Сүйгізген, сүйген, мұңдасқан...

Бір қарағанда Есенқұл жас шағында тым батыл болған, таңғы нәсіпті Тәңірге тапсырып қойып, алаңсыз серілік құрған, жасы ұлғайған соң кенеттен басына бақ қонған, олқысы толып, жоғы түгенделе кеткен қапысыз жандай көрінетіні бар.
Егемен Қазақстан
28.03.2017 4805
2

Жырымды қабыл алыңдар,

Өзімнен менің аумаған.

Жауқазын онда жаным бар,

Жазғы бір таңда жаураған.

Есенқұл.

Біздің жігіттік шағымыз «Сары тентек», «Айтыстың сары атаны» атанған, аты естілген жерде серілік пен аусарлық жайлы түсінік қоса еріп жүретін Есенқұл ақынның жуасыған, көлденең жүрістен суынған, барқадам тартқан шағына дөп келіпті. Алғаш көргенде, қос езуіне жиналып қалған «қақты» саусағымен жұмсақ қана жасқап қойып, балп-балп сөйлеп отырған, адамға жәутеңдеп қарайтын ындыны жуас, сөзі пәс ақынды аңыздағы «ағысқа қарсы жүзетін» аусар жанмен шендестіре алмай, аздап қорашсынғандай болғанымызды қалай жасырайық. Сөйтсек, бұл тұс ақынның «Ұшқым-ақ келеді, бірақ, қанаттарымды зіл басып, тазқара құсап жалпылдап, самарқау ұшамын. Әйтеуір бірдеме жетіспейді», – деп, өткен мен бүгіннің арасындағы саңылауды немен қымтарын білмей, екіұдай күйде жүрген бір кезеңі екен ғой. Бертінде айтқан бір сөзінде:

«Елу жас оңай емес, кемел дүниеге ауысу керек», – депті. Сол кемел дүниенің жалына қол артар қарсаңда тұрған шағы екен.

«Енді қалған ғұмырда шолжаң баспай,

Бақырайған көздері балбал тастай

Дүниені сыртынан көрген қызық», – деп, қарттыққа құлаш ұрған шағында ақын алдымен түзік тұрмыс кешуді ойлапты. Олай болмас жөні де жоқ, әлгі бір тігерге тұяқ, жағарға отын таппай қалғанда жұртпен бірге базар жағалап, нәпақа айырған өмірінің сүреңсіз бір кезеңі жұрт аузында айтыла-айтыла, қайда барса да алдынан шыға бергені ақынның өзін де жалықтырып жібергендей. Біреуді жақсы көрсе, алдымен, жаны ашып, аяп жақсы көретін біздің елдің жөнсіз мүсіркеуі де ақынды аз ашындырмаған сыңайлы. Мұндай жағдайдағы көңіл-күйі бертінде «Сұрамастар жағдайымды сұрады», – деп, қитыға қалған бір сәтінен көрініс тауыпты. Сонау бір жігіттік шағында жазған бір өлеңінде де дүниеге табыс табу үшін ғана келген әлдекім:

«Бірінен соң өлеңнің бірін жазып жатырсың, Біреуіне сонда олар қанша ақша төлейді?» – деп сұрайтын. Сондағы лирикалық кейіпкердің жауабы: «Қаламақы алуды жүрмесем де мият қып, Айттым мен де өсіріп, жиып қойып ұятты». Ақындығын, өлеңін көлденең жүргіншінің өзінен қорғайтын, өзін бақуатты көрсетуге тырысатын жастың асау мінезі аңдалады. 

Бір қарағанда Есенқұл жас шағында тым батыл болған, таңғы нәсіпті Тәңірге тапсырып қойып, алаңсыз серілік құрған, жасы ұлғайған соң кенеттен басына бақ қонған, олқысы толып, жоғы түгенделе кеткен қапысыз жандай көрінетіні бар. Анығында, баяғы «айхай дәуренінде» де біз ойлағандай алаңсыз серілікке салына қоймапты. «Сабақты сыраханада оқыған» жастық шағында екі жыл бойы Алматыны жағалап көрген соң, иіні түсіп, жүдеп кеткен отбасын ойлап, тіршілік қамымен ауылға қайтатынын қайда қоярсыз... Әуезовтің өзіне Жетісудың ақын-жыршылары туралы кеңес қосқан, бір кісіні аттан түсіруге жетер ақындығы, домбырашылығы бар, өлең мен өнерді тоғыз баланы асырап, жеткізу үшін трактордың тұтқасына айырбастаған; ұлына да: «өлең жазсаң өміріңді қи, әйтпесе, әлду-бәлду өлеңді әркім-ақ жаза береді», – деп өсиет айтқан әке сөзін де өзінше ұғыпты. Өлеңге өміріңді қию – дәруіш болып ел кезіп, жарапазан айтып жұрт ақтап кету емес, – өлеңді асырау. Алдымен, өзіңе өлең жазатын, шығармашылықпен айналысатын жағдай жасау. Бұл жерде Абай айтқан «Көңілде алаң басылса» категориясы бой көрсетеді. Тіпті, ол үшін айтыстың өзі қай уақытта да екінші кезекте тұрғаны аңдалады. Айтыс алдымен атағын шығарды, ел көріп, өмір танытты, сосын, әлбетте, тіршілік көзі болды. Отыз жыл айтысқанда ең үлкен жүлдесі – мотоцикл болған ақын сондағы көргенінің бәрін поэзияға арқау етуге тырысыпты. 

«Той басқардым, келіннің бетін аштым, сыйлы кісі елге келсе алдынан шығып өлең айтып сұңқылдадым», – дейтіні де осы бір «малтабарлыққа» ішкі қарсылығын жеңе алмай қойғанын айғақтайды. Есенқұлдың кішік, тіпті, төменшік мінезі – оны жасанды тыраштықтан құтқарды. Қашан да өзіне көңілі толмай, «бірдеме жетпей тұрғандай» күн кешкен ақын негізгі бағыты жазба поэзия екенін есінен шығарған жоқ. Есенқұл ақын ұстазы Жұматайға таңданады: «Таңертең тұрады екен де, шайын ішіп алып, жақсы ән шырқалатын, әсерлі әңгімелер шертілетін ортаны іздейді екен. Басқа түк жұмысы жоқ. Таң қалам, қалай сөйтуге болады? ...Жұматайдан көп нәрсені үйрендім. Бірақ, Жұматайша өмір сүру, Жұматайша баз кешу біздің қолдан келген жоқ». Сөйте тұра, «Көп уақытым ойын-тойға қор болып кетті», – деп шағынады. 

Сол олқының орнын толтыру үшін, елуді еңсерген кезінен бастап, жоспарлы түрде жұмыс істеуге тырысыпты. Бір сөзінде таңғы сағат 4-те тұрып алып, 7-ге дейін жазатынын, енді бірде түнімен кеңседе отырып қалатынын айтады. Аттың жалында, түйенің қомында жүріп жазып әдеттенген, ат сүрінгенше сөз табуға машықтанған отыз жылдық айтыс оның шығармашылығына қалай айтсаңыз да әсерін тигізбей қалған жоқ. Соның бірі осы жоспарлы жұмыс істеу мен ірі тақырыптарға қалам тарта алмауы. Өзі айтқандай, енді жаңалық аша қоймайтынын мойындаған, өзінің ескі сүрлеуімен жазуды ғана қолай көрген ақын өлеңдерінің шынайылығына ғана сенген сыңайлы. 

Өлеңдерінің жазылу уақытын негізге алып, жасырақ кезінен тартып жасамыс шағына қарай ойыссаңыз, «Айран болып ашымай, Ойран болып тасымай» өткен «бір сарынды күндерден» зәрезап болған ақынның өзгермейтін көңіл-күйі діңкеңді құртады. «Неге осы шайқап ішіп, ерте өлмедім» деп өкінген сыңай танытқанмен, бұл күйден өзінің де шыққысы жоқ. Есенқұл өлеңдеріндегі құлазуды, өзін аямай мансұқтап бағатын «моральдық жендетті» алып тастасаңыз оның поэзиясы ел көшкендей құлазып қалар еді. Өмірге деген наласы мен назасы, өкініші мен аңсары – Есенқұл шығармашылығының әшекейі, ұстын-тірегі іспетті. Мейлі табиғатты, мейлі адамды жырласын, ар жағында ақынның арса-арсасы шыққан шаршаңқы жүрегі соғады да тұрады. Ол күллі дүниені өзімен өлшеді.

Ара-тұра шағып алғандай болғанымен, ешкімді мансұқтаған жоқ. Ешкімге шағынған жоқ. Өзін ғана қажады. Оның реніші баланың өкпелегеніндей ғана. Бар сырын өлеңге, бар мұңын өзіне шаққан ақын жазу үстелінен тұрған соң құрсауынан бір босатпай қойған құлазу күйіне қайта түсе бергенге ұқсайды. Және бұл құлазудан жазып отырғанда да толықтай арыла алмапты.

...Ертең ненің боларын жатқа білем,

Кездесеміз сөздердің қатқағымен...

Бұл жолдар жазылған кезде оған ешкім, ештеңе таңсық болмай қалған. Дүниені сыртынан көріп, қызықтап қана тұратын ақын моральдық жағынан қатарынан әлдеқайда биіктеп кеткен. Бірақ бұл моральдық басымдық «Сені бәрі клоун санаса да, Оңашада қалғанда ұлы Абайсың», деген жұбанышқа ғана жетіпті. Ертеңіне Абайдың тағынан түсіп, «ел қатарлы сөйлеп, сөлпиіп жүре беретін» кезінде қарабайыр көңторғай тіршілік қайтадан құрсауына алады. Былайғы кезде тіпті Есенқұл басымен ауданда әлдекім «Құрметті азамат» атанса да, кәдімгідей мұңайып қалатын көрінеді. Елену мен ескерілуді, құрмет көруді кеудеге тағар темір-терсекпен өлшей бастаған айналасы да бұл жайтты ығын тауып құлағына сыбырлап баққан сияқты. Рас, ол өзінің талайлы ақын екеніне сенді. Өлеңдерінің де біраз жұрттан биік екенін түйсінді. Мұны елуден бері ауған шағында жазған өлеңдеріндегі лирикалық меннің «Есенқұл» деп нақтылана түскенімен түсіндіруге болады. Әлгі елдің сыбырына апшымаса да іштей босаңсып қалған да жайы бар. Мұндайда өне бойы ызыңдап, жанына маза бермейтін «жетпей тұратын бірдеме» туралы аңсар асқына түсетін. «Қамы үшін қарын шіркіннің, Алдына барып құнсыздың» деп өтіп жатқан өмірі, өзі ұната бермейтін ортаға баратыны есіне түсетін. «Бұлар мені екінші Мұқағали жасайын деді» дегенді де дарынына аса сенімді адам ғана айта алса керек. Жоғарыда айтқан түзік тұрмыс туралы аңсардың бір ұштығы осы құрметтелу туралы түсініктен шығады. Қарынның қамы үшін қай бір есіктен есік қоймай тоздырды ғой дейсіз, тек айналасындағылардың бағалау былай тұрсын, басынғандай өктемсіп бағатынына шамданып қалатыны болмаса. Шамданса да тілін тістеп қалатын момындығына налитыны болмаса. «Сезімнің ұстасам да тарта бәрін, Басыма қонбады ғой бәрібір бақ», дейтіні де осындай «ұстамдылығына» деген ызаның, амалсыздықтың сөзі. «Күнделікті тіршілікте мінезсіз, ешкімнен асып бара жатқан ерекшелігі жоқ, тәуелсіз жалтақ, жасанды сөйлеп жіберуден де ұялмайтын жанбақының бірімін», – дегені де өзіне деген наланың айтқызғаны. Былайғы тіршілікте осы қалпына мойынсұнды. «Жетімдік – адамдардың қас-қабағын оқитын ілім» деген бар, Есенқұлдың өмір бақи баққаны көптің қалпы болды. Ырду-дырду жұрттың ішінде жетімсіреп, қаға беріс тұрып қалатын ақын (естеліктер солай дейді) көз алдында өтіп жатқан құбылысты үнсіз бақылайтын. Бақыты сол, ол өзінің күллі көркем ойын сол шағын өмірдің панорамасына сыйдыра алды. 

Кейде сен білетін сүрені оқыған имамға іштей бір жақындық сезінетінің, іштей бір масаттанып қалатының болады ғой, Есенқұлды оқығанда да сондай күй кешесің. Себебі, оның өлеңдері былайғы жұрттан тым биікке шығып алып, ақыл айтатын Ақын деген кісінің өмір жайлы пәлсапасы емес, қарапайым, қорғансыз жанның өзі жайлы айтқан әңгімесі, шерткен сыры ғана. Сонысы үшін де ақын мен оқырманның арасында ешқандай саңылау қалмайды. Оқи түссең, осы бір жәутеңдеп қарап, балпаңдап басатын, тіршілігінде екі адамға әй деп көрмегендей көрінетін жалпақшешей қазақты керемет түсінетініңді сезінесің. 

*****

...Ақтық сапарға аттанған қазақтың ірі тұлғаларының өз шығармасы өзін шығарып салғаны некен саяқ қой. Бұл тұрғыда «Құстар әнімен» елі өзін, өзі елін әлдилеп Жамбыл тәтесінің жанына барып жантая кеткен Нұрғиса алдымен еске түседі. Өзінің аманаты екен. Ал, Есенқұл бұл туралы аманат айтыпты дегенді естімедік. Бірақ, ақынмен қоштасу бітер-біткенше «Алдай-ау» аңырады да тұрды. 

Тағы бір көрініс көз алдан кетпейді: «Құмды ұраны жабыла толтырып», жалғыз қалып бара жатқан төмпешікке құран бағыштап, дұға оқып, әдепкі тіршілікке қарай асыға аяңдаған қалың дүрмекке ермей оншақты адам төбе басында тұрып қалды. Үнсіз қоштасудан асқан ауыр, үнсіз қоштасудан салтанатты не бар екен... Сонда әлдекім аңырап сала берді. Туған бауыры екен: 

– «Қара жер, сенен қорықпаймын», деп едің-ау...

Келесі сәтте ақын топырағын құша жығылған... Шын қайғыру, шын жоқтау дегеніңіз осындай болады екен...

Сонда ұқтық, біз жиі айтатын өмір мен өнердің үндесуі дегеніңіз осындай болады екен...

Алмас Нүсіп,

«Егемен Қазақстан».

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

19.11.2018

Теміртауда Президенттік пән олимпиадасы өтті

19.11.2018

Бітіруші түлектер мансап орталықтары арқылы жұмысқа орналасады

19.11.2018

Павлодар облысында кәсіпкер әйелдер 113 жоба жүзеге асырған

19.11.2018

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі күнгейліктерді теріскейге шақырды

19.11.2018

Петропавлда жаңа шіркеу ашылды

19.11.2018

Қостанайда жол қозғалысы ережесінің бір күнде 375 рет бұзылғаны анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақыл жиналды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу