береді. Өзендердің суын пайдалануды ретке келтіретін халықаралық келісімшарттарға Өзбекстан мен Қытай мемлекеттері қол қоймай отыр. Еліміздегі су көздері көлемі жеткіліксіз бола бастағанына қарамастан, біз осы ресурсты үнемді әрі ұқыпты пайдалануға да бейім емеспіз. Суармалы жерді сақтап қалуға барынша тырысқанымыз жөн. Бір ғана мысал. Суармалы жердің бір гектары тиімді пайдаланылса, бір отбасын асырайды. Сонда 1 млн 400 мың гектар жер 1,4 млн отбасының өмір сүруін қамтамасыз етеді. 1,4 млн отбасы де­ге­німіз 5 млн адамды құрайтыны анық. Ал 3 млн болса, онда ең азы 10 миллион адамға күнкөріс болады. Осы тұрғыда суармалы жерлерді қал­пына келтіруде мемлекет тарапынан қолдау әлі де өз деңгейінде болмай тұр деп ойлаймын. Өйткені, оның аса құнды екенін ешкім нақты сезіне алмай келеді. 2020 жылға дейінгі кезеңді қамтитын мемлекеттік бағдарламаның суға қатысты бөлігінде «пәлен гектар суармалы жерді қалпына келтіру керек, оған мынадай көлемде қаржы жұмсалады» дегендей бап, не тармақ жазылмаған. Бұл аталған салаға деген көзқарастың жеткіліксіз екенін көрсетеді. Біз мұнайымыз, астығымыз, көміріміз бар деп мақтанайық, бірақ халықты тойындыру, жұмыспен қамту керек болса, суармалы жерлерді толық қалпына келтіріп, тиімді пайдалануға баса көңіл бөлгеніміз жөн. Оған қоса тың жерлерден, өзен-көлдердің жағаларынан жаңа суармалы алқаптар ашуымыз керек. Сондай мүмкіндікті жасай алсақ, үлкен жетістікке қол жеткіземіз және халқымыздың біраз бөлігін жұмыспен және табыспен қамтамасыз етеміз. Осындай кезде Ауыл шаруашы­лығы министрлігінде суармалы жер мәселелерімен айналысатын бөлім, тіпті суармалы жердің жағдайын жетік білетін мамандардың жоқтығы да ойланатын мәселе. Кеңес өкіметі кезінде мынадай бір саясат болған еді. Қант қызылшасын егіп өсіру сырттан сатып алғаннан тиімсіз екенін көріп-біліп отырса да, халықты жұмыспен қамту үшін қант қызылшасын еккен болатын. Ол кездегі өкімет те ақымақ болмаған ғой. Енді, ширек ғасыр ішінде біздің елдегі қант қызылшасы егілген жер көлемі 43,6 мың гектар орнына 2,7 мың гектарға дейін, яғни 16 есе азайды. Бүгінде қант шығаруға қажет шикізат – қант қызылшасы елдегі шығарылып жатқан қанттың 3 пайызына ғана жетеді. Қалған шикізат – Куба тростнигі. 10 жылдай қант қызылшасының әр гектарына 80 мың теңгеден беріліп тұрған субсидияның да қызылша егістігін молайтуға септігі тимеді. Көптеген өңірлерде суармалы жерлерді қалпына келтіретін бол­сақ, ол ауылдардың тұрғындары ірі қалаларға, әсіресе Астанаға көшпейді, өздерінің ауылдары кентке, кенттері қалаға айналады. Бүгінгі таңда тұрғын­дардың аз жылдар ішінде толассыз көшіп келуі елордамызға үлкен қысым жасап отырғаны жасырын емес. Осы жағының бәрін есептеп, өмір сүруіміз керек. Ауыз суды үнемді пайдаланудың нәтижелі әрекеттерге сай болуы біршама жақсарды. Ал ағынды суды пайдалану бағытында өнімділік пен тиімділік аз, бірақ суды көп шығындайтын дақылдардың көлемін біртіндеп қысқартып, оларды енді көкөніс, майлы және жем-азық өнім­деріне ауыстыру қажет. Елдегі стратегиялық құжаттар мен бағдарламаларда, Елбасы сөздерінде ел дамуының басым бағыттары көрсетіледі. Бізде басым бағыт ретінде әуелі тұрғын үй құрылысы, одан кейін жол құрылысы белгіленеді. Менің пікірімше, еліміздің алдағы ұзақ мерзімдегі басым бағыты ауыл шаруашылығын дамыту, сол арқылы агроөнеркәсіптік кешеннің барлық салаларын өркендету, әсіресе суармалы жер көлемін арттыру, оның өнімділігіне баса көңіл бөлу болуы тиіс. Олай топшылауыма себеп бүкіл әлемде азық-түлік тапшылығы жыл санап үлкен проблемаға айналуда, адамдардың кедейлігінен және қолжетімді тамақ өнімдерінің тапшылығынан мәселе тым тереңдеп бара жатыр. Осы орайда бұл бағыт қай мемлекетте болса да ең басты басымдыққа ие болғаны жөн.

Мырзагелді КЕМЕЛ,

экономика ғылымдарының докторы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу